Қазіргі кітап шығару ісінің ерекшеліктері: проблемасы және келешегі
Айгүл Рамазан,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультеті, баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, професссор, филология ғылымының докторы
e-mail: aigulramazan65@mail.ru, Қазақстан Республикасы.
Нұржан Қуантаев,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультеті, баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты
e-mail: kuantaiuly@mail.ru, Қазақстан Республикасы.
Қазіргі кітап шығару ісінің ерекшеліктері: проблемасы және келешегі
Кітап өндірісінің жыл өткен сайын өзгеріп келе жатқан процестері аясында Қазақстанда да, бүкіл әлемде де кітап ісі құрылымындағы баспалардың рөлі ұдайы артып отыр, сонымен бірге баспа ұйымдарының саны да өсіп келеді. Бұлар шығарып жатқан кітаптар мен брошюралар көлемінің, репертуар диапазонынының шығарылатын өнімдердің сапасына өзіндік әсері де бар. Әйткенмен баспагердің жұмысын жетілдіру неғұрлым сенімді ғылыми, кітаби негізге сүйенген болса, қазіргі жағдайда баспа қызметінің тиімділігі соғұрлым жоғары болуы ықтимал. Осыған байланысты, өкінішке қарай, кітап шығарудың қазіргі кезеңінде баспа ісі мәселелерін әзірлеудің, әсіресе ғылыми және оқу пәні ретінде баспа ісінің теориясы мен тәжірибесінің біріне-бірі барабар еместігін де мойындауға тура келеді.
Бұл проблемаға біз ғана емес, соңғы уақытта шетелдік көрнекті кітаптанушы-ғалымдар мен кітап ісінің тәжірибелі мамандары да бірнеше рет арнайы назар аударыпты. Мәселен, Ұлыбритания ғалымы Э.Бэйверсток редакциялық-баспа ісі және кітап саудасы жалпы кітаптану мен библиография терең, іргелі, жаңашыл теориялық талаптармен толық қамтамасыз етілмеген, бірақ, осылай деп жаза келе, ол бұл қорытындыдан күтпеген түйін жасайды: жаңа құралдарды пайдалана отырып, кітаптарды өндіру және сату технологиясы өзгереді, бірақ бұл ретте ғылым объектісі мен оның пәнін, мысалы, библиографиятанудағыдай, түбегейлі қайта пайымдау талап етілмейді. Кітап ісінің теориясы, тарихы, әдістемесі және практикасының арақатынасы туралы (тарихи-болжамдық шолу) жасалуы керек1 деген пікір айтады.
Осыған байланысты Ю.Горшковтың пікірі де өзгеше: ол жүйелі тәсілді қолданбай-ақ, "кітап өндірісі" саласын жалпы кітап істерінен алып тастауға әбден болады, дейді2.
Поляк кітаптанушысы Кшиштоф Мигонь кітаптанудың кейбір саласының әзірленбегенін айта келе, былай деп жазады: "Кітаптану, кітапханатану, кітап тарихы сияқты теориялық, фактографиялық және институционалдық жағынан жоғары дамыған пәндердің арасында тек осы тарапта қалыптасатын салалар бар. Оған жататындар - баспа ісі, кітап саудасы және кітап оқу, сондай-ақ мамандандырылған салалар (өзіндік дәстүрге ие болса да): папирология, түптеу ісі және безендіру өнері" 3.
Ресейдің библиограф-ғалымы И.Моргенштерн: "Кітап ісінің құрылымын, оның құрамдас бөліктерін (буындарын) тізімдеу арқылы моделдеу қиын және сол себепті, бұл бөлімдердің қалыптасуы мен атаулары және олардың ғылыми жәненемесе оқу пәндерін дербес оқып-үйренуші ретінде қалыптасу процесі әлі де аяқталмады. Мысалы, кітап жасау саласында редакциялық-баспа ісі бар және оған арналған осы істің теориясы, тарихы, әдістемесі, ұйымдастырылуы сияқты қажет пәндер бар, алайда нақты ғылыми және оқу пәндері редакциялау теориясы мен практикасы, журналистика теориясы, баспа ісінің ұйымдастырылуы мен экономикасы және т. б. деп аталады"4 деп жүйелейді.
Кітап шығару ісінің теориясы мен практикасы проблемаларына мұндай көзқарас көп жағдайда 60 жылдан астам уақыт бойы біздің еліміздегі кітап шығару процесінің негізі қолжазбаның авторлары ұсынған саяси және идеологиялық бағалауға, яғни редакторлық талдауға, сондай-ақ баспа түпнұсқаларын техникалық өңдеуге және өндіріске дайындауға арналған деп түсіндіріледі. Сондықтан да редакциялаудың теориясы мен практикасы кітап шығару циклінің жалғыз ғылыми және оқу пәні болды. Әлемдік практикадағы баспа ісінің басты буыны - кітапты іске асыру мәселелері - шығатын әдебиетті мемлекет бір жерден сатып алу және оны елдің барлық өңіріне бөліп тарату үшін мемлекеттік кітап саудасына айналымдағы қаражаттың тиісті сомасын ұсына отырып, өз мойнына алды.
Қазіргі қоғамдық практикада баспа ісі деп түрлі басылымдарды шығаруға және таратуға байланысты іскерлік белсенділік жұмыстары таныстырылып жатады, яғни кітап өндірісі прцесінен гөрі кеңірек сала деп қабылданады. Газет және журнал ісін жиынтық белгілеу үшін әдетте "баспасөз" және "мерзімді баспасөз", терминдері, соңғы жылдары - " бұқаралық ақпарат құралдары" тіркесі қолданылады. Осындай үрдіспен баспа ісі кітаптар мен брошюраларды, басқа да сериялық емес басылымдардың түрлерін шығаратын сериялық басылымдардың түрлерін өндіру және тарату процесі ретінде қарастырылады5.
И.Баренбаум кітаптанудың негізгі санаттарының бірі - кітап ісі-әлі күнге дейін ғылыми білім жүйесіндегі, сондай-ақ практикалық қызметтегі ең аз әзірленген ұғымдардың қатарына жатады, дейді6. "Книга" атты ресейлік энциклопедияда, мысалы, кітап циклінің соңғы басылымдарының бірі, кітап ісінің құрамы туралы әртүрлі пікірлер бар екендігі айтылады7. Бұл категорияны анықтаудың бірқатар тәсілінің ішінен біз Е.Динерштейннің позициясына жақын, кітап ісіне тек кітап шығарумен және таратумен байланысты салаларды (баспа ісі, кітап баспасы және кітап саудасы) жатқызған дұрыс деп санаймыз. Бұл салаларды бір-бірімен салыстыру үшін экономикалық байланыстар керек. Библиографиялар мен кітапхана ісіне келер болсақ, олар Е.Динерштейннің пікірінше, кітаптың қоғамда орнығуына тікелей байланысты және ол кітап ісінің құрамына кірмейді8.
Соңғы ереже бізге даулы болып көрінсе де, "өндірістік" қағидатта кітап ісінің құрылымына, "кітап ісі" ұғымына артықшылық беру керек. Бұл А.Гречихиннің пікірімен де үйлеседі, ол өзінің ғылыми жұмысында "кітап өндірісі" саласын жоққа шығарып, кітап ісі жүйесін түбегейлі қайта қарауды талап етеді9
Алайда, кітап ісінің қандай процесі қарастырылғанына қарамастан, қазіргі жағдайда баспа ісі кітап шығару саласының негізгі, басты бөлігі болып саналатынын айтамыз. Сонымен бірге бұл салада басты үш тармақ алға шығады. Бірінші, кітап шығаруға қажет барлық негізгі шығармашылық процесс шоғырланған баспаның қалыптасуы, баспа идеяларын жоғары дәрежеде іске асыруға қабілетті авторларды іздеу, бүкіл шығармашылық ұжымның (суретші, дизайнер, аудармашы және т.б.) жұмысын құру, ұйымдастыру; екінші, тираждың тиісті полиграфиялық орындалуын қамтамасыз ету, және, үшінші, кітаптың өз оқырманынсатып алушыны табуға арналған толық маркетингтік бағдарламаны жүзеге асыру.
Кітап ісінің құрылымындағы кітап баспасының жетекші жағдайы "кезеңдік" процестерде, кітап шығару жолындағы әртүрлі қызмет түрлерінің тізбегін талдау кезінде, идеяны материалдық іске асыру және оны оқырман қолына көшіру кезінде анықталады. Осындай тәсіл өкілдерінің бірі. К.Мигонь былай деп жазады: Мұндай интерпретацияда кітап туралы ғылымның бірінші бөлігі - баспа ісі туралы ғылым болады, бұл арқылы біз авторлық мәтінді оқырман қажетіне бейімдеуге ұмтыламыз10.
Бұл - бір. Екіншіден, бұл экономикалық баспа ісі тұрғысынан кітап маркетингі бастамасына негізделген кәсіпкерлік нысандарының бірі болып шығады. Осы орайда баспа ісін кітап ісінің жетекші бағыты деп атауға болады, өйткені баспагер кітапты тауар ретінде, яғни сатуға арналған және оқырмандардың белгілі бір тобының қажеттілігін қанағаттандыруға арналған затты шығарып, сол бойынша бүкіл қатерді өзіне қабылдайды. Бұл тарапта біршама зерттеу жүргізген Е.Марголин былай деп жазады: "Баспа фирмасы, егер ол қатерден бас тартпаса, егер баспа шығындарын оқырман емес, салық төлеуші емес, әуелі өздері өтеп, басылымға арналған кітаптарды іріктеу мәселесінде оқырман қауымның бағасына сенім білдірсе ғана, баспа кәсіпорны болып табылады. Табысқа жету үшін баспа ақылға қонымды тәуекелге бару керек. Баспагер өз фирмасының мәдени, ғылыми-техникалық бағдарын анықтап, оның атынан өзіне міндеттемелер алуы тиіс11.
Үшіншіден, автор мен оқырман арасында автор мен баспахана арасындағы делдалдан бастап, баспа өндірісінің эволюциясы нәтижесінде автор мен оқырман арасындағы делдалға айнала отырып, баспагер келешекте басылымның белгілі бір дәрежеде менеджеріне айналады.
Осыған байланысты баспа ісінің маңызды ерекшелігі әрбір шығарылатын кітап, тіпті қайта басу, шын мәнінде жаңа жоба, өндірістік-экономикалық сонылық, жаңа шығармашылық шешім және жаңа маркетинг болып шығады. Расында да, әрбір кітап өзінің тағдырына, өзінің (кейде өте "жеке") авторына, өзінің техникалық тәсіліне, қиындықтарына, өзінің ерекше оқырман ортасына және өзінің жағымсыз қылықтарына ие12. Шын мәнінде, баспа жобасы кезкелген кітап шығаратын заманауи құрылымның негізгі өнімі және баспа атауы (title) баспаның белсенділігінің жетекші көрсеткіші, әлемдік кітап ісіндегі статистикалық есептің басым нысаны болып табылады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне ұқсастық бар мұнда, өйткені шығарылатын кітап пен брошюралардың атауларының саны - баспа ұйымының "қуаттылығының" өлшеуіші, оның шығармашылық және өндірістік әлеуетінің басым сипаттамасы13.
Бүгінгі жағдайда баспа өндірісінің ерекшелігі баспагерлердің халықаралық қауымдастығына шығармашылық үлесін және әрбір әзірленетін жобаға баспагердің өзінің қосылған құнының мөлшерін ескере отырып, оны жасампаз, креативті экономика деп атауға мүмкіндік берді14.
Қазіргі уақытта баспагердің шығармашылық рөлі, оның басылым жобасын әзірлеуге қатысу үлесі ауыз толтырып айтарлықтай, бұл оған авторлық құқықтан толығымен тәуелсіз болатын құқықтың жаңа саласын қалыптастыру туралы мәселені де қоюға негіз бола алады. Келісім-шартты немесе авторлық құқықты (римдік заң дәстүрі аясында аталғандай) бір автордың айрықша артықшылығы ретінде қарастыруға болмайды. Ол авторлар тобы немесе тіпті баспа фирмасы болуы да мүмкін15. Сондықтан біз авторлық құқықтарға қосымша инвестициямызды қорғау және біздің баспа фирмаларының одан әрі жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдалануға болатын құқықтар жүйесін құруға тиіспіз. Бұл ерекше құқық қандай да бір кітапты шығару жөніндегі баспа бастамасын, сондай-ақ баспагердің авторлық ұжымды қалыптастыруға әсерін, редакциялаудың және құрастырудың, көркемдік безендіруді дайындаудың, өндірістік процесс пен маркетингті ұйымдастырудың рөлін ескеруі тиіс.
Креативті экономикадағы баспагердің шығармашылық рөлі өндірістік инвестициялау процесінде барынша айқын көрінетін оның кәсіпкерлік функциясымен ұштастырылады. Кітап - сөз жоқ, қазына, мәдениеттің құрамдас бөлігі, бірақ, дей тұрсақ та, баспа ісі - бұл ең алдымен кәсіпкерлік. "Баспа ісі - бұл идеалистік және материалдық емес қасиеттер туралы айтатын бизнес. Барлық ынта-ықыласпен алдағы нарықтық тәуекелді есепке алу кезінде ешкім нарықтың жаңа кітапты қалай қабылдайтынын болжап бере алмайды. Осы ретте тәуекелге бару баспа қызметін қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады"16. Сондықтан, өз қаражатын немесе қарыз қаражатын кітап шығаруға салып, баспагер-инвесторға капиталды басқа басылымдарға орналастыруды жоспарлауға тура келеді, сондықтан кірістер мен шығыстар балансындағы қорытынды жол ықтимал шығындарды жабуға ғана емес, сондай-ақ пайда алуға да мүмкіндік береді. Әлемнің түрлі елдерінен шыққан көптеген баспагерлер кітап бизнесінің философы, деп танитын "Даблдей Паблишинг Компани" атты америкалық баспаның вице-президенті және бас редакторы Сэмюэл Воэннің пікірі мынандай: Егер сатуға болатын кітаптарды жарыққа шығармаса, ал олардан түскен қаражатты жалға төлеуге арнап, жалақыға бермесе, онда ол баспа нәтижеге қол жеткізе алмайды17.
Шығармашылық және кәсіпкерлік функциялардың органикалық үйлесімі баспагерді кітап ісінің барлық құрылымында жетекші тұлға деп санауға негіз береді.
Әйткенмен электронды кітап болмысы қалыптасқалы бері заман талабына қарай кітап шығару, кітап сату процесінде жаңа арналар жол табуы керек болды.
Әсілі, кітаптың бұрынғы танымалдығының жоғалуына, қағаз кітаптарының тыйым салынуына байланысты туындаға проблемалар Батыста 1960 жылдардың соңында әңгімелене бастады. Ғылыми-техникалық төңкерістің басталуымен, ғылыми-техникалық басылымдар мен баспа басылымдарының жалпы санының өсуімен байланысты деп болжауға болады. Мәселен, Британдық-америкалық ғылым тарихшысы Дерек Прайс білім көлемінің экспоненциалды өсуі туралы заңды дамыта отырып, әрбір 10-15 жыл сайын журналдардың саны ғана (олардың едәуір бөлігі - ғылыми басылымдар) екі еселенетінін анықтады [18]. ХХ ғ. 60-70 жж. жағдайынан шығу өте қиын болды, өйткені ресурстардың шексіз көлемін сыйдыра алатын интернет сияқты ұғымдар әлі болған жоқ. Сол кезде ғалымдар электронды басылымдар қағаз аналогтарын ауыстыра ала ма, деген мәселеде пікір таластырып жатты.
Кітап басып шығаруды сақтау мәселесі туралы алғаш рет канадалық социолог, Торонто университетінің профессоры Маршалл Герберт Маклюэн бастама көтерген еді [19].
Бұқаралық коммуникацияның жаңа технологиялармен бәсекеге төтеп бере алмайтынын айтып та, жазып та жатты. Батыста шамамен 2000 жылға дейін осы проблема күн тәртібінен түскен емес, десе де болады. Ал қазір көп адам, оның ішінде кітап ісінің мамандары да бар, ала қағаз, дәстүрлі кітап ешқашан жоғалмайтынына көз жеткізіп отыр.
Дегенмен, электронды ақпарат тасымалдауыштар мен интернеттің пайда болуы алдарынан қарапайым адамдар кітап бетіне жиі үңілмейтін болды. Көп ұзамай қағаз кітаптың дәурені бітуі мүмкін бе? Жалпы жұртшылық дәстүрлі кітаптармен жұмыс істеуден гөрі ақпараттың электронды түрімен жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл және ыңғайлы екеніне сенімді.
Америка құрылығындағы жағдайдан мынандай мысал келтіруге болады: жыл сайын Pew Research Center ' s Internet & American Life Project [20] өткізетін статистика бойынша 16 және одан жоғары жастағы 2 мың 252 адамның 75 %-ы (плюс-минус 2-3 %) соңғы жылдары кем дегенде бір электронды кітап оқығанын айтыпты. Ал и-ридер (электронды тасымалдаушылардан оқитын e-reader) статистикасы бойынша электронды кітап оқитын жастар жыл сайын көбейіп келе жатқанға ұқсайды. Мысалы, 2011 жылы он алты жастағы және одан да үлкен оқырмандардың и-ридер саны 16% - ға жуық болған, ал 2012 жылы АҚШ-тың оқырмандары 23% - ға дейін өсті.
Соңғы бестселлердің бірі - британдық жазушы Э.Л.Джеймстің "Елу рең" (Пятьдесят оттенков) трилогиясы арнайы и-ридер үшін 1,5 млн электронды кітап тиражымен "шығарылды". Бірақ, жалпы 18 жастан асқандарға арналған атақты трилогия бүкіл әлемде 70 млн дана сатылыпты (салыстыру үшін ең сатылымды басылым К.Роулингтің Дж.Гарри Поттер туралы шығармасы әлемде 450 млн данамен тараған). Әрине, осындай басылымдар, өз тілдерімен айтқанда, "референт тобының мәдени нормаларына сәйкес баспа шығармаларына демонстративті сайлау тұрғысынан көрінетін оқырмандардың стандартталған мінез-құлқының динамикалық түрі" [21, 37 б.].
Жастар аудиториясы арасында электрондық кітаптардың танымалдығы туралы сұраққа қайтып келе отырып, сауалнама жүргізу барысында анықталған мәліметтерді келтіреміз: аудиторияның 42,9 % - ы электронды кітаптарды қағаз күйінде көреді. Дегенмен, дәстүрлі кітап өзінің танымалдығын жоғалтпайды. Оқырман қолына кітаптар келесі арналар арқылы түседі екен: кітап дүкендерінен сатып алады (62,3% респондент), кітапханада (54,6%) алады, таныстардан (52%) алады, интернет-дүкен арқылы сатып алады (16,9 %). Бір респондент кітапқұмарлар қоғамы арқылы кітаптарды сатып алады, 2-уі газет дүңгіршегінен сатып алады.
Дегенмен, соңғы жылдары кітап ісі саласындағы сарапшылардың болжамы қиыс кетіп отыр: дәстүрлі кітап өзінің позициясын ептеп беріп қойды. Бұл тек оқырман санының қысқаруымен ғана емес, мәтінді беру формасы өзгеруімен де байланысты: электронды басылымдардың заманы келе жатыр. Мәселен, көрші елдегі кітаптану мамандары былай дейді: Біз кітап ісіндегі жағдайды бағалауда демографиялық жағдайды да, жалпы экономикалық жағдайды да, жаһанданып отырған кітап нарығының жағдайын да (қазір тілдерге қарағанда басылым түрлері бойынша сараланған), сондай-ақ кітап пен оқудың әлеуметтік мәртебесі ғана емес, ғылым, мәдениет, білім беру және ағартудың да, нақты елде және қолданыстағы заңнамалық актілерді ескере отырып, ғылымның, мәдениеттің, білімнің және ағартудың да әлеуметтік мәртебесі ескерілуі керек деп бірнеше рет айтқан болатынбыз; "қағаздың" тек "цифрмен" ғана емес, бүкіл әлемдік ойын-сауық индустриясымен және бұқаралық демалыс коммуникацияларымен де бәсекелесуге мәжбүр екенін назарға алған жөн [22].
Оқырман қызығушылығын ынталандырудың пәрменді ресурсы - кітап таратушылар мен кітап саудалаушылар қолданатын маркетингтік технологиялар (бағаны ынталандыру: екінші және кейінгі сатып алуға жеңілдіктер, бұрын белгіленген белгілі бір пайызға төмендету жолымен тауардың жаңа бағасын белгілеу, дүкеннің, лотерея мен ұтыс ойынының белгілі бір жұмыс сағаттарында баға жеңілдігі, сыйлықпен ынталандыру және т.б.).
Шет елдерде кітап шығаруды "электронизациялау" процесіне сабырлы қарайтын болды - электронды платформаның күшеюімен қазірдің өзінде көп мәселе шешілді. Көптеген шетел кітапханаларында соңғы жылдары кітаптарды қысқа мерзімге электронды түрде алуға мүмкіндік туды. Әрине, бұл электронды кітаптар қорға әдеттегі қағаз сияқты қайтарылады. Рас, мұндай оқырмандардың саны әлі де аз. Мысалы, 2011 жылы АҚШ-та кітапханалардан электронды кітаптар алатын адамдардың саны 3% болыпты. Бұл санның аздау екені рас, бірақ и-ридер арасында танымал болып келеді (2017 жылы бұл сан 5%-ға дейін өсті).
Бірақ қазіргі оқырмандармен жұмыс істеу керек деген сөз - даусыз шындық. Кітап нарығына алдын ала кітаптардың "шығарылуын" ойлап ірі баспагерлер олардың қысқарған нұсқасын шығарады ("дәптер", т.б.), кітап сатушыларға таныстырады, сату статистикасын басшылыққа ала отырып, басылымның толық нұсқасын таратуға бола ма, жоқ па, соны шешеді. Осылайша, кітап өнімдерін шығарушылар мен таратушылардың екі жақты байланысы бар екенін көре аламыз.
Баспа саласы қызметтерінің ортақтығын мамандар осы процес барысында кітаптың ерекше орынын атап көрсете отырып, әлеуметтік маңызды ақпаратты трату мен сақтауда кітаптың өз ерекшелігін бағалайды. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар барлық бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіріп, басылымдардың жаңа түрлерінің (соның ішінде электрондық кітаптың) пайда болуына ықпал еткендей. Бұл ретте кітап шығару және дәстүрлі электронды кітапты біртіндеп ығыстыру тұжырымдамасы негізсіз екені анық және бұл қарама-қайшы ойларды тудыратыны белгілі. Қазіргі таңда дәстүрлі кітап адам қабылдауының табиғи ерекшеліктеріне неғұрлым бейімделген, ақпаратты бекіту, сақтау және берудің бірегей, әмбебап құралы болып қала береді. Кітап шығару - мәдениет пен өндірістің маңызды саласы, әйткенмен қазіргі жағдайда - XXI ғасырдың күн тәртібінде кітаптның мазмұндық және материалдық құрылымы туралы мәселе өткір тұр деп санауға болмайды. Қазақстан үшін де кітап шығару саласының ерекшелігі, динамикасы және даму тенденциясы өте маңызды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz