Педагогикалық ұжымның өзіне тән белгілері және оны басқарудағы ерекшеліктер

Орындаған: Кял 18 - 1 студнті Агисова Айдана
1. Педагогикалық ұжымның өзіне тән белгілері және оны басқарудағы ерекшеліктер?
Педагогикалық ұжым өмірінің еркешеліктерінің қатарында белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға болады. Бұл жағдай мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытьш, кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады. Бақылау нәтижелері көрсеткендей соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыт жетіспеуіне байланысты мұғалімдірдің баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттер сатып алуы, олардың кино-театрлар, мүражайлар мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті.
Педагогакалық ұжымға тән өзіндік ерекшеліктердің бірі оның құрамында әйелдердің басым болуы десек, бұл жағдай ұжымдағы өзара қатыстық сипатына ықпал жасайды. Әйелдер ұжымы еркектер басым болып кететін ұйымдарға қарағанда тез әсерленгіш, квңіл күйі жиі алмасады, барынша дау-жанжалға бейім. Дей түрғанмен, әйелдер жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалык ықпал жасаудың әдістері мен. тәсілдерін таңдауда барынша икемді екендігін де есте ұстау керек.
2. Білім беру сапасын басқарудағы педагогикалық ұжымның рөлі?
- мұғалімнің оқу мақсаттарын, тәрбилеудің және олардың диалектикалық өзара байланыста және бірлікте дамуын шеше білу;
- оқушылардың назарын аудару және оқылатын материалмен қызықтырып әкету;
- оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, сонымен қатар олардың даму дәрежесін ескеріп сол негізінде дара және дифференцияланған күтіммен қамсыздандыру;
- адамгершілікте және демократиялық негізде оқушылармен өзара қарым-қатынас құра білу;
- ең қиын және оқушылардың күтпеген сұрақ қою кездерінде өзін жоғалтып алмау;
- оқыту барысында теория мен тәжірибені біріктіре білу;
- өз жұмысында алдыңғы жаңа педагогикалық ғылымдар мен тәжірибелерді сауатты қолдана білу;
- «еңбек қаруын» пайдалана білу- сөзбен, сөйлеумен;
- Сын ойлай білу және айқын белсенді позициялы болу, қиындықтардың алдында ойыннан қалыс қалмау және оқушыларға сөздердің органикалық бірлігін, сенімділікті және істі көрсете білу;
- өз сабақтарын түрлендіре білу.
... жалғасыМектепте білім берудің сапасы басшылар еңбегінің сапасына тікелей байланысты. Білім берудің жоғары нәтижелеріне әр түрлі жағдайлар кешенін құрғанда ғана мүмкін болмақ - олар: Білім беру мекемесін (БМ) дамытуда инновациялық бағдарламасының- басқару шешімдерін қабылдау үшін негіздеме болып талатын нормативтік-басқару құжатының болуы. БМ материалдық-техникалық жарақтандыру. Мектепте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары. Пайдаланылатын білім беру технологияларының сипаты. Қосымша білім беру жүйесі. БМ-нің тәрбие жүйесі. Сыртқы байланыстар. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі мен кәсіптік құзыреттілігі оқушылардың оқуы мен тәрбие сапасын арттыруда айқындаушы мәнге ие. Оларға қол жеткізу үшін мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарында оқытылуы, олардың семинарларға, ғылыми-теориялық және әдістемелік конференцияларға, педагогикалық оқылымдарға, өздігінен білім алуға, шығармашылық есеп берулерге қатысулары тиіс. Мектеп әкімшілігі білім беру үрдісінің сапасын талдауды мектепішілік бақылау жоспары бойынша, білім беру бағдарламаларының орындалуын тексеру, директор жанындағы мұғалімдер кеңесінде қорытындыларды қарастыру барысында, кафедралар отырыстарында өткізеді. Мұнымен қоса, міндетті түрде сынып журналдары мен оқу материалдарының өтілу кестесін зерделеу: жұмыс бағдарламасында көзделген оқу материалдары оқытылды ма; ол сабақтастықта оқытылды ма; оның үйретілуі оқу материалының өтілу кестесіне сәйкес пе; пәндер бойынша қалып қалған тұстар байқалала ма деген біршама дүниені айқындауға мүмкіндік береді. Білім сапасын тексерудің мектеп қолданатын моделі мектеп оқушыларының оқудағы жетістіктері деңгейін жүйелі түрде бақылап отыруды көздейді. Ағымдық, қорытынды бақылау, аралық және мемлекеттік (қорытынды) аттестаттауды өткізудің тұрпатты ережелерін негізге алатын мектепішілік тексеру кестеге және оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргізіледі.
3. Педагогика саласында өзіндік рөлі бар зерттеуші ғалымдарды атаңыз?
Педагогика саласында балалардың жас және дара ерекшелігін зерттеген ғалымдар: Коменский, Джон Лоок; Ж. Ж. Руссо, Дистервег А; Ушинский К. Д, Толстой Л. Н;
Педагогикалық ғылымда XX ғасырдың 20-шы жылдарында тәрбиенің зандылықтарың зерттеген:Трахтенберг, О. В. Гончаров, Н. К, Калашников А. Г.
Педагогикалық ғылымда XX ғасырдың соңғы онжылдында педагогикалық процестін зандылықтарың зерттеген. Бабанский Ю. К., Лихачев Б. Т., Сластенин
Педагогикалық диагностика бағыттарын анықтаған педагогтар:Л. И. Катаева Б. М. Макарова. Б. П. Битинас.
Педагогикалық процесстің мәнін қарастырған ғалым- педагогтар:Б. Т. Лихачев М. А. Данилов. Н. Д. Хмель
Педагогикалық процесті зерттеген ғалымдар: Данилов; Бабанский; Лихачев;
Педагогикалық процестін оқытудан тыс уақытындағы зандылықтарды зерттеген: Болдырев Н. И. Петухов Н. Н. Щукина Г. И.
Педагогикалық процестің қарама-қайшылығын қарастырған ғалымдар: Данилов; Алексеев; Снаткин;
Педагогикалық технологилардың теориялық тәжірибелік негізде орындалуын қарастырған педагогтар: E. H. Ильин. C. H. Лысенкова. B. Ф. Шаталов.
4. Қазргі мұғалім - зерттеушіге анықтама беріңіз?
Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі-шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Қазіргі ақпаратты көздер мен техниканың дамыған заманында оқушыға берілетін білім де сол техникалармен байланысты болу керек деген ойдамын. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: “Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, - дейді. Ендеше білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз ұстаздың, ұлы ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті, болашағы”.
Жалпы бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің ерекшеліктеріне тоқтала кетсем: Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын, идеялық - адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата - аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс. Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады. Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс. Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый - құрметіне бөленбек. Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз сінің шебері болуы керек.
5. Басқарудың негізгі элементтеріне сипаттама беріңіз?
Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады: - мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау) ;
- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақпен əр жылға жоспар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz