:Орталық жүйке жүйесінің босану кезіндегі жарақаттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

C:\Users\Айдана\Desktop\абай.jpg

Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің босану кезіндегі жарақаттары

Орындаған: Мырзабекова Фариза

Тобы: дефектология 5-топ

Тексерген: Әбдіқадір А. М

2019-2020 жж.

Кіріспе

Босану жарақаттары жаңа туған нәрестелердің 8-10 % кездеседі. Осы кезеңдегі барлық аурулардың 70 % орталық жүйке жүйесінің босану кезіндегі жарақаттануына тиесілі. Бас ми және жұлынның зақымдануына байланысты бас сүйегін ашқанда 80 % жағдайда орталық жүйке жүйесінің босану кезіндегі жарақаттануы негізгі немесе қосалқы диагноз ретінде анықталады.

1. Этиологиясы мен патогенезі. Орталық жүйке жүйесінің босану кезіндегі жарақаттануының негізгі себебі- антенатальды және интранатальды кезеңдегі миға қан құйылуына алып келетін ұрықтың жедел және созылмалы гипоксиясы. Ұрықтың оттекті ашығуына анасындағы гипоксемия және ана ұрық жүйесіндегі газдардың диффузиясы бұзылуы себеп болады:

-ұрықтың гипоксемиясы;

-гемодинамика бұзылыстарына;

-зат алмасу бұзылыстарына;

-қан құйылуларға;

-жүйелер мен мүшелердің дисфункциясына әкеп соғады.

Сонымен қатар, орталық жүйке жүйесінің босану кезінде жарақаттануы патологиялық босануларда да кездеседі:

-ұрық жатырдың жиырылуының жылдамдануынан;

-күшпен итеріліп жылдам шығуға тырысқанда;

-нәрестенің басы бір жазықтықта ұзақ уақыт тұрып қалғанда;

-жамбастың сүйектерімен қысылып қалғанда.

Акушерлік қысқыштарды, вакуум экстарцияны және қатты акушерлік манупиляцияларды қолдану арқылы босануларда нәресте басының сүйектері орнынан ығысып, миы қысылып қалуы мүмкін. Ұрық басына механикалық әрекеттер әсер ету нәтижесінде:

-нәрестеде біріншілік венозды стаз;

-периваскулярлы ісіну;

-қан құйылулар болады.

Осындай жағдайлар кесар тілігі операциясын орындағанда немесе кіші ұрықты тез босануларда кездеседі. Бас миының қатты қабатының дубликатурасының жыртылуы, синустардың зақымдануы, ірі бас миы тамырларының жыртылуы болуы мүмкін. Ми жасушаларының дистрофиясы мен некрозы дамиды.

Соңғы уақыттарда нәрестелерде церебральды бұзылыстар дамуының аутоиммунды теориясына көңіл бөлінуде. Себебі, церебральды жарақатпен туылған нәрестенің қанында ми тіндеріне қарсы антиденелер анықталған.

2. Патоморфологиясы. Церебральды босану жарақатының жедел кезеңінде ми және ми қабықтарының ісінуі, барлық тіндердегі венозды қан толысу байқалады. Кейде, мишық қабатының жыртылулары мен ишемиялық некрозы да болуы мүмкін. Көп жағдайда мәйітті ашқанда жұлын ми өзегіне қан құйылу мен жұлынның зақымдануы анықталады.

Мидағы қан құйылулар сіңіріліп, оның салдарынан:

-киста түзілуі мүмкін;

-тыртықты өзгерістер қалыптасады;

-үлкен ми қыртысының базальды ганглилердің атрофиясы;

-ми қарыншалары ұлғаяды.

3. Клиникалық көрінісі. Бассүйек ішілік жарақатымен туылған балаларда асфиксия дамиды. Кей жағдайларда жарақат өмірінің бірінші аптасының соңында анықталады.

Босану кезіндегі орталық жүйке жүйесінің жарақатының үш кезеңі бар:

1. Жедел(7-10 күн) ;

2. Ерте қалпына келуші(11 күннен 4 айға дейін) ;

3. Қалпына келетін(4 айынан 1-2 жасына дейін) ;

4. Қалдық көріністер кезеңі(2 жасынан кейін) .

Клиникалық көрініс мидың және ішкі ағзалардың зақымдалуына байланысты көрінеді. Жалпы милық симптомдар екі негізгі синдроммен көрініс береді:

-аса қозғыштық;

-тежелу синдромы.

Аса қозғыштық жағдайында бала мазасыз, дірілдеу байқалады, бірқалыпты айғай, бұлшықет тонусы артады. Физиологиялық рефлекстері күшейген немесе кенеттен пайда болуы мүмкін.

Ошақтық көріністерге

спастикалық салданулар мен парездер;

-Грефе симптомы;

-батқан күн симптомы;

-көлденең нистагм.

Ұстау рефлекстерінің ассиметриясы, жергілікті дірілдер, птоз, бас миы нервтерінің зақымдану белгілері де көрінуі мүмкін.

Мидағы қан құйылуы ошағының орналасуы, патологиялық көріністермен анықталады. Мысалы, субарахноидальды қан құйылуларға баланың мазасыздануы, кекіну мен менингиальды симптомдар жатады. Субдуральды гематомаларда птоз, парез дамиды. Қарыншаларға қан құйылғанда бала еңбегінің ісінуі, тыныс алудың бұзылысы мен діріл байқалады.

Көп жағдайда церебральды патология тыныс алу және жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылысымен көрінеді. Ас қорыту жүйесі жағынан көрінетін симптомдар әртүрлі:

тәбетінің төмендеуі;

-анорексия;

-кекіру мен құсуға бейімділік;

-іш қату немесе диарея.

Бұл симптомдар асқазан ішек жолдарының дискенизиясын, яғни пилороспазмды көрсетеді. Бұндай науқастардағы гипоксия бүйрек үсті безінің қызметінің айқын төмендеуіне әкеледі: бұлшықеттер гипотониясы, гипорефлексия, солғын тарту.

Бұндай нәрсетелердің ерте балалық шағының ерекшеліктері болады:

-кіндік қалдығы кеш түседі;

-салмағы да баяу қалпына келеді.

Кейде осы кезеңде тұрақты дистрофия қалыптасады.

Репарация кезеңінде 60-80 % да нәрестелер клиникалық тұрғыда сауығып кетеді, ал қалғандарында неврологиялық, соматикалық және зат алмасулық бұзылыстар сақталады.

4. Диагноз. Диагноз қоюда анасының ауруы, гинекологиялық және акушерлік анамнезі және жүктіліктің, босанудың ағымы ескеріледі. Ұрықтың құрсақішілік дамуына кері әсер ететін жағдайлар анықталады. Нәрестенің алғашқы күніндегі симптомдар анықталып, диагностикалық әдістер жүргізіледі. Қосымша анықтау әдістеріне:

-жұлын милық пункция;

-офтальмоскопия;

-электроэнцефалография жасалынады.

Сонымен қатар, эхоэнцефалография арқылы қан құйылудың орнын анықтауға болады. Церебральды қан айналымның жағдайы реоэнцефалография арқылы нақтыланады.

5. Ажырату диагностикасы. Босану кезіндегі орталық жүйке жүйесінің жарақаттары келесі аурулардан ажыратылады:

-құрсақішілік энцефалит;

-менингит;

-тұқым қуалайтын зат алмасудың бұзылыстары;

-фенилкетонурия;

-галактоземия;

-босану кезіндегі асфиксия;

-орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар жүйке жүйесі аурулары
Қозғалыс үйлесімінің бұзылуы
Балалардын церебральды сал ауруы
Балалар неврологиясы пәнінен оқу - әдістемелік нұсқау
Балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Балалардың церебральды сал ауруын зерттеу тарихы
ГИПОФИЗ АУРУЛАРЫ
Эпилепсия. Қояншық ауруы
Жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптама
Церебральды сал ауруымен ауыратын, спастикалық диплегиясы бар науқастарды Биологиялық кері байланыс терапиясы (БОС-терапия) арқылы оңалту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz