Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абдибеков А. Ғ.

Заң факультетінің 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Есламғалиев Ж. Р.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің маңызы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің еліміз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшті. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, жаңа жүйе аясында халыққа тегін медициналық қызмет көрсететін барлық мекемелермен келісімшартқа қол қойылған. МӘМС аясында науқастарға көмек көрсететін 2000-ға жуық медициналық мекеме таңдалды. Олардың 60 пайызы - жекеменшік клиникалар. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін берілетін дәрі-дәрмек тізіміне 600-ге жуық препарат енді. Ашығын айтсақ, тізімге енбеген дәрілер өте көп. Бірақ оны ұлғайтуға мүмкіндік бар. Мысалы, былтыр тегін берілетін дәрілерге 100 млрд теңге бөлдік, биыл 198 млрд теңге қарастырылып отыр. Қаражат екі есе артты. Бұл арқылы тегін берілетін дәрілердің тізімін үнемі көбейтіп отырамыз", - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Министрдің сөзінше, МӘМС аясында бұдан былай қазақстандықтардың дәрі-дәрмекті тұтынуы бойынша анализ жасалады. Яғни, отандастарымыз қандай дәрілерді жиі қолданып, оларды қанша мөлшерде тұтынатыны есепке алынады. Бұл ретте дәрігерлер науқастың ауру тарихы мен оған ұсынылған рецептті электронды базаға тіркеуі тиіс. Сол арқылы қай дәрінің қанша көлемде керек екені анықталмақ. Бұл препараттардың қаншалықты мақсатты түрде жұмсалып жатқанын бақылауға да мүмкіндік береді. Десе де, медицина қызметкерлері науқастарға тек тегін тізімге кіретін дәрілерді ғана ұсынуға міндетті емес.

"Дәрігерлер науқастың жағдайына, ауруына қарай өзінің кәсібінде пайдаланып жүрген клиникалық стандарт бойынша көмек көрсетуі қажет. Оны біз бақылауда ұстаймыз. Дәрігер өзінің шешімі бойынша науқасқа қандай дәрі қажет деп санаса, сол бойынша рецепт жазып береді. Яғни 100 пайыз толықтай тегін берілетін дәрі деген сөз емес. Әр емханада, әр дәрігердің алдында арнайы компьютерлік бағдарлама бар. Маман диагноз жасағасын, тегін дәрінің тізімі шығады. Соның ішінен қажетті деп тапқанын таңдап алуға болады. Әрине, біз азаматтарға таңдау береміз. Кей азаматтар отандық препараттарды алғысы келмейді, сондықтан олар үшін альтернатива болады", - деді Елжан Біртанов.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне шұғыл көрсетілетін қызметтердің бәрі жатады:

Жедел жәрдем;

Санитарлық авиация;

Созылмалы ауруы барларды бақылау;

Шұғыл көрсеткіштер бойынша стационарлық көмектің орнына көрсетілетін қызметтер.

Бұл бәріне тиісті. Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша жұрттың бәрі бірдей емханаға жүгініп, стационарда емделе алады, диагностикадан өтеді.

Медициналық оңалту тек туберкулезбен ауырғандарға, ал паллиативтік көмек керек жандардың бәріне көрсетіледі.

Барлық азаматтарға шұғыл медициналық көмектер көрсетіледі, оның ішінде терапевттің қабылдауы мен (созылмалы аурулар мен олардың асқынулары) салауатты өмір салты отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңестері, сондай-ақ диагностикалық қызметтер кіреді. Міндетті медициналық сақтандыру

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне салалық мамандардың қабылдауы кірмейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатыспағандар олардың қабылдауына кіру үшін ақы төлеу керек болады. Бұл динамикалық бақылау жүргізбейтін созылмалы ауруы барларға да қатысты.

МӘМС арқылы Қазақстан азаматы ретінде неге қол жеткізуге болады?

Қазақстан аумағында өзіңіз таңдаған кез-келген емханада медициналық көмек ала аласыз. Сіз үшін көрсетілген қызметтің шығындарын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді;

ТМКК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) және МӘМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрлерінен босатыласыз;

Сіздің пайдаңызға аударылған жарналар мен медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ай сайын ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар;

Сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘМС қатысушысы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қор сіздің сақтандырылған азамат ретінде құқықтарыңызды қорғайды;

МӘМС жүйесі арқылы медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер тұрғылықты жеріңіз бойынша белгілі бір емханаға тіркелген жағдайда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттеріне кіретін медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының барлық аумағында ұсынылады;

Егер Қазақстан аумағында іссапарда немесе еңбек демалысында болсаңыз, онда сіз қажет болған жағдайда кез-келген мемлекеттік емханада немесе ауруханада тегін шұғыл медициналық көмек алуға құқылысыз. Одан кейінгі жоспарлы емді тіркелген емханаңыз бойынша жалғастыра аласыз;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘМС - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Қазақстандағы МӘМС жүйесі
Сақтандыру туралы ақпарат
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің маңызы туралы
Сақтандыру нарығының құрылымы
Сақтандыру
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz