Кәсіпорынның құрылымдалған кабельдік жүйелері мен желілерін жобалау, монтаждау, қызмет көрсету және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның құрылымдалған кабельдік жүйелері мен желілерін жобалау, монтаждау, қызмет көрсету және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету.

1. Жалпы ережелер 1. Жүйелік және желілік басқару кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын құрастыру, оның ішінде кәсіпорындарда қызметкерлерді оқыту, білім беру ұйымдарының жұмыскерлері мен түлектерін сертификаттау, қызметкерлерді басқару саласындағы міндеттердің кең ауқымын шешуге арналған. Осы кәсіби стандарт негізінде ұйымдар кәсіби білім деңгейін, еңбек қызметінің тізімін, өндіріс ұйымының ерекшелігін ескере отырып білімі мен дағдыларын, еңбек пен басқардуы, олардың жауапкершілігін нақтылаумен қызметкерлерге корпоративтік кәсіби стандарттарды ішкі қолдану үшін әзірлей алады. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) брандмауэр - ғаламтор немесе желі арқылы кіретін деректерді тексеруші бағдарламалық немесе аппараттық кешен, және брандмауэрдің параметріне байланысты оларды компьютерге енгізуге рұқсат береді немесе тыйым салады; 2) біліктілік - жұмыскердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындығының дәрежесі; 3) біліктілік деңгейі - еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығы; 4) домен бақылаушы - компьютерлік желінің саласын бақылаушы сервер (домен); 5) еңбек функциясы - еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 6) кәсіби кіші топ - еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы; 7) кәсіби стандарт - кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбектің мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 8) кәсіби топ - жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын талап ететін кәсіби кіші топтардың жиынтығы; 9) кәсіп - арнайы дайындықтың нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі; 10) кластер - белгілі бір қасиеттерге ие дербес бірлік ретінде қаралуы мүмкін біріккен бірнеше біртекті элементтер; 11) қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі - өту нүктелері: есіктер, қақпалар, ПББ және басқалары арқылы берілген аумақта объектілердің (адамдардың, көліктің) кіруін-шығуын тіркеу және шектеу мақсаты бар қауіпсіздіктің бағдарламалық-аппараттық техникалық құралдарының жиынтығы; 12) салалық біліктілік шеңбері - салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 13) ұлттық біліктілік жүйесі - мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы; 14) ұлттық біліктілік шеңбері - еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау. 3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады: 1) СБШ - салалық біліктілік шеңбері; 2) КС - кәсіби стандарт; 3) БА - басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; 4) БҚ - бағдарламалық қамтамасыз ету; 5) ДБ - деректер базасы; 6) ОЖ - операциялық жүйе; 7) ЖЕЖ - жергілікті есептеу желілері; 8) АҚ - ақпараттық қауіпсіздік; 9) АЖ - ақпараттық жүйелер; 10) ҚББЖ - қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі; 11) Wi-Fi - жергілікті сымсыз желілерді ұйымдастыру үшін кең жолақты радиобайланысқа арналған жабдықтың стандарты; 12) ҚКЖ - құрылымдалған кабельдік жүйе; 13) АТС - автоматтандырылған телефон станциясы; 14) IP-жүйе - жергілікті желіге қосу үшін сандық камералармен, бейне процессорлармен, аудио процессорлармен, желілік карталармен жұмыс істеуге арналған операциялық жүйе. 2. Кәсіби стандарттың төлқұжаты 4. КС атауы: Жүйелік және желілік басқару. 5. КС әзірлеудің мақсаты: Қызметкерлердің біліміне, білігіне, дағдыларына және жеке құзыреттіліктеріне еңбек міндеттерінің, тиісті талаптардың жүйелік және құрылымдық сипаттауы. 6. КС қысқаша сипаттамасы: 1) компьютерлік, сырттағы жабдықты және БҚ қызмет көрсетуді қоса алғанда, кәсіпорынның компьютерлік желісін жобалау, монтаждау, қызмет көрсету және оның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету; 2) желілік жабдыққа қызмет көрсетуді ,қоса алғанда кәсіпорынның құрылымдалған кабельдік жүйелері мен желілерін жобалау, монтаждау, қызмет көрсету және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету. 7. Негізгі топ: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Кәсіби топ: БҚ енгізу және қолдау. Кәсіби кіші топ: Жүйелік және желілік басқару. 3. Кәсіп карточкалары 8. Кәсіптер тізбесі: 1) Жүйелік әкімгер, СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі; 2) Жүйелік әкімгер, СБШ бойынша біліктіліктің 5 деңгейі; 3) Жүйелік әкімгер, СБШ бойынша біліктіліктің 6 деңгейі; 4) Желілік әкімгер, СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі; 5) Желілік әкімгер, СБШ бойынша біліктіліктің 5 деңгейі; 6) Желілік әкімгер, СБШ бойынша біліктіліктің 6 деңгейі; Кәсіптер карточкалары осы Кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген. Жүйелік және желілік басқару кәсіби стандартына қосымша ЖҮЙЕЛІК ӘКІМГЕР КӘСІП КАРТОЧКАСЫ Кәсібінің коды: 2139 Басқа топтарға кірмеген IT-мамандар Кәсібінің атауы: Жүйелік әкімгер СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4. Техникалық және кәсіби білім, практикалық тәжірибесіз БА бойынша біліктілік деңгейі: БА бойынша 173 тармақ, Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 25 маусымда № 7755 тіркелген Еңбек функциялары 1) Ұйымның ЖЕЖ монтаждау және қызмет көрсету. 2) Ұйымның серверлік жабдығын құрамдау, монтаждау, ретке келтіру және қызмет көрсету. 3) Ұйымның ҚББЖ, бейнебақылау жүйесін монтаждау, ретке келтіру және қызмет көрсету. 4) Ұйымда жүйелік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 1-еңбек функциясы Ұйымның ЖЕЖ монтаждау және қызмет көрсету Білігі мен дағдылары: 1. Компьютерлік жабдықты орнату, шалғайдағы құрылғыларды қосу және ретке келтіру. 2. Ұйымның жұмыс станцияларында алдын-алу жұмыстарын жүргізу. 3. Ұйымның компьютерлік, серверлік жабдығын және шалғайдағы құрылғысын ұсақ жөндеуден өткізу. 4. Ұйымның бұзылған компьютерлік, серверлік жабдығын және шалғайдағы құрылғысын ком жабдықтарды жөндеуге өтінім жазу. 5. Ұйымның жөндеуден келген компьютерлік, серверлік жабдығының және шалғайдағы құрылғысының техникалық жай-күйін бақылау. 6. Жаңа жұмыс орындарын орналастыру және ауыстыру. 7. Деректерді уақытылы көшіру, мұрағаттау және резервте сақтау. 8. Қоллданушылар мен БҚ қателерін анықтау және оларды түзету бойынша шаралар қолдану. 9. Желілік жабдықтарды жаңғырту және сатып алу бойынша ұсыныстар әзірлеу. 10.Жаһандық және жергілікті желілерге қолдетімділікті ұйымдастыру. 11.Желілердің (ЖЕЖ, жұмыс станциялары, БҚ, компьютерлік, серверлік жабдық және шалғайдағы құрылғы) тоқтаусыз қызмет етуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. 12.Wi-Fi сымсыз компьютерлік желілерінің жабдықтарын орнату және ретке келтіру. Білімі: 1. АЖ және желілік жабдықтардың негізін. 2. Қолданбалы (жүйелік) БҚ. 3. Компьютерлік, серверлік жабдықтың және шалғайдағы құрылғының техникалықпайдалану сипаттамасын, құрылылымдық ерекшеліктерін, арналуын және жұмыс режимін, оларды техникалық пайдалану ережесін. 4. Компьютерлік жабдықты қолдану және жөндеу мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды. 5. Дербес компьютерлердің және шалғайдағы құрылғылардың әр түрлі компоненттерін жөндеу және қызмет көрсету тәртібін. 6. Шалғайдағы құрылғыларды орнатудың ерекшеліктерін. 7. Компьютерлік жабдықтың шалғайдағы құрылғыларды бөлшектеу ережелерін. 8. Wi-Fi желілерін құруды. 9. ҚКЖ құрылғыларын. 10.Аппараттық және ЖЕЖ БҚ. 2-еңбек функциясы Ұйымның серверлік жабдығын құрамдау, монтаждау, ретке келтіру және қызмет көрсету Білігі мен дағдылары: 1. Серверлердің БҚ жаңарту. 2. Серверлерге қызмет көрсету бойынша алдыналу жұмыстарын жүргізу. 3. Виртуалды серверлердің кластерлеріне қызмет көрсету. 4. Серверлерде және жұмыс станцияларында БҚ жұмысына қажеттілерді және ОЖ орнату. 5. Серверлік және клиенттік ОЖ қызмет көрсету. 6. Серверлер мен жұмыс станцияларында БҚ конфигурациялау. 7. Серверлер мен жұмыс станцияларының БҚ жұмысқа қабілетті жай-күйін қолдау. 8. Жасалған жұмыстың нәтижелері бойынша есептік құжаттама әзірлеу. Білімі: 1. Желілік технологиялар мен желілік сервистердің негізін. 2. ОЖ басқару деңгейіндегі серверлік ОЖ. 3. Желілік жабдықты және желілерді құру қағидаттарын, желілердегі ақаулардың диагностикасын. 4. Заманауи серверлік жабдықты, серверлерді ретке келтіру және қолдау тәжірибесін. 5. Бағдарламалау тілдері мен әдістерін. 6. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларды. 3-еңбек функциясы Ұйымның ҚББЖ, бейнебақылау жүйесін монтаждау, ретке келтіру және қызмет көрсету Білігі мен дағдылары: 1. Бейнебақылау кабельдерін төсеу және бейнебақылау камераларын монтаждау. 2. Кабельдерді төсеу және ҚББЖ жабдығын монтаждау. 3. Бейнебақылау жүйесі жабдықтарын, ҚББЖ кепілдіктен кейінгі техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу. 4. Сыртқы бүлінудің барын анықтау мақсатында бейнебақылау жүйесінің барлық құрамдас жабдықтарына алдын-алу шараларын өткізу, негізгі компоненттерін (бейнекамералар, коммутаторлар, платалар, мониторлар) тестілеу және диагностика жүргізу. Білімі: 1. Бейнебақылау жүйелерін, ҚББЖ. 2. Ұйымның компьютерлік жабдығының сипаттамасын. 3. Басқарылмайтынбасқарылатын коммутаторлардың жұмысын, жергілікті желілерді, бейнебақылаудың аналогты және ІР-жүйелерін құрастыруды. 4-еңбек функциясы Ұйымда жүйелік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Білігі мен дағдылары: 1. Антивирустық БҚ орнату және ретке келтіру. 2. Қажет емес хабарламаларды сүзуге арналған БҚ орнату. 3. Жоспарлы резервтік көшіру рәсімдерін орындау. 4. Жүйелік қауіпсіздікті қамтамасыз ету (рұқсат етілмеген қолжетімділіктен, жүйелік файлдар мен деректерді қараудан және өзгертуден қорғау). 5. Ұйым ақпаратының сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету. Білімі: 1. Антивирустық бағдарламаларды. 2. Резервтік көшіру және деректерді қорғау жүйелерін. 3. Деректерді қалпына келтіру құралдарын. 4. АЖ жұмыс істеу қауіпсіздігінің негіздерін. 5. ОЖ басқару негіздерін. Тұлғалық құзыреттілікке қойылатын талаптар Ұйымдастыру қабілеті, бастама танытушылық, мұқияттылық, жауапкершілік, тәртіпке бағыну, атқарушылық, нәтижеге бағдарлану, командада жұмыс істей білу№ СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс - ЖҮЙЕЛІК ӘКІМГЕР КӘСІП КАРТОЧКАСЫ Кәсібінің коды: 2139 Басқа топтарға кірмеген IT-мамандар Кәсібінің атауы: Жүйелік әкімгер СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 5. Техникалық және кәсіби білім, практикалық тәжірибемен Жоғары білім, қосымша кәсіби білім бағдарламалары, практикалық тәжірибесіз БА бойынша біліктілік деңгейі: БА бойынша 173 тармақ, Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 25 маусымда № 7755 тіркелген Еңбек функциялары 1) Ұйымның ЖЕЖ жобалау, монтаждау және қызмет көрсету. 2) Ұйымның серверлік жабдығын құрамдау, монтаждау, ретке келтіру және қызмет көрсету. 3) Ұйымның бейнебақылау жүйелерін, ҚББЖ монтаждау, ретке келтіру және қызмет көрсету. 4) Ұйымда жүйелік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 1-еңбек функциясы Ұйымның ЖЕЖ жобалау, монтаждау және қызмет көрсету Білігі мен дағдылары: 1. Белсенді жабдықты, серверлерді, коммутаторларды, үздіксіз қуат көздерін орнату. 2. ЖЕЖ пайдаланушыларының жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмыс станцияларында БҚ орнату және ретке келтіру. 3. Шалғайдағы құрылғылардың бағдарламалық ақауларын түзету және жою. 4. Тұтас ЖЕЖ және әрбір элементінің жұмыс қабілеттілігін тексеру. 5. ЖЕЖ құру нұсқаларын таңдау. 6. Пайдалану құжаттамасын жүргізу. 7. Қашықтағы кеңселерді құру. 8. ЖЕЖ, компьютерлік жабдықпен, шалғайдағы құрылғылармен және БҚ жұмыс істеу мәселелері бойынша қызметкерлерге кеңес беру. Білімі: 1. Ақпараттың барлық түрін беру хаттамаларын. 2. Жергілікті компьютерлік желілерді монтаждауды. 3. ЖЕЖ, ҚКЖ жобалауды, монтаждауды және ретке келтіруді. 4. ЖЕЖ технологияларының негіздерін. 2-еңбек функциясы Ұйымның серверлік жабдығын құрамдау, монтаждау, ретке келтіру және қызмет көрсету Білігі мен дағдылары: 1. Серверлік жабдықты және оның БҚ таңдау және құрамдау. 2. Серверлерді орнату және ретке келтіру (файлдық, ДБ, пошталық, терминалды, ғаламторға қолжетімділік, веб-серверлерді және т.б). 3. Ұйымның серверлерінің жұмыс қабілеттілігін бақылау. 4. Серверлік және клиенттік ОЖ қызмет көрсету. 5. Серверде БҚ тексеру. 6. Виртуалдау жүйесін өрістету, қолданыстағы физикалық серверлерді виртуалды инфрақұрылымға көшіп-қондыру. 7. Виртуалды серверлердің резервтік көшірме жасау жүйелерін өрістету. 8. Серверлік жабдықты басқарудың міндеттерін автоматтандыру. 9. Серверлік БҚ пішінін және қауіпсіздік саясатын ретке келтіру. 10.БҚ ақауынан және форс-мажорлық жағдайлардан кейін серверлік жабдықты қалпына келтіру жоспарларын тестілеу және орындау. 11.Жабдық пен БҚ істен шыққанда, тоқтап қалғанда және апаттарда бизнесті үздіксіздігін қамтамасыз ету. 12.Ұйымның серверлік жабдығын мониторингілеу және диагностикалау. 13.Серверлік ОЖ орнату және ретке келтіру. Білімі: 1. Серверлік БҚ. 2. Резервтік көшірме жасау жүйелерін. 3-еңбек функциясы Ұйымның бейнебақылау жүйелерін, ҚББЖ монтаждау, ретке келтіру және қызмет көрсету Білігі мен дағдылары: 1. Бейнебақылау жүйелерін, ҚББЖ кепілдіктен кейінгі техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу. 2. Бейнебақылау жүйесі, ҚББЖ үшін жабдықты монтаждау және БҚ ретке келтіру. 3. Бейнебақылау жүйесінің, ҚББЖ ақауларын және қазіргі жай-күйін диагшностикалау. 4. Бейнебақылау жүйесін, ҚББЖ пайдаланушылардың ДБ құру және жүргізу. Білімі: 1. Бейнебақылау жүйесінің, ҚББЖ БҚ ретке келтіру және жабдықты монтаждау тәсілдерін. 2. Компьютерлік, серверлік жабдықтың және шалғайдағы құрылғының, БҚ, бейнебақылау жүйелерінің, ҚББЖ ақауларын диагностикалау құралдары мен тәсілдерін. 3. ДБ негіздерін. 4-еңбек функциясы Ұйымда жүйелік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Білігі мен дағдылары: 1. Бағдарламалық брандмауэрлерді орнату және ретке келтіру. 2. Ұйымда АЖ қолданушыларының қолжетімділік құқықтарын басқару. 3. Резервтік көшірмен жасау және деректерді қалпына келтіру рәсімдерін құру. 4. Ұйымда компьютерлік, серверлік жабдықтың және шалғайдағы құрылғының және АЖ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кабельдік теледидарлы желі технологиясы
Желілік топологияға шолу
Ақпаратты қорғау жүйесі
Бүйірден жарқырау кабелі
Сымсыз оптикалық байланыс арналары
Электрмен жабдықтаудың аралас схемасы
Электр желісінің құрылымдары
Кәсіпорын құжат айналымының инфроқұрылымын жақсарту жолдары
Металл бұйымдары зауыты
Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау
Пәндер