Ұлтым деп өсу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
14-бет. 3-тапсырма
Берілген мәтін публицистикалық стильде жазылған. Мәтін үндеу, шақыру мақсатымен жазылып, құрамында антитеза, стильдік қайталаулар кездеседі.
Тақырыбы "Ұлтым деп өсу". Орфографиялық нормаға сай жазылған етістіктер:сүйіп, аянбай, тәрбиелеу.

14-бет. 4-тапсырма.
Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлтты құлдыратудың ең тиімді жолы - тілін аздыру. Себебі, тіл, ең алдымен-ұлттық әдебиеттің, мәдениеттің, өнердің бастауы, негізі және тірегі. Тілі жоқ ұлттың салт-дәстүрі мен ұлттық өнері болмауы ықтимал. Тіл - ұлтты ұлт қылатын күшті қару, себебі тілдің арқасында ұлттық құндылықтар әлі де өз қасиеттін жоғалтпайды, оған қоса ол бірлікке бастайды. Егер, ұлттың жеке тілі болмаса, онда оған өзге мемлекеттер қандай-да бір құрметсіз қарауы мүмкін.

15-бет. 5-тапсырма. презентация.
15-бет. 1-тапсырма. аудио.

15-бет. 2-тапсырма.
Әр адам өмірде қателіктер жасайды, бірақ өз қателіктерін барлығы бірдей дұрыстай алмайды. Дұрыстаудан бұрын, "мен қателестім" деп мойындау біреудің қолынан келсе, біреудің оған да дәті бармайды. Осындай адамдар келешекте ешқандай прогресс жасамайды, оның орнына тығырыққа тірелгендей бір орында тұрады. Осындай адамдардың кесірінен қоғам дамымайды, адамдар қандай-да бір ескі ұстанымдармен өмір сүріп, жаңашылдыққа келгенде, тәуекелге бел буа алмайды. Адамдардың өз қателіктері арқылы идеалға ұмтылу, бұл-тек сол адам үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін құнды. Егер, жамағатты идеалдыққа бір қадамға болса да жылжытқымыз келсе, әр адам алдымен өзінен, өз қателіктерінен, өзінің болашаққа деген арман-мақсаттарынан бастау керек.

15-бет. 3-тапсырма.
1) Әр нәрсені жасар алдында, оның сен үшін құндылығы және осы істің салдары туралы ойлау керек.
2) Егер, барлығы жоспарлағандай, жүзеге аспаса, ашулыққа салынып, берілудің дым қажеті жоқ.
3) Алдымен, қай жерде қателескеніңді түсіну керек.
4) Енді осы тәжірибенің арқасында сен бұрыңғы қателіктерге салынбайсың. Өз қателігіңді түзеті қажет.
5) Қандай жағдай болмасын, егер бұл сен үшін мәнді, маңызды болса, берілуге салынуға болмайды.

15-бет. 4-тапсырма.
Алаш қайраткерлерінің нақыл сөздері фонетикалық және дәстүрлі принциптер бойынша сауатты жазылған болса да, морфологиялық принцип бойынша бірнеше қателіктер кездеседі. Және сөйлем құрамындағы тыныс белгілер емле бойынша емес, интуиция бойынша қойылған көрінеді.

16-бет. 5-тапсырма.
Бұл сурет Алаш құрылтайлардың біреуінен алынған. Осы тектес құрылтайларда, барлық ұйым мүшелері бас қосып, қазақ-қырғыз автономиясы туралы шешімдер қабылдаған болатын. Съезде шешімдер қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады... деген Әлихан Бөкейхенов.

16-бет. 1-тапсырма. аудио.

16-бет. 2-тапсырма.
Мәтіннің негізгі идеясы - қазақ тілінің орамдылығы мен тереңдігі туралы айтуда. Маған Жұмабаев түріктер түбінде бір тілге келсе, бұл қазақ тілі болады деп жорамалдаған болатын. Сөзсіз, қазақ тілі өте таза, поэзиялық тіл, егер түрік халықтары бір тілге жүгінген болса, бұл қазақ тілі болу ықтималдылығы бар. Алайда, менің ойымша, әрбір ұлт өз ана тілін қастерлеп, қадірлей біле алады, сондықтан да барлығының бір тілде сөйлеуі - шынайылыққа алыс, себебі бұл-өте ұзақ, күрделі жол.

17-бет. 3-тапсырма.пікір алмасуу
түсінісу
еңбек ету
мәдениет
саясат
бірлестік
үшін
қоғам
үшін
тілдің қызметі

17-бет. 4-тапсырма.
Қазақ тілі ғылым тілі бола алмайды деп ойлаймын. Мен қаншалықты туған тілімді құрметтесем де, қазақ тілін ғылым тілі қылу түгілі қарым-қатынас тілі қылу-біз үшін жеңіл емес. Ғылым тілдері, көбінесе, осынша жылдар бойы ғылым еңбектерін шығарып жатқан, ғылым негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар тілдер. Қазақ тілінің ғылым тілі ретінде қалыптасуының кейбір нышандары Қазан төңкерісіне дейінгі шығып тұрған бірен-саран газет-журналдар мен кітапшаларда байқалғанымен, оның толық қанды қызмет ете бастауы 20 ғ-дың 20 - 30-жылдарынан басталады. Оның көш басында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов сынды тұлғалар тұрған. Онда да ғылымның бар саласы бірдей қазақыланбағаны белгілі. Қазақ тілінде қоғамдық ғылымдардың кейбір салалары болмаса, жалпы ғылым тілі толық қалыптаспағаны байқалады және бұның қалыптасуы келер 10 жылда бітіретін шара емес.

17-бет. 5-тапсырма.
Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Ол сондықтан бүгін, ауылға жететін күні үлкендерді еріксіз қатты жүргізудің айласын тапқанына дән ырза. Күні бойы осылай етуге байлаған.
- Бала деген қорқар болар еді.. Ес бар ма өзіңде, пәруәрдігер!-деп Байтас бабын таба алмай, басын шайқайды.
Жұмабай әбден болмаған соң:
- Қап, мынаның баласы! Мен бәрінің бөлтірігімін деп келеді-ау! Қой, не де болса, қалмайық енді, Байтас, жүр,-деп шаба жөнелді. Екеуі де жарыса бастады.

18-бет. 1-тапсырма. аудио.

18-бет. 2-тапсырма.
Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен-сарындар жалғасып, тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған, қазақ тілінің адам психологиясын, әлеуметтік қайшылықтарды ашып берудегі орасан зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап беретін мол мүмкіндіктері ашылған. М.Әуезов тұрмысы, моральдық институттарының өмірлік материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп келетін тарихи роман тудыру арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік дәрежеге көтеріп, жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік жасады.
Жазушы негізінен өмірдің табиғи ағымын, уақыттың ілгері жылжу құбылысын көрсетеді. Абайдың он үш жасынан бастап дүние салғанына дейінгі қырық алты жылда оны қоршаған ортада өткен басты оқиғалар тізбекті сабақтастықта, бірінен-бірі туып, өрістеп, тарамданып, асқынып, шорт сынып, тағы бастау алып, шығындап, қатарласа дамып, лаулап барып өшіп, қайта жанып, құбылып, өзгеріп, осы арнада ондаған, жүздеген, мыңдаған адамдар тағдыры шешіліп жатады: жас шынар гүл шашады, кәрі бәйтерек құлайды.
Ұлы жазушының бас шығармасында бейнеленген негізгі тартыс-әділет пен зорлық, тұтастық пен алауыздық, білім мен надандық, махаббат пен ғадауат майданында түптің түбінде жарқын өмірдің, нұр сәуленің, береке-бірліктің жеңетінін мадақтаған, өзі құлай сүйіп, сол жолға барлық қайрат-жігерін, өр талантын, сапалы ғұмырын арнаған - қазақ халқының өрісті келешегі мәңгілік деген асқақ арманды үміттің оты маздап жанып тұр.(https:adebiportal.kzkznews view1825)

18-бет. 3-тапсырма.
Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды іс қылу одан да қиын. Орынсыз, ешбір мән-мағынасыз сөз айту түкке де тұрмайды, ал ақылға қонымды сөйлеу үшін адам саналы, есті, парасатты болуы тиіс. Әр айтқанын ми тізбегінен өткізіп, орынсыз сөзге бас сұқпау керек. Ақылды сөз сөйлеу оңай емес, бірақ сол айтқаныңды іс қылу - одан да бетер қиын. Сөз деңгейінде ең дарынды болып, іс жүзінде де білікті атансаң, сеннен асқан ақылды адам жоқ.
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. Істің мән-жайын білмей тұрып, шешім қабылдау мүмкін емес зат. Мысалы, мен 10 сыныпта оқып, 7-нші сыныптың білім бағдарламасы жеңіл деп айта алмаймын. Себебі, қазіргі күнде оларда мен үшін бейтаныс жаңа білім бағдарламасы, жаңа кітаптар. Сол сияқты өз елінің тұрмыстық жағдайы жайлы хабары жоқ көшбасшы -елді прогресске емес, регресске ұшыратады. Басқаға кеңес беру қиын емес, мүмкін зат, алайда өз күнкөрісіңді жетілдіріп, идеалдыққа бастау уақыт пен шыдамды көп қажет ететін ұзақ процесс.

19-бет. 4-тапсырма.
Алаш қайраткері
Тіл туралы пікірлер мен нақыл сөздері
Әлихан Бөкейханов
Анық түрік затты халық тілі - біздің қазақ тілі. Тіршілік-ғұмыр белгісі - алыс-тартыс, арбау-әдіс. Кім шебер болса, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп-тізе қосып әдіс қылса - ғұмыр бәйгесі соныкі. Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып, біреуге жалынып-жалпая бергеннен түк шықпайды, іс өнбейді. Заманың түлкі болса - тазы боп шал деген де - балапан болмай, әдіс қыл деген ғой.
Ахмет Байтұрсынұлы
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл. Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.
Мағжан Жұмабаев
Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болу.
Тұрар Рысқұлов
Өркениет тірегі-тіл.
Халел Досмұхамедов
Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш; ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл - күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек. Әдебиет тілінің қаруы - баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген - адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілі көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел - сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды.
Міржақып Дулатов
Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек. Оны құрту үшін әуелі бел кемшіліктің қандай екенін білу керек
Жүсіпбек Аймауытов
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі - жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына...

19-бет. 5-тапсырма.
Маған Әлихан Бөкейхановтың сөздерін сипаттап, түсінік беру қиын болды. Мен берілген барлық тапсырмаларды орындадым. Мен Алаш қайраткерлерінің қалдырған мұрасы біз үшін өте құнды екенін ұқтым. Мен орфографиялық нормаларға байланысты принциптерді ажыратуды үйрендім. Мені қайраткерлерді шыншылдығы мен бетке ұстарлығы таңғалдырды.
20-бет. 1-тапсырма. аудио.
20-бет. 2-тапсырма.
Мәтін ғылыми стильде жазылып, мақала жанрына жатады. Идеясы-өнер тұлғасының өмірінен ақпарат беру. Кейіпкер:Майра Мұхамедқызы.
21-бет. 3-тапсырма.
Шығарма атауы
Сенің пікірің
L'Elisir d'Amore
"Махаббат сусыны" (итал. L 'elisir d' amore) - Француз либреттосы Эжен Скрибтің желісі бойынша либретто Феличе Романидің операсы. Le philtre) (1831). Опера екі апта бойы жазылған және Доницеттидің шығармашылығында қырқыншы болып табылады. Премьерасы 1832 жылы 12 мамырда Каноббиан Милан театрында өтті.
Орлеан бикеші
"Орлеанская дева" - Петр Ильич Чайковскийдің 4 көріністі, 6 картинадағы операсы, өзінің либреттосы бойынша жазылған:Ж. Барбье" Жанна д ' Арк "драмасы, О. Мерменің" Орлеанская дева "операсының либреттосы және А. Валлонның" Жанна д ' Арк " Тарихи өмірбаянамасы. Премьера 1881 жылы 13 ақпанда Мариин театрында өтті
Stabat Mater
Stabat mater(лат.)- ортағасырлық католик секвенциясы. 20 үш жолдан тұратын мәтін дәстүрлі түрде итальяндық діни ақын, монах-францискандық Якопон да Тодиге; басқа дәстүр бойынша -- III Иннокентий папасына немесе Бонавентураға жазылады. Өз атауы секвенция алды бойынша инципиту "Stabat mater dolorosa" ("Қайғылы ана тұрды"). Мәтіннің бірінші бөлігі Иса Мәсіхтің ыдырауы кезінде Марияның қызының азабы туралы баяндайды; екіншісі-күнәкардың богородицаға дұғасы, оған құтқару райын беру туралы өтінішімен аяқталатын.
21-бет. 4-тапсырма.
Бұл әннің тарихына келер болсақ, ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында шыққан деген мәліметтер бар. Әннің шығу тарихы өте арыда болуы керек, өйткені Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама тарихи оқиғасы кезіндегі қазақтың басына төнген қатерді жырлайды. Бұл - көп бұрмалауға ұшыраған ән, сөзі бірнеше рет өзгерген. Соңғы кездері бұл әннің мәтіні ең алғашқы нұсқасымен айтылып жүр. Әннің негізгі нұсқасы Өр Алтайда туған. Бұл ән - Керей руының әні.
Кейбір деректерде өр Алтайдан ұзатылып, алыс жерге кеткен қыздың ағасы іздеп келгенде, қарындасы ағасын құшақтап, көрісіп айтқан әні делінеді. 1952 жылы Көктоғай деген ауданда Мәскен деген кісі сахнада бірінші рет орындаған. Әннің нақты авторы жоқ, дегенмен әнді шығарған адам ретінде бірер кісілердің аты аталады. Белгілі ғалым Жүкел Хамай ағамыздың дерегі бойынша, өр Алтайда өмір сүрген Атантаев Баби деген кісінің Зәмзәм деген қызы ұзатылып бара жатқанда, осы әуенді сыңсып айтқан екен. Бұл ән ХІХ ғасырда бар сарын еді дейді. Сол Зәмзәмнің сыңсыған әуені арқылы артынан қуғыншы жеткен көрінеді. Кейін қуғын - сүргін, шапқыншылықты көп көрген өр Алтай өңірінің халқы бұл әннің мәтініне өзгерістер енгізген деген дәйектер бар. Бұл Ағажай-Алтай әнін кіші Елім-ай деп айтуға келеді. Себебі бұл әнде де халықтың зары мен өкініші жайлы жырланады.
21-бет. 5-тапсырма.
Роза Қуанышқызы Рымбаева - 1957 жылы 28 қазанда дүниеге келген Семей облысы, Жарма ауданының тумасы. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің еңбек сіңірген әртісі, кеңестік және қазақ эстрада әншісі, профессор, актриса. Ол өзінің бүкілодақтық танылымына алғашқы қадамын 1975 жылы Жеңістің отыз жылдығына арналған ән байқауында жасаған болатын.
1977 жылы жас әнші Болгариядағы беделді Алтын Орфей байқауына қатысты. Бас жүлдені жеңіп алып, бүкілодақтық хит-парадқа қатысып, Пугачева мен Ротарумен шамалас деңгейде танымал болды. Сол кезеңде ол Жыл әні байқауында бірнеше рет үздік үштікке енді. 1979 жылы Роза Куанышқызы Рымбаева Арай ансамблінің солисті атанды. Төрт жылдан кейін ол сол кездегі Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Гала-83 фестиваліне қатысу үшін Кубаға барып, әрине бас жүлдені иемденді. 1984 жылы танымал әнші Роза Рымбаева Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірді. Он бір жыл өткен соң, Роза өзінің университетінде сабақ бере бастады. Ол бұл жұмысты Қазақ концерт бірлестігі құрамындағы шығармашылық қызметпен ұштастыра біледі.
Роза Рымбаеваның барлық шығармалары керемет әуенге толы. Әртіс әнмен өмір сүретін көрінеді. Әншінің өзі құпия дауыста емес, эмоцияларда, орындаушы әннің сюжетін қалай біріктіру керектігінде екенінде сенімді. Роза Рымбаева өзінің еңбек жолында 18 альбом шығарды. Оның шығармалары 9 ән жинағына енген. 2012 жылы Орта Азияның бұлбұлы атанған Роза Рымбаева Жапония, Ресей, Беларусь және Түркия елдеріне гастрольге шықты. Бүгінгі таңда Роза Рымбаева тек қызықты және танымал тұлға ғана емес, ол Қазақстанның қазынасы, табандылық пен таланттың үлгісі.
21-бет. 1-тапсырма.
Димаш Құдайбергеновтың көрерменді жаулата алуын, бір себебі-оның сезімталдығы. Қандай да ән орындамасын, ол берілген өлең жолдарын дәл автор баяндағандай сезіммен жеткізе алатын талант. Ол өз дауысын тамаша басқара алады және оның мимикасы да әрдайым ән мазмұнына жақын. Мен оны басқамен салыстыра алмаймын. Менің ойымша, әр әртістің өз шығармашылығы мен қалаулары бар, бірақ олай болған жағдай да, Димаш әлем сахнасын бағындыра алды.
22-бет. 2-тапсырма.
Димаш ер адамның баритон, контратенор дауыстарында да, әйел адамның контральто дауысында да айта алады. Бұндай дауыс ерекшелігі вокал өнеріндегі құбылыс болып есептеледі. Жер жүзінде сирек кездесетін дауыс кеңдігі бүкіл әлемнің асыл қазынасына жатады. Бұндай бірегей дауыс - музыка өнерінің белгілі бір заңдылығына бағынбайтын өзгеше өнер. Еркектің дауысынан жоғары, әйелдің дауысынан төмен дауысты контральто деп айтуға болады. Музыкалық білімі бар, кәсіби әншінің дауысы - 2 октава. Ал Димаштың дауысы - 4 октава. Өзінің айтуынша, 4,5-5 октаваға дейін жетеді. Қытай елінде өтіп жатқан "I am a singer" ән байқауының екінші кезеңінде Димаш "Опера - 2" әнін орындады. Бұл әнді орындау барысында әнші төс және бас регистрін қолданған. Тәжірибелі вокалистердің өзі қиналып қалуы мүмкін ноталарға Димаштың дауысы еркін жетті. Ән үш модуляциядан тұрды. Соңғы биік нота түпнұсқасынан 2 тон жоғары орындалды. Бүгінде Димаш Құдайбергеновтың дауысын қарапайым көрермен: "періштенің дауысы", "бөгде ғаламшарлықтың дауысы", "адамның дауысы емес", "мың жылда бір рет кездесетін дауыс" деп бағалап жатыр(https:massaget.kzlayfstayl madenietmusic43904)

22-бет. 3-тапсырма.
Заманауи өмірде біз кейбір адамдар туралы "данышпан", "талантты" деп айтуға үйреніп кеткенбіз. Алайда, негізінде бұл сөздердің мән-мағынасы дұрыс қолданыста емес деп ойлаймын. Біреу оқуға түсу үшін күні-түні кітап беттерін ақтарып отырады және оны "еңбекқор", "жауапкершіл" деудің орнына "ақылгөй" деп атаймыз. Менің ойымша, бұл жерде Димаш қоғамдағы өз артықшылығын орынды атап өткен, себебі ешкім белгілі бір талантпен дүниеге келмейді. Ол осыны айта, өзінің көп еңбек еткенін жеткізгісі келді деп ойлаймын. Және де өз арманымызға жету үшін бізге сиқырлы, тылсым болудың қажеті жоқ, жай ғана көп еңбек етіп, оқу керек.
22-бет. 4-тапсырма.
Димаш - Қазақстанның жарық жұлдызы деп айта аламын. Себебі, ол тек өзінің дауысымен ғана емес, өз адамгершілігі мен ерлігінің арқасында халықтың назарын өзіне аудара алды. Ол - таптырмайтын өнер иесі және оның өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен құштарлығы - менің оған деген құрметімнің себебі. Мен Димашқа өз мақсаттарына деген ынтызарлығы жоғалмасын деп тілеймін, өйткені басқа барлық ұнамды қасиеттер оның бойынан орын табады.
23-бет. 5-тапсырма. презентация.
23-бет. 1-тапсырма.
Қазақ кинофильмдерінің арасындағы мен үшін ең әсерлі және ең ерекше - "Шал" болып табылады. Мен бұл картинаны бала кезімде көрсем де, кинофильмдегі әр сцена мен әр кейіпкердің іс-сөздері есімде. Және де бұл кинокартина арамыздағы басқа адамдардың бейжайлылығын кішкентай маған көрсете білді. Шалдың кемеңгерлігі киноның басында да таңғалдырып үлгерді, алайды режиссердің қасқырдың болмысын көрерменге жеткізе білгені-ғажайып дүние. Фильмнің соңында Ералының ат үстінде өз атасын жеткізіп, қуана қолын сермегені-мен үшін ең көңіл жібітетін көрініс. Шалдың "қасқырға тиіспеу" данышпандығы, ақымақтар ісінің салдары, немересінің атасына деген қамқорлығы, қасқыр болмысы және де хэппи-энд-осы кинокартинаны ұнататын орынды себеп деп ойлаймын.
23-бет. 2-тапсырма.
Мәтіннің тақырыбы:"Анаға апарар жол" Орталық Азияда үздік фильм аталды.
Мәтіннің формасы:құрамдас мәтін;
Мәтіннің жанры:мақала.
Мәтіннің мақсаты:берілген кинофильмнің жетістіктері туралы ақпарат беру;
Мәтіннің аудиториясы:"қазақфильм" жанкүйелері, кино әлемінің қызығушылары;
Мәтіннің стилі:публицистикалық; түрі:сипаттау.
24-бет. 3-тапсырма.
қандай жүйелерге ие болды
қандай номинацияларға үміткер болды
Анаға апарар жол
Сыншылар таңдауы
Мәскеу кино
фестивалі
Еуразиялық көпір
ОА-ның үздік актрисасы
ОА-ның үздік фильмі
ОА-ның үздік актері

24-бет. 4-тапсырма.
1) "Анаға апарар жол" кинокартинасының режиссері кім?(Ақан Сатаев)
2) Кинокартинаның тұсаукесері қай кезде кесілді?(2016 жылы 29 қыркүйекте)
3) Жалпы фильм нені бейнеледі? (сұрапыл соғыс жылдарын, ананың балаға деген сүйіспеншілігі мен махаббатын)
4) Ілиясты орыстар қалап атап еді? (Илюха)
24-бет. 5-тапсырма.
Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде немесе кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсыздар?

Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер - әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Менің сол бір құдірет күшімнің иесі-музыка. Өмірде өнер түрі жетіп жатыр, солардың ішіндегі бізге ең танымалдары-кино, музыка және әдебиет. Адамдардың осындай әдемі және құлаққа жағымды әуенді қалай жасайтыны мені әрдайым қызықтырады. Мен музыканың барлық жанрларын жақсы көремін, мені меломан деп атауға болады. Музыка менің көңіл-күйімді өзгерте алады. Егер менің көңіл-күйім жайсыз болса, мен көңілді нәрсе тыңдауға тырысамын, мысалы, дискотекалық музыка. Егер мен жалғыз ойланғым келсе, балама рок қалаймын. Мен бүгінгі таңда біз қалаған барлық жерде музыка тыңдауға мүмкіндік беретін көптеген құрылғылар бар екеніне қуаныштымын.
25-бет. 1-тапсырма.
1) Айгүл Елшібаева, Қарақат Әбілдина, Еркін Әубәкіров, Асылбек Еңселов және т.б.
2) Менің ойымша, дәстүрлі ән мен заманауи әндердің арасында мотив пен ән ритмінен бастап, ән мазмұнына дейін бәрі де әртүрлі. Дәстүрлі әндер көбінесе ұлттық мәдениетке саналса, заманауи әндер көптігінен бұл тізімге енбей де жатады.
25-бет. 2-тапсырма.
Берілген мәтінде автор фразеологиялық тілдік оралымдарын, эпитеттер мен салыстыруларды қолданған. Автор тілі оқырманға түсінікті болса да, ол көркем сөздер қолдана, өзіне орынды назар аударғыза алады. Менің ойымша осы қасиеттері бар жазушы - жазушы стандарты болуы тиіс.
26-бет. 3-тапсырма.
Сөз таңдау
Сөз қолданысы
Сөз әрлеу
Бейіл, безілдетіп, оқалы, уақиға.
Қадірлі, ойын-сауық, көрнекті, нұрлы, сирек.
Жайлауындағы жастарды жиып(аллитерация); қызғылт жүзді(метафора).

26-бет. 4-тапсырма.
Біржанның бейнесін ашатын сөздер мен сөз тіркестері:орта бойлығ қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, ақын, әнші, сері, нұрлы, жүзіне жылтыр майда рең бітіп.

26-бет. 5-тапсырма.

(Абайдың отауы.Төрде қонақ- Біржан сал, Базаралы, Абай, Әйгерім, қыз- келіншек-тер (інісі Әмір,Жиренше,Үмітей,Әкімқожа ,Керімбала,Оралбай), 1-2 кимешек киген қартаң әйелдер. Ән айтылып жатыр).
Абай (Біржанға қарап):-Өзгені не қылайын ,Біржан аға, ел мақтаған бір ақын
болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленіп байды сауып,сөз қадірін кетірген. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің қосшысы. Ондайлар ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдан арзан етеді. Сен әнді керісінше босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Осының өзі қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр.

Біржан:- Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!
Абай:-Бай боп, қадірлі болмайды, жігіт өнерлі боп, қадірлі болады. Өнерлі болсаң өр бол, дейді , Біржан аға! Жалқы бол, жарлы бол, ол-кемшілік емес. Өнерлі ақын, асқақ әнші болсаң-ел көңіліндегі мұңды айтып, көзіндегі жасты тыйсаң, сенен қадірлісі болмас!
Біржан : Айтқышсың ау, Абай!
(Қолындағы домбырасын қағып-қағып жіберіп, "Жанботаны" шырқауға кірісті).
Ән аяқтала бергенде жастар шуылдасып,қошемет көрсетті.
--Жарайсың!
- О-хо, бәрекелде!
-Бұлай айтпасаң, Біржан болармысың!
Абай: -Мынау марқұм ағам Құдайбердінің баласы-Әмірді. Тобықтының шетіне Біржан келді дегенді естіп, " бар, көріп кел, шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Еркімен көсілтіп ойын сауық ет. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын, мен де көрейін" деп мен жіберіп едім . Қателеспеген екенмін.
Домбыра қыдыра жағалап, Үмітейге жетті. Ол іркілмей Біжанның "Баянауылына" шырқап кетті.
-Үмітей ,жарадың!
-Тағы бір ән салшы!
(Үмітей жұртқа қарап, ашық үнмен)
Үмітей: -Ән, жағалап әншісіне де келіп қапты-ау! (Әйгерімге қарап) - Қане енді өзің айт!
Есік жақта тұрған қартаң әйелдер:-Келін, келін айтсын!
Әйгерім (ұяла Үмітейге қарап): -Қойшы, қалқам, лайық емес...
Абай: -Сенің де кезегіңнен қалатын жөнің жоқ.Тым құрыса ауылдың алты ауызы болсын!
(Әгерім ән салды)---------Татьянаның қырдағы әні
Жиренше:- Жаным - ау,Әйгерімнің үні осы қызыл көмейінің үні ме, жоқ бейіштің үні ме?!
Біржан: Ән салса, осы Әйгерімдей салсын да!
Абай(орнынан тұрып):- Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!..
Біржан (Абайды ықыласпен тыңдап отырып): - Абайжан, менің әнім саған жақсы қозғау салды деуші едің. Керісінше , бүгін сен ән туралы біз елемей жүрген түкпірді аштың. Мен саған тағы борышты болдым ғой.
Абай:- Ендеше, мүддеміз бір жерден шыққан екен. Біржан аға, тірлікте басқа шауып, төске өрлеген өнерді ғана қадірлейік! Рас, өнер жолында жалғыздық көруіңіз хақ. Алайда, сол өнер жақсылықтың бастауы екенін ұмытпайық!
(Екеуі тұрып құшақтасады. Сыртқа шығады , жастар да еріп шығады. Ұлжан келеді .Қасында1-2 әйел.)
Ұлжан: -Ауылыма келіп, мұндағы үлкен аға, кіші ініні өнеріңе қарық қылып барасың. Қайда жүрсең, жолың болсын! Өнерің, қадірің ассын шырағым! Біздің апа, жеңге боп саған ұсынар жол-жоралғымызды қабыл ал. Ырзалықпен аттан! Ана тұрған сары жорға Абайдың тартуы, игілігіңе мін.
(Қоржынға толы сый-сияпат береді. )
Біржан:- Ұл - қызыңның қызығын көр , жақсы ана! Еліңде көрген сый-құрметім қайда жүрсем де есімде болар. Құдай ырза, мен ырза!
(Ұлжанмен , басқалармен қол алысып , құшақтасып қоштасады)
Біржан:-Ал, Әмір, өзің бастап, Әйгерім, Үмітей қостап, бір ән шырқап жіберіңдер! Менімен қоштасқандарың болсын, асыл інілерім!
(Бәрі қосылып Біржананның немесе Абайдың бір әнін шырқайды. Біржан шыға береді.)
26-бет. 1-тапсырма.
Әртістің қандай-да бір әуенін естіген кезде көз алдыма белгілі бір үзінділерді елестете алдым. Менің ойымша, бұл ол үшін мақтауға тұрарлық дүние, себебі осы арқылы әртістің музыканы сезіне алатынын және музыка арқылы әлемді сезіне алатынын байқауға болады.
26-бет. 2-тапсырма.
Берілген мәтінде автор мәнерлі де тілмар сөздерді таңдай, мәтінге белгілі бір кәсіпқойлықты бере алды. Мәтін құрамында теңеу(өзгелері арман ететіндей), метафора(дыбыс сиқыры, дыбыс сыры), кейіптеу(ой-қиял қанаттары қағуы) кездеседі.
27-бет. 3-тапсырма.
Менің ойымша, Рахат-бидің жетістіктері туралы сөз еткенде, тек қана материалды жетістіктермен шектелуге болмайды. Оның 5 тілді жетік меңгере тұра, тағы да жаңашылдыққа дайын екені таңғажайып нәрсе! Егер, кейбіреу өз ісіне деген үлкен сүйіспеншілікті, табандылық пен әуесқойлықты өз бойынан таба алса, мен үшін бұл ең бағы бар адам. Және де Рахат-би тек өнер қуып жүрген ғана емес, білімге де қызығушылығы көп, еңбеққор жан. Мүмкін жоғарыда атап өткендер оны өзгелерден бөле алады.
28-бет. 4-тапсырма.
Өнерліге өріс кең. Бұл сөйлем өнерлі адам бұл қоғамда әрқашан да өзіне орын таба алады дегенді білдіреді. Менің ойымша, өнерлі адамдардың уәждемемен ешқандай проблемалары жоқ, өйткені өнердің өзі олар үшін уәж болып табылады. Өнердің арқасында олар әлемге иығы босап қарайды, келешегіне дұрыс, жүйелі жоспар құра алады. Белгілі бір іске құмарлығы барлар өмірден не қажет ететінін түпкі бастан біледі. Олар қоғамның ажырамас бөлігі және де мәдениет, әдебиет деген дүниелер не солармен, не солардың қолдауымен құрылады. Мүмкін сондықтан айналадағылар оларға әрдайым құрметпен, сүйіспеншілікпен көз салады.
28-бет. 5-тапсырма.
1) Ой-қиялдағы әуенді қағаз бетіне түсіруге не себеп болды?
2) Сіздің ойыңызша, "Қазақ Моцарты" деген сіз үшін лайықты лақап ат па?
3) Музыка болмаса, өзіңізді кім деп көресіз?
4) Музыкаға қызығушылығы бар, алайда қоғам қысымынан тәуекелге бел буа алмайтындарға не деп кеңес бересіз?
5) Музыканы немен салыстырасыз?
28-бет. 1-тапсырма. аудио.
28-бет. 2-тапсырма.
Қазақ бейнелеу өнері -- көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі - халықтың қолөнері болып табылады.
Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби 'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы демографилық ахуал
Ұлтым деп асқақтаған ұланым
Өркениет мәдениеті
Тәрбие сағаты «елбасы еңселеткен елорда»
Интеллект қабілеті
Қазақ ойшылдарының қоғам мен тұлға дамуына әлеуметтік көзқарастары
Желтоқсан жаңғырығы
Советская интеллигенция
Іс қағаз
Үш айқас туралы толғау
Пәндер