Жазбаша аударма және оның түрлері


Жазбаша аударма және оның түрлері
Аударма саласы - мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі. Ол туралы айтылатын сөз, қойылатын проблема қашан да туындай бермек, күн тәртібінде тұра бермек. Және солардың актуальдылығы - белгіл кезеңдерге байланысты жағдай. Аударма туралы қай кезеңде не айтылса да маңызын жоймайды, өйткені ол қашан да жаңа, соны проблемаларға жол ашады, мұрындық болады. Ол проблемалардың негізгісі, бір сөзбен айтсақ, аударманың әсіресе классикалық шығармалар аудармасынын, көркемдік дәрежесі, оны екінші тілде жасаудың жолдары.
Аударма өнері, аударма үлгілері, ең алдымен, әр дәуірдің жемісі болғандықтан да, әр кезеңдер түрліше бой көрсетуі заңды. Тіпті барлық дәуірде, барлық кезеңде кәдеге аса беретін, үнемі үлгі етіп ұстайтын аударма да және аударма өнері де баршылық. Бірақ бүгінгі кешегіні, ертеңгі бүгінгіні алдына үлгі ете отырып, соның жетістіктерін пайдаланады, өз тұсының ерекшеліктерін қосады, сөйтіп, аударманы алға дамытады.
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы сәт қадамынан бастап-ақ аудармалық шығарманың жалпы мазмұнын, идеясын беру мақсаты дұрыс ұсталды. Және оқырман ұғымы, талғамы, талабы еске алынып отырды. Аударып отырған ақынның, жазушының идеялық-көркемдік ерекшелігін дәл жеткізу - Абай аудармаларында тамаша іске асырылды. Ал осы қасиеттердің бәрі күні бүгінге шейін аудармада ұсталатын негізгі бағытқа кіреді, соның проблемалары болып саналады.
Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады. Адамдар аударма жасаумен өте ерте кезден бастап айналыса бастаған, сол кездің өзінде-ақ олар басқа тілдерде сөйлеушілермен қарым-қатынас орнату мен оларды түсінісудің қажеттігін жақсы ұғына білген. Алайда, алғашқы қауымының тілі бір болмағаны айғақ. Осындай жағдайда адамдардың түрлі топтары арасында қарым-қатынас орнату үшін тез түсінетін, жылдам ойлай алатын, есте сақтау қабілеттері жақсы, сөйлеушіні түсініп, оның айтқанын аударып бере алатын адамдар болғаны белгілі.
Осылайша, аударманың бастапқы қарапайым түрі жазу пайда болғанға дейін шыққандығын болжауға болады. Олай болса, аудармашылықты ең көне кәсіптердің бірі деп есептеуге негіз бар.
Аударма теориясының объектісі - аударма, ал міндеті - аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру. [3] Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әртүрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет. Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады. Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп, толықтанып, дамып отырады. Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түйіндерге жинақтап көрсетуге болады: 1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру; 2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргізіп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз езу; 3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату
Аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ екеуінің аудармашыға қоятын талабы түрліше болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың өзіне тән жеңілдіктері мен қиыншылықтары бар. Ауызша аудармда- аудармашыдан тез түсініп, қолма-қол аудару талап етіледі. Бірақ, сөйлеушінің стилін сақтауға, нақтылыққа, жинақтылыққа ерекше жоғары шарт қойылмайды. Бейнелеу жағында көп еркіндіке ие болады. Бір сөзді, бір мазмұнды бірнеше түрлі синонимдермен ауыстырып аудара алады. Оның есесіне оларды түсінбей қалған сөздерді біреуден сұрауға сөздіктерді пайдалануға мүмкіндігі болмайды. Ал жазбаша аудару - аудармашыдан мол білімді, қалам қуатының күшті болуын, мазмұнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып толғануды қажет етеді. Түпнұсқаға адал бола отырып, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бойсынуға міндетті болады. Сөз сөйлемге, грамматикаға, нақтылыққа, логикаға, емлеге баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздік пайдалану, қайта-қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі мол болады.
Аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы «толық аудару, бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару» деп тағы да төртке бөлінеді. Бастан-аяқ Бастан аяқ түгел аударуды толық аудару дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін ғана аудару бөліп аудару деп аталады. Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып аудару мазмұндап аудару деп аталады. Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін өзі құрастырып жазу құрастырып аудару делінеді. Бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару дегендер әдетте ерекше бір қажетке қарай болады.
Белгілі Ресей аударматанушысы В. Н. Комиссаров «Современное переводоведение» атты еңбегінде төмендегідей қызықты деректер келтіреді:* «Аударманың мыңжылдық тарихы бар екендігіне көптеген деректер куә. Ежелгі Вавилон мен Ассирияда әміршінің айтқандарын бағынушы халыққа жеткізетін аудармашы топтары болған. Жалпы, тілдері бөлек халықтарды жаулап алу нәтижесінде пайда болған ежелгі империялар аудармашылардың көмегінсіз құрылуы мүмкін емес еді. Ал Ежелгі Египетте көрші елдермен байланыс орнату үшін аудармашыларды даярлайтын арнайы мектептер болған» [Комиссаров: 2002. Б. 84-85] .
В. Н. Комиссаровтың ғылыми болжамы бойынша, алғашқы қауымда өзге диалектілерді зерттеудің алғашқы ұстаздары мен мамандары әйел адамдар болса керек. Тұтқынға түскен немесе басқа тайпа өкіліне тұрмысқа шыққан олар еріксіз басқа тайпа тілін үйренуге мәжбүр болып, қарым-қатынас пен өзара түсіністік орнату мақсатында делдал аудармашы қызметін атқарған. Сонымен қатар, олар балаларын да өздерінің ана тіліне үйреткен. Сөйтіп, оларда алғашқы қостілділік қалыптаса бастаған.
Аудармашылық қызмет әртүрлі тілдерде сөйлейтін қоғамдастықтағы адамдардың арасындағы қажеттіліктің негізінде туындады. Мұндай қарым-қатынастың аясы әртүрлі болды: сауда-саттық, саясат, елшілік, мәдениет және т. б. Осы байланыстардың дамуында Александрия, Рим, Иерусалим, Константинополь, Самарқанд және көптеген басқа да қалалар үлкен рөл атқарды. Бұл аймақтады экономикалық және саяси себептерге байланысты әртүрлі халық өкілдері мекендеді. Оларға арнайы делдалдар, яғни аудармашылар қызмет көрсетті.
Аудармашылық қызметтің көне жәдігерлері Месопотамия қалашығынан (бірнеше тілдегі сөздердің тізімі берілген қыш тақтайшалардағы кестелер), Көне Мысырдан (аудармашылардың іс-әрекеттері бейнеленген тастағы барельефтер) табылған.
Жазу пайда болғаннан кейін ауызша «тілмаштарға» ресми, діни және іскери сипаттағы мәтіндерді жазбаша тәржімелейтін аудармашылар қосылды. Ежелден-ақ аударма адамдардың тіларалық қатынасын жүзеге асыра отырып, маңызды әлеуметтік рөл атқарған. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдени мұрасына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Аударма ғылымының алғашқы теоретиктері аудармашылардың өздері болды. Әр кезеңнің аудармашылары өздерінің «тәржімелік ұстанымдары» туралы баяндағаны белгілі, дегенмен, олардың айтқан ойлары ғылымның қазіргі талаптарына, дәлелдеріне жауап бермесе де, бірізді теориялық тұжырымдамаға жүйеленбесе де, сондай бірқатар ойлар қазіргі таңда қызығушылық тудырып отырғаны сөзсіз.
Грек-рим өркениеті кезеңінде алғаш рет аударманың негізін құрайтын кейбір ұстанымдары анықталып, оның ағартушылық қызметі таныла бастады. Көне дәуірден бастап аударма Еуропа, Таяу және Орта Шығыс, сондай-ақ Үндістан өркениеттерінің арасындағы делдал пайда бола бастады. Кейінірек ІX-X ғғ. көне грек және ислам өркениеттерінің арасындағы делдал қызметін Бағдаттағы аудармашылық мектеп атқарды. Ал XІІ-XІІІ ғғ. Испанияда арабша аудармалар жасала бастады. Бұл дәуірде негізінен медицина, математика, астрономия бойынша трактаттар аударылды.
Аталған кезеңдерде көбінесе аударманың екі түрі орын алған. Олар: 1) сөзбе-сөз аударма - аударма тілінің ерекшеліктерін ескерместен, түпнұсқаны өзге тілде көшіруге; 2) еркін аударма - өз тілінің талаптары мен нормаларын қадағалауды көздеп, түпнұсқаның мәнін, «рухын» жеткізуге негізделеді.
Діни мәтіндерді аудару барысында бұрмалаушылықтың орын алуы ықтимал немесе тілдер арасындағы өзгешеліктер сөзбе-сөз аударманың пайда болуына түрткі болған еді.
Еркін аударма діни емес мәтіндерді аударуда жиі қолданылды. Оның міндеттерінің теориялық тұжырымдарын грек тілінен латын тіліне аударушы Цицеронда (б. з. д. І ғ. ), Библия мәтінін ежелгі еврей түпнұсқасынан латын тіліне аударуды жүзеге асырушы Иеронимде (б. з. д. ІҮ ғ. ) кездеседі. Кейініректе Рожер Бекон (ХІІІ ғ. ) мәтін мазмұнын дұрыс беруге мүмкіндік беретін түрлі тілдер мен ғылымды білу негізінде ғана аудармаға саналы түрде келу талабын ұсынды.
Сөзбе-сөз аударманы шеттетіп, мәтін мазмұны бойынша аударуға жоғары баға беретін осы сияқты пайымдаулардың арқасында аудармаға сыни пікірлер пайда бола бастады, бұдан былай ол күрделі тұжырымдардың бастамасы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz