Астана - тәуелсіздік символы


С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ СГД КАФЕДРАСЫ
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Астана - тәуелсіздік символы
Орындаған:Амантайқызы Аяулым
Факультет:Жалпы медицина
Курс:1
Топ:ЖМ19-017-1к
Тексерген:Баян Есекермисова
Астана - тәуелсіздік символы
Жоспар:
- Қазақтың өз таңдауы өз қолында.
- Астананың Ақмолаға көшірілу себебі.
- Астананың әлемдік аренаға шығуы.
- Астана қаласы Тәуелсіздіктің жемісі
- Астананың жаңа атауы.
- Қорытынды.
Астана - жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына, халықтың санасын жаңғыртқан жасампаз да, көркем қалаға айналды. Ел Тәуелсіздігінен кейінгі астананы ауыстыру бас қаланы қайта жаңғыртуды ғана емес, ең алдымен, қазақтың өз таңдауы өз қолында екендігін көрсетті. Сөйтіп, Тәуелсіздіктің үшінші жылында Президент Н. Ә. Назарбаевтың астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы идеясы алғаш рет жарияланды. Кейінен Қараөткел мен Нұра бойындағы Ақмолаға тәуелсіз мемлекеттің жаңа Астанасы келіп орнықты.
Астана Алматыдан Ақмолаға неге көшірілді? Оған себеп Ақмоланың еліміздің кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы болды. Міне, содан бері біршама жылды артқа тастап астанамыз әлем елдеріне танымал бола бастады.
Менің ойымша, Астананың қазіргі деңгейге жеткені - тәуелсіздіктің жемісінің көрінісі. Тәуелсіздік жылдарында Астана Елордасы болып қалыптасуда қандай жолдардан өтті? Осы жолдарда қолдаушы және қозғаушы күші қалай көрінді? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, Астананың тәуелсіздіктің жемісі екендігін дәлелдейін.
Біріншіден, Астананың әлемдік аренаға шығуына Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың қосқан үлесі зор. Себебі, Елбасының қолдауымен Астанада халықаралық маңызы бар түрлі форумдар мен шаралар өтті. Атап айтсақ, 2010 жылы Саммиттің өтуі, жетінші Қысқы Азияданың өтуі, «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияның өтуі - осының айғағы. 2017 өткізілген ЭКСПО халықаралық көрмесінің Астана қаласында өтуі бас қаламыздың жемісінің бір көрінісі емес пе? Осындай әлемдік деңгейдегі шаралардың Астанамызда өткізілуі Астананың мәртбесін биіктете түседі. Тәуелсіз қазақ елінің бірлігін, ынтымақтастығын көрсетеді. Біз тәуелсіз елдің болашағымыз. Біздің еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп, көптеген жеткістіктерге аз ғана жылдар ішінде қол жеткізіп келеді. Олардың барлығын тізбектеп айту мүмкін емес те шығар. Атап айтар болсақ, еліміздің қол жеткізген жетістіктерінің бірден-бірі Елордамыз Астана. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.
Астана қаласының Тәуелсіздіктің жемісі екендігін айқындайтын дәлелдің бірі әлемдік деңгейдегі сәулет кешендерінің бой көтеруінде деп ойлаймын. Бір ғана қазақ халқын емес, шет елдік азаматтарды да таң қалдырған «Бәйтерек пен «Пирамида» сияқты ұлттық рухты насихаттайтын кешендердің әдемілігі әлем елдеріне танымал болды. Сонымен қатар, Астанамыздың 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атануы, 2012 жылы ТМД елдерінің «Мәдени Астанасы» құрметіне ие болуы- Астана қаласының басты игіліктерінің бірі. Астана қаласының осындайлық аз жыл ішінде жоғары деңгейде дамуы, әрине, Елбасы мен тәуелсіз қазақ елінің арқасында деп ойлаймын. Биылғы жылы астанамыздың атының өзгеруі астанамыздың тәуелсіздігінің символының дәлелі іспеттес.
Нұр-сұлтан тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырамайтын егіздердей. Еліміздің астанасы біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Нұр- сұлтан барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен тәуелсіздігіміздің символы болып табылады.
Ойымды қорытындылай келе, Астана - Тәуелсіздіктің жемісі екендігіне толықтай қосыламын. Жоғарыдағы дәлелдер жас қала Астананың бірнеше жыл ішінде халықаралық деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Тәуелсіздіктің өзі не бір «тар жол тайғақтардан» өткені сияқты, Астана қаласы қалыптасу жолында да өзіндік қиыншылықтардан өтті. Десе де, Елбасы мен халық бірлесе отырып, кедергілер мен қиындықтарды жеңе білдік. Соның нәтижесінде бүгінгі күні Есіліміздің бойында еңсесін тік ұстап астанамыз биік тұр. Жайнай бер, Мәңгілік елдің Мәңгілік қаласы!
Пайдаланылған әдебиеттер:
- e-history. kz Қазақстан тарихы порталы
- massaget. kz
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz