Абылай ханның саясаты туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында Қазақстанда жаңа жалпы қазақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидатура ықпалды Абылай сұлтан болатын, ол 1740 жылдың өзінде-ақ, Г. Уәлихановтың анықтауы бойынша, қазақ даласының ең беделді әміршісі болған еді. 1757 жылдың өзінде Цин империясымен ресми жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. 1770 жылы әбден қартайған Әбілмәмбет айтыс болғаннан кейін Абылай Қазақ хандығының шын мәніндегі бірден-бір билеушісіне айналды.

Абылайды сайлау қарсаңындағы қазақ хандығы. XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліскке ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары-төлеңгіттері құқығымен қоныстандырылды. Ресей билігінен Жоңғарияға қашқан еділ қалмақтарын талқандағаннан кейін сұлтанның беделі бұрынғысынан да арта түсті. Ресейдің отаршыл әкімшілігі қазақтардан қалмақтардың қайтарылуына жәрдем көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді.

Сол кезде Абылай Қытай мен Ресейдің қолдауына қол жеткізуге тырысып, халықаралық аренада белсенді әрекеттер жасады. 1768 жылдың өзінде-ақ ол цин императорының өзін «барлық қазақтар мен сұлтандардың бастығы» деп таныуына қол жеткізген еді. (28) Сонымен бірге 1769 жылдың аяғында ол Ресейден өзі үшін 10 мың адамдық армия бөлуді сұрап, оның орнына аманатқа өз балаларының бірін ұсынды. «Егер . . . бізге жау шабуыл жасаса, бізге бір сан (10 мың) немесе кем дегенде мың немесе бес жүз адам көмек көрсетілетін болады. Ал оның үстіне жоғарыда аталған бірс ан әскер, менің тірі кезімде болсын немесе менің балаларымның тірі кезінде болсын, былайша пайдаланылар еді: алыстағы жаулар үшін ­- бір сан, жақындағылары үшін - мың, ал егер онща көп болмаса - менің ішкі жауларыма қарсы - бес жүз» (29) . Сол кезде Абылай өзінің аманат баласын генерал етуді сұрады, аманаттар сұлтанның өз таңдауы бойынша екі-үш жылдан соң алмастырылып отыратын. Әрине бұл талаптар ол кезеңде іс жүзінде орындалмайтын талаптар еді, мұны сұлтан жақсы түсінді. Бұл ретте Абылай шекаралық әкімшілікке өзінің қытайлармен, түсініліп жүргеніндей, әсте де онша жақын еместігін және Ресей протекторатынан әсте де бас тартпақшы болып жүмегендігін білдірген еді.

1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылай ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар(30), Нұралы ханды қоспағанда, Кұші жүз қазақтарының билеушілері(31), Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үщ жүздің ханы болып жарияланды. А. И. Левшиннің айтқанындай, ол «оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі арқылы Әбілмәмбет қайтыс болғанан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердің де сайлауы арқылы ие болды»(32) . Сөйтіп Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.

Абылай ханның ішкі саясаты. Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз болған жоқ. сұлтандардың едәуір бөлігі, әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Мәселен, Дайыр сұлтан 1781 жылы Орынбор губернаторына Абылай «ханның қадір-қасиетін мүлде әділетсіз иеленгенін, өзінің бала кезінде бауырларымен Түркістанда болғанын, хандықтың барлық әділеттілік бойынша өзіне тиесілі» екенін жазды(33) . Наймандардың билеушісі Әбілпейіз, иелітері Обаған мен Есіл арасында орналасқан Құдайменде сұлтан тәуелсіз еді деуге болады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенің баласы Есім ммен Әбілмәмбеттің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы болған рубасылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай Ш. Уәлихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышта ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.

Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында бұл жүйе өзгере бастады, белгілі бір ру әскербасы және саяси көшбасшы етіп шақырған сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталық буындары жлементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сұлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарында қала салып, оған қарақалпақтарды қоныстандырды. Солтүстік-шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек Кіші жүзде және Орта жүздің батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында - Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары - сұлтандар билік етті.

Орталық билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші кещені - бір тұлғаның қызметіне және оның тұлға ретнідегі қасиеттеріне сүйену. Мәселен, дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмескерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Билер кеңесі мен рубасы-ақсақалдаро съезінің құқықтары едәуір шектелді. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқаларындағы кемшілік Абылайға хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Оның үстіне бүкіл басқару жүйесін соғыстар қиратып кетті деуге болатын еді. Федерализм элементтері рулық басқару принциптерімен тығыз ұштасып жатты, хан билігін бұрынғысынша билер мен сұлтандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттік машинаның орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды.

Абылай ханның сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталады. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан, Ресей протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділік көрсетуге тырысты «Қазақтар әуел бастан-ақ екіжақтылықты ұстанды, - деді цин императоры өзінің 1779 жылғы жарлығында, - . . . Абылай бізге бағынған кезде Ресей Абылайдың өз боданы екенін мәлімдеп, наразылық жіберді. Біз сонда былай деп жауап қайтардық: «Сіздер абылайды өз адамымыз дейсіздер. Егер сіздер оны жақсылап басқарсаңыздар, ол ешбір жағдайда бізге бағынуға өтпеген болар еді . . . ал сіздер, орыстар, бұған қалай кедергі жасай аласыздар?. . Егер болашақта мұндай оқиға бола қалса, сақтық жасау керек»(34) . Бір жағынан, Абылай қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарйына әлдеқайда ынталылықпен . . . ал қытай ханымен хат жазысуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз -қайсақтарға қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сиықты етіп көрсетт(35) . Хан өз иеліктерін агрессияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырсты. Мәселен, 1772 жылы ол Ресейден өзінің сырьтқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Бұл орайда ол өзінің Қытаймен өзара келісімі бар екенін былай деп хабарлады: «Қай жақтан және қандай да бір патша бізге дұшпандық әрекет немесе арсыздық жасайтын болса, оған қарсы тұратын болады және егер сол богдыханнан (Қытай императорынан) күш сұрасам, ол менің талап етуім бойынша он мыңға дейін немесе жиырма мыңға дейін болса да әскери адамдар берер еді . . . »(36) . Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Ресей де, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай ханның саясаттағы орны
Абылай хан саясаты
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Абылай ханның саясаты
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих және көркемдік шындық)
Абылай хан мемлекет қайраткері және дипломат ретінде
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ НЫҒАЮУЫ
Абылай хан: мемлекеттік қайраткер, әскери қолбасшы және дипломат
ХҮІІІ ғ. 50-ші жж. – ХІХ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси үрдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz