Бейімбет прозасындағы сыршылдық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Аймухан Гүлмереке Серікқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ филологиясы мамандығының курс 2 студенті;

Тексерген: Досанова Назира Жақыпқызы
Семирнар тақырыбы: Бейімбет прозасындағы сыршылдық
Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады.
Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. "Қара шелек" деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның "Коллектив боламыз" деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, "майкөт" (байкөт) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды... Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.
Ал "Ұлбосын" атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. "Ұлбосында" да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне, ойламаған жерден мынадай салық түседі. Салықты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: "Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт ет, он қадақ шыртылдақ, он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысық терісі..." -- дейді Салықтың жиылып тапсырылуына жеті-ақ күн мерзім береді. Мынау сияқты сорақылықты тыяды дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытьш түсініп көрмеген адам. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады. Ауылдың әккі қулары ойлап тапқан пәлекет жалғыз салықпен шектелмейді. Бұлардың озбырлығын көрген ел ішінде неше алуан алып қашпа сөз гулейді. Үрей туғызатын лақаптар тарайды. Қалампыр дейтін өсекші кемпір жұртты онан сайьш шошытады: "Колхозға кіргеннің малы да, жаны да өзінікі болмайды екен ғой. Үндеместің үйі біліп, қоңыр сиырын қалаға сатуға апарғалы жатыр екен, колхоздың бастығы барып: "мал сенікі емес"деп жетегінен шешіп алып қалыпты. О да ойыншық-ау, адамды. айтсайшы, бәрінен де масқарасы -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ проза жазушысының өмірдегі жолы
Бейімбет Майлин прозасындағы ұлттық характер
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Қазақ прозасының зерттелуі
Б.Майлиннің прозаларын талдау, зерттеу арқылы оның қазақ прозасындағы рөлін айқындау
Б. МАЙЛИН – ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ ШЕБЕРІ
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза
Жүсіпбек Аймауытов прозасының көркемдігі
Көркем әдебиеттегі ұлттық сипат мәселесі
Лирикалық проза жайлы
Пәндер