Қазақстандық теле арнадаларынғы анимациялық фильмдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандық теле арнадаларынғы анимациялық фильмдер
1980-жылдары енгізілген анимация термині - француз тілінен аударғанда жан дегенді білдіреді, демек анимация ұғымы жан біту, тірілу деген ұғымға негізделеді. Ал мультипликация ұғымы - латын тілінен аударғанда үдеу, көбейту, үлкейту, тудыру деген мағынаны білдіретін, технологиялық принциптерге негізделген ескі ұғым. Мультипликация - бір немесе бірнеше көптеген қозғалмайтын бейнелер мен сахналар арқылы суретте нысандардың бейнелері қозғалысын, қозғалыс елесін немесе пішінін техникалық тәсілдер арқылы беру [1].
Дамушы батыс елдерінде мультипликацияны кино өнерінің бір саласы деп қарастырғанымен, шын мәнінде анимация өнері кино өнерінен бұрын дүниеге келген. Мультипликацияның тууына себепкер болған - француз өнертапқышы әрі суретшісі, әлемде алғашқы режиссер-мультипликатор атанған Эмиль Рейно. Оның 1892 жылдың 28 қазан күні Париж қаласында Эмиль Рейноның алғаш мерзімі 5-10 минутқа созылатын, 500 суреттен тұратын Сайқымазақ және оның иті, Сыра саптаяғы, Бейшара Пьеро, Кабинка т.б. оптикалық қойылымы көрсетілгені бәрімізге белгілі. Сол күн Халықаралық анимация күні болып тарихқа мәңгі жазылды [2].
Кейіпкер - әр шығарманың атқарушы күші. Әдебиетте, теартда, кино мен мультипликацияда, жалпы қандай туынды болмасын, ондағы кейіпкердің рөлі өте өзекті болып табылады. Әр шығарманың драматургиясы кейіпкер арқылы өрбітіледі. Шығармада кейіпкердің мінез-құлықтарын, даралығын, тұлғалығын көрсету мақсатында ішкі әлеміне тереңірек бойласа, кино - бейнелік өнер түрі болғандықтан, кейіпкердің іс-әрекеттеріне көбірек ден қойылады. Ал мультипликацияда кейіпкер жасау қиынға соғады. Кейіпкер - әрбір анимациялық фильмнің негізгі фигурасы. Өзіндік характері мен келбеті бар кейіпкер ойдан туындайтын жанды бейне десек болады. Ал бейне арқылы автор өз ойын жеткізеді. Қылқалам шеберінің қолынан туатын кейіпкерге жан бітіреді. Шығарманы көрермен аудиториясымен байланыстырушы жалғыз көпір - кейіпкер. Сондықтан анимация саласында оған көбірек назар аударылады. Аниматор режиссерлердің басты міндеті де көрермендердің талабына сай өтімді кейіпкер шығару. Кейіпкерлерден ең алдымен біздің көзімізге түсетіні - сыртқы пішіні. Сол себепті мультипликаторлар алдымен пішінді келісті етіп жасауға тырысады. Алғашқы мультфильмдердің бірі Эмиль Рейноның Кабинка маңында мультфильміндегі кейіпкерлердің пішінін алатын болсақ, әдемі киім мен шаш үлгісін жасаған кейіпкерлер өздерін нәзік ұстайды. Ашық түстермен боялған фонның өзі кейіпкерлердің қарым-қатынасын нәзіктікпен, жұмсақтықпен толықтырған. Эмильдің кейіпкерлері ақ, күлгін секілді ашық түстермен жасалынған. Кейіпкер жасауда түстердің өзіндік атқарар рөлі бар. Бірақ ақ түстің арты ашық фонмен көмескіленіп қалуы байқалса да, бұл туынды өз заманында үлкен жаңалық алып келді. Кейіпкерлердің қимыл қозғалысына келер болсақ, мысалы, жігіттің қызға бас киімін шешіп иілуінен оның қызға деген ілтипатын байқаймыз. Есік қағылғанда қыздың сұқ саусағымен аузын басу секілді ишараты, ренжігенде қолды белге таяну секілді әрекеттер де қолданылған. Демек, Эмиль Рейноның алғашқы туындыларынан-ақ қимыл, іс-әрекеттің өзіне мән беріле бастайды. Себебі, дыбыссыз кезеңде барлық әрекетті іс-қимылмен беруге тырысты. Қарапайым үш кейіпкердің төңірегінде махаббат оқиғасын арқау еткен Рейно оқиға барысын мультфильмдегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерімен, ым-ишараттармен түсіндіруге әрекет жасайды.
Анимацияның даму кезеңінде мультипликация режиссерлері кейіпкерлердің характеріне де назар аудара бастады. Француз суретшісі, карикатурисі Эмиль Кольдың 1908 жылы шығып, алғашқы еуропалық мультфильм атанып кеткен Фантосмагория дыбыссыз туындысындағы басты кейіпкер Фантошқа нақты бір характер берілген. Кольдің картинасындағы суреттер сызықты графикаға жақын. Фильмде қара (түссіз) фонға ақ түспен салынып, түрлі фигуралардан құралған кейіпкер ойға қонымсыз әрекеттер жасайды. Өзгелердің мазасын алып, ақыр аяғы полицейден қашқан кейіпкер фантош сайқымазаққа ұқсас келген. Оның істеп жүрген әрекеті (пілді үрлеп үйге айналдыру) шындыққа жанаспаса да, болып жатқан оқиға Фантоштың қорқынышты түсіндей беріледі. Фантош - фантастикалық, күлкілі-гротесктік кейіпкер. Фильмнің атауы Фантосмагория(кинода) - қандай да бір шынайы емес, қияли көрініс беретін кинофантастика жанры [3] дегенді білдіреді. Бірақ қиялдан туған әрекеттер жасаған Фантошқа сенімсіздік таныта алмаймыз. Біресе басы түсіп қалып, біресе үрленіп толып жарылған денесі созылып қысқарған кейіпкер анимацияда шартты түрде жасалынады. Эмиль Коль анимацияда фантастика жанрының бастауын алып келді десек болады. Қазақ өнерінде кинотану мамандығының негізін қалаған, белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербек: Кейіпкердің жалпылама характеристикасы, оның қимылының шарттылығы, пародия, гротеск тәсілдерін пайдалану - барлығы Эмиль Кольдың фильмдерінің көркемдік элементтері [4] - дегендей, расында Кольдің кейіпкері адам кейпінде болса да, ол шындыққа жанаспайтын, басынан айырылып қайтадан бас шығаруы арқылы кейіпкерлер жасауда мультипликациялық шарттылыққа сүйенеді. Сурет техникасының нашарлығына қарамастан, ол әрекет, пантомима арқылы кейіпкердің характерін көрсету тәсілімен маңызды көркемдік мәселені шеше білді. 2008 жылы сербиялық режиссер Растко Чирич Кольдың фрагментін қайталаған Фантосмагория 2008 атты мультфильм түсіреді. Алайда, негізгі сюжеттік желіде өткен мен бүгінгі Фантоштың кездесуі [5].
Мультипликацияның даму кезеңінде кейіпкерлердің ишараттары мен мимикаларының сөйлеу тілімен сәйкес келуіне қатты көңіл бөлінді. Әрине, бұл тек бертін уақыттан бастап қана. Алғашқы дыбыссыз кезеңде музыка сүйемелдеуімен болған мультфильмдер тек бір планда (жалпы планмен) алынғандықтан, мимикаға аса мән берілмейтін. Көрерменнің бар назары тек кейіпкерлердің қимыл-қозғалыстарында болды. Кейіпкер бетінің әр бөлігінің ортақ байланысы болғандықтан, бет терісі мен бұлшықеттердің пластикасын көрсететін бет мимикасы өте маңызды. Мультипликацияның алғашқы жылдары кейіпкердің тек аузы ғана қозғалды. Бұл шынайылықтан алыстатып жіберетін (Етік киген мысық 1922ж.). Кейін даму барысында сөз бен ауыздың сәйкес келуіне мән беріліп, тіпті бет пішіннің өзіне де өзгерістер енді. Әр түрлі техникалық әдістерді ауыстыра отырып, суретшілер салынған кейіпкерлерге жан бітіру тәсілдерін біртіндеп кеңейте бастады.
Графикалық анимация режиссерлары осы жолдан тоқтап қалмай мультфильмдерге, әсіресе кейіпкерлерге эксперименттер жасап, өз жұмыстарын жалғастыра береді. Эмиль Коль өзінің сызықты анимациясын дамытуға біршама күш салып, көптеген мультипликацияда өздерін сынамақ болған буындарға ықпал етті. Соның бірі - 1914 жылдары шыққан, құрама штатта жұмыс істейтін Уинзор Мак Кейдің Джерти-динозавр мультфильмінде алғаш айқын тұлғалық қасиеті, өзіндік бейнесі бар басты кейіпкер пайда болды. Динозавр Джерти басын, құйрығын бұлғаңдатып, аяқтарын сермеп, тілін шығарып, еркелеп иесімен ойнайды. Осындай арнайы характері бар кейіпкердің Мак Кей эмоциясын беруге талпынады. Бұл мультфильм арқылы экранға бұған дейін қолданылмаған динозавр (мифтік) кейіпкерлері американдық кино экранында көбейе бастады. Әлемдік кино нарықта үлкен сұранысқа ие жанрлардың бірі комикс болып табылады. Бүкіл жапондық аниме мультфильмдер - жапондық манга комиксінің экранизациясы. Американдық дәстүрге сай комикс бойынша, мультфильм жасауды алғаш қолға алғандардың бірі Уинзор Мак Кей Түс қаласындағы кішкентай Нимо комикстік кейіпкеріне 1911 жылы анимацияда жан береді [6]. Осы жылы толық қуыршақты фильмдердің негізін ресей режиссері В.А. Старевич қалайды. Оның 1911 жылы Ғажайып Люканида, немесе мүйізділер мен мұрттылар шайқасы атты алғашқы көлемді қуыршақты мультфильмі жарыққа шығады. Дерекке сүйенсек, 1898 жылы Блэктонның ағаштан жасалынған Лилипуттар циркі атты туындысы алғаш қуыршақты анимациялық фильм болып табылады. 2009 жылы Ресей кинотанушысы Виктор Бочаровтың зерттеулері бойынша, Старевичтен бұрын жасаған ресейлік Александр Ширяевтің қуыршақты мультфильмдері табыла бастайды. Дегенмен, Старевичтің есімі тарихта ең көлемді қуыршақ аниматорларының алғашқысы болып мәңгі қалады деген ойлар айтылады. Жастайынан энтомологияға (жәндіктерді зерттейтін зоология бөліміне) қызыққан Старевич, жәндіктердің төбелесін түсіріп алуға тырысып, Кинематогрфия оператораның кегі (1912ж.), Шегіртке мен құмырсқа (1913 ж.) секілді дүниелерді жарыққа алып келді. Старевичтің кейіпкерлері - тұмсықты қоңыздар, тарақандар, шегіртке, инелік, көбелек секілді шынайы жәндіктер. Ол мультипликацияда алғаш жәндік кейіпкерлердің пайда болуына себепші болды. Найза, камера сияқты құралдар ұстап, аяқ киім, шляпа киген жәндіктер кейіпкерлері адам кейпінде беріледі. Адамдар секілді жүреді, таласады, төбелеседі. Кейіпкерлерге неше түрлі трюктер жасатқан Старевич көлемдік анимацияда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жәндіктер деген атауы ғана болмаса іс-әрекеттері, қимыл-қозғалыстары күнделікті адамдардың тыныс- тіршілігімен, өмір салтымен күн кешеді. Мультипликациядағы шарттылық деген осы. Қуыршақты немесе сызықты анимацияда жануар, өсімдік, жәндік немесе жансыз заттар, тіпті фигуралар т.б. қандай кейіпкер болмасын, біз оларды шартты түрде қабылдаймыз. Адам бейнесіндегі бұл кейіпкерлердің қасірет-қуанышын сезінеміз. Сонымен кейіпкерлер экранда қозғалу бостандығына ие болды. Олардың ишараттары, қозғалыстары әр алуандығы айқын әрі әсем болды.
Ұлттық мультипликацияға келер болсақ, біздің мультипликаторлар да алғашында халық ертегілері мен аңыздарына сүйене отырып мультфильмдер түсіре бастады. Екі бағытта графика және қуыршақ фильмнің дамуы - халық ертегілері мен эпостардан тұруы заңды құбылыс. Сол себептен бастапқы кезде экранда көрініс тапқан кейіпкерлер де фольклорға негізделеді. Кеңестік қазақ анимациясының кейіпкерлерін: 1)жануар кейіпкерлер; 2)фольклорлық кейіпкерлер; 3)заттық кейіпкерлер; 4)табиғат құбылысы кейіпкерлері; 5) өзге кейіпкерлер деп бес топқа бөліп қарастырып алайық. Мультипликацияда әр кезеңнің кейіпкерлері түрліше сипат алады. Кеңестік кезеңнің өзінде жануарлар алдыңғы планға шығып, ал адамдар жанама кейіпкерлерге айналды. Мысалы, қазақ анимациясының атасы Әмен Хайдаровтың Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (1967 ж.) мультфильмінде басты кейіпкер - қарлығаш. Алдыңғы қатарға маса, айдаһар, қошқар, қарлығаш т.б. жануар кейіпкерлер шығады. Хайдаровтың кейіпкерлері салыну тәсілі жағынан ешкімге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы бар. Оның мультфильм композициясының өзі ерекше эскиздармен салынып қана қоймай, кейіпкерлері де өрнекті сызықтармен бейнеленген. Ұлттық туындыдан бөлек, қазақ анимация атасы Ә.Хайдаров ұлттық кейіпкер жасай алды десек болады. Сонымен қатар Лев Атаманов армян ұлттық мультипликациясындағы алғашқы Ит пен мысық (1938ж.) мультфильмінде армян халықтарының бейнесін кейіпкерлерге айналдырып ұлттық туынды жасаса, Әмен Хайдаров Қарлығаштың құйрығы неге айыр? мультфильмі арқылы өрнекті кейіпкерлерімен, ұлттық нақыштағы суреттеу тәсілдерімен ұлттық дүние алып келді. Мультфильмдегі басты кейіпкер қарлығаш, ал адамдар екінші пландағы жанама кейіпкерлер. Әлемдік анимация тарихында алғашқы кейіпкерлер адамдар болса, ал кейіннен жануарлар алдыңғы планға шығады. Әмен Хайдаровтың әр туындысын алып қарасақ, Нұрғиса Тілендиевтің күйлерінің сүйемелдеуімен басталған бұл мультфильмдердегі кейіпкерлер бейнесінен ұлттық туындымыз екендігін бірден ажыратуға болады.
Отандық қуыршақ фильмін алғаш қалыптастырған Ғани Қыстауовтың алғашқы Аю мен қоян (1969 ж.) атты мультфильмінде де басты кейіпкерлер - жануарлар. Қуыршақтарды жүргізуші - суретші Эрнст Бисейітов. Бұл шығармада үш жануар кейіпкер бар: дөрекі әрі өркөкірек аю, жуас қоян мен қу аралар. Қуыршақтарды жақсы қимылдата білген шығарма авторлары кейіпкер динамикасымен, алғашқы туынды болғанға қарамастан жоғарғы деңгейде жұмыс атқаруымен ерекшеленді. Әлемдік мультипликацияда алғаш кейіпкерлер адамдар болғаны алғашқы мультипликаторлар Э.Рейно, Э.Кольдың фильмдерінен белгілі. Қуыршақты анимацияда да деректер бойынша алғаш шыққан Ширяевтің Арлекин қалжыңы (1909 ж.) мультфильмінде басты кейіпкерлер адамдар болды. Ал қазақтың графикалық және қуыршақты анимациясы да жануар кейіпкерден басталып, Хайдаровтың Ақсақ құлан (1968ж.) туындысына адам кейіпкерлер келе бастайды. ВГИК-те тәлім алып, карикатурадан анимация өнеріне келген Ә.Хайдаровқа ұстазы кеңестің Ресей анимациясының негізін қалағандардың бірі - И.Иванов-Ваноның шығармашылығының әсері болды. Өтірікші (1941 ж.), Мойдодыр (1954 ж.), Үй - тазалық мекені (1973 ж.) т.б. халық ертегісіне негізделіп түсірілген кеңес мультипликациялық туындыларының біздің анимация саласы мамандарына тигізген ықпалы зор болды. Олар да тәрбиелік мәнге аса назар аударды. Осылай бізде де 1970 жылдары балалар тәрбиесі жөнінде Көк жылқы (1972 ж. реж. Ә. Жүнісов), адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін Соңына дейін іш (1975ж. реж. Ж.Даненов), Дөңгелек, дөңгелек... (1975ж. реж. Б.Калистратов), табиғатты аялауға шақыратын Сиқырлы қарбыз (1978ж. реж. Е.Абдрахманов) мультфильмдері жарыққа шықты. Бұл шығарманың айта кетер ерекшелігі - басты планға әдеттегі жануар кейіпкерлер емес, адамдардың графикалық бейнесі алынуында. Мысалыға Болат Омаровтың Көртышқан мен қоян (1978 ж.) анимациялық фильмін алсақ, мультфильм Юрий Норштейннің Тұмандағы кірпі (1975 ж.) фильмінің тәсілімен қойылған. Негізінен кейіпкердің нақты көңіл-күйі мен әрекет атмосферасына баса назар аударылған. Көртышқанның түрлі психологиялық жай-күйін қоюшы-суретші Жәкен Дәненов шебер келтіре білді [9,201]. Бұл сөзімізбен екі анимациялық фильмді салыстыру мақсат емес, керісінше олардың өз ерекшеліктерін атап өту. Яғни, бұл пікір біздің мультипликацияға кеңестік кезең аниматорларының ықпалы болды дегенге саяды.
Мультипликация өнері ертегіге негізделетіндіктен әр кезеңде түрлі жануар кейіпкерлер міндетті түрде көрініс алады. Әсіресе, қазақтың қуыршақты, графикалық анимациясында 1970-1980 жылдары түрлі жануар кейіпкерлер көрініс тапты. Бұл кезеңде экранға келген жануар кейіпкерлердің өзін: құстар, аңдар және жәндіктер деп үш топқа бөліп қарастыруға болады. Қуыршақты фильмдерде соның ішінде Ғани Қыстауовтың Аю мен қоян (1969 ж.), Үш тілек (1971 ж.), Қала маңында (1978 ж.) анимациялық фильмдерімен қатар басқа да мультипликаторлардың Қызғылт қойлар әлемінде (1976 ж. реж. Е.Абдрахманов), лирикалық лента Ақ бота (1977 ж. реж. Д.Құсайынов), Көртышқан мен қоян (1978 ж. реж. Б.Омаров), Қонжық (1979 ж. реж. Д.Құсайынов), Біртүрлі достық туралы хиқая (1980 ж. реж. Е.Абдрахманов), Көзілдірікті қоян (1981ж. реж. Е.Абрахманов), Ақ мысық (1982 ж. реж. А.Әбілқасымов), Тоқты мен желаяқтың жақсылық іздегендері (1982 ж. реж. Е.Абдрахманов), Қараңғылықтан кім қорқады? (1984 ж. реж. Е.Абдрахманов), Балапан (1985 ж. реж. Л.Аранышева), Тасқа айналған бақа (1986 ж. реж. А.Жүнісов), Ешкімнен қорықпайтын алан жайында (1986 ж. реж.А.Тоқшабаев), Арқан (1987 ж. реж. В.Максимов), Қарға мен көртышқан (1987ж. реж. Н.Намазбеков), Кімнің құлағы жақсырақ (1987 ж. реж.С.Аралбаев), Кішкентай тышқанның мектепке баруы (1988 ж. реж. С.Аралбаев) атты мультфильмдерінде атаулары айтып тұрғандай түрлі жануар кейіпкерлер, яғни аң, құс кейіпкерлер көрініс табады. Бұл тек қуыршақ фильмдерінде қамтылған жануар кейіпкерлер. Ал графикалық фильмдерде анимация атасы Әмен Хайдаровтың Қарлығаштың құйрығы неге айыр? кинокартинасынан бастап, Бозторғай (1970 ж. реж. Е.Сұлтанбеков), Өсекші қарға (1975 ж. реж. Ж.Дәненов), Күн сәулелі қоян(1975 ж. реж. Ә.Хайдаров), Соңына дейін іш (1975 ж. реж. Ж.Дәненов) Көртышқан мен қоян (1978 ж. реж. Б.Омаров), Қала маңында (1978 ж. реж. Ғ.Қыстауов), Бұлбұл (1986 ж. реж. Ж.Дәненов, Ғ.Қыстауов), Қара қасқыр туралы аңыз (1987 ж. реж. К.Сейданов), Қарға жолда келе жатқанда (1989 ж. реж. А.Тоқшабаев), Емен ағашы мен скрипка (1990 ж. реж. А.Тоқшабаев) мультфильмдерінде басты кейіпкерлер - жан-жануарлар. Басты тақырып ретінде олардың адал достығы баян етілген. Шығармаларда адам кейіпкерлер, көбінесе жанама кейіпкер ретінде алынады. Қарап отырсақ, біршама анимациялық фильмдеріміздің басты кейіпкерлері жан-жануарлар екен. Тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан, кеңестік Ресейдің алғашқы анимациялық Пилот студиясында тәлім алған отандық мультипликатор Нұрбақыт Намазбековтың Болмаған жайт (То, чего не было) атты картинасында жануарлардың бір түрі ретінде қарастырылған: қи қоңызы, жұлдызқұрт, құмырсқа, шегіртке, ұлу, құрбақа секілді жәндік кейіпкерлер көрініс табады. Бәріне белгілі, алғаш жәндік кейіпкерлерді экранға алып келген энтомолог, қуыршақ мультипликациясының атасы А.Старевич болатын.
1970 жылдары қазақ мультипликаторлары халық ауыз әдебиетінің экрандық бейнесі фольклорлық кейіпкерлерге аса назар аудара бастайды. Анимация өнерінде фольклорды экрандау, басқа да республика мультипликацияларының басталу тарихына тән жағдай. Соның нәтижесінде көптеген фольклорлық кейіпкерлер экранға келеді. Әсіресе, фольклордың бір жанры мифтік кейіпкер - Қожанасырды экрандау көптеп орын алды. Біздің экранда алғаш рет танымал фольклорлық кейіпкердің анимациялық бейнесі Қожанасырдың басынан өткен жәйт (1970 ж. реж. А.Жүнісов) микрофильмі жасалды. Алғашқы фольклорлық кейіпкер Қожанасыр - түркі халықтары арасында кең тараған күлдіргі әңгімелер кейіпкері. Бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас, бірде тапқыр бейнесінде сипатталатын кейіпкер бүкіл Орта, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту жағдайында Балапан телеарнасының қызметі
Заманауи мультфильмдердің мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына тигізетін әсері
2015 —2020 жылдары БАҚ-да бала тәрбиесінің көрініс табуы
Бітіру жұмысымның өзектілігі
Отандық телеарналардағы анимациялық туындылар: мазмұндық сапасы мен пішіндік ерекшеліктері
Балалар психологиясына теледидардың әсері
Қазақстанда анимациялық мультфильмдер арқылы ұлттық құндылықтар қалай дамуда
Қашықтықтан оқыту технологиялары
1958 жылдан 1991 жылдар аралығында
Географияны оқытудың көрнекі әдісітерінің мәні
Пәндер