Конго ойпаты мен шеткі таулы қыраттардың физика-географиялық құрылымы, гидрологиясы және экологиялық мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Picture 2 Орындаған: Әбілдина Г. О.

Тексерген: Мусабаева М. Н.

Конго ойпаты және шеткі таулы қыраттар

Жоспар:

1. Физикалық-географиялық орны

2. Геологиялық құрылымы

3. Жер бедері

4. Климаты

5. Ішкі сулары

6. Экологиялық проблемалары.

1. Физикалық-географиялық орны

Физика-географиялық ел: Конго ойпаты және шеткі таулы қыраттар.

Облыстары:

1. Азанде таулы қыраты.

2. Оңтүстік-Гвинея таулы қыраты.

3. Конго ойпаты.

4. Лунда-Катанга таулы қыраты.

Бұл физика-географиялық ел экватордың екі жағында, Атлант мұхиты мен Шығыс Африка таулы қыратының арасында, Орталық Африкада орналасқан. Солтүстігінде оның шекарасы шамамен 5 ° с. е., оңтүстігіндегі шекарасы - 10 ° о. е. -тен оңтүстікке қарай кесіп өтеді. Бұл территория аумағында Конго ойпаты және оны қоршап тұрған таулы үстірттер - Конго бассейні мен басқа да африкалық өзендердің су айрығы орналасқан.

2. Геологиялық құрылымы

Құрылымдық тұрғысынан Конго ойпаты жоғарғы кембрийге дейінгі Африка платформасының синеклизасына сәйкес келеді. Жер астындағы (500-1000 м тереңдікте) платформаның кристалды фундамент шығыңқы жері синеклизаны 2 бөлікке - солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөледі, оның орталық бөліктерінде фундамент 3000 м тереңдікке дейін төмендеген. Синеклиза жоғарғы протерозой, жоғарғы палеозой және мезозой шөгінді жыныстарының қалың қабатынан тұрады, олардың бетін жұқа бос кайнозой шөгінділері жауып жатыр.

3. Жер бедері

Ойпаттың жер бедерінде бірнеше сатылар анық бөлініп байқалады. Оның ең төменгі бөлігі биіктігі 500 м аспайтын Конгоның орта ағысында кең жазықты құрайды, ол негізінен ежелгі көлдің аллювийінің қалың қабатынан тұрады, ал өзендер бойында жас аллювиалды шөгінділер бар. Жазықтың беткі қабаты толығымен тегіс, себебі өткен уақытта бұл жер Атлант мұхитына қарай ағының тапқап көлдің түбі болған. Оның қалдықтары - Маи-Ндомбе және Тумба көлдері болып табылады.

Оңтүстікте және шығыста ойпаттың орталық бөлігінің тегіс беткі қабаты бірден кертпеш рельефінен 500-1000 м биіктіктегі үстіртке ауысады.

Конго ойпаты барлық жағынан 2000 м және одан жоғары биіктікке жететін таулы қыраттармен қоршалған. Оңтүстігінде Конго мен Замбези өзен бассейндері арасындағы су айрық ретінде қызмет ететін Лунда таулы қыраты көтеріледі.

Шеткі көтерінділер мен Атлант мұхиты арасында аккумулятивті құмды ойпатты жазық орналасқан.

Пайдалы қазбалар

Пайдалы қазбалардың негізгі кен орындары Конго ойпатының шетінде, негізінен, оңтүстік-шығысында, Шаба провинциясында, Конго Демократиялық Республикасында шоғырланған. Ең үлкен құндылығы мыс рудасының кені болып табылады, бұл кен орындарының қоры өте бай және өңдеу үшін ыңғайлы болып келеді, сонымен қатар рудадағы металлдың өте жоғары құрамына ие. Мыс рудаларымен бірге қалайы да кездеседі. Жергілікті тұрғындар еуропалықтар келгенге дейін жабайы (примитивті) әдіспен мысты алған. Ойпаттың оңтүстігіндегі ежелгі кристалды жыныстарда құрамында уранның өте жоғары үлесі бар уран рудалары кездеседі. Кристалдық массивтердің шетінде алтын және алмаздар табылған. Мұнай мен битумдардың қоры Атлант мұхитының жағалауында табылған, палеозойлық шөгінділерде тас көмір бар.

4. Климаты

5. Ішкі сул Picture 2 Picture 4 ары

Сипаттамасы: Сипаттамасы
Сипаттамасы: Ұзындығы
4 374 км
Сипаттамасы: Бассейн ауданы
4 014 500 км²
Сипаттамасы: Су шығыны
41 800 м³/с
Сипаттамасы: Бастауы
Лулаба өзені Катанга таулы қыратынан (1590 м)
Сипаттамасы: Сағасы
Атлант мұхиты
Сипаттамасы: Су жүйесі
Атлант мұхиты бассейніне жатады
Сипаттамасы: Салалары

Луфира, Лувуа, Лукуга;

Ломами, Лулонго, Руки, Касаи, Арувими, Итимбири, Монгала, Убанги, Санга, Инкиси, Алима.

Конго(Заир) өзені

Тумба көлі

Тумба көлі су басқан өзен аңғарларының жүйесі ретінде қалыптасқан. Беткі ауданы шамамен 500 км², тереңдігі 2 м-ден 6 м дейін. Конго өзенінің бассейнінің бөлігі болып табылады, оған Иребу арнасы арқылы қосылған. Тумба көлінде балықтың 114 түрі кездеседі. Генри Мортон Стэнли 1883 жылы көлді зерттеген. Тумба көлінің жағалауын "монго" атты халық қоныстанған.

Маи-Ндомбе көлі

Ма́и-Ндо́мбе- Конго өзені бассейнінің батыс бөлігінде орналасқан тұщы көл. Ұзындығы шамамен 130 шақырым. Ол батпақты ойпатта орналасқан. Ауданы 2300 км2 (жаңбырлы маусымда 8 200 км2 дейін) . Көлдің солтүстігіне Лутои, Локоро, Олонго-Нсонго, Донго-Мбала, Олонголуле, Ханджа сияқты өзендер құяды. Маи-Ндомбе көлінен Фими өзені ағып шығады, ол өз кезегінде Конго өзенінің сол саласы Ква өзеніне қосылады. Маи-Ндомбе көлі шамамен 1 млн жыл бұрын қалыптасқан үлкен ағынсыз көлдің қалдығы болып табылады. Май-Ндомбе көлін алғаш 1882 жылы Генри Мортон Стэнли табады.

6. Экологиялық проблемалары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий маңы ойпаты: физика-географиясы, мұнай-газ саласының экономикалық бағасы, экологиялық мәселелері және ArcGIS-пен картографиялау
Ніл мен Конго өзендерінің географиялық сипаттамасы, гидрологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Қазақстан таулы мұздықтарының физикалық-географиялық жағдайы мен геоэкологиялық мәселелері
Арал-Каспий ойпаты: геологиялық-географиялық мәселелер мен палеогеография
Қазақстанның биік таулы аймақтары: орографиясы, геоморфологиясы және экологиялық мәселелері
Қазақстан көлдерінің типологиясы, гидрологиясы және экологиялық мәселелері: Балқаш пен Арал теңізінің жағдайы
Алакөл ойысының физикалық-географиялық сипаттамасы және экологиялық мәселелері
Каспий теңізінің географиясы, гидрологиясы, биоресурстары және антропогендік экологиялық мәселелері
Қазақстанның физикалық-географиялық аудандастыруы және таулы аймақтардың қалыптасу ерекшеліктері
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы, табиғи кешені мен экологиялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz