Қазақстан флорасындағы Papaveraceae Juss. тұқымдасына биологиялық сипаттама және оны оқу үрдісінде пайдалану


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

ӘОЖ

НҰРҒАЛИ ГҮЛБАҒЫМ НҰРҒАЛИҚЫЗЫ

Қазақстан флорасындағы Papaveraceae Juss. тұқымдасына биологиялық сипаттама және оны оқу үрдісінде пайдалану

6М011300-Биология

Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін орындалған диссертация

Ғылыми жетекшіcі: б. ғ. к., доцент Қ. Л. Мусаев

Қорғауға жіберілді:

Институт директоры К. Д. Каймулдинова г. ғ. д., профессор

(қолы)

« » 2020 ж.

Кафедра меңгерушісі М. Б. Жақсыбаев б. ғ. к., профессор

(қолы)

Ғылыми семинар төрағасы

(қолы)

Алматы 2020 жыл

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ . . .

I. ҚАЗАҚСТАН ФЛОРАСЫНДАҒЫ PAPAVERACEAE JUSS. ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

1. 1. Papaveraceae Juss. тұқымдасының қысқаша зерттеу тарихы . . .

1. 2. Зерттеу әдістемелеріне мәліметтер . . .

ІІ. КӨКНӘР ТУЫСЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЛЫМЫ . . .

2. 1. Көкнәр туысының морфологиялық белгілеріне сүйене талдау . . .

2. 2. Көкнәр туысының вегетативтік мүшелерінің анатомиялық құрлысы . . .

2. 3. Көкнәр туысының эндемикалық және Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлерінің маңызы және таралуы . . .

2. 4. Көкнәр туысының халық шаруашылығы және медицинадағы пайдаланылатын түрлері . . .

ІІІ. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

3. 1. Оқу үрдісінде бағдарлы оқуды ұйымдастыру және қолданбалы курстың құрылымы . . .

3. 2. Мектептегі өткізілетін Көкнәр Papaver туысына жататын өсімдіктердің биологиядлық маңызы атты таңдау курста Көкнәр туысына ботаникалық сипаттама беру . . .

3. 3. Жүргізілген педагогикалық курстың нәтижесі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

АНЫҚТАМАЛАР

Актиноморфты - гүлдер белгілі бір бұнақденелер арқылы тозандануға бейімделмеген.

Алкалоидтар - құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар.

Эндосперм - қажетті қоректік заттарды қорға жинайтын өсімдік ұлпасы.

Биоценоз - бір ортаның өзгерістеріне, тіршілік жағдайына бейімделген сол ортада тіршілік ететін өсімдіктердің, топырақ микроорганизмдерінің, жануарларының жинтығы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан республикасы

ТМД - тәуелсіз елдер достастығы

ҒЗЖ - ғылыми-зерттеу жұмыстары

КСРО - кеңес социалистік республикалар одағы

% - пайыз

м - метр

см - сантиметр

мг/кг - миллиграмм/килограмм

мкг - микрограмм

ҚРСТ - Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты

КІРІСПЕ

Менің диссертациялық жұмысымның тақырыбы Қазақстан флорасындағы Көкнәр Papaveraceae Juss. тұқымдасына биологиялық сипаттама және оны оқу үрдісінде пайдалану мәселелері. Бұл диссертация материалдарын болашақта оқу құралдарына, сабақтан тыс факультатив және қосымша сабақтарына материал болады деп сенеміз және де оқытушы-мұғалімдер әдістемелік нұсқау ретінде пайдаланады деген ойдамыз.

Жоғарғы оқу орындары және мектептегі білім алушыларға өсімдік қорын сақтауға және қорғауға, өсімдіктердің пайдасы мен зиянды тұстарын ажырата білуіне, жағдай жасауымыз қажет. Адамзат баласының тіршілігі мен тынысына өсімдіктер әлемінің берер пайдасы мол. Өсімдіксіз тіршілік жоқ. Өсімдік бізге тағам, үй киім береді. Өсімдік адам үшін өте пайдалы, бірақ сонымен қоса қауіптілігі де бар. Сондықтан да біз әрбір адамға улы өсімдіктерді ажырата білуіне жағдай жасауымыз керек. Ол үшін Қазақстанның пайдалы және улы өсімдіктері жайлы дұрыс ақпарат берер болсақ, болашағымыздың қауіпсіздігіне күмән келмес еді. Ол үшін көкнәрлер ( Papaverales ) әулетіне ғылыми шолый отырып, білім алушылардың дүниетанымын қалыптастыруымыз қажет.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандағы Көкнәр Papaveraceae Juss. тұқымдасы жайлы қазақ тіліндегі біртұтас жүйелі ақпараттардың болмауы, қажетті мәлімет қазақша әдебиеттерде, интернеттеде жоқтығы оның оқу үрдісінде пайдаланылмауына әкеліп соғуда. Көкнәр Papaveraceae Juss. тұқымдасының туыс түрлерінің шаруашылықтағы маңыздылығын мектеп оқушыларына түсіндіру.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы Көкнәр Papaveraceae Juss. тұқымдасының қазақ тіліндегі кешенді, жан-жақты ғылыми ақпаратты жинақтап, жүйелеп, оқу үрдісінде пайдалану.

Негізгі міндеттері:

- Әдебиеттерге шолу жасау.

- Салыстырмалы талдау жүргізу.

- Қазақстандағы Көкнәр Papaveraceae Juss. тұқымдасының биологиялық, экологиялық, географиялық т. б. сипаттама беру.

- Қазақстанның Көкнәр Papaveraceae Juss. тұқымдасы туралы ғылыми ақпаратты жинақтап, жүйелеп, оқу үрдісінде пайдалану.

Теориялық маңыздылығы: Зерттеліп отырған таксономиялық топтың ғылыми тұрғыдан, биологиялық, морфологиялық, экологиялық, географиялық ерекшеліктерін қазақ тілінде түйсіну.

Ғылыми жаңалығы: салыстырмалы түрде талдау, статистикалық болжау әдістерін қолданып, біртұтас жүйелік биологиялық зерттеу.

Қолданбалық маңызы: Шаруашылықтағы маңызын дәріптеу және дәрілік шөп қасиеті.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық жақтары ғылыми әдістемелік журналдарға ұсынылған.

I. ҚАЗАҚСТАН ФЛОРАСЫНДАҒЫ КӨКНӘР PAPAVERACEAE JUSS. ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

1. 1. Көкнәр Papaveraceae Juss. тұқымдасының қысқаша зерттеу тарихы

Көкнәр Papaveraceae Juss. тұқымдасы Қазақстан флорасында өз орны бар өсімдіктер тобы. Көкнәр Papaveraceae Juss. тұқымдасына көбіне шөптесін өсімдіктер, кейде бұта немесе аласа ағаштар жатады. Көкнәр Papaveraceae Juss. тұқымдасына солтүстік жартышардың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінде кездесетін 11 туысы, 139 түрі бар. Қазақстанда 7 туысы, 44 түрі кездеседі (1-кесте) . Әдетте, бір- және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Көкнәрлердің жабайы көкнәр, сеппе көкнәр, тағы басқа түрлері көбірек белгілі. Көкнәрлердің жалпы формуласы: жабайы көкнәр Т2К2+2А . Көкнәрлердің жемісі - қауашақ, тұқымдары - ұсақ, түсі қара болып келеді, гүлдері әртүрлі типті жалғыздан немесе жоғарғы гүл шоғырында, жиі ірі және ашық түсті, актиноморфты, кейде дұрыс емес, қосжынысты, гүл серігіқосарлы. Тұқымы көп ұсақ, жеңіл болғандықтан жел, су, құмырсқалар арқылы таралады. Көкнәрлер негізінен насекомдармен тозаңданады. Жемісі - паракарпты қорапша, жақтаулары немесе жоғарғы бөлігіндегі саңылаулары арқылы ашылады. Тұқымдары сансыз көптеген, ұсақ, кішкентай ұрығы және өте майлы эндоспермді. [1]

Мен бұл тақырыпты таңдаудағы себебім: көкнәрлер (Papaverales), әулетіннің адам үшін пайдасы өте көп. Ең алдымен дәрілік қасиетімен, тамақтық, әсемдігімен, улылығымен ерекшеленеді. Дәрілік өсімдік ретінде 500-ден астам медициналық дәрілерге қосады. Көкнәр, мүйіз көкнәр және Мексика аргемонының тұқымынан техникалық май алынады. Көкнәрлердің көптеген түрлері гүлдері әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі. Халық емшілері сүйелшөп және сүттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген. [5] Сонымен, көкнәрлер әулетінің үлесі Қазақстаның табиғи флорасы жоғары болғанмен, оның құрамындағы кейбір гүлдердің шаруашылық маңызы өте зор деуге болады. Ерекше атап өтуге тұратын медицинада кеңінен таралған апиын. Олардың көп түрі жабайы және дәрілік шөптер болып табылады. Кейбір түрлері сәндік ретінде де пайдаланылады. Құрамында ақ, сары, тоқ сары түсті латекс (млечный сок-өзек шырыны) болады. Жапырақтары кезекті, кейде супротивті, жай, аздап немесе көптеп тілімделген, бөбе жапырақсыз. Гүлдері әртүрлі типті жалғыздан немесе жоғарғы гүл шоғырында, жиі ірі және ашық түсті, актиноморфты, кейде дұрыс емес, қосжынысты, гүл қоршауы қосарлы, тостағаншасы екі мүшелі, гүл жарғанда түседі, күлтесі 4, кейде 6 күлте жапырақты екі шеңберде орналасқан, аталығы көп, гинецейі паракарпты,

2-16 жеміс жапырақтан, аналық аузы отырықты. Көкнәрлер негізінен насекомдармен тозаңданады. Олардың ішінде тамақтық, дәрілік және әсемдік өсімдіктері бар. Шілде - тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі - көп тұқымды қауашақ. Көкнәрда сүт тәрізді ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты Көкнәрін (P. pavonіnum) бояу өндірісінде пайдаланады. Егістікте арамшөп ретінде сеппе көкнәр (P. rhoeas) кездеседі. Қазақстанда өте сирек кездесетін жіңішке көкнәр Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. [2] Көкнәрлер тұқымдасының көптеген түрлері гүлдері әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі. Қазақстанның Қызыл кітабына жұқа көкнәр (Papaver tenellum) - сирек түр, эндемді, тек Шығыс және Орталық-Қазақстан бөліктерінде ғана кездеседі.

Көкнәрлер жалпы алғанда улы өсімдіктер болып табылады. Оның құрамында изохинолин алколоид, бензофенантридин туындылары: гомохелидонин, хелеритрин, хелидонин, сангвинарин, протопин және т. б.

20-дан астам алкалоид бар. Хелидонин - папаверин мен морфинға құрамы ұқсас алколоид. Гомохелидонин - күші көп у. Аз мөлшерде эфир майлары да табылған. Аскорбин қышқылы (1000 мг-ға дейін) , каротин, флавоноидтар, сапониндар, органикалық қышқылдар болады. [6] Дегенмен көкнәрлер пайдалануға жарамды.

Қазақстандағы көкнәрлер (Papaverales) әулетінің адам үшін ісері зор екенің, мектеп оқушыларына және жоғарғы оқу орнының білім алушыларына жеткізіп, таныстырсақ деген ойдамыз.

I КӨКНӘР (PAPAVERALESE) ӘУЛЕТІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ШОЛУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

  1. Көкнәр(PAPAVERALESE ) әулетінің зерттеу тарихы

Көкнәр (PAPAVERALESE) әулетінің өкілдері жалпы алғанда улы өсімдіктер болып табылады, халық емшілігінде ертеден дәрілік қасиетімен, тамақтық, әсемдігімен, улылығымен ерекшеленеді. Медицинада түрлі

дәрі-дәрмек жасауда кеңінен пайдаланылады, әдеби деректерде көбінесе олардың улылық қасиеттері, интрадукциясы, құрамындағы алкалоидтар туралы деректер көптеп кездеседі [6] .

Көкнәр (PAPAVERALESE) әулетінің түрлерінің морфологиялық ерекшеліктері, географиясы мен экологиясы жөнінде деректер көптеген флористикалық еңбектерде және Papaveraceae Juss тұқымдасының аймақтық зерттеулерінде кездеседі. [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10] .

Көкнәр (PAPAVERALESE) әулетінің бір жылдық немесе көпжылдық шөптесін өсімдіктер көбіне шөптесін өсімдіктер, кейде бұта немесе аласа ағаштар. Көкнәрлердің жабайы көкнәр, сеппе көкнәр, тағы басқа түрлері көбірек белгілі. Көкнәрлердің жалпы формуласы: жабайы көкнәр Т2К2+2А . Көкнәрлердің жемісі - қауашақ, тұқымдары - ұсақ, түсі қара болып келеді, гүлдері әртүрлі типті жалғыздан немесе жоғарғы гүл шоғырында, жиі ірі және ашық түсті, актиноморфты, кейде дұрыс емес, қосжынысты, гүл серігіқосарлы. Тұқымы көп ұсақ, жеңіл болғандықтан жел, су, құмырсқалар арқылы таралады. Көкнәрлер негізінен насекомдармен тозаңданады. Жемісі - паракарпты қорапша, жақтаулары немесе жоғарғы бөлігіндегі саңылаулары арқылы ашылады. Тұқымдары сансыз көптеген, ұсақ, кішкентай ұрығы және өте майлы эндоспермді. [1]

  1. Көкнәр(PAPAVERALESE) әулетінің статистикалық талдануы және флористикалық спектрлері

1-кесте

Тұқымдас атауы
Туыс атауы
Түрлері
Тұқымдас атауы:

I. Papaverales juss.

Көкнәрлер

Туыс атауы:

1 . Chelidonium L.

Сүйелшөп

Түрлері:

1. Ch. majus L.

Үлкен сүйелшөп

Тұқымдас атауы:
Туыс атауы:

2. Glaucium Adans.

Мүйіз көкнәр

Түрлері:

1. G. corniculatium (L) Curt.

Кәдімгі мүйіз

2. G. fimbrilligerum Boiss .

Жалбыр мүйіз.

3. G. squamigerum Kar. Et Kir .

Бұдыр мүйіз.

4. G. elegans Fisch. et Mey.

Әсем мүйіз.

Тұқымдас атауы:

3. Roemeria Medis.

Қызылтаңдай

Туыс атауы: 1. R. hybrida(L. ) DC. Будан қызылтаңдай. 2. R. refracta(Stev. ) DC. Имек қызылтаңдай
Тұқымдас атауы:

4. Papaver L .

Көкнәр

Туыс атауы: 1 . P. rhoeas L. M. Сеппе көкнәр. 2. P. litwinovii Fedde . M. Литвинов көкнәр. 3. P. somniferum L. M Апиын көкнәр. 4 . P. arenarium L. M Құм көкнәр. 5. P. pauoninum Shenk. M. Тоты көкнәр. 6. P. nudicaule. L. М Жалаңсабақ көкнәр. 7. P. croceum Ldb. M . Жирен көкнәр. 8. P. tianschanicum M. Pop. M . Тянь- Шань көкнәр. 9. P. canescens A. Tolm. M . Боз көкнәр. 10. P. pseudocanescens M. Pop. M Бозша көкнәр. 11. P. tenellum A. Tolm. M. Жіңішке көкнәр.
Тұқымдас атауы:

II. Hypecoaceae L.

Гипекоумдар

Туыс атауы:

5. Hypecoum L.

Гипекоум

Түрлері: 1. H. erectum L. Г . Түзу гипекоум. 2. H. trilobum Trautv. Г . Үшқұлақ гипекоум. 3. H. Parviflorum Kar. et Kir. Г Ұсақгүл гипекоум.
Тұқымдас атауы: III. Fumariaceae Көгілдір
Туыс атауы:

6. Corydali Medic.

Айдаршөп

Түрлері: 1. C. darwasica Rgl. Х . Дарбаза айдаршөп. 2. С. ledebouriana Kar. et Kir. Х . Ледебур айдаршөп. 3. C. severzovii Rgl. Х . Северцов айдаршөп. 4. C. nudicaulis Rgl. Х. Жалаңсабақ айдаршөп. 5. С. shangini (Pall. ) B. Fedtsch. Х . Шангин айдаршөп. 6. C. glaucescens Rgl. Х Бозғылт айдаршөп. 7. С. halleri Willd. Х . Галлер айдаршөп. 8. C. bracteata(Steph. ) Pres. Х . Ірі гүлсерік айдаршөп. 9. C. pseudoalpestris M. Pop. Х. Жалған альпа айдаршөп. 10. C. pauciflora (Steph. ) Pers. Х. Азгүл айдаршөп. 11. С. semenovii Rgl. Х . Семенов айдаршөп. 12. С. nobilis (L. ) Pers. Х. Асыл айдаршөп. 13. С. gortschakovii Schrenk. Х. Горчаков айдаршөп. 14. С. stricta Steph. Х. Түзу айдаршөп. 15 . С. fedzschenkoana Rgl. Х . Федченкоайдаршөп. 16 . С. inconspiua Rgl. Х . Белгісіз айдаршөп. 17. С. tenella Kar. et Kir. Х. Жіңішке айдаршөп. 18. С. сapnoides(L. ) Pers. Х. Дымянка айдаршөп.

19. С. sibirica(Lfil) Pers. Х.

Сібір айдаршөп.

Тұқымдас атауы:
Туыс атауы:

7. Fumaria (Tourn) L.

Көгілдір туысы

Түрлері: 1. F. officinalis L. D. Дәрі көгілдір. 2. F. schleicherii Soy. -Will. Д. Шлейхер көгілдір. 3. F. parviflora Lam. Д . Ұсақ көгілдір. 4. F. vaillantii Loisl. Д . Вайан көгілдір.
  1. Көкнәр(PAPAVERALESE) әулетінің биологиялық ерекшелігін талдау
Биологиялық сипаттамасы[өңдеу]

Қазақстанда көкнәр туысының 11 түрі өседі, оның көбі жабайы, ал апиын көкнәрі мәдени түрі. Тамырының ұзындығы 20см, сабағы тік түксіз, көкшіл-жасыл түсті, биіктігі 100-150см. Жапырағы көкшіл-сұр түсті, жапырақ тақтасының жиектері терең иректелген салалы, сағақсыз, сабаққа кезектесе отырмалы бекінеді. Маусымда гүлдейді, гүлдері ірі, жеке-жеке орналасады, гүлшоғыр құрамайды. Гүлінде 2 тостағанша жапырақша (гүл жарғанға дейін нәзік күлтелерінің сыртын жауып қорғап тұрады, гүлі ашыла сала дереу түсіп қалады) . 4күлте, көп аталық, 14-16аналық болады. Күлтелері тостағанша жапырақшасы ішінде жұмырлана бүктеліп жатады. Алғаш тостағаншаның ішінде күлтелері бояусыз (ақ түсті) бірте-бірте ашыларға жақындағанда өзіне тән түске (қызыл, қызғылт, күлгін, ақ және т. б. ) боялады. Гүлі ашыла сала күлтесінің жұмырланған қатпарлары дереу жазылып тегістеледі. Тостағаншасы ашылмай тұрған күйін -бітеугүл немесе гүлшанақ(бутон дейді) . Жемісі- қауашақ. Аналықтың ауызы қатайып шеті иректеліп қақпақ тәрізді дөңгеленіп қауашақтың үстіңгі жағын жауып сақталып қалады. Тұқымдары өте көп, ұсақ, бүйрек пішінді. ақ, сұр, қара түсті. Өсімдіктің барлық мүшесінде болатын бунақты түтіктерінен сүт бқлінеді, сүті ауада тез қатайады, оны апиын (грекше "опос"-шырын) дейді. Сүт шырынында 20-дан астам алкалоидтар бар, олар: морфин, кодеин, папаверин (көкнәрдің латынша аты), протопин, тебаин және т. б. Гүлдің формуласы: {\displaystyle \ast K_{2}\; C_{4}\; A_{\infty }\; G_{({\underline {\infty }}) }}

  1. Көкнәр(PAPAVERALESE) әулетінің экологиялық сипаттамаларын талдау
  2. Көкнәр(PAPAVERALESE) әулетінің географиялық сипаттамаларын талдау
  3. Көкнәр(PAPAVERALESE) әулетінің шаруашылықтағы маңыздылығын талдау

2-кесте.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Арамшөптер — адамдардын қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы
Тарбағатай жотасы
Өсімдіктер типінің субаридті тобы
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Қасқасу
Балды өсімдіктер
Мезгілсіз өсімдік гүлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz