Қазақ-ағылшын ертегілерінің бейнелілік сипаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ-ағылшын ертегілерінің бейнелілік сипаты

Исан Дамира Алхайдарқызы

Damira_9714@mail. ru

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасы 2-курс магистранты, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі- Мұратова Г. Ә.

Ертегі- фольклордағы және әдебиеттегі ең танымал жанрлардың бірі. Халықтың даналығы мен рухы оның дәстүрі мен фольклорда көрініс тапса, ертегілерді оқу тілді ғана дамытып қоймай, сонымен қатар, олар біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады . Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер түсінуге оңай, тілі жеңіл болғандықтан ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруде атқарар қызметінің маңызы зор. Ертегілер әлемнің барлық халықтарында кездеседі және олардың өздеріне тән ұқсастықтары көп, оның ішінде адам өмірінің заңдылықтары, өмір жағдайлары, таңғажайып-жер ана жайлы, табиғат әлемі, керемет құбылыстар, этникалық жағдайлар, еңбек және ұлттық мінез бейнеленеді.

Фольклордың прозалық жанрын арнайы зерттеген фольклортанушылар еңбектеріне сүйеніп, ертегілерді бес жанрлық түрге бөлеміз: қиял-ғажайып, батырлық, хайуанаттар, новеллалық, сатиралық ертегілер. Сондай-ақ қазақ ертегілерін орыс тіліне Л. Мокеев, Н. Серебрин Л. Омелина, Е. Малюгин секілді орыс ғалымдары аударды. Қазақ ертегісі күрделі тарихи даму, архаикалық, кезеңдерден өтіп, әлеуметтік идеяларды, ұлттық дәстүрлерді жандандырып, бірте-бірте қиял- ғажайып әлеміне көшеді.

Ағылшын ертегілерінің басқа халықтың ертегілерінен ерекшелігі басым. Оларда өзге кеңістік және құрылымы, жанры мен тақырып ерекшелілгі, кейіпкерлердің ерекшеліктері беріледі. Ағылшын тілінде жазылған ертегілер ұлттық мифтер, аңыздар, балладалар түрінде кездеседі. Олар тарихи бай елдің рухани және материалдық мәдениетінің элементтерінен хабардар етеді. Мұның бәрі Англияның мәдениеті, өмірі және тарихының әр түрлі кезеңдерімен танысуға ықпал жасайды. Жалпы олар- жануарларға арналған, үй шарушылықтары жайлы және мыстандар мен алыптар жайлы таңғажайып ертегілер. Сондай-ақ, ағылшын ертегілері баллада негізінде құрылады.

Ағылшын ертегілерінің алғашқы жинақтары XIX ғасырдың соңында пайда болды. Алғаш рет ағылшын фольклорлық клубының президенті Джозеф Джейкобс (1854-1916) ағылшын тілінде жазылған ертегілердің екі томын жинап, дүйім жұртқа жариялады. В. А. Верхогляд “Ағылшын фольклоры өзге ұлттардың ықпалынсыз бола алмады”деген ойды айтқан.

Ағылшын халқының көптеген ертегілері өзге халықтардың ертегілеріне ұқсас болып келеді, мәселен неміс және француз халықтарының ертегілеріне ортақ ойлар бар. Мұның себебі Англия, Франция және Германия мемлекеттерінің тарихи байланысының тым әріден бастау алуында деген пікірді білдіреді.

Мұндай ұқсастық тек қана батыс елдеріне тән емес. Қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, қарақалпақ елдерінегі аңшы-мергендер жайлы ертегілерінің көп жағынан өзара ұқсас болуы да, осы аралас-құралас мәдени байланыс себебінен туындаған. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі сол қиял тудырған кейіпкерлер, ержүрек батырлар арқылы халықтың табиғат күштерін жеңбек болған арманы көрінеді. Ойдан құрастырылған кейіпкерлер немесе адам жегіш алыптар жөніндегі ертегілер және олармен күресушілер қарапайым халық адамы. Ағылшын халық ертегілерінде қиялдан туған алып батырлар, мейірімді жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар кейпіндегі кейіпкерлер көрсетіледі. Мысалы: ағылшан халық ертегісіндегі адам жегіштерге және қара күштерге қарсы күресуші кейіпкерді жай шаруаның ұлы Джек деп таныстырады. Джек өте күшті, қайратты, еңбексүйгіш, мейірімді, адал және шыншыл болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды халық батырлары деп атаған. «Adventures of Jack the Giant-Killer» ертегісіндегі Джек өз Отанының азаттығы үшін күрескен революционеріне айналады. Ағылшын халық ертегілеріндегі кейіпкерлер барлық кезде мұндай батырларға айнала бермей, кейде капиталистер кейпінде де таныстырылады. Мұндай кейіпкерлерді Англиядағы буржуазиялық капитализмнің дамуының бірінші кезеңіндегі капиталистерге теңейді. Мысалы: «Molly Whuppie» ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және «Jack and the Beanstalk» ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігімен бақыт сыйлайды. Ағылшын халқына тән күлкілі кейіпкерлерді де осы ертегілерден таба аламыз.

Ағылшын халық ертегісі барлық кезде, өте бақытты да баянды аяқталады. Ертегінің соңы ешқашан жағымсыз аяқталмайды. Мұның бәрі ертегі оқушыларының тәрбиесіне жақсы әсер етеді. Ертегідегі кейіпкерлер сияқты мақсаттарына жетуді армандайды. Мұндай мазмұндық ұқсастық қазақ аңыз әңгімелері мен ертегілерінен де кездеседі. Мәселен, Аязби ертегісіндегі Аяз бидің қой бағып жүрген қарапайым адам болуы. Бұл ретте халық ертегісі еңбекші бұқараға жиіркеніп қарайтын, тіпті оны адам санына қоспайтын хандар мен уәзірлердің жауыздығын әшкере ете отырып, оларға қарама-қарсы өз адамын қояды, бір-біріне салыстырулар жасайды. Ақыры ақыл-парасатының арқасында ханға уәзір болып әділ билік жүргізуі. «Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.

Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.

«Ер Төстік» ертегісі - еңбек адамының ғажайып жағдайларда жасаған ерлік істерін суреттеуге құрылған ертегі. Оны бұл ретте батырлық ертегі деуге болады. Ертегінің оқиғасы тұрмыс-салт әңгімелерінен басталып дами береді де, халық қиялынан туған сан алуан ғажайып оқиғаларды тізбектеп баяндайды. «Ер Төстік» - қара сөз және өлең аралас құрылған, халық тіліне өте бай ертегінің бірі. Мұнда әдемі теңеулер, метафоралар, сөз айшықтары өте жиі ұшырасып отырады. Аз сөзге көп мағына сыйдыра айту, түймедейді түйедей етіп көрсету, әртүрлі әсірелеу, шендестіру әдістерін қолдану - бұл ертегінің өзіне тән көркемдік ерекшелігі болып табылады. «Самұрықтың үлкендігі сондай, жайып жібергенде бір қанатының өзі айшылық жерді алып кетеді» деп, күрделі метафора арқылы үлкен портрет жасайды. Желаяқ жүгіргенде «құстай ұшып, құйындай ұйтқи» жөнеледі, жүрісіне шаң ілеспей қалады. Мұндай мысалдар «Ер Төстікте»көп кездеседі. Оның бәрі ертекшінің халықтың тіл байлығын молынан пайдалана білгендігін көрсетеді.

«Керқұла атты Кендебай» қазақ ертегілерінің ішінде өзінің тілі жағынан да, көркемдік ерекшелігі жағынан да елеулі ертегінің бірі болып саналады. Ертегінің тілі - тартымды да көркем. Мұнда халық тілінің зор байлығы толығынан пайдаланылғандығы көрінеді. Ертегінің тіл ерекшелігі - аз сөзге көп мағына сыйдыра айтып, сөз айшығын жасауында, бай тілмен көркем образ жасауында деуге болады. Ер-азамат бейнесін сомдау үшін қазақ халқы аңыз, ертегілерде батыр түсінігін шебер жұмсай білгендігі аңғарылады. Мысалы, «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде кейіпкердің ғажайып өсуі былайша суреттеледі: «Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті: алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті: алты жылда алып жігіт болыпты» - дейді. "Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың көзіне тигізген мерген болыпты . . . ". Осылайша ертегіде теңеу, әсірелеу, метафора сияқты лексикалық құралдарды байқауға болады. Кендебайдың ер жетіп, халыққа қызмет еткен кезін ертегі: «Ол мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты, қысылғанға жәрдем беріпті, өзімдікі дегенді білмепті, жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты» деп суреттейді. Мұндай сөйлемдер ертегіде жиі ұшырайды. Бұл ертегінің көп заман бойына қалыптасып шынайыланғандығын, әдебиеттік тілдің дәрежесіне көтерілгендігін дәлелдейді.

«Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінде қарапайым бақташы шаруаның ғажайып ерліктері суреттеледі. Ертегінің бас кейіпкері - қойшы бала. Оның істері бір жақты алынбай, хан мен уәзірлерге қарама-қарсы қою ретінде жан-жақты алынады. Халық өз арасынан шыққан қойшыны, оның ақылын, батылдық қимылдарын, өжет өнерін жоғары бағалайды; хан мен уәзірден артық екендігін айқындайды. Ертегіде айтылатын әңгімелердің бәрі де қойшы баланың төңірегіне топтастырылып, оның еңбегін, ерлік істерін тізбектеп баяндауға құрылған. «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінде қойшы баланың образы жағымды болып жасалса, оған қарама-қарсы хан мен уәзірдің жексұрындық іс-әрекеттері суреттеледі. Хан да, уәзір де халықтың жаулары екендігі бейнеленеді.

Қазақ ертегілерінде мергендік тек ер адамдарға ғана емес, сондай-ақ қыздарға да тән қабілет екені және қайсы бір жағдайларда қыздардың мергендігінің ер жігіттердікінен асып түсетіні сюжеттерде көрініс береді: "Патшаға келді, келсе, қанша жамағат тұрған ділдәні атып жатыр екен, дәл тигізе алмайды. Келді де Төстік батыр атты, жақын жанына жетті. Сонан соң Дудар қыз атты, ділдә шылдырлап жерге түсті" ("Дудар қыз" ертегісі) . Бұл келтірілген үзіндіде мергендіктің шарты "құралайды көзден ату" емес, "терек басына ілінген ділдәні атып түсіру" болып табылады. Бұл орайда, Дудар қыздың өнері ер жігіт Төстік батырдан асып түседі. Сондай-ақ, аңшылық кезінде де қыздың мергендігі ер жігіттен асып түсуі таңқаларлық құбылыс емес болғанын көреміз: "Екеуі аң атты, қыз бір атқанда екеуін атты, анау жігіт, Төстік батыр, біреуін атты" ("Дудар қыз" ертегісі) . Яғни көне уақыттарда мергендікке гендерлік жіктелім тән емес екендігін байқауға болады. Ал "Құламерген" ертегісінде бас кейіпкер - Құламерген батыр, ол өзі аңшы болады. Бұдан мергендіктің негізінен аңшылықпен байланысты пайда болған түсінік екенін көреміз. Бұған дәлел "Есекмерген" ертегісінен де табылады: "Бала жас болса да, батыр, құралайды көзге ататын мерген екен. Өзіне-өзі сенімді, орманды емін-еркін аралап, құс атып алады, оларды пісіріп жейді" ("Есекмерген" ертегісі) . Аталмыш батыр алыптар жайындағы ғажайып ертегілерінде «қаһарманның бейнесі, ол алып денелі, «суға салса - батпайтын, қылышпен шапса - өлмейтін» ғажайып адам, оның тұлпары да керемет, адамға тән даналыққа ие, кез келген жәндікке, затқа, адамға айнала алады, батырдың жәрдемшісі, ақылшысы - батырды жау қолынан құтқарады» деген тіркестер арқылы бейнеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фольклордың шағын жанрлары
Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістері
Ертегіні оқытудың тиімді жолдары
Фольклор және топонимика
Фразеологиялық бірліктердің көлемі
Тіл философиясы – тілдің философиялық қызметі жөніндегі ғылым
Ағылшын ертегілеріне саяхат
Ағылшын және қазақ тілінде тағамдық метафоралардың лингвомәдени аспектісін зерттеу
Халық ауыз әдебиеті туралы
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz