ҮШ ТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҮШТІЛДІЛІК - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Бух-РП-31к тобының студенті
АУГАМБАЕВА Д.М.
Ғылыми жетекші
ДЖОЛДАСПАЕВА С.Д.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің
Экономика, бизнес және құқық колледжі

Тіліміздің одан әрі өркендеп, дамуы біздің қолымызда және ол үнемі өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра отырып, туған тілдің тұғырын биіктету мақсатында латын әліпбиіне көшу мәселесін талқыламақпын. Бұл ғылыми жобамда латын әліпбиіне көшуіміздің себебін, оның пайдалы жақтарын, қиыншылық тудыратын тұстарын атап, қарастырамын. Ал енді тілді қарым-қатынас құралы ретінде қарастырып, тақырыбымды айқындай түсейін.
Тіл - қоғамның ең қажетті қатынас құралы.Адамның ой - өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Сондықтан қоғамды дамытудың басты ұстанымы - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. Өнер алды - қызыл тіл - деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Қазақстан Республикасы Президентінің Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында : Тілді дамыту Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі, сондай - ақ мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде деп тұжырымдайды.
Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан - 2050 Стратегиясы қалыптасқан Мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында: Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады - деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы 12 сәуірде Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында: Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық деп айтқан еді.
Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің орын алуы өте заңды. Соның арқасында көпшілік осы бір күрделі мәселеге орай өзінің көзқарасын қалыптастырады. Алайда анық болатын бір мәселе бар. Ол - қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне көшеді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында анық айтты, яғни бір сұрақтың басы айқындалды. Президенттің Қазақстан-2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы Тәуелсіздік күні қарсаңында 14 желтоқсанда болды. Жолдауда Қазақ елінің болашақ даму стратегиясы айқындалды, соның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды пікір айтылды.
Шын мәнінде, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Латынға көшу арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтай аламыз.Алдымен бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар. Ол поштамыз кирил, араб, немесе басқа емес, латынмен жазылған. Астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі әріптер латынмен берілген. Куәлігіміз бен паспортымызда латын әліпбиі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады, яғни латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал латынның бізге берерінің толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей:
* Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
* Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер
Қазақстандағы үш тілділік жайлы
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Үш тілді білім беру - заман талабы
Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы
Тіл білудің маңызы
Тіл – ұлттың тірегі
Қостілділіктің ежелгі бастаулары
Жаһандану үдерістерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы
Xимия пәнін үш тілде үндестіре оқыту
Пәндер