Мотив белсенділікті оятушы ықпал



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
БОӨЖ 2 Тақырып: Мотив белсенділікті оятушы ықпал
1. Жетекші мотив түсінігі
Қажеттілік - бұл өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік - жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі. Қажеттілік жалпы түрде байқалады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағатандыруға бағытталады. Адам қажеттілігі әр түрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын уйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сиапты туралы айтып отырмыз.
2. Табысқа жету немесе сәтсіздікті болдырмау мотивациясы
Табысқа жету мотиві теориясы бойынша адамда іс-әрекетпен функционалды байланыста болатын, табысқа жетуге бағытталған екі түрлі Сәтсіздіктен қашу мотивациясы жағдайы мүлдем басқа. Мотивацияның бұл түрі жағымды немесе тиімді қозғалтқыш күш болып табылмайды. Сәтсіздіктен қорқу жауапкершіліктен қашуға, көбіне тіпті қызметтен жалтаруға әкеледі. Белсенділіктің жоқтығы барлық дерлік психикалық үдерістердің тежелуіне әкеледі, тиісінше, прогрестің болмауы, мінездің теріс қырларының дамуы да мүмкін, мысалы, қиындықтардың, кедергілердің алдында тізе бүгу, жинақылықтың жоқтығы, ебедейсіздік. Сәтсіздіктерден қашу мотивациясы үстемдік етуі көбіне мінез-құлықтың конформдық типінің қалыптасуына әкеледі. Бұл жағдайда адам дербес жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге қабілеті төмен, тек қоршағандардың қолдауымен ғана әрекет ете алады. Мұндай адамдардың сыннан қорқатыны салдарынан олар өз ойларын айтпайды, қоршаған ортаның пікіріне көз жұмып ереді, тиісінше, әрдайым жетектегі болып табылады, уағызлық әсер етуге төтеп бере алмайды. Конформдық мінезді адамдардың ерекшелігі - өз ортасымен қарама-қайшылықтың болмауында. Осының салдарынан дамудың болмауы, А.Н. Леонтьев айтқандай, қызмет үдерісінде туындайтын қайшылықтардың нақ өзі тұлға дамуының қозғалтқыш күші болып табылады. Ал, табысқа жету мотивациясы дұрыс өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға көмектесуші ретінде абсолютті қарама-қарсы қасиеттерді дамытады: қарапайымдылық, дұрыс түсінілетін абырой және мұнымен байланысты өзін-өзі сынаушылық, өз қадірін сезу. Табысқа жету мотивациясы табандылық (жылдам, негізделген және қатаң шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру), батылдық (жеке бастың аман-есендігіне төнетін қауіпке қарамастан мақсатқа қол жеткізу үшін қорқынышты жеңіп, ақталған тәуекелге бара білу қабілеті), ұстамдылық (өз психикасының сезімдік қырларын бақылау және өз мінез-құлқын саналы түде қойылған міндеттерді шешу үшін бағындыру қабілеті), өзіне сенімділік сияқты ерік-жігерлік қасиеттерді дамытуда біршама маңызды. Олай болса табысқа жетуге ұмтылу адамда ерік-жігер, төзімділік пен қайраттылық сияқты күшті қасиеттер бар екеніне куә болады. Бұл табысқа жетудің және сәтсіздікті болдырмаудың мотивациясы түрлі жеке бас қасиеттерін дамытуға әсерін тигізетінін білдіреді. Табысқа жету мотивациясы адамның бойында кедергілерді жеңіп, қиындықтарға қарсы тұруға ұмтылу қасиеттерін дамытуға жол ашады. Бұл нағыз индивидті жеке тұлға
қылатын нәрсе. Осылайша табысқа жету уәжі әрқашан оң әсерін береді, және сәтсіздікті болдырмау уәжіне қарағанда жеке тұлғаның дамуына көп ықпал етеді.
3. Мотивацияны зерттеу әдістері
Мотивацияны зерттеуде (В.Г. Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И. Божович. А. Маслоу, Е.К. Савонько) оны белгілі бір иерархияланған құрылымдар енетін күрделі жүйе ретінде түсіну дұрыс. Бұл жерде, құрылым элементтердің, олардың қатынастары мен обьектінің тұтастығының салыстырмалы тұрақты бірлігі ретінде, жүйе инварианты ретінде түсіндіріледі. Мотивация құрылымын талдау В.Г. Асеевке, оның ішінен а) процессуалдық және дискреттік мінездемелердің бірлігін және б) қос модальды, яғни оны құраушылардың жағымды және теріс негіздерін бөлуге мүмкіндік берді.Зертеушілердің мотивациялық аясы құрылымы - қатып қалған, статикалық емес, керісінше білім берудің өмірлік іс-әрекеті процесінде дамитын, өзгермелі деген ережелері де маңызды.Мотивация құрылымын зерттеу үшін, маңыздысы, Б.И. Додонов бөлген оның төрт құрылымдық компоненті: іс-әрекеттің өзіне қанағаттану, оның тікелей нәтижесінің тұлға үшін маңыздылығы, іс-әрекет үшін сыйлаудың мотивациялық күші, тұлғаға мәжбүр еткізетін қысым. Бірінші құрылымдық компонент шартты түрде мотивацияның гедоникалық құраушысы деп аталған, қалған үшеуі - оның мақсаттық құраушылары. Сонымен бірге, бірінші мен екінші іс-әрекетке қатысты ішкі бола отырып, оған бағыттылықты, бағдарды (оның үрдісі мен нәтижесі) анықтайды, ал үшінші мен төртінші әсер етудің сыртқы факторларын (іс-әрекетке қатысты теріс және оң) белгілеп отырады. Тағы бір маңыздысы, марапат пен жазалаудан қашу ретінде анықталған соңғы екеуі Дж. Аткинсон бойынша табысқа жету мотивациясының құраушылары болып табылады. Мұндай мотивациялық құраушылардың құрылымдық түсінілуі, оқу іс-әрекетінің құрылымы мен теңестіру төменде көрсетілгендей оқу мотивациясын талдауда өте өнімді болды. Мотивация мен оның құрылымдық ұйымдасуын интерпретациялау адамның негізгі қажеттіліктері терминдерінде де жүргізіледі (Х.Мюррей, Дж. Аткинсон, А. Маслоу және т.б.).
Тұлғалық мотивацияны зерттеулердің алғашқыларының бірі (тұлға қажеттіліктері терминінде) Х. Мюррейдің (1938) жұмысы екені белгілі. Ол көптеген мінез-құлықты тудырушылардың ішінен төрт негізгі қажеттіліктерді: жетістікке, үстемдікке, дербестікке, аффилиаци-яға бөлген. Кең контексте қарастырылған осы қажеттіліктерді М.Аргайл мотивацияның (қажеттіліктердің) жалпы құрылымына енгізген: 1) әлеуметтік өзара әрекеттесуді тудыратын әлеуметік емес қажеттіліктер (суға, тамаққа, ақшаға деген биологиялық қажеттіліктер); 2) көмекті, қорғанысты, басқаруды қабылдау сияқты тәуелділікке деген қажеттілік, әсіресе беделді және билігі бар адамдардан; 3) аффилиацияға деген қажеттілік, яғни басқа адамдардың ортасында болуға, достық үндесуге, топпен, құрбыластармен қабылдануға ұмтылу; 4) үстемдікке қажеттілік, яғни басқалардың немесе топтың өзін ұзақ ұзағырақ сөйлеуіне, шешім қабылдауына болатын лидер ретінде қабылдауы; 5) сексуалдық қажеттілік - денелік жақындық, бір жыныс өкілінің келесі тартымды жыныс өкілімен достық және интимдік-әлеуметтік өзара әрекетті; 6) агрессияға деген қажеттілік, яғни денелік немесе вербалды зиян келтіру; 7) өзінің абыройына, өзіндік сәйкес болуға деген қажеттілік, яғни өзін маңызды деп қабылдау. Тәуелділікке, өзін бекітуге және бір мезгілде агрессияға деген қажеттілік елеулі мөлшерде оқу іс-әрекеті мен оқушылардың мінез-құлқын талдау үшін қызығушылық тудыруы айқын.Адамның қажеттіліктер саласының құрылымын қарастыру тұрғысынан А. Маслоудың қажеттіліктер үшбұрышы үлкен қызығушылық тудырады, мұнда бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивті тәуелділігі, екінші жағынан - оның өзін-өзі өзектендірумен байланысты танымдық, когнитивті табиғаты айқын көрінеді. Төменде А. Маслоудың қажеттіліктер үшбұрышы келтірілген. Оны қарастырған кезде біріншіден, адамның когнитивті (танымдық) және коммуникативтік қажеттіліктеріне берілген орын мен мағына назар аудартса, екіншіден адамның қажеттіліктер саласы оның іс-әрекеті құрылымынан тыс - тек оның тұлғасына, өзін-өзі өзектендіруіне, дамуына, ыңғайлы тіршілік етуіне қатысты қарастырылуы (Дж. Брунердің түсінуінде).
4. Тәрбие адамның мотивациялық дамуының шарты ретінде
Мотивация адам өмірінің бұрынғы ғылымында орын ала бастаған. Жүз жылдықтың бірінші жарты жылында әр елдерде мотивация туралы ұғымдарды жан-жақты әр түрлі қарастыра бастаған. Мысалы, өздерінің түрткі және мотивация туралы зерттеулерін Фрейд Австралияда, Левин Германияда жүргізе бастаған және мотивация туралы пікірлер әр түрлі жағдайларда көп қарастырылған. Түрткі өзіне нақты жағдайда жүре бастаған талап етуді, қозуды, тырысуды тағы басқа қасиеттерді қосып алады. Осы терминдер динамикалық жағдайда бағытталып, іс-әрекеттің нақты бағалық жағдайын, субъективті тырысуын бағыттайды. Осы қасиеттердің барлығын қорытындылай келе және мотивацияның психологиялық зерттеулерін жүргізе отырып түрткі және мотивация деген ұғымдар туады. Түрткі бұл барлық қарым-қатынастағы индивид-орта. Егерде түркіні бір шеңбердің ішіндегі қарым-қатынастың индывид-ортасы деп түсінсек, онда бұдан шыққан мотивацияның психологиялық мәселелерінің негізгі сегіз түрін атап өтуге болады:
1) Индивид-орта қарым-қатынастың эквиваленттілігі.
2) Жеке даралы өсу кезінде және нақты бағалы диспозиция қалыптасқанда түрткі қалыптасады.
3) Адамдардың жеке тұлғалық қасиеттері мен бірге түрткілері де өзгеріп отырады.
4) Адамның мінезі нақты бір жағдайда әр түрлі түрткіні иерархияға бағытталып, түрткілері әр түрлі жағдайға тап болып келеді.
5) Мотивация мінез-құлықтан қалыптасқандықтан түрткісі қалады.
6) Қозудың іс-әрекеттегі байланысын мотивация ретінде түрткі анықтайды.
7) Мотивация жеке процес емес, бұл мінез-құлықты басынан аяғына дейін анықтайды.
8) Мотивтендірілген іс-әрекетті мотивациямен салыстыруға болмайды. Іс-әрекет әр түрлі функционалды компоненттерден тұрады және мотивациядан осы қабілеттерде ары қарай бағытталып, қолдануын қажет етеді. Көп жағдайда біз мәселелердің қорытысында көрсетілген мотивациямен кездесеміз. Буржуазиялық психолгтер мотивация жайлы былай деген: Сотивация өзіне нақты механизмдердің бөлінуін, мазмұнды жақтарын қоспайтын қандай да белсенді таза энергетикалық жинақ. Фриердан ойынша түрткі бұл энергиялық аспект реакциясының тәжірибесі. Броун және Фарбер анықтамасы бойынша Мотивация оқудың энергетикалық, динамикалық функциясынан өзгеше ассоциативті, айнымалы функциясы. Рубинштейн С.Л. ойынша Мотивация бұл психика арқылы детерминнің құралуы. Мотивация - өмірдегі адамның субъективті мінезінің детерминантта көрінетін саналы, санасыз процес. Войтонис бойынша: біз түрткіні организмнің тепе-теңдігіне қатысты басқа жүйе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мотивация жайлы
Персоналды ынталандыру мееханизмдері
Еңбек мотивацияларының негізгі теориялары
Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудағы психологиялық ерекшеліктер
Оқу мотивациясының студент өмірі үшін маңыздылығы
Студенттердің психологиялық ерекшеліктері
Кәсіпорын жұмысшыларының мотивацияларының негізгі формалары
Мотивация қағидалары және оның мінездемесі
Еңбек мотивациясы
Басқару жүйесіндегі жеке тұлға түсінігі
Пәндер