Дін анықтамалары. Діннің алғашқы формалары, әлемдік діндер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
№13 Дәріс
14 апта Дін философиясы
Жоспар:
1. Дін анықтамалары
2. Діннің алғашқы формалары, әлемдік діндер
3. Дінің ұғымы, құрлымы мәндік сипаты.
Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. XXІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл - кең көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі - діни өрлеу.
Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни жетекшілері 2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп. Біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Ортақ келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған XXI ғасырда мәдени сұхбат қажет. Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 5-ші бабына сәйкес елде дін ұстану бостандығы қалыптасты. Бүгінгі Қазақстан халқы - көп дінді халық. Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы Заңы қабылданды. Демократиялық қоғам құрудың талабына сай осындай іс-шаралар жасалды.
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. Дін терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда байланыс дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде - адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.
Дінде дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және қоғаммен байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі бейнесін түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем қатынастары мәселесінің мәңгі сұрақтары шешу тапты. Діннің қоғамнан алатын күрделі орынын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып айқындау керек. Дін - бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі. Қазіргі кезеңде адамзатты әлемдік қауымның болашағы қалай қалыптаспақ деген сұрақтар ойландырады. Өткен ғасырда алып мемлекеттер "дүниенің жаңа тәртібін" түзуде бірқатар табыстарға жетті десек те, жер бетінде зұлымдық, адамгершілікке жат құбылыстар азайған жоқ. Адам мәніне дұрыс көзқарас, дегенімен, толық қалыптасқан жоқ. Профессор А.Дж.Тойнби айтқандай: "коммунизм де, капитализм де - бұл екеуі де христиан дінінің некесіз тапқан балалары болып табдылады". Бұл сөздің астарында болашақ жаңа әлемдік қауымдастық туралы ой қозғамақ әрекеті жатыр. Иудей - христиандық ойлаудың үш мың жылдық тарихы, шығыс діндерінің өткен тарихы біздің санамызда қасиетті бір ғажап тілекті оятады, ол тілек - жаңа адам , жаңа қоғам құру.

Азиялық діндер: конфуцийшілдік, синтоизм, зороастризм және басқалар ақиқатты іздеушілерден рухтың соңынан еру және онымен шектелмеуді талап етсе, ислам ақиқатты Құраннан іздеуді ұсынады. Ислам интеллектуалды пайымдауды жетілдіруді жалғастырып, адамның өзін-өзі мейлінше жетілдірумен айналысуын ұсынады. Иудей - христиан дәстүрі адамға өмірдің мәнін іздеп, ақиқатты, Құдайды іздеп, кәдімгі күресудің орнына: "Құдай өзі адамды табады" деген ақиқатты ұран етіп тастады. Әлемдік өркениеттегі "Қасиетті жазулар" діндеріне үңілсек , екі парадигманы байқаймыз: "Мұса парадигмасы" (Батыс) және "Вьяса парадигмасы" (Шығыс). Мұса - Құранның да, Библияның да, Танах (Моше) кітабының кейіпкері. Вьяса - Махаббхарата текстін құдайларға жеткізген данышпан. О.Шпенглердің топтастыруы бойынша , "Мұса парадигмасы" Византия, араб, батыс Еуропа және жартылай грек-рим, вавилон мәдениеттерінің негізін қалаған. "Вьяса парадигмасы" буддалық-брахмандық дәстүрлер негізін қалаған. Буддизм әдебиеті "Трипитаканың" көмегімен монғол, жапон, корей және де басқа Азия аймақтарына әсерін тигізді.
"Мұса" антропологиясының маңызды нышандары жүрек, құрсақ, тыныс алу, оларға сәйкес келетін күйлер - күйзелу, үрей, үміт. Дін - бұл "жүрек" туралы ілім. Үнді елінде мұндай қатынас "бахти" (құдайшылдық) деп аталады. Исламда - "абд" (көнгіштік), батыста - "агейп" (құдайға деген махаббат) деп аталады. Мұндай құдайшылдық ғылыми компетенцияның шекарасын ары жылжытады. Дінді ғылыми зерттеу (теология, эгзегетика түрінде), қасиетті тексттерді түсіндіру (философиялық, дінтану, этнография тұрғысынан) - бұл кәдімгі ақылға сыйымды, мүддеге сай қарапайым объектілерден асып түсетін құбылыстарды рационалды түсінуге ұмтылу. Егер ғалым өз зерттеулерін құдайға сыйынып болған соң бастаса, онда оның ғылым және құдаймен сұхбаттасу арасындағы шекараны аттап өте бастағаны. Дінге рухани өмірдің жанды құбылысы ретінде қарау қажет.
Әл-Фарабидің "Қарапайым қала тұрғындары көзқарастары" атты еңбегінде жүрек туралы мынадай ойлар айтылады: "Адамның негізгі қабілеттері: қоректену, сезімдік, елестету, ойлау, ұмтылу - бәрі де жүректе орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол басқаға тәуелсіз... жүрек туа біткен жылулықтың қайнар көзі". Жүрек жылуы басқа қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
Жүректің қызметімен үрей және үміт байланысты. Аяушылық - бұл басқа үшін үрейлену. Аяушылық көз жасын тудырады. Сондықтан Библияда Христос жылаған бейнеде көрсетіледі, ол ешқашан күліп бейнеленбейді. Үрейдің екінші жағы үміт.
Үміт - "жанған жүректің" кернеулі, кризисті күйі. Әл-Фараби де "жүрек жылуының " осындай күйін "отты" деп атаған. "Мұса парадигмасында" жүректің бұлай жануы жоққа және бір нәрсеге көз жеткізе алмаудан туатын мүдде, арманды білдіреді. Мұсаның өзі де, одан кейін апостол Павел де мұны "үміттердің жоғарғы үміті" деп қисындап мазмұндады. "Мұса парадигмасындағы" құдайдың өзі Яхве, Христос және Алла деген атты иемденіп, сенушілер үшін үміт құдайы болып табылады. Мұндай үміт "Мұса парадигмасында" абсолютті құндылыққа ұмтылудың басты модусы болып табылады.
Абсолюттің қалыптасуы процесіндегі діннің маңызын Гегель талай рет қарастырған болатын. Оның мындай пікірі болған: "Қабылдап алынған (снятое) өнер дінмен барабар, қабылдап алынған (снятая) дін абсолютті біліммен барабар".
Діннің мәдениеттегі орнын аша түсу үшін Гегельдің "тарих - бұл еркіндікті ұғыну прогресі" деп қарастырған пікірін талдаудың көмегі бар. Шығыс тек бір ғана еркін адамды білген, ол - патша, басқаның бәрі құлдар. Антикалық Грецияда және Римде қоғамның біршама бөлігі еркін деп есептеліне бастаған. Христиан діні (жаңа дүниеге өту) жаңа принцип орнатты: әлеуметтік жікке қарамай барлық адамдардың еркіндігі мен теңдігі принципі. Бұл принцип алдымен тек дінде ғана қабылданса, кейіннен бүкіл қоғамдық салаларға жайылып кетті.
Гегель үшін діннің қоғамдық сана формасы ретінде де , таным процесінің сатысы ретінде де маңызы бар. Оның айтуынша: "Дін - бұл адамзаттың ойлап шығарғаны емес, дін - бұл құдіретті рухтың жемісі". Бұл пікір болмыс пен шектік, шүбәсіз кемелдік арасында жақындық бар екеніне ой салады. Псевдо-Дионисий Ареопагит (V ғ.), А.Августин (V ғ.), Ф.Аквинский (ХІІІ ғ.) де осылай ойлаған. Ф. Аквинский былай деген: "Сущее и благое суть понятия взаимозаменимые". Дін біздің бір бөлшегіміз болып қала бермек, себебі оның қайнар көзі - тарих (ғылымның айтуынша), сондай-ақ діннің қайнар көзі - мәңгілік (теологияның айтуынша).
Кілтті сөздер: дін, әлемдік діндер, ұлттық діндер, буддизм, христиан, ислам
Бақылау сұрақтары:
1. Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім.
2. Діннің алғашқы формалары. Дүниежүзілік діндер феномені.
3. Дінің ұғымы, құрлымы мәндік сипаты.
4. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм(У.Тейлор)
6. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары.
7. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи реформалары. Суфизм (Аль-Газали,Ходжа Ахмет Яссауи).

Ислам (араб.: إسلام‎) -- әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниеде көп таралған дін. Ислам сөзі бейбітшілік, (Алланың заңдарына)[[1]] мойынсыну, бағыну болып табылады. Ал шариғат терминологиясында ислам -- толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم‎) -- классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[[2]]. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар -- Алланың елшісі Мұхаммед ﷺ.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Исламның негіздері
Имам Муслим хадистер жинағында Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбар ﷺ Исламның үш мәртебесін айтып, олардың негіздерін атайды[[3]]
Иман

Әһл әс-Сунна
туралы мақалалар тізімдемесінің бөлігі

Иман негіздері
Аллаға иман
Періштелерге иман
Қасиетті кітаптарға иман
Аллаһ елшілеріне иман
Ақырет күніне иман
Тағдыр мен қазаға иман
Бұл үлгіні: қарау :: талқылау :: өңдеу
Иман (араб.: الإيمان‎) -- мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді:
1. Аллаға иман келтіру
2. Періштелерге иман келтіру
3. Қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур) иман келтіру
4. Пайғамбарларға иман келтіру
5. Ақырет күніне иман келтіру
6. Тағдыр мен қазаға иман келтіру
Иман сөзі -- араб тіліндегі ә-мә-нә (араб.: آمن‎) етістігінен шығып, ифғал (араб.: إفعال‎) бабында қолданылған масдар (араб.: مصدر‎ -- түбір сөз) болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы -- бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі мумин (араб.: مؤمن‎), иман етілген нәрселерге де муминун би... (араб.: مؤمن بـ‎) дейді.
Аллаһқа сену
Толық мақаласы: Аллаһ
Алла́ (араб.: الله‎‎‎) -- ләфз әл-джәләлә (ұлықтық сөзі), бiр ғана құдай бар екенін бiлдiретiн араб сөзi. Алла сөзі кейбір ғалымдардың пайымдауынша арабтың иләһ (құдай) сөзіне ال артиклін жалғау арқылы пайда болған. Бұл есім Алланың ең әуелгісі және ең ұлысы саналады. Алла есімін тек қана Аллаға қолдануға болады. Әдеттегіде Алла сөзімен қоса Тағала немесе Субханаһу уә Тағала деген оның ұлықтығын білдіретін сөздер қолданылады[[4]].
Сурет:Allah 1.jpg
"Аллаһ" сөзінің араб көркем жазуымен жазылуы
Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Алла -- бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Алладан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Алланың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаға тең ешкім жоқ, және бұны дініне қарамастан адамзаттың көпшілігі мойындайды. Алла сөзінің зор маңызы бар. Барлық өте жақсы аттар және сипаттардың иесi, ол жалғыз. Алла мәңгi, ол туылмаған және тумайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ислам тарихы
Толық мақаласы: Ислам тарихы

Әділетті Халифтер кезеңіндегі халифаттың шарықтау шегі

Умауи халифтерінің кезеңіндегі халифаттың шарықтау шегі
Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың ﷺ көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба -- Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді Әділетті халифтер (араб.: خلفاء الراشدون‎) заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі Умәуи заманы (араб.: العهد الأموي‎) аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. Халифаттағы билікке Пайғамбардың ﷺ көкесі Аббас ибн Абдуль-Мутталибтың әулеті таласып, Умәуи халифтерінен билікті тартып алды. Аббасилер кезеңі (араб.: العهد العبّاسي‎) сонымен қатар Исламның алтын ғасыры деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылым мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы халифат жерлерінде дербес Тулунилер, Фатимилер, Селжұқилер және т.б. мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып алуды мақсат еткен жорығы баталып, 194 жылға созылған крест жорықтары басталды.

Аббаси халифтерінің кезеңіндегі халифаттың шарықтау шегі

Осман империясы кезеңіндегі халифаттың шарықтау шегі
Кейбір мұсылман мемлекеттері кресшілерге қарсы соғысқа шығып, олардан басып алынған қалаларды қайтарды. Бұл жағдай Мысырда мәмлүктердің билігі келіп, кресшілерді Шам қалаларынан қуып шыққанға шейін жалғасты. Осы кезде шығыста Шыңғыс ханның немересі Хұлағу халифаттың астанасы болған Бағдадты басып алды. Аббасилер халифат атанасын Әл-Қаһираға (Каир) көшірді және осы уақыттан бастап аббасилердің билігі тек формальды түрде сақталып, нағыз билік мәмлүк сұлтандарының қолында шоғырланды. Осыдан кейін Аббасилер заманындағыдай мұсылмандарды біріктіретін мемлекет Ұлы Османлы Мемлекеті құрылғанға шейін болған жоқ. Османлы сұлтандары мұсылмандардың қол астына бұған дейін жауланбаған көптеген жерлерді қосты. Оның ішінде Еуропадағы Балқан түбегін жаулау мен сол жақта Ислам дінін тарату болды. 7-ші османлы сұлтаны II Мехмет кезінде Константиние қаласы мұсылмандардың қол астына өтті. 1516 жылы сұлтан I Сәлім Шам мен Мысыр жерлерін басып алып, ақырғы аббаси халифінен халиф атағын алды. Осыдан кейін 408 жыл бойы Османлы әулеті халифтер ретінде билік құрды. Және бұл кезең Османлылар заманы (араб.: العهد العثماني‎) аталып кетті. Бұл кезде Ұлы Османлы Мемлекетінен бөлек Ирандағы Сефевидтер мемлекеті, Әмір Темір мемлекеті сияқты бірнеше мемлекеттер құрылды. Ұлы Османлы Мемлекеті құлағаннан кейін мұсылмандар бір-бірін ортақ дін, тіл мен мәдениет біріктіретін дербес мемлекеттерге бөлініп кетті[[163]].
Мұхаммед пайғамбар заманы (610-632)

Алғашқы аян түскен Хира үңгірі
Ислам дінінің негізін салушы Һашим әулетінен шыққан Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Абдуль-Мутталиб ﷺ. Һашим әулеті өз кезегінде арабтың Құрайш тайпасының бір бөлігі. Ол Ислам уағыздауын бастамай тұрып та пұттарға табынбай, бірқұдайшылық жолын ұстанған. Ол Аллаһқа құлшылық қылып, дұға ету үшін Рамазан айында керек-жарақтарын алып Меккенің қасындағы Нұр тауындағы Хира үңгіріне баратын болған. Міне, бір күні Хира үңгірінде отырған сәтінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін. Діннің құрылымы мен элементтері
Дін анықтамалары
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Қоғам және дін
Жастар арасында діни толеранттылықты, толерантты әдеп пен мәдениетті қалыптастыру
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Діннің тұжырымдамасы
Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтері
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
АЛҒАШҚЫ ДІНИ НАНЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ
Пәндер