Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр. Тәуелсіздіктің қысқа жылдары аралығында мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді. Осыған байланысты, қоғамдық даму деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің белгісі ретіндегі адами ресурстардың, білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артады. Білім - әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады. Шын мәніне келгенде, елдер тек тауарлар мен қызметтер өндіре отырып бәсекелеспейді, сонымен бірге олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйесі арқылы бәсекеге түседі. Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндеті елде ғылыми сыйымды технологиялық білімі бар, басқарушылық қабілетке ие, нарықтық экономикада дұрыс бағыт таңдай алатын жоғары білікті мамандар болған кезде және дүниежүзілік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді білім беру жүйесі құрылғанда шешіле алады. Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең - жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең - жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең - білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең - жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең). Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі Білім туралы Заң (1999 жыл), Білім мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), 2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы (2001 жыл), 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (2004 жыл) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген. Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады: - жоғары базалық білім жоғары арнайы білім: бакалавриат - бакалавр дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы; - жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура - магистр академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама; - докторантура PhD - бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама. Жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесінің енгізілуі сонымен бірге, білім беру бағдарламаларының диапазонының кеңеюі мен олардың рыноктық экономика талаптарына сәйкес икемділігі мен шоғырлану дәрежесін күшейтуге бағытталған. Жоғары білімнің бұл моделінің жүзеге асырылуы өзінің өміршеңдігі мен өзектілігін көрсетті, сол сияқты оның келешекте әрі қарай өзгертілу қажеттілігін пайымдады. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің үш деңгейлі моделінің даму бағыттары майда мамандықтар түрін қысқартып, оларды кеңірек пәндерге бағдарламаларға біріктіруді, бизнеспен өзара әркеттестікті арттыруды, түлектердің еңбек рыногындағы қажеттілігін қамсыздандыруды қамтиды. Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуының келесі бір жағымды тұсы - институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары мен формаларының әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру жүйесіне бейімделуі. Қарастырылып отырған үдерістің маңызды бір тұсы жеке білім беру секторының дамуы мен кеңеюі болды. 2012 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 139 болса, олардың 66-сы жеке меншік иелігінде болды.
2012 жылы Қазақстандағы ЖОО саны 2008 жылмен салыстырғанда 5-еуге кеміген. Жоғары білім беру жүйесіндегі мұндай үрдісті Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің ЖОО қоятын талаптарының артқанын, мемлекетік бақылау мен үйлестіру, реттеу шараларының қатаңдағанымен түсіндіре аламыз. Сонымен бірге жеке меншік ЖОО санының артуы оларға автономияның көбірек берілуінен, ал шешім қабылдау үдерісі орталықсыздандырылып, ЖОО басшылығына берілгенімен анықталады. Егер бұрын мемлекет экономикамен қатар, өз жоспарларын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлауды да жоспарлаған болса, қазіргі күні жоғары білім жүйесі ұлттық және халықаралық еңбек рыноктарының талаптарын ескеруге тырысады. Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігіне және білім беру сапасына ықпал етуші факторларды біз төмендегідей топтарға бөле аламыз: 1. Объектінің білім беру қызметтерін алу сапасы (абитуриент, студент, аспирант, даярлық курстарының тыңдаушылары, кәсіби біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары). 2. Субъектінің білім беру қызметтерін беру сапасы (оқыту бағдарламаларының сапасы, профессор-оқытушылар құрамының сапасы, қызмет көрсету үдерісін ресурстық қамсыздандыру сапасы, материалдық-техникалық база, ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру, ғылыми-зерттеу сапасы). 3. Білім беру қызметтерін көрсету сапасы (білім беру қызметтерін көрсетуде қолданылатын технологияларды жүзеге асыру және оны ұйымдастыру, білім беру қызметтерін көрсету үдерісін бақылау сапасы, білім беру қызметінің нәтижесінің сапасы). 4. Тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі (білім беру қызметтерін пайдаланушылардың сапаға қанағаттануы, білім беру қызметін көрсетушілердің өз жұмысына қанағаттануы, қоғам мүшелерінің білім дәрежесі). Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 тармағының 30 бабы көрсететіндей, ҚР азаматы конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқылы, ол мемлекеттің өз азаматтарының жоғары оқу мекемелерінде оқуы үшін қомақты қаржы бөлу қажеттілігін пайымдайды. Қазақстанның жоғары білім жүйесін талдау мемлекеттің нарықтық қатынастарға көшуімен байланысты қоғамдық үрдістерге сәйкес эволюциялық үдеріспен сипатталатынын көрсетеді. Ол ең алдымен сандық көрсеткіштердің өсуінен байқалады. Қазақстандағы білім мен ғылымды мемлекет тарапынан қаржыландыру 2006 жылы тиісінше - 331,5 млрд.теңге, 14,2 млрд.теңге болса, 2008 жылы ол 627,3 және 18,6 млрд.теңгені құраған. Оны төмендегі суреттен көре аласыздар. Кесте 3 - Әлем елдеріндегі білімге жұмсалатын мемлекеттік шығындар
Елдер
ЖІӨ % жоғары білімге шығындар
Дания
2,5
Финляндия
2,1
Германия
1,2
Ирландия
1,2
Корей Республикасы
2,4
Швеция
2,2
Ұлыбритания
1,1
2006 Осылайша, АҚШ-та жоғары білімге ЖІӨ 1,5% жұмсайды, ол көрсеткіш Финляндиядағы осы көрсеткіштен 2,1% аз. Ал Ұлыбританиядағы аталған көрсеткіш 1,1% құрайды. Сонымен бірге, жоғары білімді қаржыландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі күні АҚШ-та бұл мәселе өте өзекті болып табылады. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мемлекет басқару жүйесі реформасының бесінші кезеңі
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Пәндер