Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті Ақпараттық технологиялар
Кафедрасы Информатика

ЭССЕ
Тақырыбы: Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі

Орындаған: Иван Абылай
Тексерген: Шынғысбаев Л.

Алматы 2020ж
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін атап көрсетті.Олай болса Әбу Насыр Әл-Фараби - ұлы ғұлама айтқандай: Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі. Сапалы білім мен саналы рухани-адамгершілік тәрбие беру,өзінің ісін,өнерін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ қалдыру-әрбір ұлттың қай кезде болмасын алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің бірі деп білемін.Ол келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.Бүгінде біздің Елбасымыз бізге Төртінші жаңғыру жөнінде міндет қойып отыр. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы рухани жаңғыру дәлел. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.
Рухани жаңғыру - адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды:
Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты.
Прагматизм. Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды.
Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу және де жас - тары - мыз басымдық беретін межелердің қатар - ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс және өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.
Сананың ашықтығы. Көптеген проблемалар бұқаралық сана-сезімнің от басы, ошақ қасы аясында қалуынан туын - дайды. Сол себепті сананың ашықтығы бұл - та - быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет - кіш - терінің бірі.
Қазақ елінің келешекте мемлекет болып мәңгі жасауы жаңадан қоғамдық сана қалыптастырғанда ғана мүмкін екенін ұғуымыз керек. Біздің жаңа құрып отырған мемлекетіміздегі қоғамдық сана қалыптастыру ол осы ХХІ ғасыр еншісінде екенін ұмытпағанымыз жөн. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі ұлттық, әлеуметтік прогрестің басты үрдісі болып табылады.
ХХІ ғасыр ол білім мен мәдениеттің, техника мен өнердің, сана-сезімнің "бәсекеге" түскен кезеңі. Қазіргі кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Рухани жаңғыру - табысқа бастар жол
Рухани-жаңғыру бағдарламысын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларды руханиадамгершілік және патриоттық тәрбиенің негізі ретінде дәстүрлі құндылықтарға тарту
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ
Ұлттық кодтың қалыптасуындағы отбасының ролі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Білімдіден шыққан сөз
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Пәндер