Жанұя тәрбиесінің негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Гуманитарлық факультет

Шетел және Орыс филологиясы кафедрасы

ЭССЕ

Тақырыбы:

Жаңұя тәрбиесінің негіздері

Орындаған: Ақжігітова А. Е.

Тобы: ДЯ-901

Тексерген: Тайбуринова А. Г.

Семей, 2020

Отбасы - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын,

адамның ең басты шаттығы болып саналатын

балалардың өсіп, өмір сүретін орны.

Антон Семенович Макаренко

Отбасы адам шыр етіп дүниеге келгеннен кейін түсетін алғашқы әлеуметтік ортасы. Отбасы жеке тұлға мен қоғамның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі болып есептеледі. Отбасы балаға өмірлік мақсаттар мен құндылықтар деген не, не білу керек және өзін-өзі қалай ұстау керек деген сауалдарға жауап беріп, балаға алғашқы түсініктер береді. Әр бүлдіршін әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен келетін туа бітті қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесі арқасында бойына сіңіреді. Ата-аналардың балаға беретін түсініктемелері мен тәлімдері, олардың өмірлік тәжірибесінен алынған мысалдары, үйдегі атмосфера және отбасылық ахуал жанұя тәрбиесінің негізгі компоненттері болып табылады. Сол компоненттердің дұрыс не бұрыс қолданылуына байланысты балада лайықты және лайықсыз, әділ және әділетсіз мінез-құлық, жағымды және жағымсыз әдеттері қалыптасады. Жанұяда берілетін тәрбиенің іргетасын құрайтын негізгі апектілерге тоқталып өтсем . . .

Үйдегі атмосфераның қолайлы болуы және отбасылық ахуалдың жоғары деңгейі отбасындағы тәрбиеде ең маңызды рөл атқарады деп есептеймін. Отбасы - ол әр адам үшін қайтып келе алатын жердің концепциясы емес, ол адамды жақсы көретін, қорғайтын, түсінетін басқа адамдар тұратын жердің концепциясы. Сондықтан, бала тәрбиесіне отбасы өте қатты әсер етеді, себебі отбасы - бұл балалар үшін ең жақын және ең басты орта. Біз білетініміздей, балалар әлеуметтік мінез-құлыққа және өздерін қоршаған адамдарға өте жақсы еліктейді. Сол себептен де, отбасы үйлесімді әрі жарасымды болуы қажет. Сондай жағдайларда ғана бала дұрыс тәрбиеленеді. Отбасындағы атмосферасы екі түрлі отбасыны қарастырайық. Бірінші отбасыда отбасы мүшелері арасында сыйластық мен махаббат сезімдері күшті делік. Ондай отбасы балаларының өсіп-дамуына барлық жағдайды жасайды, балаға жеке тұлға ретінде түсіністікпен және құрметпен қарайды, эмоционалды және материалды қолдау көрсетеді, физикалық немесе эмоционалды абьюзге жол бермейді, жақсы үлгі көрсетеді. Ал екінші отбасыда үйлесім қатты байқалмайды делік. Ата-аналары ажырасып жатқан немесе материалды жағдайлары төмен, күнделікті табыс табудың қамын ойлайтын отбасыда бала тәрбиесіне көп назар аударыла бермейді. Ондай жанұядағы балалар көбіне мектептегі мұғалімдеріне, өздерінің құрбы-құрдастарына еліктеп, ата-аналарының көп қатысуынсыз тәрбиеленеді. Алайда «Әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деген халық нақылын, «Отбасынан кеткен қателікті ешбір мектеп түзей алмайды» деген Мұхтар Арынның қанатты сөзін естен шығармаған жөн. Сондықтан жұмыс қаншалықты ауыр болса да, қаншалықты қажып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс, себебі бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны бір төбе және оның орнын басқа ешкім баса алмайды.

Жанұялық тәрбиенің тағы бір негізі - ата-ананың жауапкершілікті сезінуі. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамау, яғни өз баласын лайықты деңгейде тәрбиелеуді мемлекет алдыңдағы борышы ретінде қабылдау. Отбасыда қалай тәрбиеленуіне байланысты бала болашақта еңбекқор, мейірімді, өз елінің патриоты болуы мүмкін немесе өз мүдделерінің ғана қорғалуын көздейтін эгоист болып қалыптасуы да әбден мүмкін. Бала тәрбиесі - өте көп еңбекті, уақытты, шыдамдылықты талап ететін процесс. Әр ата-ана осындай елеулі жауапкершілікті мойындай білу керек. Көбіне жас ата-аналар жұмыс бабымен жүріп, өз балаларының тәрбиесін әжелері мен апаларына жүктейді. Ата-апалары балаға қаншалықты жақсы қараса да балаға ата-анасы ден қойып мән бермесе, бұл іс нәтижелі болмайтыны айдан анық. Сондықтан да, ата-аналарға тәрбиенің педагогикалық негіздерін түсіндіретін тренингтердің жүргізілуі қажет деп ойлаймын.

Қорытындылайтын болсам, әлеуметтік тәрбиенің қаншалықты нәтижелі екені маңызды емес, себебі оның басты мақсаты - адам идеалын қалыптастыру. Ал, баланы тұлға ретінде қалыптастыру отбасы ішінде, ата-ананың махаббаты мен қамқорлығының астында жүзеге асады. Өйткені, ол көргенін және естіген қайталайды, ересектерге еліктейді. Және осы еліктеу кезеңі баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Отбасындағы тәрбие процесі - шектеусіз процесс. Оның басы да, соңы да жоқ. Балалар үшін ата-аналар - бұл әлі дақ жұқпаған, өмірлік идеал. Отбасы, сонымен қатар, баланың тәрбиесіне барлық қатысушылардың: мектептің, мұғалімдерінің, достарының беретін тәрбиесін үйлестіруші болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Отбасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz