Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория. Томас Мор. Т. Кампанелла



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Практикалық сабақ №12. Қоғам философиялық ұғым ретінде

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория. Томас Мор. Т.Кампанелла

Қайта өрлеу дәуірінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-утопизм.Томас Мор, Томмазо Кампанелла сияқты ойшылдар адамдардың жақсы өмір сүруіне, бостандығына кедергі келтіретін қоғамдық құрылысты сынап, утопияға ұрынды. Т.Мор өзінің "Утопия"деген еңбегінде демократиялық басқаруға, тепе- теңдікке негізделген утопиялық мемлекетті сипаттайды. Мордың айтуынша, беймәлім аралда әділетті қоғам орнатылған. Онда бай да, кедей де жоқ. Меншіктің түрі - қоғамдық ортақ меншік. Еңбек нәтижелері тең бөліске түседі. Алайда, Мор ортағасырлық қол еңбегінен басқа жұмыстың түрін білмеді. Сондықтан да оның "Утопиясы" қарабайыр, өнімсіз еңбекке негізделген қоғамды дәріптеген болып шығады. Әрине, Морды болашақ техникалық дамуды болжап біле алмады деп кінәлауға болмайды. Оның қияли социализмі еңбекші халық үшін тек арман болып қалған тоқшылыққа негізделген әдетті қоғам құруды уағыздайды, ол сонысымен ерекшеленеді.
Мордың жолын қуған Т. Кампанелла 1599 жылы Испания үстемдігіне қарсы көтерілген халықтың көсемі ретінде ұсталып, абақтыға жабылған. 27 жыл бойы бас еркіндігінен айырылған Кампанелла барлық жазаның түріне көндікті де, мойымады да. Ол абақтыда өзінің атақты "Күн қаласын" жазды. Кітаптың идеялары итальян еңбекшілерінің жағдайын қайткен күнде жақсартуға болады деген арманнан туғаны ақиқат. Өзінің мазмұны жағынан "Күн қаласы" Мордың "Утопиясына" өте ұқсас, негізгі идеялары бір-бірімен сәйкес. Екі кітапта да қарапайым қол еңбегіне, қоғамдық ортақ меншікке, тең бөліске негізделген ортағасырлық шаруалардың арманы болған қоңыржай тірлік суреттеледі. Екі кітапта да қорғаныс мәселесіне көп көңіл бөлінеді.Т.Кампанелла "Күн қаласы" деген еңбегінде жеке меншік жойылған қоғамдық меншік еңбекті тең бөлісу т.б.мәселелерді қозғайды. Адамзаттың бірлігі мен игілігін армандайды.
Ағылшын гуманисі Томас Мор (1478-1535) -- Эразм Роттердамскийдің Досы, әйгілі Утопия еңбегінің авторьі. Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мүғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған. Еңбегін бағалаған қоғамдастары оны парламент палатасына сайлады. Батыл саяси көзқарастары үшін 1535-жылдың 6-шілдесінде жазаға тартыл-Ды (басы кесілді).
Мордың Утопия еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Утопия деген термин грек тілінен алынған, жер бетінде жоқ жер дегенді білдіреді. Утопияның бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін су реттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді жәні мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мем- лекеттің сорына айналады.
Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады, Бұл бөлімнің мазмұнынан Інжілдің, Платонның Мемлекет еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизмінің әсері сезіледі.
Никколо Макиавелли (1469-1527) -- Флорентия республикасындағы кедей заңгердің отбасында дүниеге келгендіктен университеттік білім алуға мүмкіндігі болмаса да, латын тілін игеріп, ежелгі классиктердің еңбектерін жақсы игерді, жас кезінен бастап саясат және мемлекет мәселелеріне ден қоя бастады. Республика Үкіметінде қызмет атқарып, сая-сатқа белсене араласқан Макиавелли 1512 жылы республика құлаған соң қуғындалды, оның өз елі Италияны көркейтпек болған жоспарлары жүзеге аспады. Саяси қызметтен аластатылған жылдары жазған еңбектері оның есімін адамзат тарихында қалдырды, олардың арасындағы ең белгілісі -Билеуші (Государь). Бұл еңбек сол кездегі реалды әлеуметтік қажеттіліктен туындады, мемлекет проблемасы Макиавелли үшін академиялық, жәй ғана қызықты мәселе емес, ұлттық феномен, антикалық философтар қарастырған мінсіз мемлекет теориясын жалғастыруға талпыныс еді. Оның ойынша, адамдар табиғатынан қатігез. алдауға бейім, мансапқор, мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп орнату үшін қажет. Мемлекет басшысы меншік иелерінің өкілі болуы керек. Мемлекетте өмір сүруші адамдар қабылданған ережелерге саналы түрде бағынғанда ғана қоғамда заңдылық болмақ. Көп нәрсе басшы-билеушіге байланысты деп түсінген Макиавелли мемлекет қайраткері ұстауға принциптерді талдайды. Ең бастысы, билеуші реалды саяси өмір талаптарын ескере отырып басқаруы тиіс, бар күші мен құралдарын басты мақсатқа -біртұтас, қуатты мемлекет құруға жұмсауы қажет. Осы мақсат дана билеушінің өмірінің мәні.

2. Н. Макиавеллидің саяси және моральдық философиясы.

Н.Макивелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта қалған. Оның негізгі себебі - феодалдық-қауымдық қоғамның ыдырап оның орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әрқашан ақталып отырса, ол негізінен алғанда "ақсүйектердің ісі² болатын болса, енді жаңа заманда төменгі қабаттардан шығып, аз уақытта сауда-саттық жасау арқылы байып, билікке ұмтылған адамдар пайда болды. Мұндай жағдайда саясат моральдық-діни шеңберден бірте-бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде өзін көрсете бастады.
Н. Макивеллидің көрегендігі - саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғатын ашу, саяси билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап тұру әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда - саяси технология) жасау болды.
Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымнан Н.Макиавеллидің шынайы көзқарастарын бөліп алып қарауымыз керек. Макиавелизм ұғымы бүгінгі таңда саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с. бәрін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н. Макиавеллидің атымен айтамыз.
Алайда, мұндай көзқарас дұрыс болар ма екен, мүмкін мұның өзі шынайы Н. Макиавеллидің өзінің шығармашылығынан туатын көзқарасқа сай келмеуі де ғажап емес болар.
Осы бағалау тұрғысынан алып қарағанда, біз расында да үлкен қайшылықты байқаймыз. әрине, Орта ғасыр шеңберіндегі саясат жөніндегі түсінік қайта қаралды, саясаттың моральдан дербес өзінше қажетті құбылыс екені анықталды, ал сонымен қатар Н. Макиавелли қайсыбір саясаткердің зорлық-зомбылығын, опасыз іс-әрекетін ақтаудан, әрине, алшақ болды.
Н. Макиавеллидің ойынша, мемлекет пен саясаттың қоғамдағы негізгі қызметі әр-түрлі таптардың, әлеуметтік топтардың басын біріктіріп бүкіл ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып жібермеу, орталық билікті мықты қолда ұстау болды. Ал саясаттың моральдық сипатына келер болсақ, "мүмкіндігінше ізгіліктен алыстамау керек, ал керектік қылса зұлымдықтан қашпау қажет²,- деген пікір айтқан болатын. Бірақ, саясатты толығынан моральдық шеңберде ұстау мүмкін емес. Н. Макиавелли "тек қана өзінің ар-ұжданының талабына сәйкес іс-әрекет жасайтын саяси қайраткер өзіне мола қазады²-деген пікір айтады. Оған себеп - қоғам өміріндегі кейбір жағдайда қалыптасатын "ащы шындықтың ақиқаты². Оны шешу үшін мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа шейін баруы мүмкін. Осындай жағдай қалыптасқанда ол "қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет болған жағдайда оны тез арада қолданып, өзіне қарсылардың быт-шытын шығаруы керек².
Халық мемлекеттік билікке бір жағынан қорқынышпен, екінші жағынан сүйіспеншілікпен қарайды. Бірақ, таңдауға келген жағдайда, халықты қорқынышта ұстау - сенімдірек². Саясаткер бір жағынан батыл, екінші жағынан - абай болуы керек. Бірақ, шешуші жағдайда батылдық қажет. Ел басшысы бір жағынан арыстанға, екінші жағынан түлкіге ұқсас болуы қажет.
Қоғамдағы қайшылық өршіп, адамдардың өкіметке деген сенімі жойылған жағдайда күш қолданбай болмайды. Бірақ, қалай дегенде де, жеңіс - әрқашанда саясаткердің негізгі мақсатына айналуы керек, ал оған жететін құралдар әр-түрлі болуы мүмкін. Сол жолда зорлық-зомбылық жасалса, ол қоғамдағы жағдайды дұрыстауға, тәртіпті орнына келтіруге ғана жұмсалып, тоқталуы керек. Екінші рет зомбылықты қолданудан алшақ болу керек,- деген пікір айтады ұлы ойшыл.
Н. Макиавелли жөніндегі адамгершіліксіз саясаттың жақтаушысы деген пікір жүздеген жылдар бойы сақталып келді. Тек ХХ ғ. екінші жартысында ғана бұл ойшылдың еңбектері терең зерттеліп, басқаша пікір қалыптаса бастады. Ағылшын елінің ұлы философы Б. Рассел бұл кісінің еңбектерін жоғары бағалап, Н. Макиавелли Ренессанс дәуірінің ең терең ойшысы,- деген пікір айтты.
Батыс елдеріндегі көп ғалымдар Н. Макиавеллиді қазіргі саяси философияның негізін қалаушы ретінде бағалайды. Біздің ойымызша, ХқV ғ. өмір сүрген араб ойшысы Ибн- Халдунды бұл орынға қоюға әбден болар еді, өйткені ол Н. Макиавеллиден бір жарым ғасыр ерте өмір сүрген болатын. Бірақ, қалай дегенде де, біздің ел сияқты ондаған мемлекеттер демократия жолына түсіп, қоғамда терең саяси өзгерістерді тудырып жатқан уақытта Н. Макиавеллидің саясат пен моральдың айырмашылығы жөніндегі терең ойлары ешбір адамды жайбарақат қалдырмайды.

3. Жаңа заманның әлеуметтік философиясы. Томас Гоббс және Дж.Локк
XVI-XVII ғғ. Батыс Европадағы дамыған елдерде феодалдық қоғамдық қатынастар біртіндеп ыдырап,капиталистік өндірістік қарым-қатынастар өмірге келіп,жаңа қоғамдық тап-буржуазия дербес әлеуметтік күшке айнала бастады. Батыс Европада буржуазиялық революцияның алғы шарттары пайда болды. XVIғ.аяғында Нидерландияда , XVII ғ. ортасында Англияда буржуазиялық революциялар жүзеге асты. Батыс Европа елдері үшін XVII ғасыр- капитализмнің қалыптасу кезеңі, ал жаңа қоғамдық қарым-қатынастар - XVI ғғ., XVII ғасыр - рационализмнен туып , қалыптасу кезеңі болса , XVIII ғасыр - ағартушылық ғасыры, ал XIX ғасыр - классика ғасыры болды. XVII ғасырдағы ғылыми революция - адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып - білуге деген құлшысының жемісі болды.Ғылымдардың дамуы ең алдымен материалдық өндіріс практикасына негізделді.
Жаңа заман философиясында екі негізгі бағыт болды:
Эмпиризм - эмперио - тәжіребе - білім тәжіребеге сүйенеді деп есептейтін ілім.
Рационализм таным білім процесі ақыл-ойдан басталады деп есептейтін ілім.
Жаңа заман философиясында материалистік немесе эмпиризм бағытының негізін салушы Ф.Бэкон (1561-1626жж.)-ағылшын ойшылы. Негізгі еңбектері : Ғылымдар табысы, Жаңа органон, Жаңа Атлантида. Ф.Бэкон - материалист, сондай-ақ ол - эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция(ойдың жекеден жалпыға қарай жылжуы). Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. Оның пікірі бойынша,адамның негізгі мақсаты - табиғат күштерін игеруі.Оның негізгі принцип - Білім-күш. Ол үшін ғылым заңдарын танып білу , соларға сәйкес әрекет ету. Табиғаттың сырын заңдылықтарын білген адам өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болды. Материяның қасиеттері көп , солардың ішінде негізгі - қозғалыс - материяның кеңістіктегі орын ауыстыруы. Оның пікірінше, дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет:
1) адам табиғатына тән елес(тек елестері)
2) әркімнің өзіне тән елес
3) базар елестері
4) театр елестері.
Олардан құтылудың басты жолы - тәжірибе жасау, нақты зерттеу жүргізу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай, тесере білу.
Бэконның материализмін қорғаушы, одан әрі дамытушы Томас Гоббс (1588-1679жж.)-ағылшын.Негізгі еңбектері : Левиафан, Адамзат туралы ілімнің философиялық элементтері. Қияли метафизиканы жойып, философияны тек танымның жолына қарай алғашқы бұрушылардың бірі. Оның ойынша философия себептерді олардың салдарынан, немесе салдарларды олардың себептерінен дұрыс ой түйіндеу арқылы тану деп түсінді. Сол себепті оның мақсаты: салдарларды алдын ала көре білуге, сол арқылы оны пайдалануға үйрету. әлем механикалық қозғалыс заңдарына бағындырылған денелердің жиынтығы. Материя мәңгі бірінші,ал жеке денелер екінші. Ал қозғалыстың барлық формаларын бір ғана механикалық формаға жатқызады. Қозғалыс деп ол дененің кеңістікте жай орын ауыстырып жылжуын түсінді. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптасады. Таным дегеніміз - олардың бір-бірімен қосылуы және бір бірімен ажырауы. Ол таным процесінің бірден бір ғылыми әдісі тек қосу мен алуға негізделген математикалық әдіс қана бола алды деген тұжырым жасады. Материя және денелер өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміз есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы ( қосу, алу, бөлу, көбейту). Гоббстың философиясында негізгі орын алатын саяси ілім,"қоғамдық шарт "теориясы, оның негізгі принципі: Адам адамға қасқыр, Бәрінің бәріне қарсы соғысы.

Т.Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарастарын айқындайтын шығарма - Левиафан. Бұл шығармада қоғамның пайда болуы мен даму ын жан-жақт ықарастырды. Қоғамды екі дәуірге бөлді:
1) алғашқы дәуірі табиғи деп аталды. Мұнда адамдар тең құқылы, барлығы заттарға тең иелік етеді. Бұл тең құқылық адамдар арасындағы қақтығысқа, соғысқа әкелді, ол адамның жер бетінен құрып кетуін әкелетін болды.
2) екіншісі азаматтық деп аталды. Онда адамдар өзара келісе отырып, мынау менікі, мынау сенікі деген құқықтық қатынастарды тудырды. Сонымен жеке меншік пайда болды. Ал жеке меншгікті қорғау үшін мемлекет пайда болды. Ендіге жерде қоғам екінші дәуірге аяқ басты. Гоббс қоғамның құдіреттің күшімен орнайтындығын теріске шығарып, қоғамдық келісім теориясын жасады. Бұл теориясы бойынша жеке меншік пен мемлекеттің пайда болуы заңды процесс және ол қасиетті. Оған қарсы шығуға болмайды, оған қарсы шығу адамзат табиғатына, белгілі бір заңдылыққа қарсы шығу деген сөз.
Мемлекеттердің айырмашылығы егеменнің яки баршаның және адамдар бұқарасының әрқайсысының өкілі болып табылатын тұлғаның айырмашылығынан көрінеді. Ал жоғарғы өкімет не бір адамға, не көптеген адамдар жиналысына тиесілі болады, ал бұл жиналысқа қатысу құқығына белгілі бір адамдар ғана ие болады, осыдан мемлекеттің тек үш түрі болатыны анық. Өйткені өкіл не бір адам, не адамдардың көбірек саны болуға тиіс, ал бұл- не баршаның, не тек олардың бір бөлігінің ғана жиналысы. Егер өкіл бір ғана адам болса, онда мемлекет- монархия. Егер қатысқысы келетін баршаның жиналысы болса- демократия немесе халық билігі; ал егер жоғарғы өкімет азаматтардың тек бір бөлігінің жиналысына тиесілі болса, онда бұл- аристократия.
Адамдар саны қаншалық көп бола берсін, алайда олардың әрқайсысы өз қарекеттерінде тек өз пікірлері мен ұмтылыстарын ғана басшылыққа алатын болса, ондай қоғам ортақ жаудан да, бір-біріне жасалған әділетсіздіктен де қорғаныс, шапағат күте алмайды. Өйткені өз күштерін жақсы пайалану мен мен қолдану жөніндегі пікірлерде келісе алмай, олар бір-біріне көмектеспейді, қайта кедергі жасайды, соның салдараынан оларды саны аз, бірақ неғұрлым топтасқан жау оп-оңай бағындырып алады, ал ортақ жау болмаса, олар өздерінің жеке мүдделерін көздеп, бір-бірімен қырықпышақ болады.
Томас Гоббс(1588 -- 1679 жж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзкарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: Левиафан -- материя, форма, мемлекеттік діни және азаматтық билік.
Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т.б.). Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі -- есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, көбейту, болу, т.б.)
Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан жігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап, өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқай- сысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын. Мұндай соқтығыстық қатынас ұзаққа баруы мүмкін емес еді, сондықтан адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен және билеушіге өз еріктерімен бағынған. Олай болса, мемлекет - жасанды дене (Левиафан). Сөйтіп, адамдар өзін-өзі қорғауға және адамша өмір сүруге мүмкіндік алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындау керек, себебі ол қоғамдық талап-сұраныстарды түсініп, білгендіктен дұрыс айтады, ал оның қарсыластары, халықтың мұқтаж-мүддесін білмегендіктен теріс жолға бастайды. Қоғамдық заң азаматтардың ар-ожданы.
Дж.Локк (1632-1704) - ағылшын.Эмпирикалық философияның негізгі өкілі. Философияның өзекті мәселесін таным теориясымен шектеген алғашқы ойшылдардың бірі. Таным теориясын сананың эмпирикалық көріністеріне құрған. Дж.Локктың таным теориясы негізгі үш қағидадан тұрады:1.адамда туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжрибе арқылы пайда болады.2.адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе ақ қағаз сияқты, ол тек тәжрибе арқылы мазмұнға толады.3. ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын таза түйсік.Танымның негізі ретінде түйсікті мойындау сенсуализм деп аталады. Психиканың қалай қалыптасуын түсіндіру үшін Локк идеялардың екі түрін қарастырды. Олар:Бірінші сапалы идеялар. Денелердің түр, сан, қозғалыс, тыныштық сияқты қасиеттері жатады. Олар тек қана тәжірибе арқылы қалыптасады, ой белсенділігін талап етеді.Екінші сапалы идеялар. Денелердің иіс, бояу, дәм сияқты қасиеттері жатады. Рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар.Сапаны осылайша екіге бөлгені кейінгі субъективтік идеализмге жол ашты.Осы кезеңде суб.идеалистік көзқарас ұстанған ағылшын ойшылдары Беркли, Юм болды.

Дж. Локктың таза тақта концепциясы. Дж. Локк түсінігі бойынша- сенсуализмнің - ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайды. Дүнеге жаңа келген жас сәбидің психикасы, Локк ілімі бойынша таза тақта.
Негізгі еңбектері: Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибет.б. Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оғанқосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылықалыптасқан деді. Локктың танымтеориясы негізінен үш қағидадан тұрады:
1. адамда туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
2. адамның дүниеге келгенкездегі ақыл-ойыештеңе жазылмаған таза тақта немесе ақ қағаз сияқты, ло тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.
3. ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе - түйсік.
Психиканың қалай қалыптасқанын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеялар және екінші сапалы идеялар. Бірінші сапалы идеяларға дененің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз.Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар қалыптасады. Біріншісі - күрделі пайымдаулар ұғымдар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал екіншісі - сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар.
Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың бірінші, екінші идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі.
Адамның қуанышын тудыратын және күшінөсіретін істің барлығы - игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.
Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалық философияның іргетасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп өзінен кейінгі ғұлама ойшылдарға үлкен әсер етті.
4. К.Маркс таптық қоғам

Карл Маркс (Karl Marx) (1818-1883) -- неміс философы, әлеуметтанушысы, марксизмнің негізін қалаушы.
Карл Маркс 1818 жылы Трир қаласында (Германия) адвокаттың отбасында дүниеге келген. Ол Германияда (Бонн, Берлин университеті) білім алады, оқуын бітірген соң баронесса Женни фон Вестфаленге үйленеді. Журналист болып істейді. Тұрақты жұмыс іздеп 1843 жылы Парижге келеді. Онда радикалды эмигранттар тобына кіріп, социалист болады. Парижде ауқатты фабрикант-тоқымашылар отбасынан шыққан Фридрих Энгельспен кездеседі. Кейіннен олар өмір бойы жақын дос болып кетеді. 1845 жылы Пруссия үкіметінің шешімімен Парижден жер аударылып, Брюссельге көшіп келеді.
1848 жылы Француз революциясы басталғаннан кейін Бельгия үкіметі оны тұтқындап, елден қуады. К.Маркс Парижге қайтып оралып, жаңа Коммунистер Одағының Орталық Комитетін құрады. Осы жылдың сәуір айында Маркс пен Энгельс Кельнге келеді. Мұнда К.Маркс "Жаңа рейн газетінің" бас редакторы болып істейді. 1849 жылы мамыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социалист-утопистердің саяси көзқарастары
Саяси философия
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Утопиялық социализм
Жаңа заманның саяси көзқарастары, саяси ілімдері
Томмазо Кампанелла және оның идеялары
Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері. Катехумендер мектептері. Кафедралды немесе собор мектептері. Монастырлар
Қайта өрлеу дәуірінің социалистік - утопистік бағыты
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Адам құқығының дамуы жайлы қазақ ойшылдарының идеялары
Пәндер