Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды пайдалану


Орындаған: Баяхметова Мөлдір
Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды пайдалану.
Мұрағат жинақтау көздері - мекемелерден мемлекеттік сақтауға құжаттарды қағаз негізінде толық құрамында әрі реттелген күйінде істер жабылғаннан кейін, сондай-ақ электронды құжаттарды (дискілер, дискеттер, кристалдар) бағдарламалық қамтамасыз етілуімен және тиісті электронды-есептеу жабдықтарымен 15 жылдан кешіктірмей қабылдайды. Дыбыс-бейнежазба құжаттамасы сақтауға жазылған немесе түсірілген сәтінен кейін 3 жылдан кешіктірілмей толық жиынтығымен келіп түседі.
Құжаттарға, соның ішінде мемлекеттік, қызметтік құпиясы барына қол жеткізу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізіледі. Қоғамдық пайдалану үшін шектеулі құжаттар қор құрушы мекемелер басшыларының рұқсатымен ерекше тәртіппен беріледі.
Мұрағаттағы құжаттар мен өзге де материалдар белгіленген тәртіппен Мұрағаттың қорларынан Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының қорларына берілуі мүмкін.
Мұрағатта зерттелушілердің құжаттармен және ғылыми-анықтамалық аппаратпен жұмыс істеу тәртібі мұрағат директоры бекітетін Оқу залында жұмыс істеу ережелерімен айқындалады.
Мұрағат республикалық бюджеттен қаржыландырылады, банкте тиісті шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, сондай-ақ белгіленген үлгідегі бланкілері болады. Мұрағат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Мұрағат жұмысының басым бағыттары:
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың қызметі барысында түзілетін құжаттарын жинақтау және сақтау;
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша Мұрағатта сақтаулы Ұлттық мұрағат қорының басы бүтіндігін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ретроспективалық құжаттық ақпарат табыс ету, ақпараттық қызмет көрсету болып табылады.
Мұрағаттың негізгі міндеттері:
Мұрағатта сақталатын Президент Әкімшілігінің қызметі барысында түзілетін құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау, олардың басы бүтіндігі мен мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету; жинақтау көздері - мекемелердегі уақытша ведомостволық сақтаудағы мұрағат құжаттарына мемлекеттік бақылау жасау;
- Мұрағатты Президент Әкімшілігі мен басқа да қор түзуші-мемлекеттік мекемелердің қызметі барысында түзілетін құжаттармен жасақтау;
- мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты әзірлеп, дамыту;
- мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалану мен ғылыми жариялауды ұйымдастыру;
- құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жай-күйін бақылау;
- мемлекеттік және ведомостволық мұрағаттарға, Мұрағатты жинақтау көздері - мекемелердің құжаттамалық қызметтеріне ғылыми-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- мұрағаттану, құжаттану, археография, қосалқы тарихи пәндер саласында ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс жүргізу; ғылыми-теориялық конференциялар өткізу; Қазақстанның қазіргі заман тарихының проблемалары жөніндегі зерттеулерге, сондай-ақ қазіргі саясаттану мәселелерін талдауға қатысу;
- мемлекеттік және қызметтік құпиясы бар құжаттармен жұмыста құпиялық режимін сақтау болып табылады.
Мұрағат мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
- әр түрлі ақпарат иелерінде құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау; оларды сақтау мен қалпына келтірудің оңтайлы технологияларын қамтамасыз ету; айрықша құнды құжаттардың көшірмелерін жасап, сақтандыру қорының арнайы қоймасында сақтау;
- Мұрағатта істердің бар-жоғына тексеру жүргізу, тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді анықтау, жинақтау көздері - мекемелердің ведомостволық мұрағаттарын паспорттау, есепке алу құжаттамасын жүргізу;
- Мұрағатты жинақтау көздері - мекемелер тізбесін айқындау; ол Қазақстан Республикасының мұрағат істері басқармасының уәкілетті органдарымен келісіліп, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді;
- Мұрағатқа сақтауға беру үшін Президенттің қызметі барысында түзілетін, Президент Кеңсесінің және Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушілері бекітетін құжат түрлерінің тізбесін айқындау;
- құжаттарды іріктеу нәтижелерін бекіту, жинақтау көздері - мекемелер құжаттарын тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдау;
- іс номенклатураларын, құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі нұсқаулықтарды, жинақтау көздері - мекемелердің сақтау мерзімі бар құжаттар тізбелерін келісу;
- мұрағат құжаттарының құжаттамалық жай-күйіне және ведомостволық сақталуына тексерулер жүргізу;
- ұйымдық-өкімдік құжаттама нысандарын әзірлеуде көмек көрсету;
- семинарлар жүргізу, ведомостволық құжаттама қызметтері мен мұрағаттардың қызметкерлерін даярлауға және біліктілігін арттыруға қатысу;
Ұлттық мұрағат қорын толықтырудың көздері:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Кеңестің, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шет елдегілердің де ведомстволық мұрағаттары;
2) жеке мұрағаттар болып табылады.
Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттары, меншік иесінің уәкілетті органмен алдын ала жазбаша келісімімен кейін ғана және аталған құжаттардың дубликаттарын немесе көшірмелерін мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсырған жағдайда сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектісі бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыс жерлерге әкетуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz