Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің маңызы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абдибеков А. Ғ.

Заң факультетінің 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Есламғалиев Ж. Р.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің маңызы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жҥйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығын әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшті. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, жаңа жүйе аясында халыққа тегін медициналық қызмет көрсететін барлық мекемелермен келісімшартқа қол қойылған. МӘМС аясында науқастарға көмек көрсететін 2000-ға жуық медициналық мекеме таңдалды. Олардың 60 пайызы - жекеменшік клиникалар. Бүгінгі күнге дейін қазақстандықтардың 83 пайызы жаңа жүйе бойынша сақтандырылып үлгерген.

Көптеген дамыған елдер мұқтаждығы артық, тұрмысы төмен адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған. Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдағанда 50-ден астам елдің тәжірибесі қаралды және ескерілді. Бүгінде бүкіл әлем үш ірі денсаулық сақтауды қаржыландыру моделі қолданылуда: бюджеттік, сақтандыру және аралас. Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады. Бұл қамтамасыз етеді:

• Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын;

• медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің жоғары деңгейі;

•денсаулық сақтау пакеті.

Денсаулық сақтау жүйесін неге реформалау қажет?

• Денсаулық сақтау саласында азаматтардың және жұмыс берушілердің арасында ынтымақтастықтың болмауы. Медициналық көмек көрсету ауыртпалығы тек мемелекетке жүктелген, азаматтардың өздері өз денсаулығына жауапкершіліктің жеткілікті деңгейін қалыптастырмаған.

• Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақсыздығы. Денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына қарамастан, қаржыландыру халықтың денсаулық сақтау жүйесіндегі ӛсіп келе жатқан қажеттіліктерін жаппайды. Неліктен олай болып жатыр? Халықтың қартаюымен бірге, тууы көбейіп келеді және созылмалы, жұқпалы аурулардың саны артып, өз кезегінде айтарлықтай инвестициялар талап ететін, жаңа инновациялық технологияларды енгізу жалғасуда.

• Медециналық ұйымдардағы шексіз кезек және сапасыз қызмет көрсету салдарынан халықтың жеке емханаларға барып, ірі «қалта» шығындарын жұмсауға мәжбүрлігі. Ауқатты адамдар жақсы ем және қымбат дәріге мүмкіндігі бар болса, халықтың мүмкіндігі аз санаттары медициналық қызметтердің жекелеген түрлеріне қол жеткізумен ғана шектеледі.

• Халықтың қартаюы, күрделі және созылмалы аурулардың өсуі, денсаулық сақтау шығындарының артуына әкеледі.

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары:

  1. Аз қаражатпен МӘМС шеңберінде қызметтердің толық пакетін алу! Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің терең тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз;
  2. Барлығы айқын түрде болады. Сақтандырылған азамат жеке электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі жеке кабинеті арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің, денсаулық жағдайын, ақылы жарналары туралы барлық ақпаратты көре алады.
  3. МӘМС аясында бұдан былай қазақстандықтардың дәрі-дәрмекті тұтынуы бойынша анализ жасалады. Яғни, отандастарымыз қандай дәрілерді жиі қолданып, оларды қанша мөлшерде тұтынатыны есепке алынады. Бұл ретте дәрігерлер науқастың ауру тарихы мен оған ұсынылған рецептті электронды базаға тіркеуі тиіс. Сол арқылы қай дәрінің қанша көлемде керек екені анықталмақ. Бұл препараттардың қаншалықты мақсатты түрде жұмсалып жатқанын бақылауға да мүмкіндік береді. Десе де, медицина қызметкерлері науқастарға тек тегін тізімге кіретін дәрілерді ғана ұсынуға міндетті емес.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек ала алады?

• Алғашқы медициналық-санитарлық көмек тегін қамтамасыз етіледі және күндізгі күтім, профилактика, диагностика, жүктілік кезеңін бақылау, медициналық манипуляция және т. б. кіреді;

• Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек, оның ішіне профилактика, диагностика, арнайы техниканы және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін ауруларды емдеу кіреді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘМС - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің маңызы
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Қазақстандағы МӘМС жүйесі
Сақтандыру туралы ақпарат
Сақтандыру нарығының құрылымы
Сақтандыру
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz