Жапон елінің білім беру жүйесінде окытушылардың беделі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Нұрхан Гүлбаршын
M067 тобы
Жапон елінің білім беру жүйесінде окытушылардың беделі
Бәсекеге қабілетті елдер өздерінің білім саласында көптеген мәселелерді жан-жақты қарастырып, оны бірнеше жылдар бойы бекітіп қойған. Дамыған елдер үшін ең басты құндылық - адам. Адамның еңбегі, оның қоғамдағы әлеуеті жоғары бағаланады. Осы орайда адамды тәрбиелеп және оның білім алуына үлес қосатын педагогтар мен тәрбиешілер, мұғалімдердің маңызы мен беделі жоғары екені белгілі. Біз үлгі етіп жүрген америкалық, германдық, британдық, жапондық білім беру жүйелері қазіргі таңда танымалдыққа ие. Соның ішінде ең озық үлгілердің бірі саналатын Жапон елінің білім беру жүйесіндегі тәжірибелерді негізге алуымыз керек. Себебі, бұл елде педагогтың беделі мен оның құзіреттілігіне құрмет көрсетуге баса назар аударады.
Ең алдымен, Жапонияда педагог мектеп иерархиясында жоғарғы сатыны алады. Сондай-ақ педагогқа деген құрмет жасы мен дәрежесіне байланысты болып келеді. Мәселен, сэнсэйге деген құрмет ерекше, бұл қазақша бұрын туған деп аударылады. Олар біздің ардагер, 1 санаттағы жоғары дәрежелі педагогтерімен теңестіріледі. Алайда сэнсэйдің рөлі еуропалық немесе американдық мектепке қарағанда әлдеқайда жоғары болып келеді. Осыдан-ақ мұғалімге деген құрметтің ерекше екендігін байқаймыз.
Жапондық жүйе бойынша, педагог тәрбиеленушіге, яғни білім алушыларға өзінің анасынан да жоғары жауапкершілікті алады. Баланың қатысуымен жалпы іс-шараларды дайындауға және қызмет көрсететін мектептегі тәрбие процесінде көмекші рөл атқарады. Мектептер жанынан міндетті түрде отбасын тек қана әйелдер ұсынатын бірлескен ата-аналар-мұғалімдер комитеттері құрылады. Комитеттерге қатысу ерікті және ата-аналарды марапаттау үшін мектеп әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Бұл жерде мұғалім мен ата-арасындағы байланысты көреміз. Әрқайсысы өзіне міндеттелген жауапкершілікті атқарады. ХХ ғасырдың басында Алаш арыстары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтар жапондық білім беру жүйесіне көшуді мақсат тұтқан еді. Оларда реттілік, білім беру саласындағы заңдылықтар сол кездің өзінде қалыптасып қойған.
Жапонияда педагогтың құқығы заңмен қорғалған. Сәйкесінше, түрлі экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайлар мұғалімнің қоғамдағы орны мен рөліне деген көзқарастарды өзгертеді. Мәселен, 1993 жылдың тамыз айында бүкіл Жапония мұғалімдер қауымдастығының бесінші кезекті жиналысында "педагогтардың хартиясы" әзірленді. Оның соңғы редакциясы 1995 жылы бекітілді. Жапония мұғалімдерінің аталған құжатын мектепті демократиялық өзгерту әрекеті және ондағы мұғалімнің рөлі ретінде қарастыруға болады. Кіріспе мен 10 мақаладан тұратын педагогтардың хартиясы мұғалімнің құзыреттілігі, балардың еркін білім алуы және оқушылардың өз жолдарын таңдауға деген құқықтарын қарастырады.
Ал біздің елде Педагог мәртебесі туралы заң 2019 жылы ғана ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық білім беру
Білім беру қызметтерінің маркетингі
Білім беру саласындағы маркетинг
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін әлеуметтік институт ретінде зерттеу
Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі
Білім беру әлеуметтануы
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Жапонияның саяси жүйесі және саяси қатынастары
Мэйдзи дәуіріндегі Жапониядағы жаңа саяси жүйенің қалыптасуы
Көркемдік білім туралы түсінік
Пәндер