О. ГЕНРИ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ БЕРІЛУІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мәмбетова М. Қ.,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, жалпы тіл білімі

және еуропалық тілдер кафедрасының доцент м. а., ф. ғ. к., e-mail: mmanshuk@gmail. com

Аухымбай Ә. А.,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, жалпы тіл білімі

және еуропалық тілдер кафедрасының магистранты, e-mail: assem. a7@bk. ru

О. ГЕНРИ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ БЕРІЛУІ

Түйін. Мақалада көркем әдебиеттегі фразеологизмдердің, фразеологиялық бірліктердің О. Генри әңгімесінде қолданысы қарастырылған. Фразеологиялық бірліктерді аударуға байланысты мәселелерді шешуге шығармашылық тұрғыдан қарау қажеттілігі көрсетілді. Әдеби мәтіндердегі, атап айтқанда, қысқа әңгімелердегі фразеологиялық бірліктерді жаңарту тәсілдеріне талдау жасалды.

Түйін сөздер : фразеология, фразеологиялық бірліктер және т. б.

Резюме. Статья посвящена фразеологии, фразеологизму в художественной литературе. Рассмотрено их использование в рассказах О. Генри. Была подчеркнута необходимость творческого подхода к решению проблем, связанных с переводом фразеологизмов. Анализ способов обновления фразеологизмов в литературных текстах, в частности в рассказах.

Ключевые слова: фразеология, фразеологические единицы, и т. д.

Summary. The article is devoted to phraseology, phraseologism in fiction. Their use in the stories of O. Henry is considered. The need for a creative approach to solving the problems associated with the translation of phraseological units was emphasized. An analysis of the methods for updating phraseological units in literary texts, in particular in stories.

Keywords: phraseology, phraseological units, etc.

Американдық классик жазушы - О. Генри ( шын есімі Уильям Сидней Портер) Солтүстік Королина штатының Гринсборо қаласында дүниеге келген. Қысқа әңгімелер жазудағы шеберлігімен әлемге танылған нағыз сөз майталманы. Оның әңгімелерімен мектеп бағдарламасынан бастап, жоғарғы сынып оқушылары да таныс. Ағылшын тілінен көркем әдеби шығармаларды түсінуде, эссе жазуға қолданады. Классик жазушының көптеген қысқа әңгімелерін жазуға түрткі болған қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы. Оның әңгімелері иронияға толы, жазушы шығармаларын кенеттен қызықты аяқтап, кез келген күнделікті оқиғаларға сыни көзқараспен қарап, тәрбиелік мәнін шебер жеткізе білген.

О. Генри - американдық әдебиеттегі "қысқа әңгімелер" (short-story) жанрының шебері. Өз шығармалаларында әртүрлі кейіпкерлерді арқау етіп алады. Қысқа әңгімелер жазудағы қалыптасқан жанрдың жалғастырушысы. Бірақ, О. Генридің ерекшеліктері өз шығармаларында өткір сөздері мен фразеологиялық тіркестерді, жаргон сөздерді керемет көрсетіп, шебер қолдануында. О. Генридің үздік әңгімелері американдық көркем әдебиеттің алтын қақпасы іспеттес.

Кез келген шетелдік әдеби туындыларды түсіну үшін, сол елдің тілін, тілі арқылы мәдениетін, дінін, жалпы өзімізге керекті мәліметтерді қарым-қатынас құралы арқылы біле аламыз. Қазіргі таңда әлемдік тілге айналған, жаһандық қолданыстағы тіл - ағылшын тілі. Ағылшын тілін үйрену біздің елімізде де кеңінен таралғандықтан, кез келген тілді меңгеру, сол тілдің көркем әдебиетінің тірегі - фразеологизмдерді үйренусіз мүмкін емес. Ағылшын тілінің мыңжылдық тарихынан осы уақытқа дейін мағыналы-мәнді, орынды деп тапқан көптеген фразеологияның анықтамалары бар. Осылайша тілдің маңызды бірлігі - фразеология қалыптасты. Фразеология - әрбір ұлттың тілдік басты ерекшеліктері, ойды көркем жеткізу құралы, өзіндік мағынасы бар семантикалық бір-бірімен байланысқан сөз тіркестері. Фразеологизмдерді меңгеру публицистикалық және көркем әдебиеттерді түсінуді жеңілдетеді. Фразеологизмдерді орынды қолдану сөйлеу тілін мәнді етеді. [1]

Фразеология XX ғасырдың 4 4 0 жылдарынан бастап қана лингвистика саласының жеке пәні ретінде қарала бастады. Академик В. В. Виноградов өз еңбектерінде фразеологизмдерді фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлің және фразеолгиялық тізбектер деп бөліп қарастырды. Жеке пән ретінде қарастырылғанмен, әлі күнге дейін шешілмеген мәселелері өте көп болғандықтан, зерттелген ғылым деуге келмейді.

Ағылшын тіл білімінде фразеология жеке пән ретінде XX ғасырдың 20 20 жылдарында қарастырыла бастады. Фразелогияның жеке ғылым ретінде дамуы бүкіл әлемдегі осы уақытқа дейін жасалған тіл білімі салысындағы зерттеулеріндегі мәселелерге, жазылған неше түрлі мақалаларға, ғылыми жұмыстарға тікелей байланысты болды. Фразеологиялық бірліктер тұрақты және белгілі бір орын тәртібімен орналасады. Фразеологизмдердің келесі бір белгісі мағыналық тұтастықта болуы және фразеологизмдер құрылымының семантикасы өте күрделі болып келеді. [2]

Фразеологиялық бірліктердің аудармасына теориялық еңбектерде, әр аудармалық нұсқаулықта, әсіресе көркем әдебиеттерде, публицистикалық, қоғамдық-саяси әдебиеттерде, фразеология және салыстырмалы лингвистика теориясы бойынша көптеген басылымдарда көп көңіл бөлінген. Осыған байланысты проблемалар әртүрлі тұсынан қарастырылады, әртүрлі аударма әдістері ұсынылады, соған қарамастан қайшылықты пікірлер бар. Әр нақты жағдайға жеке көзқарас қажет. Бірақ мұнда басты рөл аудармашының жеке басына тиесілі. Ол өзін осы немесе басқа мәтін жазылған тілдің өкілдерінің тілінде, өзін сол мәдениеттің бір бөлігі ретінде сезінуі керек, оған үйреніп, аударманың жалғыз және бірегей нұсқасын жасауы керек. Алайда, аудармашының шеберлігімен қатар, фразеологиялық бірліктердің аударма сапасына көптеген басқа да факторлар әсер етеді. Мысалы, аударманы тапсырыс беруші, ықтимал алушының мәдени білімінің жиынтығы, мәдениеттердің қарым-қатынасының сипаты және басқалары. Фразеологиялық бірліктерді аударуда ұлт менталитетінің орны ерекше.

О. Генридің «The Octopus Marooned», «The Roads We Take», «The Cop & the Anthem» «The last leaf» әңгімелерінде әр түрлі фразеологиялық бірліктер кездеседі. [3]

He had been in every line of graft from lecturing on Palestine with a lot of magic lantern pictures of the annual Custom-made Clothiers' Association convention at Atlantic City to flooding Connecticut with bogus wood alcohol distilled from nutmegs.

Мысалы осы сөйлемде, фразеологизм to be in every line of graft , бұл жағдайда to be in line of duty - әскери борышты орындай отырып, фразеологиялық бірлігіның жаңарып берілуі. Фразеологилық бірліктің жаңаруы duty - graft сөздерінің алмасуынан, сонымен қатар every cөзінің қосылуынан болып отыр. Автор осы бір-біріне антоним болып келетін сөз компоненттерін алмастыру арқылы юмористік эффектке қол жеткізеді, күтпеген жерден оқиғаны қызықты ететін қосымша сөз енгізу осы әсерді күшейтеді және фразаға керемет мән береді. Осылайша, жаңа фразеологиялық бірлікті сөзбе-сөз аударуға болады: «түрлі жалған міндеттерді орындау кезінде». Жаңартылған фразеологиялық бірлік түпнұсқадағыдай таңқаларлық әсер етпесе де, әзіл-ысқақ бояуын жоғалтпайтын калька әдісі арқылы аударылады. Аудармада экспрессивтілік «every» сөзінің енгізілуіне байланысты « . . . жасамайтын адам жоқ . . . » деп аталатын құрылымды қолдана отырып жеткізіледі.

Тo stub somebody's toes against (a little town ) фразеологиялық бірлігі : сәтсіздікке ұшырау, бірдеңеге сүріну, яғни теріс мағынада беріледі. Мәтінде бұл фразеологизмдер бұл қаланың (кішкене қала) олжа ретінде табылмағанын көрсету үшін қолданылады. Екінші жағынан, фразеологизм әзіл-ысқақтық әсерін береді, өйткені «қала» сөзі «бір нәрсеге ұрыну» дегеннің тікелей мағынасында қабылданады, бұл жағдайда «қалаға ұрыну, соқтығысу» күлкілі және күлкілі көрінеді. Дәл осылай мәтіндегі фразеологиялық бірлік аударылады « . . . Энди екеуміз Техастың бір қаласында соқтығысып қалдық . . . », to be in a cage фразеолгиялық бірлігінің мағынасы - торда қамалу. Бұл жерде автор фразеологиялық бірлік арқылы қаланы торда қамалған құс кейпінде теңеу арқылы көркем суреттейді. «Well, sir, it took Bird City just ten minutes to realize that it was in a cage».

«The Cop & the Anthem» әңгімесінде near at hand - жанында, өте жақын, бетпе бет фразеологиялық бірлігі кездеседі. Winter is near at hand фразеологиялық бірлігін аудармашы А. Горлин: қыс таяп қалды - to take to somebody s heels - жолға шығу, шаңғыларды қайрау, тартулар жасау, табандарын көрсету, тек табандары жалтырай бастағанда, -деп эквиваленттік әдісі арқылы аударған. «They take to their heels» - Олар аяқтарын қолдарына алды; -деп А. Горлин фразеолгиялық бірліктерді аналогтық әдіспен аударады.

«Тo catch at the straw» - фразеологиялық бірілігі « ілігу, ұстау» - деген мағынада беріледі. Ағылшын тілінде бұл бірлік, ағылшын тіліндегі мақал - мәтелде қолданылады a drowning manwill catch at a straw. «He caught at the immediate straw of disorderly conduct». Бұл жерде біз морфологиялық өзгерісті байқаймыз (catch - caught), сонымен қатар «immediate» жаға элементнің қосылуы арқылы жасалынады. Ол қоғамдық жерде бұзықтыққа ілігуге шешім қабылдады. Фразеологизмге қосымша элемент, кенеттен туындайтын мағынаны енгізеді. Фразеологизм фразеологиялық эквиваленттік әдіс арқылы аударылады.

Фразеологизм to add insult to injury - қайтадан тіл тигізу, «my umbrella», he said sternly». Oh, is it?» sneered Soapy, adding insult to petit larceny» фразеологиялық бірліктерінен алынған. «Рetit larceny» фразеологиялық бірлігі, қазіргі қолданыстағы «petty larceny» «кішігірім ұрлық» осы тіркеске терминологиялық мағына беру үшін қолданылады.

Жаңартылған фразеологиялық бірлік мәтінде сипаттамалық мағынада беріледі:

  • Ол менің қолшатырым, - деп қатты айтты
  • Шынымен бе? - деп риясыз күліп жіберді. Сопи, кішігірім ұрлығына тағы да қосыла.

Тo lay hands on somebody - фразеологизмінің бірнеше мағынасы бар:

• 1) біреуге қол көтеріп, зорлық-зомбылық жасау, жұдырығыңызды қолдану;

• 2) бірдеңе табу, алу, бір нәрсені иемдену, біреуді (бір нәрсені) бақылауға алу;

• 3) ұстап алу;

• 4) біреуді (шіркеуге) тағайындау.

«Would never a policeman lay hands on him?».

«Неліктен бірде-бір полицей оны бақылауға ала алмайды?».

Аударылымда фразеологиялық аналогтық әдісті қолдана отырып жасалады, яғни мәтіндегі мәнге ең қолайлы бөлім пайдаланылады, тұжырымның юморлық жағын жеткізетін ең қолайлы сурет таңдалады.

«The last leaf» әңгімесінде жазушы келесі фразеологиялық бірліктерді қолданған: to have something on one's mind - біреудің ойында болу, алаңдату, қоздыру, уайымдату. Фразеологизмді Н. Дарузес аударманың сипаттамалық тәсілімен аударған.

«Has she anything on her mind?» - Ол не жайлы ойлап отыр?

Тo be a goosey тіркесінің тек фразеологимнің бір бөлігін silly as a goose қолданған. Аудармада бұл фразеологиялық бірлік қақпақ секілді ақымақ деген теріс мағынада беріледі. Ал, ағылшын тілінде фразеологизм to be a goosey имеет жағымды эмоционалдық әсер беретіні белгілі, балалар сөйлеу тіліне қатысты болғанына байланысты «ey» суффиксін қолданады. Бұл жерде де бас кейіпкердің сұхбаттасушымен жұмсақ, мейірімді қарым -қатынаста әңгімелесуді жалғастыру үшін фразеологизмнің морфологиялық тұрғыдан «ey» суффиксінің жалғануы арқылы әңгімеге үйлесімділік, жұмсақтылық реңкін беру үшін мақсатында қолданады.

«Don't be а goosey» - Ақымақ болма.

Аудармада Н. Дарузес жағымды эмоционалды бояуды, сонымен қатар, азайту жұрнағының көмегімен, аударманың сипаттамалық әдісін қолдана отырып жеткізді. О. Генридің «The Roads We Take » әңгімесінде келесі фразеологиялық бірліктер қолданылды: do tell! - қазақ тілінде келесідей баламалары бар:

- Болуы мүмкін емес! Міне, осылар! Сіз елестете аласыз!

Н. Дарузестің аудармасы келесідей:

- Сіз қандай адамсыз! Бұл мүмкін емес!

Бұл жағдайда аударма фразеологиялық аналогтық әдісті қолдана отырып аударылады.

«Тo hold a council» фразеологизмі ақылдасу, ақыл кеңес сұрау деген мағынаны береді. Аударма тілінде бұл тіркес фразеологиялық эквиваленттік әдіспен беріледі.

Төмендегі сөйлемдер бастапқы тілде екі фразеологиялық бірліктен тұрады.

«You got a head for financing that knocks the horns off anything in Arizona». - Аризонада кез келген адамға алдын ала жүз ұпай бере аласың:

  • 1) to have (get) a head for something -кез келген нәрсені жасай алу мүмкіндігі бар. Мысалдан көріп отырғанымыздай, аудармада фразеологиялық бірлік ескерілмеген;
  • 2) to knock the spots (horns) off- тұтылу, сыртқа шығу, белдікке жалғау (соңғы фразеологизм ағылшын тіліндегі балама) .

Аудармашы фразеологиялық аналогтық әдісті пайдалана отырып, басқа эквивалентті қолданды.

«Тo be on trail» фразеологизмі - біреудің соңынан түсу, аңду, ізіне түсу деген мағынаны береді. «They'll be on our trail before daylight in the morning ». - Олар әлі таңға дейін соңдарына түседі.

Аудармашы аударманың сипаттамалық әдісін қолданады:

  • - Time and again- көп рет, бірнеше рет, жиі, қайта-қайта;
  • - «We've risked our lives together time and again». - Біз бірге бірнеше рет өмірімізді қатерге тіктік.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмотивті лексика және аударма
Сындық мағыналы фразеологизмдер
Бөкеев қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр
Мұхтар Әуезов синонимдерді қолдануда стилистикалық бояумен әшкелеудің шебері
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі
Тұрақты архетиптер фразеологиялық фразеологизмдер формалар
Фразеологизмдерді аудару мәселелері
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің шығу төркіні
Аудармашының шығармашылық шеберханасы
Тақырып идеяға тартылған жол
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz