Қазақ тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы
І тарау. Қазақ тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы
1.1. Есімдіктердің қалыптасуы туралы ғалымдардың пікірі
Есімдіктер сан жағынан аса көп болмаса да, есім сөз таптарының орнына орынбасар сөз қызметінде жұмсалып жүр. Орынбасар қызметін атқарғанына қарамастан есімдіктер есім сөздердің ешқайсысының нақты мағынасын білдіре алмайды.
Басқа сөз табы сияқты есімдіктер де ұзақ уақыттан бері зерттеліп келе жатқан сөз табының бірі. Жалпы тіл білімінде есімдіктерге тән жалпы қасиеттер мен олардың қалыптасу жүйесін, дамуын сөз еткен еңбектердің саны аз емес. Ондай еңбектер қамтыған мәселелерінің көлеміне байланысты есімдіктерді кейде кең түрде, яғни алтай тілі тұрғысынан зерттеген, кейде түркі, монғол не манжұр-тұңғыс тілдері тұрғысынан, кейде жеке тідердегі есімдіктер немесе сол есімдіктердің жеке топтары мен жеке сөздеріне тән заңдылықтар мен ерекшеліктер тұрғысынан жазылған еңбектер болып келеді.
Есімдіктердің қалыптасу тарихы мен жүйесін анықтауға бағытталған алғашқы еңбек алтай тілдеріндегі есімдіктерді зерттеуші ғалым Кастреннің 1850 жылы Гельсингфорсте жарияланған Die affixis personalibus linguarum altaicarum атты еңбегі болды. Бұл еңбек алтай тілдеріндегі есімдіктер жайын сөз етуге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу болған еді.
Есімдіктерді одан əрі зерттеу О. Бëтлинг (монғол, түрік туыстас тілдер), В. Шотт, Б. Мункачи (орал-алтай тілі), В. Радлов, Г. Рамстедт (монғол тіліндегі есімдіктер), В. Банг (түркі тілдеріндегі есімдіктер), Ж. Дени, В. Богородский т.б. ғалымдардың еңбектерінде жалғасын тапты. Бұлардың ішінде О. Бетлингтің Über die Sprache der Jakuten Altajische studien атты Санктпетербургте басылып шыққан еңбегінде жалпы алтай және моңғол, түрік туыстас тілдер жайында да өте құнды пікірлер айтылған еді. Ол пікірлердің дені кейінгі зерттеуші ғалымдардың көбінің ойынан шыққан нағыз қажетті пікірге айналған.
Қазақ тіл білімінде есімдіктер тарихы, құрамы мен қалыптасу жүйесі, мағыналық сипаты жағынан Сауранбаевтың (Есімдіктер), Ш. Сарыбаевтың (К вопросу о местоимении в казахском языке), Ə.Төлеуовтің (Қазақ тіліндегі есімдіктер), Ə. Ибатовтың еңбектерінде кеңінен қарастырылды.
Есімдіктердің нақты қай кезде пайда болғанын дөп басып айтпасақ та, ғалымдардың пікірі арқылы есімдіктердің көне заманда пайда болған сөздер қатарына жатқызылатынын білеміз. Оның өзіндік себептері де бар. Алғашқысы есімдіктердің мағыналарының тым жалпылама сипатта болуы болса, екіншісі морфемалық құрамында көне тұлғалардың сақталып қалуы. Мысалы, қазақ тіліндегі мен, сен есімдіктері өзге түрік тілдерінде, олардың ішінде, түрікмен, құмық қарачай, қарақалпақ, өзбек, ойрот, шор, қырғық, алтай тілдерінде мен, сен; гагауз, караим, ноғай тілдерінде бән, сән; әзербайжан, ұйғыр, тува тілдерінде мән, сән; түрік тілінде бен, сен; татар, хакасс тілдерінде мин, син; башқыр тілінде мин, һин боп қолданылады. Аталған сөздер тек фонетикалық ерекшеліктерімен ғана ажырасатыны болмаса, барлық түрік туыстас тілдерде бір түбірге тән сөздер.
Ерте кезден бастап зерттеушілердің көңілін аударған мәселе- жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланысы. Сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің арасындағы генетикалық байланыс туралы пікір алғаш рет О. Бëтлингктен басталып, кейіннен В. Радлов, В. Банг, Мункачи, Немет, И. Дени, В. Котвич, А. П. Поцелуевский, Н. А. Баскаковтың еңбектерінде жалғасын тапқан. Сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің ұқсастығы жайында арнайы жазылған екі мақала бар. Олардың бірі - А. П. Поцелуевскийдің "Жіктеу және сілтеу есімдіктерінің тегі" деген мақаласы да, бірі - Н. А. Баскаковтың "Түрік тіліндегі жіктеу және сілтеу есімдіктерінің мағыналық байланыстары жөнінде" деген мақаласы.
А. П. Поцелуевский [1] І және ІІ жақ жіктеу есімдіктерінің шығу тегі жағынан бу (му) және шу сілтеу есімдіктерінің морфологиялық құрамдарымен бірдей болып келетінін ескертсе, Н. А. Баскаков [2] жіктеу және сілтеу есімдіктерінің генетикалық байланысы сілтеу, тәуелдеу және жіктеу есімдіктері деген ізбен сатылай көрсетеді. Алғашқы пікірден бу сілтеу есімдігі мен бен жіктеу есімдіктері еретедегі бір замандарда мин сөзінен тараған, шу сілтеу есімдігі - шин; сен жіктеу есімдігі син сөзінен пайда болған сөздер болып шығатынын аңғарамыз. Оның үстіне, автор бұл келтірілген сілтеу және жіктеу есімдіктерінің түбірін инын деп таниды да, сөздердің алғы б, м, ш, с дыбыстарын префистік көрсеткіштер деп атайды. Ал, екінші пікірді жүйелесек, бұл есімдіктердің көне түрі сілтеу есімдіктері болады да, әрі қарай дамудың екінші сатысы - тәуелдеу есімдіктері (ілік жалғауындағы сілтеу және жіктеу есімдіктері), үшінші саты - жіктеу есімдіктері болғанын түсінеміз. Екі мақалада көрсетілген сілтеу есімдіктері мен жіктеу есімдіктерінің түбір морфемаларының генетикалық байланысы дау тудырмайтын мәселелердің бірі. Бұл мәселе жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінде толық дәлелденген десек те болады.
Ғалымдардың назарын аударған келесі бір үлкен мәселе мен, сен, ол (ан), қай? (қан) есімдіктерінің соңында келетін -н дыбысы туралы болмақ. Бұл мәселе алғаш рет В. Радловтың еңбегінен көрініс табады. Оның жіктеу есімдіктерін мен-н, се-н [3] деген екі элементтен құралған сөздер деп көрсетуі, төмендегідей пікірлердің қалыптасуына негіз болды.
Біріншіден, -н дыбысын қыстырма ("вставочный") дыбыс немесе жалғастырушы дауыссыз ("соединительный согласный") не жалғастырушы қыстырма дауыссыз ("соединительный вставочный согласный") дыбыс деп тану.
М. Рясянен: "Очень распространенный "соединительный согласный" n, который обычно наблюдается после корней на гласный в родительном, дательном и винительном падежах (частично и после согласных) и которого не было в древнетюркском языке, произошел из местоименного склонения: an-yn, an-ga, an-yg вследствие неправильного слогоразделения a-nyn" [4], - деп жазса, Г. И. Рамстедт монғол тіліндегі жіктеу есімдіктерінің септелуінде пайда болатын n жалғастырушы қыстырма дауыссыз ("соединительный вставочный согласный") дыбыс болып саналады [5] деген .
Ал, А. М. Щербак н дыбысын "қыстырма" дей отыра, мына сияқты екі түрлі ойды айтады. Біріншіден, түрік тілдерінде қос септіктер бар екенін ескеретін болсақ, "қыстырма" н оруднокомитативный немесе притяжательный (ілік) септіктің рудименті болуы ықтимал. Ал, екіншіден, бұлайша дәлелдеуге келмейтін кейбір орындарда ол туынды сөздерде ғана қалпына келетін (восстановливающимся) түбірдің құрамдық (конструктивный) элементі болу керек [6], - дейді.
Екіншіден, -н дыбысын "факультатив" көрсеткіш деп тану. Бұл пікір алғаш рет Н. К. Дмитриевтің еңбегінде көрініс тауып, кейіннен В. Н. Хангильдин, Т. М. Гарипов т.б. ғалымдардың еңбектерінде де шешімін табаы..
Үшіншіден, -н дыбысын ілік септігінің қысқарған түрі деп қарау. Бұл пікірді алғаш рет В. Радлов [7] қарастырады да, кейіннен оны қолданушылардың бірі К. Грëнбех болады. К. Грëнбех [8] -н дыбысын ілік септік жалғауынан пайда болған тұлға дей келе, ілік септік жалғауының өзі бір кездерде nän деген толық мағыналы сөз дәрежесінде дербес қолданылған заттық атау сөз болған деп көрсетеді.
-н дыбысының ілік септігінің қысқарған түрі және ілік септік жалғауы нäң сөзінен пайда болған деген пікір Н. А. Баскаковтың еңбектерінде кең орын алады. Ілік септік жалғауының фонетикалық ықшамдалу дәрежесінің толық не жартылай болып қалыптасуына қарай есімдік сөздерді жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі және тәуелдеу есімдігі деген топтарға жіктеген. Сонда, айталық, алғашқы форма бу-ненье: а) егер мунынь (му-нынь) менинь (мен-нинь) болып толық түрде қолданылса - ілік септігіндегі сілтеу және жіктеу есімдіктері; ә) егер муны (му-ны) боп фонетикалық жартылай ықшамдалған қалыпта қолданылса- сілтеу есімдігі; б) егер мен (ме-н) [2] сияқты жеке -н дыбысына дейін ықшамдала қолданылса- жіктеу есімдіктері боп табылатын болады.
Автордың бұл пікірі 1952 жылы шыққан "Қарақалпақ тілі" кітабында да қайталанады. Бұдан бөлек -н дыбысын ілік септігінің қысқарған түрі деген пікірді К. К. Юдахин мен С. Құдайбергеновтың еңбектерінен де кездестіреміз.
-н дыбысы жөнінде А. Н. Кононовтың пікірі өзгеше болып келеді. Автор -н дыбысы жайында: "...конечное -н не является органическим струтурным элементом местоимений мен, сен (ср. формы мн. ч. мен-биз, сен-сиз), а служит лишь признаком формы их основного п." [9], - дегенді айтады.
Жоғарыда дәлелденген пікірлердің қай-қайсысының болмасын ұсынушы авторлар үшін орынды екені сөзсіз. Ол пікірлер айтылып қана қоймай, нақты материалдармен де дәлелдене алды. Бірақ солай бола тұрса да, -н дыбысын ілік септігінің қысқару, ықшамдалу жолымен пайда болған тұлға деп қарау әлдеқайда дұрысырақ секілді. Өйткені мұндай заңдылықтарды біз түрік тілдерінің даму, қалыптасу бағытындағы көптеген фактілерден анық байқай аламыз.
Біріншіден, жіктеу, сілтеу есімдіктерінің септелу жүйесінде кездесетін mänindin, anynda деген сияқты формаларда ескі мұраларда кездессе, меніңға, меніңдңн, униңға, мениңдин, сениңдин, униңдин, мениңдә, сениңдә, униңдә деген сияқты қазіргі ұйғыр тілінің жіктеу есімдіктерінің септелу жүйесінде сақталып отырады .
Екіншіден, бұл ілік септік жалғауының ізі түрік туыстас тілдердің біразында есімдіктер мен бірлә, білә сөздерінің тіркесе қолданылған жағдайларында және қазақ тіліндегі көмектес септік жалғаулы жіктеу, сілтеу есімдіктерінің қолданылу дағдысында кездеседі.
Үшіншіден, ілік септігінің толық сақталған түрлері есімдіктердің "үшін" шылауымен тіркесе қолданылған жағдайларында кездесіп отырады. Сол сияқты, ілік септігінің толық ізі есімдік сөздерге кейбір сөз тудырушы қосымшалардың қосыла айтылу амалдарында да кездеседі [10].
Бұл фактілерден ұғатынымыз ерте заманда толық формада қолданылған ілік септік жалғауы бертін келе есімдік сөздердің бойына сіңген мағыналық тұлғаларға айналып, солардың құрамына енген сияқты. Ілік септік жалғауының бұл қалыптасу ізі күні бүгінге дейін тілімізде сақталып отырылуына қарамай, өте ерте заманда болған құбылыс деп қарауды қажет етеді. Бұл жөнінде Ғ. Ғ. Мұсабаевтың: "Сонымен, есімдіктердің түрленуінде кездесетін н ді көне заманнан қалған жұрнақ деп қарау керек сияқты. Онда да көне түрік жазуларының ескерткіші қойылғанға дейін, көп ілгері болған құбылыс деу орынды сияқты. Өйткені көне түрік ескерткіштерінде V ғасырдан бастап мен, сен, ол, бұл, сол деген есімдіктер бар. Олардың бірде мен, мäн, бірде бен, бäн болуы - фонетикалық варианттары"." [11], - деген пікіріне толық қосылуға болады.
Қазақ тілінің грамматикалары мен жекелеген зерттеулерде есімдіктер мағыналық сипаты мен жалпы грамматикалық мағыналарының қатысына қарай түрліше топтастырылады. Нақтырақ айтсақ, қазақ тілі грамматикаларында зерттеушілер есімдіктерді жалпылама зат атаулары мен жалпылама белгі атауларының қатысына қарай субстантивтік және атрибутивтік есімдіктер деп бөліп қарастырады.
Ғалым А. Ысқақов [12] өз еңбегінде есімдіктерді заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары, -деп сипаттайды . Олары заттық ұғымды білдіретін сөздердің орнына қолданылатын жəне заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер деп екі жікке бөлініп, заттық ұғымды білдіретін есімдіктерді субстантивтік есімдіктер, ал заттың белгісін білдіретін есімдіктерді атрибутивтік есімдіктер деп атап өтеді. Мысалы: мен, сен, сіз, ол - заттық ұғымды білдіретін субстантивтік есімдіктер, бұл, сол, анау, мынау - заттың белгісін білдіретін атрибутивтік есімдіктер.
Есімдіктерді арнайы зерттеген - ғалым А.Ибатов. Ғалым А.Ибатов есімдіктердің сөз табы ретіндегі тұлғасын, олардың мағыналық топтарын жеке-жеке сөз етеді. Ғалым: Қазақ тіліндегі есімдіктер өзге де сөз таптары сияқты сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай лексика-семантикалық мағынасына, морфологиялық белгілеріне және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді [10], -деп, ...оларға 1) мағыналары тым жалпы, 2) контексте қолданылу мақсатына қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отыратын сөз табы, 3) әрқашан субъективті қатынаста қолданылатын сөздер - деген түсінік береді .
Есімдіктердің өзіндік тарихи дамуы бар, өйткені есімдіктер көне сөздер сапынан орын алады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz