ҚР да ақша қаражатының өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚР да ақша қаражатының өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары.

Аннотация

Бұл мақалада ақша қаражаттарының қозғалысы туралы, оның құрастыру әдістерін, кемшіліктері мен тиіміді жактарын көрсету, ақша қаражаттарының қозғалысы есептіліктің халықаралық стандарттағы тұстарын көрсету.

Аннотация

В данной статье раскрывается понятие о движении денежных средств, методы его составления, недостатки и выгодные стороны, отражение в международных стандартах отчетности движения денежных средств.

Annotation

Аrticle describes the concept of cash flow, methods of its compilation, disadvantages and advantages, as well as the reflection of cash flow in international reporting standards.

Кіріспе.

Ұйымның ең өтімді активтері-ақша қаражаттары . Оның болуы, жеткіліктігі мен кәсіпорынның ағымдағы жағдайын, қозғалыстарын, төлем қабілеттіліктерін, инвестициялық тартымдылығы мен іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымның барлық шаруашылық операциялары: өнімді сату, есеп айырысулар, жалақы төлеу, несие алу, несиені өтеу және т. б. ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты болады. Сол себепті есеп жүйесінде ақша қаражаттарының есебінің ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне ерекше мән беріліп қарастырылады. Ақша қаражатының мақсатты қолданылуы, оның қозғалысын және бағыттылығын қамтамасыз ету негізгі мақсат болып табылады.

Компанияның қаржы есептілігін пайдаланушыларды компанияның ақша қаражаттары мен ақша баламалары қалай қалыптасатыны және қандай бағыттарға жұмсалатыны қызықтырып, мұндай ақпарат қаржылық есептіліктің 4-нысаны «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте» көрініс табады. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістер, оның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының арақатынасын бағалауға мүмкіндік береді

Ақша қаражаттарының қозғалысы.

Жалпы алғанда, ақша қаражаттарының қозғалысын талдаудың маңыздылығы келесілермен байланысты:

- ақша ағымын ұтымды үйлестіру кәсіпорын қызметінің ырғақтылығына әсер етеді;

- ақша ағымдарын ұтымды басқару арқылы кәсіпорын несие капиталына қажеттілікті кеміте алады;

- ақша ағымдарын оңтайландыру капитал айналымдылығын жеделдетеді;

- ақша ағымдарын оңтайландыру нәтижесінде босаған ақша қаражаттары өндірісті кеңейтуге, сауда айналымын өсіруге, нәтижесінде табыстың өсуіне ықпал етеді.

Қазіргі уақытты өзінде қаржылық есептіліктің ҚЕХС талаптарына сай дайындайтын көптеген компаниялар ақша қаражаттарының қозғалысының есебін дайындауда кедергілерге кездеседі. Оның басты себебі - ҚЕХС компанияларға ақша қаражатарының қозғалысының есебін дайындауда ақпаратты ашу мен ұсынуда, есепті дайындау әдісін таңдауда салыстырмалы түрде еркіндік беруімен байланыстырылады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үш категорияға сәйкес үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде операциялық қызметтен түскен ақша ағыны, екінші- инвестициялық қызмет, ең соңғысы - қаржылық қызмет.

Ақша қаражаттарының қозғалысы- шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырсуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Қолма-қол ақшалар қозғалысы- нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар, және қағаз ақшалар қызмет етеді.

Қолма- қолсыз ақшалар қозғалысы- қолма - қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы. Мұнда чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары.

Ақша қаражаттарының қазіргі есеп айырысу түрлері мен мақсаттары.

Ақшалай қаражаттарымен есеп айырысу опрацияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары:

1) Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақыттылы дер кезінде есептеу .

2) Субъектідегі ақшалар қаражаттарының түгелдігін және оларды дұрыс және тиімді пайдалануды бақылау

3) Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындары дұрыс есептеу.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды. Бүгінгі күні ұлттық қорда 5, 3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.

Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қазіргі қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.

1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган.

Ақша қаражаттарының өзекті мәселерін шешу түрлері.

Мемлекеттің ақша қаражатынын мәселелерін шешудегі негізгі міндеттері мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;

2) мемлекеттiң Әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік фискалдық, кедендiк және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру;

3) экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру.

Ұйым ақша қаражаттартарының жəне олардың баламаларының құрамын ашуы жəне оның қаржылық жағдай туралы есепте берілген баламалы баптарын бар ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіндегі сомаларды салыстыруын ұсынуы тиіс.

Əлемнің əртүрлі елдеріндегі ақша қаражаттарын басқару практикасының жəне банк ережелерінің сан алуандығын ескере отырып жəне 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС-ын (IAS) сақтау үшін ұйым ақша қаражаттарының жəне ақша қаражаттары баламаларының құрамын анықтау үшін қабылданған əдісті ашады.

Ақша қаражаттарының жəне ақша қаражаттары баламаларының құрамдас

бөліктерін анықтау əдісіндегі кез келген өзгерістің, мысалы, бұрын ұйымның

инвестициялық портфелінің бір бөлігі деп есептелген қаржы құралдарын

жіктеудегі өзгерістің ықпалы есептілікте 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп

бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер ХҚЕС-ына (IAS) сəйкес

беріледі.

Ұйым өзінде бар, топтың пайдалануы үшін қол жеткізілмейтін

ақша қаражаттары мен ақша қаражаттары баламаларының елеулі қалдықтарының сомасын басшылықтың түсіндірмесімен бірге ашуы тиіс.

Ұйымның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттары баламаларының

қалдықтарын топтың пайдалануы үшін қол жетпейтін түрлі жағдайлары болуы тиіс.

Мұның мысалы - валюталық бақылау немесе осы қаражаттарды бас ұйымның немесе басқа да еншілес ұйымдарының жалпы пайдалануына жол бермейтін басқа да заңдық шектеулер қолданылатын елде жұмыс істейтін еншілес ұйымындағы ақша қаражаттары мен ақша баламаларының қалдықтары. .

Басшылықтың түсіндірмелерімен бірге осы ақпаратты ашу мақұлданады жəне оларға мыналар жатуы мүмкін:

(a) осы несиелерді пайдалану бойынша орын алған шектеулерді көрсете отырып, болашақтағы операциялық қызметке жəне инвестициялық міндеттемелерді реттеуге бағытталуы мүмкін іріктелмеген несиелердің сомасы;

(b) ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің жалпы өлшемі, ол операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінен бөлек операциялық мүмкіндіктердің ұлғаюын білдіреді;

(с) есептерде көрсетілетін əрбір саланың немесе географиялық сегменттің операциялық, инвестициялық жəне қаржы қызметінен туындаған ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің сомасы .

Қорытынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын балансының өтімділігін бағалау
Мемлекеттік бюджеттің құрамы
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ САЯСАТЫ
Қазақстан Республикасындағы бюджет саясаты және оның қызметтері
Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелендіру
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz