Мұхтар Шаханов Танакөз поэмасы, Ғашықтық ғаламаты өлеңі


ТОҒЫЗЫНШЫ СӘУІР
Өткен сабақты қайталау тапсырмасы:
1. М. Мақатаев қашан және қайда дүниеге келді?
2. М. Мақатаевтың руы қандай?
3. М. Мақатаевтың анасының есімі қалай?
4. Мұқағали Мақатаевтың азан шақырып қойған атын жазыңыз.
5. М. Мақатаевтың өлеңдерін атаңыз.
Дәптерге жазың жазыңыз.
Глоссарий
Лирик
Лирикалық жанрда жазатын сыршыл ақын.
Монолог (іштей ойлау, кейіпкердің өзін-өзі саралауы, ой ағысы)
Адам психологиясының ішкі иірімдерін, ойлау жүйесін, сана мен сезім арпалыстарын ашу.
Лирикалық кейіпкер
Лирикадағы сыршыл сезім иесі. Лирикалық кейіпкер автормен, оның дүниеге көзқарасымен, рухани тәжірибесімен, ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты.
Конспект
Мұхтар Шаханов «Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі
Мұхтар Шаханов - 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т. б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды. 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2003-2004 жж. «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті. 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш. Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты еске алу түні» драмасы көптеген тілдерге аударылған. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. «Уақыт бедерлері», «Зерде кітабы» атты жинақтары орыс тілінде шықты. Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері. 2002 жылы «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А. Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
Шығармалары: Бақыт. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Ай туып келеді. Балладалар мен өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Қырандар төбеге қонбайды. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1974; Сенім патшалығы. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жалын», 1979; Махаббатты қорғау. Балладалар, өлеңдер, поэмалар. А., «Жалын», 1982; Уақыт бедерлері. Балладалар, өлеңдер, поэмалар (орыс тілінде) . А., «Жазушы», 1982; Зерде кітабы. Өлеңдер, балладалар, поэмалар (орыс тілінде) . А., «Жалын», 1983; Өркениеттің адасуы. А., Жаңа қазақтар. Өлеңдер. А., «Білім», 2001. Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969) . Оңтүстік Қазақстан (1960-65), Лениншіл жас (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі (Сырдария) 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы (Бақыт) 1966 жылы жарық көрді. М. Шахановтың Балладалар (1968), Ай туып келеді (1970), Қырандар төбеге қонбайды (1974), Сенім патшалығы (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. Махаббат заңы атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974) . Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған Жұбайлар жыры, Туған күн кешінде, Гүл дәурен, Мен саған ғашық едім атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс. М. Шаханов - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972) . Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық Жалын журналының бас редакторы т. б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz