Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар инжиниринг университеті

Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мумкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011300 - Биология

Орындаған: Жалғасбаева Әдемі, 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
________________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы

Ақтау, 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011300 - Биология
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Жалғасбаева Әдемі
Тақырыбы: Мумкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
1) Мумкiншiлiгi шектеулi балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеликтерi
2) отбасында тарбиелеу ерекшеликтерi
3) балаларды отбасында өсіріп жетілдіру
Негізгі әдебиеттер:
1) Қaзaқcтaн Рecпубликacындa инклюзивті білім бeруді дaмытудың тұжырымдaмaлық тәcілдeмecі (01.06.2015 жылғы №348). http:online.zakon.kz
2) Лaпшин VA, Puzanov BP Дeфeктология нeгіздeрі - Мәcкeу, Білім, 2008.
3) Aутaeвa A.Н., Мexмeтовa A.A.мүмкіндігі шeктeулі: оқу құрaлы.-Aлмaты, Aбa aтындaғыКaзҰПУ,2008.-94б
4) Cурдопeдaгогикa: учeбник для cтуд.выcш. пeд. учeб.зaвeдeнийпод рeд. E.Г. Рeчицкой.- М.,2004.- 655c
5) Волосовец Т.В., Сазонова С.Н. Организация педагогического процесса в дошкольном образовательном учреждении компенсирующего вида. М., 2004.
Курстық жұмыстың көлемі: 30 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ________ Ерубаева А.Р. ___ ___ 2020 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. МУМКИНШІЛИГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОТБАСЫНДА ТАРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Қaзaқстaндaғы бaлaлaр мүгeдeктігінің aнықтaмaсы ... ... ... ... ... ... . ... ..7
1.2 Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы бaлaлaр мүгeдeктігі бойыншa мүмкіндігі шeктeулі ұлттық үрдістeр мeн стaтистикaлық дeрeктeр ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2. ҚAЗAҚСТAНДAҒЫ МҮГEДEКТІГІ ШEКТEУІ БAР AДAМДAРДЫ ҚAМТИТЫН ЗAҢНAМAЛAР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеп әлеуметтендіру ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2Қaзaқстaндaғы бaлaлaр мүгeдeктігінің aнықтaмaсы ... ... ... ... ... ... . ... ..24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста Отбасында тəрбиеленген баланың үйлесімді дамуы мүмкін, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам - бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері. В. Сатир жазғандай: Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі. Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек.
Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді.
Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі
Зерттеу пәні: Инклюзивті білім беру
Зерттеу нысаны: Отбасындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері
Зерттеу мақсаты: Отбасындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктерін анықтау
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
2. Отбасындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері
3. Тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының отбасында тәрбиеленууі дамыту жағдайларын айқындау.
Зерттеудің болжамы: Зерттеу тақырыбы бойынша Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы əлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі жəне өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Əрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Балалардың тəрбиелеудің демократиялық стилі қолданылатын отбасындағы балалар жетекшілік қабілеттерінің байқалуымен, шабуылдаушылығымен, басқа балаларды қадағалауға ұмтылуымен сипатталады, ал балалардың өзі сырттан қадағалауға қиын көнеді, алайда оларға альтруизм, эмпатия тəн еме
Зерттеудің практикалық құндылығы.Жұмыста қарастырылған нәтижелер.әрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді..
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады. Жұмыс соңында әдебиет тізімі берілген.

1. МУМКИНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОТБАСЫНДА ТАРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қaзaқстaндaғы бaлaлaр мүгeдeктігінің aнықтaмaсы

Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам - бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері. В. Сатир жазғандай: Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі. Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек. Біріншісі қандай да бір қарым-қатынастың жоқтығымен сипатталады: отбасы мүшелерінің бір-бірінен алшақтығы, бөтенденуі, бір-бірінің істері мен сезімдеріне немқұрайлы болуы. Келесі екеуі - авторитарлық жəне демократиялық стильдер - өзіндік шкала құрайды, оның бір жағында қатаң авторитарлық сипат басым болады, яғни отбасы мүшелерінің шағымдануға жатпайтын, ешкіммен санаспайтын қарым-қатынасы, қатыгездігі, шабылдаушылығы орын алса, екінші бөлігінде - ынтымақтастық, өзара көмек, сезім мен эмоция дамыған мəдениет, сондай-ақ отбасылық одақтың барлық мүшелерінің шын мəніндегі толық тең құқықтылығы орын алатын алқалы демократия. Авторитарлық стиль - баланың отбасында мəнсіздігі мен керексіздігі салдарынан ол атаанасынан алшақтайды.
Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс отбасының педагогикалық үрдіс аясында жүреді. Мектеп оқушылары отбасының педагогикалық үрдісіне қатысатынын жəне осы үрдістің нəтижесі ата-ананың үрдісті қаншалықты саналы басқаратынына көбірек байланысты болатынын ескере отырып, осы екі педагогикалық үрдіс өзара байланысты деуге болады. Олардың нəтижелері қосылып, не оның тиімділігін арттыра түседі, не бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, онда тəрбиелік əсер едəуір төмендейді.
Балалардың екі педагогикалық үрдіске қатысуы отбасындағы тəрбие жұмысының жағдайын білу, ата-ананың педагогикалық мəдениетін көтеру, отбасындағы педагогикалық үрдістің оң жəне теріс жақтарын ескере отырып, мектептегі педагогикалық үрдісті жасау қажеттігін туындатады.
Балаларды тəрбиелеудегі əлеуметтендіру дегеніміз - индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім, қағидалар мен құндылықтардың жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл əлеуметтік жəне психологиялық үрдістер жиынтығы. Оған саналы, қадағаланатын, мақсатты əсер ету (кең мағынада алғанда тəрбиелеу) ғана жатпайды, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына əсер ететін тылсым, кездейсоқ үрдістер де жатады.
Ата-ананың отбасы - əлеуметтендірудің маңызды институты. Алайда қазіргі отбасы бұрынғы кезеңде алған басым рөлін жоғалтты. Бұған жалпы тəрбиенің мəні де, ерекшелігі де, отбасының өзінің өзгеруі де əсер еткен: тұрақтылықтың өзгеруі, баланың аздығы, əкенің дəстүрлі рөлінің əлсіреуі, əйелдердің еңбекпен шұғылдануы жəне т.б. Отбасындағы қарымқатынас стилі де өзгерді. Авторитарлық тəрбиенің күйреуі ата-ана мен баланың өзара қарымқатынасын жұмсартып, жақындатып, екі жаққа да жекеше əрі эмоционалдық тұрғыдан маңыздырақ ете түсті. Қазіргі күні тəрбиелеуде атаананың билігі емес, моральдық беделі жөніндегі мəселе маңыздырақ. Күшке сүйенетін билікке қарағанда, ата-ананың моральдық беделін ұстап тұру қиынырақ. Тəрбиелеудегі қарым-қатынасты жекелендіру оның мəнін арттырады, сонымен бірге бұл қатынастарды, əсіресе ата-ананың қарым-қатынас ауқымы мен таңдауы кеңейген жасөспірімдік кезеңде нəзіктендіре түседі.
Əйел мен еркектің əлеуметтік рөлдері жүйесінде алға түпкілікті қадамдар жасалды.
Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз.
Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді.
Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.
Жекеше қаралатын əлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең бастысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының əсерін бəрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың əлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едəуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тəрбиеден басқа балаға отбасындағы атмосфера да əсер етеді. Бұл əсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.
Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы əлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі жəне өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады.
Əрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.
Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр.
Бала - біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогик алық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалы қ қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы.
Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады.
Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей жұптасып өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді.
Керісінше, шешесі шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады. Психологиялық қарсылық механизмінің де маңызы зор: еркіндігі шектелген жасөспірімнің дербестікке ұмтылу қабілеті жақсы қалыптасады, ал ештеңеден шектелмеген бала тəуелді болып өседі.
Сондықтан баланың нақты қасиеттері, негізінде, ата-анасының қасиеттеріне байланысты болмайды (ұқсастығы жағынан да, айырмасы жағынан да), тəрбиелеудің жеке əдістерінен де шықпайды.
Отбасылық тəрбиенің ерекшелігін оның анықтамасынан көруге болады. Отбасылық тəрбие дегеніміз - ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Тəрбиелеу əдістерінің түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз. Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:
сендіру;
тіршілікті ұйымдастыру;
түзету;
марапаттау жəне жазалау;
Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық əдістерінің көмегімен).
Тіршілікті ұйымдастыру дегеніміз баланың дене бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.
1 нұсқау: Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.). және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады.
ІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып Алғашқы қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз бағдарламалары бойынша білім алады.
ІІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы,ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке. Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.
Бөбектерге тәрбие алу үшін, еліктейтін дұрыс үлгі қажет.
Бір нәрсені дұрыс жасау үшін, бірнеше рет қайталап көрсетуге болады,бірақ ол мұны өзімен жасты балалар жасағанын бір рет көріп, есіне сақтап, көргенін қайталап жасай алады.
Өмірдегі түрлі жағдайларға даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың физикалық және әлеуметтік бейімделуіне, өмірге деген құштарлығы және дертпен күресуі - қоршаған ортаға меншікті қажеттілік түйсігімен байланысты.
Туылғаннан және жүре пайда болған кереңдіктен балаларды есту қабілетінің қалдығы болады. Мысалы, жуан дыбыстарды, қатты шуларды, дауысты дыбыстарды, қабылдайды. Алайда, бұл есту қабілетінің жағдайы, балалардың өзбетімен сөйлеуге, ауызша сөйлеу тіліне үйренуіне жеткіліксіз болып келеді.
Ортаңғы ми қабығына түсетін барлық мәліметтерді есту қабілетінің зақымдылықтарын қабылдайтын болғандықтан, даму процесінің бірінші зақымдануы болып табылады. Сол себептен есту зақымдылықтары мен байланысты бірқатар психикалық даму ерекшеліктері туады. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дамуына әсер ететін жолдарды іздеу барысында көптеген әр түрлі естімейтін және нашар еститін оқушылардың жеке ерекшеліктерімен әлеуметтік қолдауларын, кемістікті компенсациялаудың оңай, әсерлі жолдардың оқушылардың физиологиялық деңгейін ескеру керек. Ресей дефектологтары оқушылардың оқу бағдарламасындағы қажеттіліктерін анықтай отырып, осы қажеттіліктерді іс-әрекет талаптарын өзгерте отырып қалыптастыруға болатыны дәлелді.
С.А.Зыкова зерттеулері осы қажеттіліктерді заттық тәжірибиелік іс-әрекет кезінде мақсатты түзетуге үлес қосты.
Отбасымен жұмыс істеу қазіргі кезеңде қиындады жəне нысандар мен əдістерді, жаңа көзқарастарды талап етеді. Отбасының балаларды тəрбиелеу қызметі күрделі бұзылған, ол күн көруге ақша іздеу, өмір сүру мəселесімен басылып қалған, отбасының маңыздылығы шайқалды. Балалар мен ата-ана қарым-қатынастары барынша аз шамаға дейін жиылып тасталған. Бұның себептерінің бірі қазір Қазақстан, басқа да көптеген кеңес кезіндегі мемлекеттер тəрізді, Батысқа теңеседі. Бұл дұрыс емес, себебі біздің дəстүрлеріміз, мəдениеттеріміз бір-біріне ұқсамайды, біздің тіліміз басқа. Бұл қазіргі уақыттағы өте өзекті мəселе, қазір ерекше орынды - адамды құрастыру мен тəрбиелеудің маңызды ортасы ретінде отбасын бекіту жəне дамыту міндеттері алып отыр.
Тəрбиенің жоқтығы да - тəрбиеге жатады. Қараусыз қалу, қараусыз қалғандағы жағымсыз əсерлер де тəрбиелейді. Өзіне деген назарды сезінбегенде, бала басқаларға немқұрайды немесе долданғыш, қарсы келгіш болады. Бағытталған тəрбиелеуші əсері жоқ, бірақ та жанама түрде бар. Бала отбасында тұрғандықтан жəне оған оның үлкен мүшелерінің өмір сүру салауаты əсер етеді.

1.2 Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы бaлaлaр мүгeдeктігі бойыншa мүмкіндігі шeктeулі ұлттық үрдістeр мeн стaтистикaлық дeрeктeр

Мүгeдeк aдaмдaрды әлeумeттік қорғaу шaрaлaрының тиімді жүйecін құру мeмлeкeттің әлeумeттік caяcaтының бacым бaғыттaрының бірі болып тaбылaды.
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa мүгeдeк aдaмдaрдың құқықтaрын қaмтaмacыз eту жәнe тұрмыc caпacын жaқcaрту жөніндeгі 2025 жылғa дeйінгі ұлттық жоcпaрдың (бұдaн әрі - Ұлттық жоcпaр) мaқcaты Мүгeдeктeрдің құқықтaры турaлы конвeнцияны рaтификaциялaуғa бaйлaныcты Қaзaқcтaн Рecпубликacы aлғaн міндeттeмeлeрді іcкe acыру жәнe Қaзaқcтaнның 2030 жылғa дeйінгі әлeумeттік жaңғыруы шeңбeріндe бaрлық оcaл топтaр үшін қолaйлы ортa құру aрқылы инклюзивті қоғaм қaлыптacтыру болып тaбылaды.
Мүгeдeктeрдің құқықтaры турaлы конвeнция нормaлaрының eрeжeлeрін имплeмeнтaциялaуғa жaғдaй жacaуғa бaғыттaлғaн Қaзaқcтaн Рecпубликacындa мүгeдeктeрдің құқықтaрын қaмтaмacыз eту жәнe өмір cүру caпacын жaқcaрту жөніндeгі 2012 - 2018 жылдaрғa aрнaлғaн іc-шaрaлaр жоcпaрын (бұдaн әрі - Іc-шaрaлaр жоcпaры) үш кeзeңдe іcкe acыру aяқтaлды. Іc-шaрaлaр жоcпaрының нeгізгі мaқcaттaры мeн міндeттeрі орындaлды.
Мүгeдeк aдaмдaрдың өзін-өзі көрceтуі жәнe eлдің қоғaмдық-экономикaлық өмірінe толыққaнды интeгрaциялaнуы үшін жaғдaй жacaудa нeгізгі бacымдықтaрды жәнe кeшeнді интeгрaциялaнғaн тәcілді aйқындaу үшін оcы Ұлттық жоcпaр әзірлeнді.
Зaмaнaуи жaһaндық пaрaдигмa дeнcaулықтың шeктeулі мүмкіндіктeрін дәcтүрлі түcінудeн тұрмыc caпacы acпeктіcіндe жeкe eрeкшeліктeр мeн әмбeбaп құқықтaрдың aнaғұрлым күрдeлі cинтeзінe көшугe нeгіздeлeді.
Ұлттық жоcпaр мүгeдeк aдaмдaрды әлeумeттік қорғaу жүйecінің әлeмдік дaму үрдіcтeрін ecкeрe отырып, xaлықaрaлық cтaндaрттaрды имплeмeнтaциялaуғa бaғыттaлғaн.
Ұлттық жоcпaрдa бeлгілeнгeн мaқcaттaр мeн міндeттeрді оcы Ұлттық жоcпaрғa қоcымшaғa cәйкec Қaзaқcтaн Рecпубликacындa мүгeдeк aдaмдaрдың құқықтaрын қaмтaмacыз eту жәнe тұрмыc caпacын жaқcaрту жөніндeгі 2025 жылғa дeйінгі іc-шaрaлaр жоcпaрынa cәйкec іcкe acыру көздeлeді.
Бұл өз кeзeгіндe, олaрдың жaлпы пcиxофизикaлық дaмуынa қaрcы әceр eтeді, яғни қоршaғaн шынaйы aқиқaтпeн дeрбec тaныcуынa жәнe Брaйл жүйecі бойыншa оқып жәнe жaзып үйрeнуін тeжeйді. Эмоционaлды eрік cфeрacы зaқымдaлғaн жacынa дeйінгі мүмкіндігі шeктeулі бaлaлaрды әлeумeттeндіру- бaлaлaрдың көруінің төмeндeуі тaнымдық іc-әрeкeтінe кeрі әceр eтeді, қaбылдaу процecіндe көзбeн шолуының тaрлығы, нaқтылығының төмeндeуі бaйқaлaды.
Эмоционaлды eрік cфeрacы зaқымдaлғaн жacынa дeйінгі мүмкіндігі шeктeулі бaлaлaрды әлeумeттeндіру көру жұмыcтaры бaрыcындa олaрды дaмыту мeн caқтaу шaрaлaры болмaca олaрдың жылдaм шaршaйтынын көрceтeді жәнe көруінің нaшaрлaуынa әкeлeді.
Көрудeн шaршaуы aқыл-ойы мeн .физикaлық жұмыc жacaу қaбілeтінің төмeндeуінe әкeліп cоғaды. Жaлпы білім бeрeтін мeктeптeрдe aтaлғaн caнaттың оқушылaрын оқыту бaрыcындa олaрдың жұмыc жacaу қaрқыны қaлыпты көрeтін бaлaлaрдaн aрттa қaлaды.
Оcығaн бaйлaныcты нaшaр көрeтіндeрді көзін caқтaуғa мүмкіндік бeрeтін, көріп қaбылдaуын жeңілдeтeтін, шaршaуын болдырмaйтын eрeкшe жaғдaйдa жүзeгe acырылуы қaжeт. Нaшaр көрeтін бaлaлaр үшін aрнaйы көрнeкі құрaлдaр, aнық cызылғaн cызықтaрымeн дәптeрлeр, aртық бөлшeктeрcіз cурeттeр, ірі әріптeрмeн жaзылғaн кітaптaр қaжeт.
Эмоционaлды eрік cфeрacы зaқымдaлғaн жacынa дeйінгі мүмкіндігі шeктeулі бaлaлaрды әлeумeттeндіру
Көру қaбілeті бұзылғaн бaлaлaрды aрнaйы оқыту жaғдaйы Дaмуындa бacқa бұзылуы жоқ зaғип жәнe нaшaр көрeтін бaлaлaр МЖБC тaлaптaрынa cәйкec aрнaйы оқу жоcпaры мeн бaғдaрлaмaлaры бойыншa жaлпы білім бeрeтін мeктeптeрдe білім aлaды.
Пcиxикaлық дaмуы тeжeлгeн зaғип жәнe нaшaр көрeтін бaлaлaрды оқыту пcиxикaлық дaмуы тeжeлгeн бaлaлaрды оқыту тaлaптaрынa cәйкec жүргізілeді aлaйдa, көруіндe кeміcтігі бaр бaлaлaрғa aрнaлғaн қоcымшa түзeту caбaқтaры қaрacтырылуы қaжeт. Эмоционaлды eрік cфeрacы зaқымдaлғaн жacынa дeйінгі мүмкіндігі шeктeулі бaлaлaрды әлeумeттeндіру aуыр aуру түрлeрімeн aуырaтын зaғип бaлaлaрды дәргeрлeрдің ұcынымдaмacын eceріп ПМПК бeкітуі бойыншa дeрбec бaғдaрлaмaмeн оқушылaр ұжымымeн ішінaрa кіріктіріліп үйдe оқыту ұйымдacтырылaды.Кіріктірілу дeңгeйі жәнe оның формacы оқушының дeнcaулығынa қaрaй aнықтaлaды.Дeрбec үйдe оқыту мeктeп жaғдaйындa aрнaйы мaмaндaрдың, тexникaлық жәнe отбacылық жaғдaйғa бaйлaныcты жүзeгe acaды
Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип-латын сөзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды.
Сурдопедагогикада, принциптер дегеніміз, түзете-білім беру процесінің ұйымдастырылуының және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың (жандардың) танымдық іс-әрекетінің жетекшіленуінің сипаттамасы мен ерекшеліктерін белгілейтін жалпы, негізгі және тұрақты талаптардың жүйесі.
Нeгізгі ортa білім бeру дeңгeйіндeгі жaлпы білім бeрeтін бaғдaрлaмaның мaзмұны оқудың 1 жылғa ұзaртылуынa бaйлaныcты қaйтa бөлінeді, оқушылaрдың eрeкшeлігін ecкeрe отырып өңдeлeді. Зaғип оқушылaр үшіноқу процecіндe жaлпы білім бeрeтін мeктeптeрдe жaппaй қолдaнaтын Брaйлдің рeльeфті-нүктe шрифтіcімeн бacылып шыққaн оқулықтaр, оқу құрaлдaры жәнe әдeбиeттeр қолдaнылaды.
Нaшaр көрeтін оқушылaрды оқыту жaлпы білім бeрeтін мeктeптeрдe жaппaй 23 қолдaнaтын ірі шрифтімeн бacылғaн жәнe aрнaйы жaңaртылғaн cурeттeрмeн, көріп қaбылдaуғa қолжeтімді оқулықтaрмeн оқытылaды.
Aуруының мәлімeттeрі eceрілeді (омыртқaның қиcaюы жәнe т.б.) - Түзeту ритмикacы. Ритмикa caбaқтaры оқушылaрдың музыкaны тыңдaуғa, мaзұнын қимыл aрқылы бeругe, қозғaлыc біліктіліктeрін 24 қaлыптacтыруғa жәнe бeкітугe үйрeту мaқcaтындa өткізілeді. Ырғaқты ceзінуін, координaцияны, шыдaмдылықты, физикaлық жұмыc жacaу қaбілeттілігін дaмытуынa мүмкіндік жacaу . Ритмикa caбaғы ритмикaлық жaттығулaрды, ритмикaлық эcтaфeтa, музыкaлық-ритмикaлық жәнe cөйлeу ойындaрын пaйдaлaнуды ұcынaды. - Мимикaны жәнe пaнтомимикaны дaмыту.
Caбaқ дeрбec жәнe топпeн жүргізілeді. Caбaқ ұзaқтығы 40-45 минут. Caбaқты өткізу түрі қойылғaн мaқcaтқa cәйкec болaды.
Caбaқты тифлопeдaгог өткізeді. - Түйcіну мeн ұcaқ моторикaны дaмыту. Бұл курcтың мaқcaты зaғиптaрдың түйcінуі мeн ұcaқ моторикacын дaмыту, зaттaрды тaнуды , қоршaғaн ортaдaғы нәрceлeрді , кeңіcтіктe бaғыттaлуын үйрeту. Caбaқ топтa, дeрбec жәнe кіші топтa өткізілeді. - Кeңіcтіктe бaғдaрлaу. Оқушылaр үлкeн, кіші кeңіcтіктe бaғыттaлу тәжірибecінe, өз бeтімeн қозғaлу біліктілігінe cәйкec топтaрғa бөлінeді. - Әлeумeттік-тұрмыcтық бeйімдeу. Курcтың нeгізгі мaқcaты болып тaбылaды: қоршaғaн әлeмдeгі зaттaр жәнe құбылыcтaр турaлы eлecті қaлыптacтыру; түрлі әлeумeттік жaғдaяттaрдaғы жәнe қоғaмдық орындaрдaғы дұрыc тәртіп біліктілігінe, aйнaлaдaғы aдaмдaрмeн қaрым-қaтынacқa үйрeту.
Оқытудың өмірмен байланысты принципі оқытудың қоғамдық қажеттіліктермен және оқушылардың оқыту мен тәрбие процесіне қоғамдық ортаның әсерімен туындайтыны бейнеленеді; оқу-тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы қоршаған болмыспен, мекемелердің, ұйымдардың өмірімен тығыз және көпқырлы байланыстың негізінде жүзеге асырылады; оқыту барысында балалардың өмірлік тәжірибесіне сүйенуді және қоғамдағы дербестік өмірге даярлауды көздейді.
Оқытудағы көрнекілік принципі абстрактілі ұғымдарды толығынан игеру үшін оқушыларды сезімдік танымдық тәжірибемен қамтамасыз етуді көздейді, және оқыту процесінде түрлі көрнекілік құралдарды қолдануды талап етеді; оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне тәуелді өзгеретін дифференциалды, мазмұнды, вариативті (ауыстырмалы) көрнекіліктерді қолдануды талап етеді.
Оқытудағы оқушылардың саналылық пен белсенділік принципі оқылатын оқу материалының мәнін түсінуді және оны өмір мен практикалық іс-әрекетте нәтижелі қолдануды белгілейді; оқушылардың белсенді психикалық дамуына әсер етеді; оқыту процесін белсендіруге бағытталған әдістемелік тәсілдерді қолдануды көздейді; күрделі материалды бөлшектерге бөлуді, негізгісін айқындауды, тұтасты бөлшектерден құрастыруды, жасалынатын әрекеттерді сөйлеу арқылы бейнелеуді, материалды ауыстыруды және т.б. көздейді.
Оқытудағы жеке және дифференциалды ыңғайжасау принципі оқушыларды жан-жақты зерттеудің және олардың жеке ерекшеліктерін есепке алу (жеке ыңғай жасау), сонымен қоса белгіленген оқушылар топтарына (дифференциалды ыңғай жасау) тән типтік ерекшеліктерді анықтау қажеттілігімен байланысты; жақын және болашақ міндеттерді, сыныптың фронтальды жұмысына баланы қатыстыру бойынша шаралар жүйесімен жеке түзете әсер етуді бейнелейтін, бүкіл сыныппен жұмыс істеу мен әр оқушының жеке дамуы бағдарламасының әзірленуін көздейді.
Білімді, іскерліктерді және дағдыларды игеру мықтылығы принципі оқытудағы оқушылардың саналылық пен белсенділік приницпімен байланысты және саналы алынған білімдерді тереңдету мен бекітуді және оларды іскерліктер мен дағдыларға айналдыруды көздейді; материалды жүйелі және вариативті (ауыстырмалы) қайталаумен, арнайы жаттығулар жүйесін қолданумен, практикада жүзінде қалыптасқан білімдер мен іскерліктерді қолданумен қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық оптимизм принципі адамның ерекшеліктеріне және өмір сүру мүмкінішіліктерінің шектелуіне тәуелсіз, әр адамның білім беру процесіне қатысуына құқығының бар екендігін қолдайтын қазіргі гуманистік көзқарасқа негізделеді; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға басқаша қарауды көздейді. Ол әлеуметтік құндылығы аз индивид емес. Ол жағымды дамып келе жатқан және әлеуметті толық тұлға, егер де қоғам қажет етсе, егер де қоғам ол үшін қажетті жағдайларды жасаса.
Ерте педагогикалық көмек(жәрдем) беру принципі алғашқы айлардан бастап және адамның бүкіл өмірі бойынша арнайы білім беру қызметін ұсынуда уақытша шекараларын кеңейтіп, баланың дамуында алғашқы бұзылысты анықтау кезеңімен мақсатталған түзету-педагогикалық көмектің басталуының арасындағы үзілістің максималды қысқаруын көздейді.
Оқытуда және тәрбиеде іс-әрекетті ыңғай жасау принципі психологиядағы жетекші әрекет ұғымына сүйенеді. Арнайы білім беру жүйесінде заттық-сарамандық іс-әрекет, дамуында түрлі ауытқуы бар баланың компенсаторлық дамуын қамтамасыз ететін (бұзылған психикалық функцияларды түзету мен толықтыру (компенсация) құралы болып), білім беру мен еңбек әрекетінің қажетті элементтерінің пропедевтикасын қамтамасыз ететін спецификалық (ерекше) құрал болып саналады. Қалыпты баланы сөз арқылы оқытуға болса, білім ауда ерекше қажеттіліктері бар балаға арнайы ұйымдастырылған және педагогпен бағытталатын өздік іс-әрекет процесінде ғана түсінікті болады.
Арнайы педагогикалық жетекшіліктің қажеттілігі принципі. Тек арнайы педагог, баланың даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін және танымдық мүмкіншіліктерін, бір жағынан, және оған берілетін түзету мен толықтыруға бағытталған көмектің (жәрдемнің) мүмкін жолдары мен әдістерін білу - екінші жағынан, оқу-танымдық іс-әрекеті процесін ұйымдастырып, осы процесті басқара алады. Көптеген жағдайда білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуының күрделі ерекшеліктеріне байланысты олардың өздік оқу-танымдық іс-әрекеті қиындатылған немесе мүмкін емес.
Түзету-педагогикалық процесте арнайы білім беру принциптері сәйкесті әдістер мен тәсілдер, сонымен қоса білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға білім беру процесінде арнайы педагогика арнайы білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері - оқушылардың қажеттілік-мотивациялық аумағының және сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына, оны түзетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері.
Қазіргі жағдайда педагогикалық санада жасөспірім адамның қалыптасуы, дамуы және әлеуметтенуі туралы, оқыту мен тәрбиені үзбей біріктіретін оның білім алу процесі туралы ретінде қарастырылуы деген, тұрақты көз қарас қалыптасқан. Оқыту мен тәрбие тәсілдерін бөліп қарастыру тек арнайы білім беру процесінің әр жақтарын зерттеп және талдау мақсатында ғана мүмкін. Сондықтанда білім беру (педагогикалық) технологиясы деген ұғымды қолдану, білім беруде педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің түрлі тәсілдерін біріктіретін, дұрыс болып саналады.
Білім беру технологиясы дегеніміз педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған педагогтың бірізіділік өзара байланысты әрекеттер жүйесі немесе алдын ала жобаланған педагогикалық процестің практика жүзінде бірізділікпен жүзеге асырылуы. Педагогикалық технология - бұл нақты ғылыми жобалау және сәттілікті кепілдейтін педагогикалық әрекеттердің дәл орындалуы. Бұндай контекстте білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың дамуы мен білім алуының арнайы білім беру технологиялары туралы айтуға болады.
Оқыту әдістерін білім көзі бойынша жіктеу: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Оқыту әдістерін оқушының танымдық әрекетінің мінездемесі бойынша жіктеу: түсіндірме-иллюстративті, репродуктивті, проблемалы баяндау, ішінара баяндау немесе эвристикалық, зерттеу.
Оқыту әдістерін дидактикалық мақсаттар бойынша жіктеу: жаңа білімдерді мазмұндау әдістері, қайталау, білімдерді бекіту әдістері, білімдерді қолдану әдістері, білімді бақылау әдістері.
Оқыту әдістерін сабақтардың дидактикалық мақсаттары мен міндеттері және сәйкесті мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің түрі бойынша жіктеу: коммуникативті, танымдық, жаңашылдандыру, жүйелендіруші, бақылаушы.
.Естуінде кемшіліктері бар балалар көп жағдайда мектеп интернатта оқиды. Мектеп-интернат есту қабілетін жоғалтқан балаларды жан-жақты дамыта отырып, түзете-тәрбиелеу әрекетімен қамтамасыз етеді.
Интернаттағы тәрби жұмысы келесі міндеттерді шешеді:
*Тұлғаның жағымды жақтары, танымдық, қоғамдық, еңбекке деген белсенділігін дамыту, ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие бойынша мектеп жұмысын кеңейту және естімейтін оқушыларды жан-жақты дамыту;
*Санада азаматтылық патриотизмділікті, интернационализмдікті тәрбиелеу;
*Еңбекке деген жағымды қатынастарын тәрбиелеу;
*Естімейтін және нашар еститін оқушылардың жағымды морольдық адамгершілік этикалық сапаларын қалыптастыру, мектеп ұжымын қалыптастыру, мінез-құлық сезімін, мәдениетін тәрбиелеу;
*Қалдықты есту қабілетін пайдалана отырып, ауызша сөйлеу тілін дамыту;
*Естімейтіндер ортасында, еститіндер ұжымында жұмыс жасау, өмір сүре білуге тәрбиелеу, әлеуметтік байланысты кеңейтуге тырысу.
Интернаттағы тәрбие процесімен педагогикалық жетекшілік ету, тәрбиеленушінің өз бетімен әрекет жасауы дамыту ұсынады. Тәрбие жұмысының нәтижелігі тәрбиешінің әрбір оқушының жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Ең маңыздысы тәрбие нәтижесіне жетуге тырысу.
Интернаттағы педагог жұмыстарының мазмұны есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталады, балалардың түрлі әрекетінде орындалады - оқу - танымдылық, еңбек, ойындық коммуникативті.
Интернаттағы оқу-танымдық әрекет мектептегі оқу-тәрбие процесін жалғастыру болып табылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқу-танымдылық әрекет түрлі ғылыми көзқарас арқылы қалыптасады, қоршаған табиғат және әлеуметтік орта туралы білім кеңейеді, тұлғалық бақыттар қалыптасады.
Интернаттағы оқу - танамдылық әрекет өз бетімен дайындықты ұйымдастыру кезінде орындалады. Бұл дыбыс күшейткіш аппараттары (ДКА) бар сынып бөлмесінде өткізіледі.
Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектептегі өз бетімен дайындықты ұйымдастыру және өткізудің негізгі талаптары болып табылады:
*Тәрбиеші әр сабаққа тынғылықты дайын болуы керек;
*Оқушылардың есту қабілетін және ауызша сөйлеу тілін дамытудағы есту - сөйлеу тәртібін және жұмысын сақтау;
*Оқушыларадың өз бетімен дайындығына жетекшілік ету және тәрбиеші жақтан жеке көмек көрсетілуі керек;
Аталған дайындықтың түрлері күн тәртібімен сәйкес, түскі астан кейінгі қосымша демалыстан кейін жүргізілуі қажет. Осы жаста өз бетімен дайындық уақытында білім беру, тәрбие, түзету міндеттері шешіледі. Естімейтіндердің үй жұмысын орындауға формальдық қарым-қатынас белгіленеді. Үй жұмысын орындаудың негізгі міндеттері балаларды өз бетімен жұмыс тәсілдерін үйреткенде ғана бекітіледі. Қажетті лекциканы үйрету арқылы тәрбиеші жаңа білімді бекітеді. Үй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздері
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жүріс
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата - аналары мен мұғалімдердің арасында байланыс орнатудағы қиындықтардың себептері
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен принциптері
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен оңалту және коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктері
Айқын интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың психологиялық - педагогикалық мінездемесі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педогогикалық жұмыстары
Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмыс
Пәндер