ПЛАГИАТ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ РЕТІНДЕ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
заң факультетінің 2 курс студенті С. Рыскелди
Ғылыми жетекшісі: з.ғ.к., доцент Мұқалдиева Г.Б.

ПЛАГИАТ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ РЕТІНДЕ
Плагиат туралы сөз қозғалғанда, әрине бірінші болып оймызға қазақтың эстрада жұлдыздары бірден есімізге түседі. Плагиат сөзінің жөн жоралқысын білмейдіме, әлде білмегендей сыңай танытадыма, біздің жұлдыздарымыз осындай құқық бұзушылықпен қоян қолтық бірге жұмыс істеуде. Плагиат дегеніміз ( лат: ұрлық, ұрлау) дегенді білдіреді. Өзге автордың ғылыми, әдеби туындыларын иемдену, оларды авторын көрсетпей пайдалану. Плагиат азаматтардың авторлық құқықтарын, патенттік құқықтарын және интеллектуалдық меншіктеріне қолсұғу арқылы құқық бұзушылықтарға алып келеді.
Плагиаттың негізгі белгілерінің бірі- авторлық құқықты иемдену, оларды бірнеше рет қайталау, өз еңбегі етіп жариялау және т.б. Авторлық құқықпен қорғалатын шығармашылық туындыларын көшірмелеу, өздігінен плагиат болып саналмайды, бұл авторлық құқық бұзушылықтың басқа түріне сараланады. Бұндай құқық бұзушылықты кейде Пираттық деп атайды. Плагиат болып интеллектуалдық меншікті және авторлық құқықты бұза отырып, біреудің туындысын өзінің атынан шығару және теріс ниетімен пайдаланса ғана танылады. Плагиатқа жауапкершілік заңды негіздермен келесідей жауаптылыққа алып келеді:
Азаматтық- құқықтық жауапкершілік: бұл жерде автордың жеке мүліктік емес құқығын бұзу болып табылады. Бұл жағдайда құқықтық нигилизмнің басым болғандығынан, қорқытып алу, құқықты мойындамаушылық болған құқық бұзушылықтар пайда болады. Соттың шешімі бойынша авторға моральдық залалды өтетеді.
Әкімшілік құқықтық жауапкершілік: Интернет желісінде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейінгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
Қылмыстық жауапкершілік. ҚР ҚК-ң 198 бабының 1-тармағында былай деп көрсетілген: Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу - бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
Авторлық құқықты қорғау туралы заңдарды қабылдау плагиат проблемасын таза өнертанудан заңдық және коммерциялық жүйеге айналдырды. Қазіргі уақытта іс жүзінде барлық мемлекеттерде авторлық құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Плагиат дегеніміз не Ғылыми плагиат үшін заңды жауапкершілік
Авторлық құқық қорғау ерекшеліктері
Заңды жауапкершілік туралы
ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕР
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. құқыққа сай мінез-құлық
Автордың міндеттері
Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру
Академиялық адалдық принциптері
Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде-құқық бұзушылық туралы
Контрафактілік өнімдер айналысы саласындағы қылмысқа тергеу жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер