ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУОВТІҢ ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ПОЭЗИЯСЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУОВТІҢ ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ПОЭЗИЯСЫ (өлеңдері, айтыстары)
1. 1. Сыр саңлағы Тұрмағамбет Ізтілеуов-классик ақын
(ағартушылық идея, адами болмас, діни өлеңдері)
1. 2. Сырдың сұңғыла ақынының сатиралық өлеңдері
1. 3. Тұрмағамбет Ізтілеуовтің айтыстары (діни айтыстары, жұмбақ айтыстары)
II. СЫР ШАЙЫРЛАРЫНЫҢ АТАСЫ ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУОВ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІ
2. 1. «Сырдың Абайы» атанған ақынның шығыстық сарындағы қисса дастандары
2. 2. Тұрмағамбет шайырдың «Рүстем-Дастан» поэмасын аударудағы шеберлігі
2. 3. Тұрмағамбет Ізтілеуовтің Н. Рабғузиден аудармасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
I. ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУОВТІҢ ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ПОЭЗИЯСЫ (өлеңдері, айтыстары)
1. 1. Сыр саңлағы Тұрмағамбет Ізтілеуов-классик ақын
(ағартушылық идея, адами болмас, діни өлеңдері)
Ақындығы мен әділдігі халқына жаққандықтан алдыңғы толқындағы аға буынға қосып, ұқсатып «Сырдың Абайы» атанған - Тұрмағамбет Ізтілеуов. Бұл айтылған сөз кәрі тарихында шытырман-шиырларға толы қазақ халқының берген бағасы мен жылы ілтипаты. Жоғары бағаланған Тұрмағамбет ақынның туындылары дүниеге келу үшін өзіндік тағдырына тән оқиғалар әсер етті. Өмірлік және мектептік білімі мен әдеби дәстүрдің үлгі-өнегесінің ықпалы мол болды.
Ежелден бері сылаңдап аққан Сырдария өңірінде талай сүлейлерді тудырып, әлдиін айтып, бесігіне бөлеп, қанатының астына қамқорлығына алып, қыранша қияға ұшырған алтын қоныста «Сыр шайырларының атасы» атанған Тұрмағамбет сол Сыр бойы түлектерінің бірі. Нақтырақ айтсақ, ол бұдан жүз отыз сегіз жыл бұрын, бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезінде, сол уездегі Қуаңдария болысының 2-аулында, «Ақтайлақкезең» атанған мекенде дүниеге келген. Ұрпақ жалғастығын аңсап, сәбиінің жоқтығына көкірегі езіліп жүрген, сіңірі шыққан жалшы Ізтілеудің ауыл шетіндегі жапырайған ескі күркесіне, яғни шаңырағына шаттық оты орнады. Қуанышы қойнына сыймай отыз күн ойын, қырық күн тойын жасамай ақ, тіпті иіліп ілтипат көрсетуге де шамасы жетпеді. Ауыл үрдісіне сай сәбиге молда шақырып кітап шығару, азан айттырып, ат қойдырудың өзі мұң болды. Елдің ертеңіне алаңдаған азамат болар сәбидің кіндігін кескен Ермағамбет есімді нағашы ақын ағасына ұқсастырып, «мұның аты Тұрмағамбет болсын», - деп ырым жасады.
Тұрмағамбет ақынның тұлымы желбіреген шағы Сырдария өзені бойында, оның жағасындағы керуен жолы, су жолы әрі осы өңірдің әкімшілік орталығы болған - Ақмешіт, Қазалы, Қармақшы қалаларында өтеді. Жасы он алтыға таяған уағында әкесі дүниеден озып, қамқоршысыз қалған қағылез бала өмірдің бар ауыртпалығымен өзі бетпе-бет қалды. Сол шағын :
«Кедей ем, киім-тамақ зорға тапқан,
Жамаулы үйім жыртық, қара құрым», -
деп ақын өзі жөнінде баяндаған.
Жалғыз өзі тағдыр тауқыметіне қасқайып тұрып, кем-кетігі сағын сындырмай, керісінше көкірегі ояу азамат болуға баулыды. Алғашқыда өз аулындағы Қожабай, Алдашбай, Ораз есімді ишан, молдалардың көшпелі мектебінде мұсылманша оқып, сауатын ашады. Шығыс тілдерін үйрену, білуге жастайынан құмартып, сол кездегі Таяу, Орта Шығыс және Орта Азия елдері үшін ұлық саналатын Бұқарадағы Мир ғараб медресесіне оқуға түседі. Одан соң 1899 жылдан бастап Көкелташ медресесінде оқиды.
Белгілі мәдениет қайраткері, Тәжік ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик жазушы Садриддин Сайдмұрадұлы Айни да Тұрмағамбетпен қатар Көкелташ медресесінің студенті атанады. Білімге құмарлықтары мен ортақ қызығушылықтарының арқасында танысып, дос болып кетеді. Айнимен жақын дос болып араласу және одан да өзге Орта Азияның түпкір-түпкірінен жиылған дарынды жігіттердің әдеби орта жасауы Тұрмағамбеттің шығармашылық бағытына үлкен әсерін тигізді. Одан өзге Орта Азияның атақты Бұқара қаласындағы бай кітапханасынан оқыған дарқан шығармаларының септігі де тиді. Мейірлене оқыған арабтың «Мың бір түні» мен үндінің «Тотынамасы», парсының «Шаһнамасы» мен Омар Хайям, Хожа Хафиздің сұлу сазды нәзік лирикасы, Шайхы Сағдидың «Гүлстаны» мен «Бостаны», Низамидің «Іскендірнамасы» мен «Қысырау -Шырыны», Навоидың «Ләйлі-Мәжнүні» мен «Жеті шұғыласы», Рудаки мен Физулидің, Жами мен Бедилдің хисапсыз мол дүниелері мен Бируни, Мұхамед Әл-Фараби, Әбу-Әли ибн Сина, Бабур, Ұлықбек сияқты философтар мен тарихшылардың асыл қазыналарымен танысу арқылы өзіне баға жетпес білім нәрін тұнықтырды.
Рахманқұл Бердібаев Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы : «Шығыс тілдеріне жетік, білгір, шабыты шамырқанған дүлдүл ақын. Ол кібіртік қағып, шоқырықтауды білмеді», - дейді <1; 65>
Шабыты шамырқанған дүлдүл ақынның мұрасының жалпы көлемі екі жүз мың жолдан асады және оның біраз бөлігі әлі күнге дейін баспа бетін көрмей, халық арасында ауыздан - ауызға айтылып қана таралып келеді.
Өмірін дін жолы емес, дүние тану ғылымына арнап, өзі шыққан тапты қолдап, өзегі талған кедейдің мұңын мұңдап, халыққа жаққан әділ ақындардың арланы болды.
Е. Қ. Карбозов Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ақындығы туралы : «Әрбір ақынның өнерлік өмірбаянына, оның ақындық лабороториясына ең алдымен керек нәрсе : тазалық, адамдық, әділдік. Осы үшеуі бар жерде кез келген ақынның мерейі үстем, шығармасы шынайы болмақ. Тұрмағамбеттің ақындық лабороториясында осы үшеуі ошақтың үш бұтындай бірлік те берік тепкен. Сондықтан ақын шығармаларының шынайылығы өз кеудесін жарып шығып, жүрегінің халық деп соғып тұрғанын көрсетуге дейін барады», -дейді <2; 76>
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz