Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы шығармашылығын дамыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау

іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы

шығармашылығын дамыту

Елбасымыз айтқандай егеменді елдің байлығы -білім деп алар болсақ, сол білімнің нәрән себетін ұстаздарымыз емеспе?!.

Қазіргі қоғам талабына сай адам - рухани интеллекті, шығармашылық қабілетті болу керектігі өмір талабынан туындап отыр. Сондықтан білім беру жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Ендеше еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін жас ұрпаққа сапалы білім, ұлағатты тәрбие беру, жалпы адамдық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен ұлттық қолөнер тәжірибелерін үйрету, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Әрбір адамда дүниетану, білімге талпыну болмаса, еңбекке үңіле қарамаса, ілгері басу, прогресс те болмас еді. Сондықтан, ұлттық мәдениетті көтеретін, ұлттық әдет-ғұрыпты, намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарай алатын оқушы дайындауымыз керек. Олар жаңа ойларға, идеяларға шығармашыл болып, күтпеген жерден пайда болған мәселелерді шеше біліп, ақпараттарды саралай білулері керек. Оқушылар кез келген жалпыға танымал ақпарттарды сын тұрғысынан шығармашылықпен қарап, оның ұтымды жақтарын қолдануға тиісті.

Білім беру саласында жас ұрпақты пәндік біліммен қаруландыру ғана емес, олардың бойына өзін-өзі дамыта алатын, өздігінен ізденіп, зерттеуді жүргізе білетін, өзіне-өзі қызмет көрсете алатын, қоғам талабына сай еңбекқор, мәдениетті, ұлттық рухани-адамгершілікті және шығармашылықпен жұмыс істей алатын іскерлік қабілеттерін дарыту, қазақтың ұлттық қолөнерінің ұзақ ғасырлық тарихы бар мол мұра - мәдениетіміз екенін танытуды мақсат етеміз.

Оқушының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту: тоқтаусыз өзгерістегі қоғам талабына сай рухани интеллекті, өз ұлтының тілін, ұлттық мәдениеті мен дінін ғана біліп қоймай, басқа ұлттардың да мәдениеттерін танып, біліп, оны құрметтеуге үйретуде, жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерді сын көзбен саралай алуға, өзін-өзі басқара алуға, жаңаша жобалар мен идеяларға шығармашыл болуға, сайып келгенде, оқушының жан-жақты дамуындағы проблемалық жағдайларды туғызатын теориялық маңызды, практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып есептеледі. Сондықтан, жаңаша білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» білім беру саласының арнайы тарауларын оқыту, сабақта жаңа технологиялар мен шығармашылық жобалау әдістері арқылы оқушылардың өз бетімен іздену, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмір ағымындағы материалдық қажеттіліктен туындаған бұйымды дайындау технологиясын үйрету, оның экономикалық тиімділігі, дизайн талаптарына сәйкестігі мен жобалау іс-әрекетінің іскерлік қабілеттілігін қалыптастыра отырып, оқушыларға экологиялық және эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке баулу, шығармашылықпен ойлау қабілеттіліктерін дамыту, тарихи ұлттық мұраларымызды ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыруға баулу, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру міндетіміз.

Қойылған мақсат, міндеттерге жету жолындағы әдіс-тәсілдерге: интернет жүйесімен жұмыс, институт, университеттермен, мәдениет үйі мекемелерімен, кітапхана орталықтарымен, ғылыми - зерттеу мекемелерімен, көркем сурет мектептерімен байланыс, педагогикалық бақылау ( әңгімелесу, сауалнама алу, эксперимент жүргізу, салыстыру), мониторинг шығару, талдау, жинақтау, бағалау жатады. Технология сабағында оқушылардың ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу, даму жолдары зерттеу обьектісі болып саналады.

Оқушыны оқыту, тәбиелеу процесінде өзіндік іздену, зерттеу мен шығармашылық қабілеттілігін дамыту мақсатта жобалау әдісі ұсынылып отыр. Бұл әдіс жас ұрпақтың технологиялық мәдениеттілік қабілеттерін, оқушы мен оқытушы және ата-ана арасындағы бірлесе жақын қарым-қатынаста жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыруда, өзіне-өзі қызмет көрсете алуға үйретуде, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алуға баулуда, қажеттілік пен сұраныстың экономикалық тиімділік жақтарын пайдалана алуға үйретуде ерекше практикалық тұрғыдан маңызды болмақ.

Шығармашылық жоба жұмысы барысындағы оқушы мен оқытушы және ата-ана арасындағы іс-әрекеттік қарым қатынасты, олардың әр қайсысының атқаратын қызметінің орнын төмендегі схемадан көруге болады. Жобалық қызметті ұйымдастыру, графикалық мәдениетін қалыптастыру, технологиялық және техникалық қызмет аймағында сұранысқа сәйкес қолданбалы міндеттерін шеше білуін қалыптастыру технология пәнінің міндеті деп нұсқау хатта көрсетілген. [4]

Жобалау таным әдісі ретінде оқушыларға оқу мен білімнің өмірдегі рөлін сезінуге, оқу мен білімді мақсат етуден гөрі құрал етуді ойлау мәдениетін игеруде сарамандық көмек беруі тиіс. [2]

Бұл әдістің негізін салушылардың бірі - профессор Кильпатриктің пікірінше, «Жобаның міндеті жұмыс барысында өзіне практикалық міндеттер қоятын және оны орындай алатын үнемі өзіндік инициатива көтеріп отыратын адамды тәрбиелеу» болып табылады.

Жалпы шығармашылық іс-әрекеттерін зерттей келе, мамандар бұл ұғымға « Шығармашылық- бұл жекелеген мотивациялық құрылым арқылы берілетін ақыл-ой жемісі, ол жеке тұлғаның бойында білім мен ептілік, қызығушылық қабілеттерінің әсерімен айқындалатын қоғамдық маңызды нәтиже . . . Шығармашылық потенциал әр адамның миында әрбір іс-әрекеттердің формасы ретінде жинақталады » деп тұжырымдады.

Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: « . . . Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі- ішсем, жесем, кисем» деп тұрады, екіншісі- «көрсем, білсем» деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді . . . », деген ой-тұжырымы растайды. Жобалау оқыту әдісі бойынша оқушылардан күтілетін нәтиже төмендегідей болмақ:

  • оқушының бойында рухани- адамгершілік қасиеттер қалыптасады;
  • ізденімпаздық, зерттеушілік қабілеттері дамиды;
  • ұқыптылық, жинақылыққа, икемділікке дағдыланады;
  • жауапкершілікке үйренеді;
  • шығармашылық қабілеті дамиды;
  • өз елінің ұлттық рухани және материалдық құндылықтарын құрметтей алатын, патриот тұлға болып қалыптасады.

Шығармашылық, ізденушілік кез-келген кәсіппен тікелей байланысты.

Жобаның тақырыбы оқушының мүмкіншілігіне сай, қазіргі күнделікті өмірдегі өзекті мәселелерге байланысты, ал шығарылған қорытынды тәжірибе жүзінде іске асып, адам қажеттілігін қанағаттандырарлықтай болуы шарт. Бұл оқушының бағалы, әрі сапалы жұмыс істеуін, жауапкершілігінің жоғары болуын, өзіне талап қоя алуын, қойған мақсатына жетуін, топтаса жұмыс істеу дағдыларын, шығармашылық қабілетінің артуын қалыптастырады. Шығармашылық жобаны орындау барысында оқушы технология пәнінен алған білімін пайдаланып қана қоймай, басқа пәндерден де алған білімін пайдалана алады.

Жобаның тақырыбын таңдауда әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктеріне, олардың бейімділігі мен психофизиологиялық қабілетіне, икемділігі мен қызығушылығына мән беру керек.

Баланы ізденушілік, шығармашылыққа баулу, оған зерттеу дағдысы мен білктілігін игертіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету үшін, баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін, зерттеу жүргізу керек. Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре алу болып табылады. Мұғалім оқушының қабілеттілігін жан-жақты зерттемей отырып, оның тәрбиесі мен оқуында нәтижелі жетістікке жетуі мүмкін емес.

Оқушылардың жобамен жұмыс істеуге дайындықта, жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда төмендегі кілттік құзыреттіліктерді меңгеруі керек:

  1. Проблемаларды шешу мен өзіндік менеджмент:
  • проблемалық жағдайларды көре алуы;
  • қажеттілікті анықтай алуы;
  • мақсат қоя білу, оған жету үшін міндеттерді анықтай алуы;
  • ақпараттық мәліметтерді жинақтай білу, оның негізгісін анықтай алуы;
  • нақты нәтижені анық айқындап көрсете алуы;
  • өз мүмкіндігін дұрыс бағалай білуі.
  1. Ақпараттық жүйе;
  • жоба бойынша ақпараттарды алудың түрлі көздерін білуі;
  • әдебиеттер, анықтама құралдар, ғылыми мақалалар мен оқулықтар, түрлі кешендерді пайдалануы;
  • әдебиеттерге талдау жасай алуы және қажетті мәліметтерді бөліп алуы;
  • интернет байланыстарын пайдалана алуы;
  • қажетті ақпаратты тауып, жоба бойынша технологиялық карта құру;
  • жоба туралы ақпаратты, оның нәтижесін сауатты түрде ұсыну.
  1. Мұғалімнің бағалау қызметі;
  1. топта жұмыс істей отырып, топ мүшелерін тыңдау білуі; өзгенің пікірін құрметтеп, сұрақтарды талдай алуы;
  2. жоба бойынша серіктесімен қарым-қатынас орнатуы;
  3. өз ой-пікірін анық, нақты және сауатты жеткізуі;
  4. өз көзқарасын жеткізіп, пікірталасқа түсе білуі;
  5. интернет байланыстарымен жұмыс жасау дағдыларын меңгеруі;
  6. жоба жұмысын ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, презентациясын дайындап, оны қорғауы.
Жобаны орындаудағы негізгі әрекет алгоритм әдістемесі болып табылады. Зерттеуші Н. В. Матяш анықтауы бойынша жобаны орындаудың алгоритмі төмендегі үш сатыдан тұрады: ұйымдастырылған дайындық сатысы, технологиялық сатысы, қорытынды сатысы [3] Шығармашылық жоба жұмысының қорытынды бағасы әр сатылардың орындалу есебінен, әрі конструкциялау, модельдеу, дайындалуы, бұйымның сапасы және негізгі ұсынысы мен оны қалай қорғай алуына байланысты қойылады.

Қорытындылай келе, бұл көрсетілген педагогикалық жобалау іс-әрекеттің жиынтығы орындалған жоба жұмыстарының нәтижелерінің бағалануы негізінде әрбір оқушының жеке дара даму деңгейін анықтап беретін, ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттілігінің көрсеткіші ғана емес олардың жан-жақты дамуы мен болашақтағы мамандығына дұрыс таңдау жасай алу жолдарында ерекше орын алады деп есептеймін.

Ең маңыздысы, осы жоба әдісі арқылы ұлттық дәстүрлер мен ұмыт болған қолөнерімізді қайта жандандырып, барын жаңартып, көнесін ескінің көзі деп сақтауға үйретіп, оларды күнделікті тұрмыста, отбасында, ұрпақ тәрбиесінде қолдана білуіміз керек. Бұл оқушылардың уақыт талабына сай адам болып тәрбиеленуі мен білім алуына негіз болады деп ойлаймын.

Көркем еңбек пәнін оқытуда - еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім - тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз - Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде.
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу» бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену - Ы. Алтынсарин 1887 - 1888 жылдары орыс - қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған. Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады. Болашақ кәсіпкер:

- өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;

- азаматтық нарыққа қатыса алады;

- өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;

- жұмыстың сапасына жауап беруші.

Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс - тәсілдерді қамтамасыз етуді шешу - мектептің материалдық - технологиялық базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау.
Ата - ана, ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен бірігіп, жастарды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған оқу - тәрбиелік шығармашылық орта құруы қажет.

Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс - әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу». Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.

Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.

Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.

Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация - оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл - ой қабілетінің жеке дамуының жан - жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.

Көркем еңбек - пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі.

Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту - халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.

Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре - көре, жүре - жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.

Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды.

Олар үнемі көтеріңкі көңіл - күйде жүреді. Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн.
Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.

Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады. Қазіргі қоғамның жаһандану үдерісінде адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен жаңа еңбек салаларының қалыптасып дамуына ықпал етуде. Ол адам еңбегінің икемді, қолайлы және тиімді орындалуына мүмкіндіктер жасап келеді. Соның бірі, өндіріс пен қызымет көрсету салаларында замануи материалдардың пайда болуы, инновациялық технологияялардың, акпараттық-коммуникациялық технологиялардың үдемелі даму болып табылады. Осы замануи инновациялық технологиялар барлық қоғамның инфрақұрылымдарына үйлесімді енгізілуі негізінде тұрпайы еңбек түрлері еңбек нарығында жойылып, жаңа еңбек түрлерінің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Соның салдарынан қазіргі еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болып, олардың еңбек мазмұны да жиі өзгерістерге ұшырып келеді. Осыған куә болатын үлгілерге өндірістердегі автоматтандырылған қондырғылармен өнімді жасау, сол сияқты қызмет көрсету салаларында кішігірім құралдар мен аппараттардың кеңінен қолданылып, маманның еңбек опеацияларын жеңілдетуге үлкен көмегі тиіп келеді. Бұл үлгідегі құрал-жабдықтар қазіргі өндірісте, қызмет көрсету саласында және тұрмыста да кең орын алып келе жатқаны белгілі. Олай болса, бастауыш мектеп пен жалпы орта мектептің он екі жылдыққа көшуге бағытталған жаңартылған білім беру процесінде анықталған білім беру мазмұнының кіріктіре түзілуі, оқу пәндерінің бірігуі мен жаңа сипаттағы атулардың қалыптасуына алып келді. Соның бірі, «Бейнелеу өнері» мен «Технология» оқу пәндерінің біріктіріле «Көркем еңбек» атауының қалыптасуы болып отыр. Кеңес Одағының қалыптасуы кезінен бері «Бейнелеу өнер» пәні деген атау өткен ғасырдың соңғы жылдарында анықталып, оған дейін мектепте «Сурет» оқу пәні деген атаумен оқу үдерісінде жүріп келді. Оның білім беру мазмұны өткен ғасырдың басынан бері қазіргі кезге дейін түпкілікті өзгерістерге ұшырамай, өзінің классикалық тәжірибесі сақталып келді. Нақты айтсақ, бейнелеу өнердің түрлері, олардың жанрлары, көркемдік-мәнерлі құралдар мен оларды бейнелі құралдармен орындау болып отырды. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің білім беру мазмұнындағы өзгерістердің немесе жетілдірудің бір белгісі - дизайн оқу бөлімі мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданбалы бағдарламаларымен бейне кескіндерін орындау болып табылады.

Ал, «Технология» оқу пәнінің білім беру мазмұны Кеңес Одағының қалыптасуы мен дамуы барысында бірнеше рет өзгерістерге ұшырап келді. Өткен ғасырдың бас кезеңдерінде комплексті білім беру тұжырымы немесе тұрғысы бойынша оқушыларды еңбекке үйретуге бағытталған болатын. Оның басты идеясы аталған білім беру бағдарламасында оқушылардың жаратылыстану, математика және гуманитарлық оқу пәндерден алған білімдерін тәжірибеде қолдануға еңбекке баулу оқу пәні аясында жүзеге асырылған. Оған үлгі ретінде, оқушылар биология оқу пәні сабақтарында өсімдік, үй жануарлары, құстар туралы білім алумен ғана шектелсе, олардың қоршаған оратағы пайда болуы, өмір сүруі, көбеюі туралы тікелей тәжірибелер жүру, сол пәннің оқу үдерісінде емес, еңбекке баулу оқу пәнінің оқу үдерісінде жүзеге асырылып келген. Оған дерек ретінде Ж. Аймаутовтың еңбегінде ұсынған комплексті бағдарламамен мектеп оқушыларын тәжірибеге оқыту мен үйрену болып табылады[1] . Кеңес Одағы кезде әрбір мектептің ауласында тәжірибелі станциялар, үй жануарлары мен құстарды күту, олардың көбею процестерін бақылау, зерттеу, тәжірибе жүргізу сияқты іс-әрекеттер орындалып келді. Бірақ, 1930 жылдары өндірістерде шығатын өнімдердің сапасын арттыру мен түрлерін көбейтуге байланысты мемлекет тарапынан жоғары білікті мамандарды даярлау қажет етті. Соның салдарынан жалпы орта мектепте ғылым салалары бойынша оқу пәндері дербестеніп, сол уақыттан бері жалпы орта мектептің оқу пәндері, тек ғылым салалары(жеке оқу пәндері) бойынша оқушыларға білім беріп келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану
Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
Өзін – өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс – әрекеттерін ұйымдастыру
Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz