Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары


- Пән сипаттамасы
Пән жалпы және әлеуметтік педагогика теориясы мен практикасы туралы ғылыми түсініктерді қалыптастырады. Курс педагогиканың пайда болуы мен дамуы, баланың әлеуметтануы, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтенуі, әлеуметтік-педагогикалық виктимологияның мәні, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы, инклюзия жағдайында халықтың әртүрлі топтарымен және әлеуметтік институттармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері: отбасымен, девиантты мінез-құлықты балалармен, ерекше білім беру қажеттілігі бар және т. б. туралы білімді меңгеруге бағытталған
Пәннің мақсаты: болашақ әлеуметтік қызметкерлердің бойында жалпы және әлеуметтік-педагогика теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
-Жалпы және әлеуметтік-педагогика теориясы мен тәжірибесінің мазмұнын ашу
-әлеуметтік топтар және жекелеген адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерінің жағдайын анықтау.
-Әлеуметтік-мәдени тәжірибе жинақтау және бірмезгілде, жалпы және әлеуметтік-педагогика курстың мазмұны білім мен қоғам туралы, педагогиканың даму қазіргі деңгейін зерделеу
-Ғылыми факторларды, тұжырымдамалар мен идеяларды меңгеру
-Студенттерге қазіргі әлеуметтік-педагогикалық үдерістерді түсіндіруге ғана емес, сонымен бірге олардың алдағы уақыттағы дамуына болжам жасау.
Бұл пәнді сәтті аяқтаған соң білім алушы:
- Жалпы және әлеуметтік педагогика теоеретикалық негізін білу және жалпы және әлеуметтік педагогиканың теориясындағы отандық және шетелдік тәжірибесін сәйкестендіру;
- Пәнді оқу барысында жалпы және әлеуметтік-педагогика ілімін тәжірибеде қолдана отырып, әлеуметтік процестердiң қазiргi таңда білуге және оны қажет уақытта тиімді қолдану нәтижелілігін тексеру;
- Жалпы және әлеуметтік-педагогика курсын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен жұмыс жүргізіп, осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет, жеке бағдарламаларын әзірлеу бойынша білімді қалыптастыру;
- Жалпы және әлеуметтік-педагогика оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен әлеуметтанудың өзге үрдістермен салыстырғанда ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, эссе, кейс әзірлеу, кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс;
- Өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту әдістерін меңгеру, өз жұмысының сапасын арттыруға ұмтылу, кәсіби өсуге дайын болу, өзін-өзі мотивациялау қабілетін дамыту.
- Ғылыми жұмысты жоспарлау, зерттеу мәселесін қалыптастыру, мәселені шешуді ұсыну, академиялық жазу дағдыларын меңгеру.
- Өз көзқарасын дәлелдеу және қорғау, пікірлерді сынау және бағалау, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау.
- Академиялық адалдық қағидаттарын қабылдайды және академиялық адалдық мәдениетін көрсетеді.
Пәннің әдіснамасы оның ерекшеліктері мен оқу мақсатымен анықталады. Осыған байланысты арнайы білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқу әдістерін пайдаланған жөн. Оларға салыстырмалы талдау әдісін, кейс-әдісін, ашық және жабық тест тапсырмалары жатады.
2. Пән бағдарламасы
2. 1-кесте. Сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды бөлу(күндізгі нысан)
2. 2 -кесте - Сабақтардың түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі (ҚББТ қолданатын күндізгі нысан)
3. Студенттердің білімін, біліктерін, дағдыларын бағалау саясаты мен тәртіптері
3. 1-кесте. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
Тапсырмалар тізбесі
(бақылау формасы)
Ағымдық
бақылау
Эссе, реферат
Таныстырылым
Ағымдық
бақылау
3. 2 Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
3. 3 Білімді, дағдыларды бағалау өлшемдері
Пән бойынша барлық бағалар білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алуды бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша пайыздық мазмұнда қойылады және олар дәстүрлі бағалау шкаласы мен ESTS-ке ауыстырылады
«А», «А-» («өте жақсы») - егер білім алушы барлық бағдарламалық материалдарды терең меңгеріп, толық, сауатты, дәйекті және логикаға сәйкес оны баяндап, тапсырманың түрін өзгерту барысында дұрыс жауап берсе, қойылған мақсаттарды дұрыс шеше білсе, монографиялық материалды біліп, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздеп, практикалық жұмыстарды орындаудың әр түрлі дағдылары мен әдістеріне ие болып, қателеспей, материалды өздігінен жинақтап қорытып баяндай алса;
«В+», «В», «В-», «С+» («жақсы») - егер білім алушы бағдарламалық материалды жақсы біліп, оны сауатты, мәнімен баяндап, сауалға жауап бергенде елеулі дәлсіздіктерді жібермей, теориялық ережелерді дұрыс пайдаланып, практикалық міндеттерді орындау барысында қажетті дағдыларға ие болса;
«С», «С-», «D+», «D -» («қанағаттанарлық») - егер білім алушы тек қана негізгі материалды меңгеріп, бірақ кейбір нақтылауларды білмей, дәлсіздіктерді, дұрыстау емес тұжырымдамаларды жіберіп, бағдарламалық материалды баяндау және практикалық тапсырманы орындау барысында қиындық көрсе;
«FХ» («қанағаттанарлықсыз») - егер білім алушы бағдарламалық материалдардың маңызды бөлігін білмей, елеулі қателерді жіберіп, практикалық жұмыстарды әрең орындаса.
Оқытушы емтихан бағасын қою барысында сол өлшемдерді (критерийлерді) жетекшілікке алады.
А-тан А-ға дейін, В-тан В+-қа дейін, D-дан С+-ке дейін ауытқу амплитудасында бағаны таңдау білім алушының жоғарыда баяндалған критерийлерге білімі мен біліктер дәрежесінің сәйкестігімен анықталады.
3. 4 Пән бойынша бағаны қалыптастыру тәртібі
Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға жіберу рейтингін бағалаудан және емтихан бағаларынан қалыптасатын қорытынды бағамен анықталады.
Рейтинг ағымдағы бағалаудың орташа бағасынан және межелік бақылау бағасынан қалыптасады. Ағымдағы бақылауды, практикалық (семинар) сабақ жүргізетін тьютор жүзеге асырады. Ағымдағы бағалаудың орташа бағасы, Р1 немесе Р2 өткізу кезінде студент алған, арифметикалық барлық ағымдағы бағалары ретінде есептеліп шығарылады.
Межелік бақылау 8-ші (Р1) немесе 15-ші (Р2) рейтинглік апталықта курс тақырыптарының осы кезінде өткендерді жинақтайтын, коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т. б. түрінде жүзеге асырылады.
Р1 және Р2-дегі ағымдағы және межелік бақылаулардың мазмұны 50%-ға 50% ретінде қабылданады. . Нәтижелер бүтін сандарға дейін дөңгелектенеді. Барлық рейтингтер, білім алушының оқу жетістіктерін бағалау шкалаларына сәйкес 50%-дан (балдан) төмен болмауы тиіс.
Объективті себептер бойынша қанағаттанарлықсыз Р1 және Р2 алғанда немесе олар болмағанда студент тьюторлардың келісімімен жеке тәртіпте емтихан сессиясы басталғанға дейін оны түзете алады. Бұл үшін студент факультет деканының атына өтініш ресімдеуі керек.
Пән бойынша қорытынды баға 1 және 2 межелік бақылаулар бойынша үлгерімнің максималды көрсеткіштерінің сомасы - 60% және қорытынды бақылау бойынша - 40% ретінде анықталады және 100% құрайды, яғни қорытынды баға мына формуламен анықталады:
Жоғарыда айтылған формула бойынша қорытынды бағаны дұрыс санау үшін межелік бақылаудағы (рейтингтегі) білім алаушының бағасын 0-ден 100%-ға дейін пайыздармен бағалау қажет.
Емтихан нәтижелері бойынша «FX (25--49 балл) » «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған кезде студент оқу пәнінің (модульдің) бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Студент FX (25-49) бағасын қайта тапсыруға өтінішті емтихан күні тиісті факультеттің деканатына тапсырады. Қайта тапсыру кестеге сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Егер емтиханды қайта тапсыру нәтижелері бойынша студент «FX» (25-49 балл) «қанағаттанарлықсыз» бағасын қайтадан алса, онда осы пән бойынша студенттің жазғы семестр шеңберінде өтейтін академиялық берешегі қалыптастырылады.
Емтихан нәтижелері бойынша «F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» бағаны (0-24 балл) алған кезде, кез келген жағдайда ол студенттің рейтингісінің жоғарылығына қарамастан түпкілікті, яғни қорытынды болып табылады. Бұл жағдайда білім алушы осы оқу пәніне/модуліне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, оқу жұмыстарының барлық түрлерін бағдарлама бойынша орындайды және ақылы негізде жазғы семестрде қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
3. 5 Апелляция рәсімі
Емтихан нәтижелерінің апелляциясына студенттердің өтініштерін деканаттар емтихан күні қабылдайды. Деканаттар студенттердің өтінішін, жауап картасын (компьютерлік тестілеу жағдайында) және немесе жауап парағының көшірмесін (жазбаша немесе ауызша емтихан жағдайында) және/немесе емтиханның бейнежазбасын (онлайн емтихан өткізілген жағдайда) тиісті кафедраның апелляциялық комиссиясына тапсырады және қарайды. Апелляцияның нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда апелляциялық комиссияның шешімі көрсетіледі, содан кейін барлық құжаттар апелляцияның нәтижелерін бағалаудың электрондық базасына енгізу үшін тіркеуші кеңсесіне беріледі.
Компьютерлік тестілеу нысанында өткізілетін емтихан нәтижелерінің апелляциясын «Платонус» АЖ-да ресімдеуге болады. Ол үшін студент «Платонус» АЖ-ге «Апелляция» модулі арқылы жүгінгісі келетін сұрақтар шеңберін анықтайды және деканатқа тиісті өтініш жасамай-ақ жүйе арқылы жібереді. Деканаттар емтихан сессиясы ішінде «Платонус» АЖ-ға берілетін апелляцияларды қадағалайды және олар болған жағдайда басып шығарады және оларды тиісті кафедраның апелляциялық комиссиясына береді. Апелляция нәтижелері тікелей «Платонус» АЖ-дан басып шығарылған апелляциялық параққа енгізіледі және оған апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Қол қойылған апелляциялық парақтар апелляция нәтижелерін бағалаудың электрондық базасына енгізу үшін тіркеуші кеңсесіне беріледі.
- Курс саясаты
4. 1 Күндізгі нысанда оқу кезінде
- Адиториялық сабақтарға міндетті түрде келу және лекциялардағы, семинар сабақтардағы сұрақтарды талқылауға, ОСӨЖ сабақтарға белсене қатысу.
- Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестелерін сақтау.
- Бақылаудың барлық түрлеріне (лекциялардағы және семинар сабақтардағы бақылау, СӨЖ тапсырмаларын орындауды бақылау, межелік бақылау, қорытынды бақылау) міндетті қатысу.
- Прокторинг жүйесін қолданып, онлайн форматта өткізілетін, пән бойынша межелік және қорытынды бақылаудан өту.
- Орынды себеп бойынша (медициналық анықтама, деканаттың босатуы) жіберген сабақтарды, силлабусқа сәйкес толық көлемде жұмыспен өтеу.
- Студент студенттің ар-намыс кодексін, оқу тәртібін сақтауы, сабақ уақытында ұялы телефонын өшіруі, сабақтан кешікпеуі және сабаққа іскерлік киімде қатысуы тиіс.
- Бақылау (ағымдағы, межелік, аралық) уақытында көшіру және/немесе ұялы телефон байланыс құралдарын пайдалану деректері анықталса баға жойылады.
4. 2 ҚББТ-ны қолданып оқу кезінде
Білім алушының онлайн, офлайн режимде қашықтықтан оқу сабақтарына, өздік жұмыстарына міндетті қатысуы .
Лекциялар цифрлық технологияларды (вебинарлар, бейне конференциялар, Интернет желісі бойынша хабарлар алмасу арқылы) қолданып, нақты уақыт режимінде өткізіледі.
- Семинар сабақтар онлайн режимде (цифрлық технологияларды қолданып, нақты уақыт режимінде) және офлайн режимде өткізіледі, яғни студент пен оқытушының өзара байланысы асинхронды болады және берілген цифрлық контент негізінде студенттің оқу материалын өз бетімен игеруге құрылады.
- Онлайн режимдегі сабақ ZOOM немесе Webex платформада өткізіледі, офлайн режимдегі сабақ, ЖАОК көмегімен, хабарлама алмасу бойынша өзге байланыс платформаларының және құралдарының көмегімен, «Тестілеу» және/немесе «Платонус» АЖ «Тапсырмалар» модульдері базасымен қамтамасыз етіледі.
- Пән бойынша ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау, онлайн прокторинг жүйесін қолданып, «Платонус» АЖ базасында қашықтық форматта компьютерлік тестілеу нысанында өткізіледі.
- Пән бойынша ағымдағы бақылау 4 рет өткізіледі: оқудың 4-ші, 6-шы, 11-ші және 13-ші апталарында. Пән бойынша межелік бақылау 2 рет 8-ші, 15-ші апталарда өткізіледі.
- Ағымдағы бақылау (тиісті межелік бақылау Р1 және Р2 өткенге дейін) мерзімдерінің; академиялық күнтізбеге сәйкес межелік бақылаудан өту мерзімдерінің; емтихандар кестесіне сәйкес қорытынды бақылаудан өту мерзімдерінің қатаң сақталуы.
- Студенттің прокторингке қойылатын талаптарды, студенттің ар-намыс кодексін сақтауы, СӨЖ-дің барлық тапсырмаларын өз бетімен орындауы, СӨЖ-ге бөлінген сағаттар шеңберінде оқу материалын өз бетімен игеруі.
1 МОДУЛЬ. ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА, ОНЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
1-ТАҚЫРЫП. КІРІСПЕ. ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дәріс жоспары (1 сағат)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz