Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Көркем әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық тудырады.
Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуана-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім - қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды. Бұл - принципшілдік, адалдық, нағыз азаматтық қасиеттердің қалыптасу негізі. Сезім - білімге жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оны тани білмейді де, - деген болатын В.Г. Белинский.
Қазіргі қазақ әдебиеті барлық жанры кемелденіп өскен, одақтас, қала берді дүниежүзілік мәні бар әдебиетке айналды. Бірнеше ондаған жылдар ішінде көптеген идеялық, көркемдік табыстарға жетті.
Қазан төңкерісіне дейін, негізінде, ауыз әдебиеті ғана дамыса, бұл күнде прозаның да, драматургияның да, поэзияның да тамаша туындылары дүниеге келіп жатыр. Әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының да жетістіктері мол.
Қазақ әдебиетінің осындай үлкен кәсіби биікке көтерілуіне елеулі үлес қосқан жазушылардың бірі - Социалистік еңбек ері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ССР-нің халық жазушысы атақтарының иегері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Ол алпыс жылға жуық уақыт ішінде әдебиеттің түрлі жанрында бағалы еңбек етіп келді. Көрнекті прозаик, талантты драматург, жалынды публицист, қоғам қайраткері Ғ.Мүсіреповтің еңбегін жұртшылық жоғары бағалайды. Оның шығармашылығы жөнінде 60-жылдары жарық көрген Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркінде былай делінген: Ғ.Мүсірепов - қазақ совет әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Әдебиетте 60 жылға тарта еңбегінің ішінде Ғ.Мүсіреповтің қаламынан туған пьесалары, әңгімелері мен романдары советтік дәуірдегі қазақ мәдениетінен елеулі орын алады
Курстық жұмыстың мақсаты: Курстық жұмыстың басты мақсаты көрнекті жазушы Ғ.Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау болып табылады. Осы ретте алдымызға мынадай мәселелерді міндет етіп қойдық:
Ғ.Мүсірепов әңгімелеріне неғұрлым жүйелі талдау жасау;
Жазушы Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің идеялық-көркемдік мәнін ашу, образдар табиғатын талдаумен қатар, оның суреткерлік ерекшеліктеріне де батылырақ бару;
Жазушы шығармаларын әңгімелегенде, қазақ кеңесәдебиетінің кейбір елеулі туындыларын да салыстыра қарастыру, идеялық, тақырыптық жағынан кейбір ұқсастық, үндестіктерді айқындау;
Жазушы әңгімелерін орта мектепте оқытудың жаңаша жолдары мен әдіс-тәсілдері қарастырылды.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері. Курстық жұмысын жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы орныққан теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізінен басшылыққа алынды. Сонымен бірге талдау, жинақтау және салыстыстыру әдістері қолданылды. Зерттеудің дерек көзі ретінде Ғабит Мүсіреповтің 1980 жылы Жазушы баспасынан шыққан шығармалар жинағының 3 томы алынды.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жалпы көлемі - 25 бет.

І . Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Ғ. Мүсіреповтің шығармашылық өмір жолы

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған. Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебінде, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітірген. Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарған. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында оқыған. 1927-1928 жылдары - Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы, 1928-1933 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, 1934-1938 жылдары Социалистік Қазақстан (Егемен Қазақстан) газетінің редакторы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1938-1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан. 1956-1957 жылдары - Ара - Шмель журналының бас редакторы, 1957-1985 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. 1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болған.
Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына Тулаған толқында мен Американ бидайығы шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. Ғ.Мүсірепов әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылған.
Қос шалқар, Көк үйдегі көршілер, Шұғыла, Үздіксіз өсу, Жайлау жолында, Тұтқын қыз, Жеңілген Есрафил тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.
Талпақ танау әңгімелері мен Бір адым кейін, екі адым ілгері повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреген. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді. Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы Қазақ солдаты романын жазған. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы Оянған өлке романын жариялайды.
Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы Кездеспей кеткен бір бейне кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі Ұлпан повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, Қыз Жібек операсының либреттосын, Қозы Көрпеш Баян сұлу пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған Амангелді, Ақан сері - Ақтоқты,болашаққа аманат, Қыпшақ қыз Аппақ, Қайран Майра атты драмалық шығармаларын жазған.
Сценариін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған Амангелді фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, Махаббат туралы дастан, Қыз Жібек (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар.
Көркем аудармада О.Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, У.Шекспир, К.Симонов, А.Штейн, Ж.Мольер, тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударған.
Ғ.Мүсірепов - көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылы шілде айында ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне Бесеудің хатын жолдаған.
Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланған. Үш мәрте Ленин орденімен және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Октябрь Революциясы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына жазушының есімі берілген.
1991 жылы қайраткер тұрған үйде Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби-мемиоралдық мұражай үйі ашылған.
2002 жылы 100 жылдық мерейтой қарасаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана қаласындағы көшелердің біріне Ғ.Мүсіреповтің есімі беріліп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры алдына қоладан ескерткіш мүсіні қойылған.
Қазақ әдебиетінің әлеміне 20-жылдардын орта тұсынан өтіп барып келген Ғ.Мүсірепов алғашқы кезде жекелеген макалаларымен және аударма ецбектерімен көрінген. Одан кейінгі оның елеулі еңбегі болып саналатын Тулаған толқында атты ұзақ әңгімесі 1928 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Жазушының шын мәнінде шығармашылық белсенді еңбегі осы тұстан басталады. Әлбетте, суреткердің алғашқы көлемді шығармасының айы-күнінен бастап қана оның өнерпаздық жолының бастауын анықтау қиын. Жазушының кейініректе жазған өмірбаяндық әңгімелеріне қарағанда оның жазу жұмысына ынталануы, әдебиетке құмартуы 1928 жылдан әлдеқайда ерте басталған сияқты.
Ең алғашқы шығармаларынан бастап Ғ. Мүсірепов творчествосына тән кейбір сипаттарды айқын байқауға болады. Соның бірі жазушының көркем дүниеліктерін бірден баспаға ұсынбай көп қарап, көп жөндеуден өткеннен кейін ғана, әбден пісіп болған соң ғана жариялау дағдысы. Бұл - шын мәніндегі жауаптылықты сезінетін талғампаз сурсткерге лайықты мінез. Екіншіден, шығарманың мазмұнын ғана екшемей, оның мейлінше көркем кестеленіп, бай, жатық тілмен берілуіне ден қоюы да атап көрсетерлік ұнамды қасиеті. Жазушының алғашқы он шақты жыл ішінде жазған көптеген әңгіме, очерк, повестерінің өзінен де осы ерекшеліктерді аңғарамыз.

1.2. Ғ. Мүсірепов әңгімелерінің көркемдік ерекшеліктері
Автор мақалада жазушы Ғ. Мүсіреповтің Тулаған толқында және ана туралы әңгімелері жай­ ында айтылған қазақ ғалымдарының ғылыми ойларын, атап айтқанда, авторлық үн, автор мен кейіпкер сөзінің арақатынасы, роман тіліндегі ритмикалық үйлесімділік пен саздылық, юмор мен сарказм туралы ғылыми пікірлерін қарастыра отырып, Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы сөз об­ раздарының қолданысы туралы және жазушының ешкіммен салыстыруға келмейтін өзіндік стилі туралы баяндайды. Жазушы әңгімелерінде қоғам өмірін, заман тынысын шынайы суреттеу арқылы сол дәуірдің адамдарының сан қырлы портретін жасаудағы шеберлік қырлары талданады. Көркем өнердің сан қырлы стилисткалық бағдары мен мүмкіншіліктері болады. Мақалада жазушы әңгімеле­ ріндегі қайталамалардың қолданыс ерекшеліктері, жазушының портрет жасаудағы шеберлігі нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі. Қазіргі уақытта халық жиі қолданатын жазушының ана туралы әң­ гімелеріндегі Мақтасақ - әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді, Күнсіз гүл өспейді, Сүюсіз бақыт жоқ. Әйелсіз сүю жоқ секілді қанатты сөздерге қысқаша шолу жасалынады.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында əдебиет əлеміне қадам басқан қаламгерлер туралы қоғам қайраткері, ақын, зерттеуші Олжас Сүлейменов былай дейді: ...было самое плодоносное поколение в казахской советской литературе. Все они входят в когорту основоположников, каждый по-своему, каждый особой чертой своего дарования украсил родную словесность [1]. Олардың шығармашылығының сан қырлылығы қазақ əдебиетінің алтын қорын қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Солардың бірі жəне бірегейі белгілі сөз шебері, аса көрнекті жазушы Ғабит Мүсреповтің шығармашылығы қазақ əдебиетінің тарихын қалыптастыру тұрғысынан да, жазушылық шығармашылығындағы əдеби-көркемдік жетістігі тұрғысынан да көптеген зерттеуші ғалымдардың зерттеу нысаны болды. Жазушы шығармалары əдеби-көркемдік тұрғыдан ғана емес, лингвистикалық бағытта да зерттеліп талай ғылыми еңбекке зерттеу нысаны болды.

Бұл ретте көз тоқтатып, көңілге түйер еңбектердің қатарында Б. Шалабаевтың Ғ. Мүсреповтің Оянған өлке романындағы кейбір синтаксистік құрылымдардың көркемдік-стильдік қызметі, Ғ. Мүсреповтің Оянған өлке романындағы комикалық жасаудың кейбір тілдік тəсілдері туралы еңбектерін; профессор, ғалым М. Серғалиевтің Ғ. Мүсреповтің əңгімелеріндегі қайталамалардың стильдік қызметі туралы еңбегін, сондай-ақ Е. Жұбановтың Ғабит Мүсрепов тілінің кейбір стильдік ерекшеліктері секілді ғылыми-зерттеу мақалаларын атап өтуге болады.
Егер осы ғылыми мақалаларға шолу жасап, таратып айтар болсақ, ғалым Б. Шалабаев Ғ. Мүсреповтің Оянған өлке романындағы авторлық үннің берілу жолдары туралы, автор үні мен кейіпкер сөзінің арақатынасы, өзара байланысы туралы, романды оқу барысында оқырманын еріксіз жетелейтін роман тіліндегі ритмикалық үйлесімділік пен саздылық, айтылу əуенінің ерекшелігі туралы, автордың оларды беру тəсілі, юмор мен сарказмның жасалуындағы комиканың рөлі, оны жасаудың кейбір тілдік тəсілдері туралы нақты тілдік материалдардың негізінде салмақты ойлар айтып, ғылыми тұжырымдар жасайды. Сондай-ақ ғалым Б. Шалабаев жазушы сөйлемдеріндегі синтаксистік қайталамалар мен лексикалық қайталамалардың ырғақтылыққа ықпалы туралы айта келіп, поэзияда жиі кездесетін эпифора мен анафораның жазушы шығармаларындағы қолданылу ерекшелігіне де тоқталып өтеді.
Қазақ тіл білімінде стиль туралы, əдеби тілдің көркемдігі туралы, тіл тазалығы туралы салмақты ойларымен белгілі болған ғалым М. Серғалиев əдебиетші-ғалымдар арасында поэзияда ғана кездеседі деген пікір қалыптастырып келген анафора мен эпифораның жазушы Ғ. Мүсрепов əңгімелерінің тілінде жиі кездесетін көркемдік құбылыс екендігін нақты тілдік деректерді мысалға келтіре отырып, дəлелдеді. Ғалымның айтуы бойынша, қайталамалар - жазушының көркемдік тəсілдерінің бірі. Ғалым осы аталған мақаласында қайталамалардың стильдік қызметіне ғана тоқталмай, грамматикалық ерекшеліктерін де қазақ тілінің синтакси сі тұрғысынан қарастырып, талдайды. Жалпы, жазушының шығармаларындағы қайталамалар туралы, олардың стильдік қырлары мен қызметі туралы, эмоциональдық бояуы туралы алғаш жан-жақты қарастырып, тың пікірлер айтқан да ғалым М. Серғалиев. Ғалымның бұл еңбегі осындай стильдік тəсілдің басқа жазушылардың шығармаларындағы көрінісін зерттеп, талдауға да түрткі болды. Мысалы, қайталамаларды осындай көркемдік тəсіл ретінде қолдану Ж. Аймауытовтың шығармашылығында да, О. Бөкеевтің шығармашылығында да жиі кездеседі [2].
Е. Жұбанов Ғабит Мүсрепов тілінің кейбір стильдік ерекшеліктері атты ғылыми мақаласында Ғ. Мүсрепов шығармаларында жиі кездесетін сөз мағынасының құбылуы, фразеологиялық тіркестердің, қанатты сөздер мен афоризмдердің қолданысы, бейнелеу тəсілдерінің бірі - эпитеттің қолданылу ерекшелігі туралы айтады. Ғалым мысалдар келтіру арқылы олардың əрқайсысының стильдік бояуын, олардың шығармаға беретін əрін, стильдік тұрғыдан да, көркемдік тұрғыдан да көтеретін жүгін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіреді.
Ғ. Мүсрепов шығармаларынан кез келген тілдік материалдың қолданылу барысындағы өзіндік қырын байқамау мүмкін емес. Жазушының ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында жазылған алғашқы əңгімелерінің бірі - Тулаған толқында. Бұл шығарма алғаш əңгіме ретінде жарияланғанмен, кейін көлемінің үлкендігіне байланысты повесть ретінде танылып жүрді. Жазушының Таңдамалы шығармалар жинағына да повесть ретінде енгізілді. Осы повестен алынған мына бір үзіндіге назар аударайық: ... Өмірдің уы Шəйзаның балаң ойына түгел жайылғандай, уланғандай болады. Қоңыр көлеңке үйдің қоңыр сəулесі Шəйзаны да қоңырландырып, сұрғылтқа таңдық түс береді. Үй де қоңыр, көлеңке де қоңыр.Қоңыр үйдегі тұрмыс та қоңыр.Қоңыр үйдегі Шəйзаның ойы да қоңыр.Қоңыр ойлы Шəйзаның əні де қоңыр... Қоңырлатып, ыңырсып өлең айтып отырады. Өлең емес, қоңыр күймен ішіндегі зарын төгіп отырады [3, 14].
Келтірілген үзіндідегі қоңыр сөзін алсақ, ол əр түрлі сөздермен анықтауыштық қатынаста (қоңыр көлеңке, қоңыр сəуле, қоңыр Шəйза, қоңыр үй, қоңыр көлеңке, қоңыр тұрмыс, қоңыр ой, қоңыр əн, қоңыр күй) тіркесіп келіп, бірнеше рет қайталанып тұр.
Он үш рет қолданысқа түскен қоңыр сөзінің стильдік жүгін айқын аңғарта отырып, жазушы оны мақсатты түрде қолданады. Қоңыр сөзі арқылы жазушы басты кейіпкер Шəйзаның қоңырлатып салған əні арқылы оның өмірін, тіршілік тынысын суреттей отырып, ары қарай шығарманың қалай өрбитіндігінен де, басты кейіпкердің алдағы болар қоңыр өмірінен де хабар береді. Қоңыр сөзі əңгіменің даму желісіне негізгі арқау болады.
ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің тарихында Ғ. Мүсреповтің шығармашылығы ерекше орын алады. Бейімбет Майлинді шағын əңгіменің шебері ретінде классикалық əдебиеттің өкілі десек, ал Ғабит Майлин ізімен, бірақ одан басқашалау романтикалық стильде қазақ əдебиетіндегі əңгіме жанрын дамытып, сол арқылы күшті, татымды образдар галереясын жасады . Бұл пікірге ешкімнің таласы жоқ.
Ғ. Мүсрепов те шағын əңгіменің шебері атанған жазушы. Жазушының шығармашылық бастауы - шағын əңгіме. Осы əңгімелерінде қоғам өмірін, заман тынысын шынайы суреттеу арқылы сол дəуірдің адамдарының сан қырлы портретін жасады. Мысалы, ... Желкесі жапжалпақ, кеудесі қаңқайған. Кеудесімен тұтасып кеткен күждей мойында бір қазан етті бас. Екі көздің құйрығы екі елідей қысылған. Қара табақтай жалпақ бетті. Таңқиған саңырақ танау, таңқы мұрт, бұйра қара сақалды. Арам майы сыртына шығып, киген киімі жып-жылтыр, ала дамбалдың ауы өмір бойы тізесінен кетпейді. Семіз балтыры мəсінің қонышын сөгіп жібереді де, бір жағы қайрылып, үнемі жалбырап жүреді . Бұл Тулаған толқында повесіндегі - Оспан болыстың портреті. Осы бейнелі сурет кейіпкердің сыртқы портретін ғана емес, оның адами қасиеттерінен де хабар беріп тұр. Оның бет бейнесінің сүреңсіздігінен бөлек, тізеге түскен ала дамбалдың ауы мен жалбыраған мəсінің қонышы да көп нəрседен хабар беріп тұр. Жалпы жазушы тілі өте бай, құнарлы. Жазушының суреттеуі еріксіз езу тартқызады жəне сол суретті жан бітіріп көз алдыңызға алып келеді. ... Иін ағашпен су əкеле жатқан келіншектер Оспанның көлеңкесін дəл бсынан басып өтіп барады. Әдейі басатын сияқты. Көлеңкенің Оспандікі екенін таныған ересек əйел көтек деп ыршып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ана бейнесі қазақ әдебиетінде көптен бар үлгі
Ана туралы әңгімелер циклі
Ананың анасы шығармасына әдеби талдау жасау
Т.Әлімқұлов сыншы және әдебиет зерттеушісі
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Сын көркем әдебиеттің құрамдас бір бөлігі деген пікірді Қазіргі әдеби сын
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша жазылған Белгібай Шалабаевтың ғылыми - сын, әдеби аударма еңбектері атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясының қолжазбасын талқылау
Драма мен театр байланысы
Пәндер