Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері


И. О. Молдаханов
«Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері»
(оқу құралы)
АҚТАУ 2020
УДК: 796. 323. 088 (07)
Пікір беруші: Мендалиев Б. М., п. ғ. к., доцент
Молдаханов И. О.
«Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері». Оқу құралы. -Ақтау:
Ш. Есенов атындағы КМТИУ, 2020 жыл. - 60 бет
Оқу құралында мектеп оқушыларына және дене шынықтыру пәні бойынша өткізілетін спорттық жаттығулар мен волейбол ойындарының әдіс тәсілдері бойынша бағыт- бағдары көрсетіліп жазылған.
Бұл оқу құралы жоғары оқу орнының студенттеріне, магистрантар мен дене шынықтыру пәнінен сабақ өткізетін мұғалімдерге арналған.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирнг университеті оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды.
И. О. Молдаханов
Ш. Есенов атындағы КМТИУ, 2020 жыл.
КІРІСПЕ
« Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері» пәні студенттерге волейболдың техника-тактикалық әрекеттерді оқыту үрдісін қамтамасыз ететін оқу құралы бұл іскерлік және дағдылардың жүйесін үйретуге арналған.
Волейбол ойынының техникасы мен тактикасын бастапқы меңгеру міндеттері көбінесе сабақта және сабақтан бос кезде үйренуге болады.
Негізінде ойынның жекеленген техникалық тәсілдерін орындауда жеке тактикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып және техникалық тәсілдер мен тығыз байланытыру қажет.
Себебі, бұл жерде тактиканың теориялық негізі, бұл студенттің таңдап алынған спорт түрінің әдіс-тәсілдерін үйрену және оны, өзге спортшылармен бірге, ойын ережелерін, жаттығулар мен жарыстар барысында өзінің жеке іс-әрекетін және серігінің іс-қимылын талдай білуді үйрету. Волейбол ойынының қазіргі кездегі техникасы ол допсыз және доппенен орындалатын, әр түрлі қозғалыстардың көмегімен жүзеге асырылатын ойыншылардың жан-жақты дамыту әдістерінің нәтижесі.
Сондықтан волейбол ойын тактикасын үйрену барысында шабуыл мен қорғаныстың екі жақты қарым-қатынасы бойынша ойын әрекеттерін қадағалау. Волейболда шабуыл тактикасы топқа нақты қарсыласқа және ойынның түрлі кезеңдеріне байланысты мақсатты бағытталған тәсілдерін, жоспарлық шабуылды жүргізудің формалары мен әдістерін таңдап, пайдалануға мүмкіндік береді. Волейбол ойыны техникасын бастапқы меңгеру міндеттері көбінесе сабақта және техникалық үйрену барысында шешіледі. Осыған байланысты, жекеленген техникалық тәсілдерді орындауда жеке тактикалық іс-әрекетке үйрену әрекетті сол техникалық тәсілдерді меңгерумен тығыз байланысты. Сонымен қатар жаттығушылар серіктестерімен бірге қарапайым өзара іс-әрекет жасауды, сонымен бірге ең жеңіл топтых жаттығуларды орындауда, техниканы үйренудің бастапқы кезеңінде меңгере бастайды. Сондықтан қозғалыс икемділігі мен ойын әрекеттерінің сан түрлілігі, тек қана күш жұмсау қарқыны бойынша ғана емес, сондай-ақ үйлестік құрылымы бойынша да айырмашылығы көп болғандықтан, олар адамның барлық дене сауығу сапасын жетілдіре түседі, және күштілік, төзімділік, шапшаңдық пен ептілікті бір-біріне сәйкес дамытады. Волейбол ойынында әрдайым өзгеріп отыратын жағдайда тез бағдарлай алу қасиеті, әр түрлі техникалық құралдар арасынан ең тиімдісін таңдап алуы, бір әрекеттен басқасына тез ауысып кетуі, оның жүйке икемділіктерінің ширақтай түсуіне, әрі спортшыны шапшаңдыққа және ептіліке үйретеді. Дегенмен тиімді техниканы қысқа уақыт аралығында иеленіп алу, бұл қазіргі заман техникасының даму жолын білу мен көптеген жылдар бойы жинаған тәжірибелік ақыл-ойға салып, жоспарлау арқылы жүзеге асады. Әлбетте бұл жерде, волейболшының тактикалық және физикалық психологиялық дайындық түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Себебі, волейболшының тактикалық шеберлігі, бұл спорттық тактика жайында жалпы дене дайындығы мен ойыншының әдіс-тәсілдерін дамыту бойынша жасалатын жұмыс. Сондай-ақ ойынның техника - тактикалық әдістерін тиімді қолдану мақсатында ойын ережелерін де жете меңгеру қажет болады. Жаттығулар мен жарыс кездерінде ойыншыға өз әрекеттеріне сын көзбен қарап, оларға дұрыс баға беруді үйрету керек.
Ойын кезінде, қозғалысты, жүгіруді, секіруді, тоқтауды, айналыстарды жетілдіру. Әрбір ойыншының даму кезеңіндегі спортшы техникасы - бұл ойыншыға ережелер шектеулерінен шықпай күрделі ойын жағдайларында ең тиімді іс-әрекет жасауына көмектесетін тәжірибелік оқу-жаттығулардан өткен тәсілдер жиынтығы.
Әрбір ойыншы ойын алдында, немесе ойын кезінде ағзадағы психологиялық және физиологиялық әрекеттердің қайта құрылуымен анықталатын күрделі іс-әрекетті мен-ерік жағдайларын бастан өткізеді. Волейболшы игеруге тиісті негізгі ерік қасиеттері- бұл мақсаткерлік пен табандылық, ұстамдылық пен өзіне-өзі ие болу, шешімділік пен батылдық, белсенділік пен тәртіптілік. Мақсаткерлік пен табандылық жаттығушылар алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анық түсінуден, спорттық шеберлігін арттыруға, еңбек сүйгіштікке белсенді және ұдайы ұмтылудан көрінеді. Белсенділік пен тәртіптілік спортшының ойынға ізденісті енгізу, өзге ойыншылардың әсері мен олардың іс-әрекетінің әсеріне берілмеу қабілеттілігімен байқалады.
Белсенділікті тәрбиелеудің тиімді құралы бұл арнайы тапсырмалармен және ойыншылардан бастамашылықты барынша көрсетуді талап ететін жағдайларда өткізілетін екі жақты ойын болып табылады.
1. Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері
- Волейбол ойынында ойыншының негізгі тұрысы және қозғалу әдістері
Негізінде волейбол ойынымен шұғылданушылардың жалпы тұрысы және олардың кез келген бағытта қозғалысты бастауына, сонымен бірге қажетті жағдайда пайдаланып әдіс-тәсілдерді орындауына мүмкіндік беретін бастапқы жағдайы. Сондықтан ойыншылар ойын барысында көп уақыт бойы негізгі тұрыста болады, және сол әдістермен әрекет жасайды. Сондықтан волейбол ойынында ойыншының негізгі тұрысы, бұл аяқтар тізеден бүгіліп, кеуде ілгері еңкейеді, ал дененің салмағы екі аяққа бірдей болып тең түседі. Осы кезде ойыншының негізгі әрекетті бұл, қарсыластың алаңына қарап тұрып, қолды өзіне ыңғайлы қылып алдында ұстауға әрекет жасау қажет. Сол үшін волейбол ойын кезіндегі жағдайдың түрліше болып өзгеруі бастапқы өзгерту қажеттілігін туындатады.
Сондықтан волейбол ойынында негізгі қалыптың төменгі және жоғары тұрыс деген түрлері бар. Ал бұндай әдістер, негізінде ойын барысында жылдам әрекет жасау үшін қажеттілігі болмаса, ойыншы жоғарығы тұрыста, аяқтар шамалы ғана бүгілген күйде әрекет жасайды. Сол үшін бұндай әдістердің өзі ойыншылардың босаңсуына және сонымен қатар қажетті жағдайда көптеген қалыптардан жылдам әрекет жасауға мүмкіндік береді. Ал бұл әрекеттерді жасау, ойыншы үшін төменгі тұрыстан ұшқан допты жоғары немесе алға, және жоғары беру үшін қолдану қажет. Сонымен қатар ойын жағдайында тіркеме адымды тұрақты түрде сақтап отырып, оны допқа жылдам шығу қажет болғандықтан, жақын қашықтыққа ауысу үшін қолданылады.
Деген мен волейбол ойынында негізінде қозғалу, және қозғалыс бағытына қарай, алда тұрған аяқтан басталады. Осылай қозғалу арқылы әдеттегі тұрысқа көше отырып, екінші аяқпен жылжу әрекеттерін бастау қажет. Себебі ойынның негізгі әдіс-тәсілдерінің біреуі, бұл екі рет аттау, және тіркеме адым жеткіліксіз болғанда, бұндай жағдайда елеулі қашықтыққа жету үшін қолдану қажет. Ал негізінде, бұндай әрекеттерді ойын кезінде қозғалу бағытынан қашық тұрған аяқтан бастаған жөн болады. Себебі қағу және тіркеме адым мен қосарланған адымды пайдалана отырып, ойыншы допқа жақындап үлгере алмайтындай, болып доп пен ойыншының арасы қашық болған кездерде пайдалануға болады. Ал қарғу әдісі бұл, волейбол ойынында бір қалыптан секірген кезде орындалады. Сол үшін волейбол ойынында секіру негізінде тірексіз жағдайында ойыншы аяғын ілгері жұмылдырады және оны жерге қарай түскен бойда ойыншының тұрысын қолданбайды. Ойын кезінде бұндай қарғу әдісін жүгіруден кейін ғана жасау қажет болады. Себебі, ойында секіру шабуыл соққыларына тосқауылдар қойғанда, және допты беруді орындағанда қолданылады. Сол үшін көп жағдайларда ойын кезінде секірулермен қандай да бір тәсіл орындалмасын, оны секірудің құрылымымен, бірге орындауы бірдей болып қала береді.
Волейбол ойынында допты беру, бұл тәсілсіз ойынды ойнау мүмкін емес. Себебі бұл ойында допты қабылдағаннан кейін көптеген қызықты жаттығуларды орындауға және оны волейбол торы арқылы арысып ойнауға мүмкіндік береді. Сол үшін бұл ойынның негізгі мақсаты, допты екі қолмен жоғарыдан алға қарай, артқа, арттан алға қарай беруді және төбеден беруді жақсы меңгеру қажет болады. Сондықтан ойын кезінде допты берулер аяқтарды тіреп тұрған жағдайда және секіру кезінде орындаған жөн. Ойында негізінде допты беру қашықтығы орташа, қысқа және қашықтық биіктігіне байланысты болады. Осындай белгілерді есепке алып, ойыншылар ойын кезінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді жасауға мүмкіндік алады. Негізінде осындай әдіс-тәсілдерден кейін шабуыл соққысы жасау үшін допты жоғары көтеріп беру қажет болады. Бұндай допты берудің негізгі сапасы уақтылы тұруға байланысты, допты беру кезінде қолдар доппен бірге беттен жоғары да кездеседі. Сондықтан ойын кезінде қолдардың кеуденің және аяқтардың үйлесімді қозғалысы арқылы доп қажетті бағытқа қарай жіберілуі керек.
Негізінде волейбол ойынында допты берудің қашықтығы мен биіктігі көп болған сайын, аяқтардың қозғалуы белсенді түрде жазылуы қажет, сол үшін төмендегі әдіс-тәсілдерден пайдаланып жаттығулар жасау керек:
- ойыншының бастапқы қалыпта тұрысы;
- допты ойынға қосу әрекеттері;
- допты әр түрлі әдіс-тәсілдер жасап командалас серігіне беру;
- әр түрлі арақашықтықтардан шабуылдау соққыларын жасау;
- тосқауыл қою, әр түрлі секіру түрлерінен, допқа қарай ұмтылу, құлау.
Сол үшін бұндай, секіру ұмтылуға және құлауға қатысты болып, олармен сәйкес орындалатын әдістер мен қимыл-әрекеттердің үлкен маңызды мәні бар екенін білдіреді.
Сондықтан мұндай қимыл-әрекеттер аяқ, қол, және кеуде бұлшық еттерін айтарлықтай шынықтыру қажет. Ал волейбол ойынында допты өз серігіне дәл беру машығының қалыптасуы ойыншының бұлшық еттерінің сезімталдығын, көзбен мөлшерлей білу қабілетін және қимылды уақыт пен кеңістікте бағдарлай білуін дамытады. Негізінде бұл әдіс-тәсілдердің арасында тығыз байланыстар бар. Себебі, бір ойыншы тосқауыл жасау үшін, оған қарсы шабуылдаушының соққысы қажет, ал шабуылдаушы допты соғу үшін, және басқа бір ойыншы допты ыңғайлы етіп беруі қажет болады. Сондықтан волейбол ойынында ойыншылардың тұрысы, жаңа ойнай бастаған волейболшылар үшін өте дұрыс тұрудың бастапқы қалыптың маңызы зор болып есептеледі. Сол үшін бастапқы қалыптың көптеген түрі болуы қажет, дегенмен бұлардың ішінде ең тиімдісі және ыңғайлысы орташа тұрыс болып саналады. Негізінде ойын жағдайының және алда болатын барлық әрекеттердің сипатына қарай ойыншылардың тұрған тұрысы да өзгеретін болады. Деген мен бұл тұрыстың әркелкілігіне қарамастан, оның белгілі бір түрін таңдап алудың бірыңғай негізі бар екенін ұмытуға болмайды. Бұндай кезде волейбол ойынында, тұрыс немесе тұру, бұл ойыншыға кез-келген ойын әдісін орындауға ыңғайлы мүмкіндік беретін бастапқы қалып болып саналады. Ал орын ауыстыру, болса волейбол ойыны барысында ойыншы алаң ішінде өз орын ауыстырып жүруіне, және өзіне ыңғайлы орын тауып алуы үшін берілетін мүмкіндік. Дегенмен ойыншылардың барлығы өздеріне ыңғайлы орын таба алмай қалуы да мүмкін, сол үшін бұл жерде негізгі міндет, ол белгілі бір ойын әдіс-тәсілін дәл орындап шығу болып табылады. Сол үшін бұндай орын ауыстыру техникасының әдіс-тәсілдерін ойын барысындағы әрбір жағдайды дұрыс бағдарлап, және соған қарай жылдам қимыл-қозғалыс жасауды талап етеді.
Волейбол ойынында негізінде орын ауыстыруға және қозғалыс-қимылдар жасауға төмендегі әдіс-тәсілдер қолдану қажет болады:
- қадамдар жасау арқылы - тік тұрған ойыншы әр түрлі бағытта ілеспелі қадамдар жасайды, алға, артқа, оңға, солға аттау және екі қадам жасау бойынша;
- секіріп қалу - бұл екі қадам жасау, бірақ қимылдың соңына қарай ұшу әрекеті көрініс беруі қажет;
- жүгіру бұл - басқа бір қалыпқа көшу үшін, яғни ойын тәсілін орындау мақсатымен алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;
- құлау бұл - ойыншы өз қимыл-әрекетін өрістетуге, дәлірек айтқанда, өте қиын сәтте допқа жылдам жақындауға көмектесетін тәсіл, негізінде құлау доппен тікелей кездескеннен кейін ғана жүзеге асады, осыдан кейін ойыншы жаңа бастапқы қалыпқа келеді;
- секіру бұл - қатты секіруден соң орындалатын ерекше қимыл, волейболшы секірулер арасында «секектеу» қимылын жасайды.
Волейбол ойыны негізінде, допты ойынға қосудан басталады. Сол үшін шабуылдау есебіне жататын оның әдістемелік орындалуы мынадай, олар допты ойынға қосу және кезегі келген ойыншы шабуыл жасайтын алаңның шетіндегі орында тұрып, бір қолмен допты жоғары көтеріп, екінші қолды алаңға қарай соғады. Орындау жағынан бұл екпінді, көзделген, қалыпталған болып бөлінеді. Себебі, екпінмен соғудың негізгі мақсаты қарсы жақтың допты қабылдауын қиындатып, қателестіріп өз командасына ұпай алып беру болып саналады. Сондықтан көзделген соққының мақсаты бұл допты қарсы жақтың әлсіз ойыншысына немесе нашар қорғалған тұсқа соққы жасап жіберу, доптың қалықтап ұшу кезінде айналып ұшпайды және жолының кез келген бөлігінде өзінің бағытын өзгертіп жібере алады.
Волейбол ойынында допты ойынға қосудың бірнеше тәсілі бар олар төмендегілер:
- допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу;
- допты төменгі бір жақ жанынан ойынға қосу;
- допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу;
- допты жоғарыдан бір жанынан ойынға қосу;
- допты айналып ұшатын және айналмай ұшатын етіп ойынға қосу.
Негізінде допты ойынға қосуда, мектеп оқушылары қарапайым тәсілді - пайдаланып допты ойынға төменнен қосу тәсілін игеруге болады. Себебі, волейбол ойынында допты ойынға қосудың бірнеше тәсілі бар, олар допты жоғары қарай беру, және допты төмендетіп беру әдістері.
Ойында бұл екі тәсілді игеру үшін де ұзақ уақыт жаттығуды талап етеді. Сол үшін волейбол ойынында шабуылдау соққыларын, оқушылар әдетте тоғызыншы сыныптан үйрене бастайды. Ал олар жетінші сыныпта шабуылдау соққыларын орындаудың төмендегідей бірнеше тәсілдерін үйренеді.
- тіккелей шабуылдау соққысы - үш қадам жасап барып орындалады, бұл кезде ойыншы доппен секірудің барлық үш кезеңінде де, мысалы, ойыншы денесінің ұша бастау сәтінде, ұшудың жоғары нүктесінде және оның төмен түсу сәтінде кездесе алады;
- бір жақ бүйірден шабуылдау соққысы - оны орындаудың техникасы өте күрделі және ол ерекше шеберлікті талап етеді.
Волейбол ойыны ойыншылардың әрекеттерінің сипатына қарай техникасы екі үлкен бөлімнен тұрады, олар шабуылдау техникасы және қорғану техникасы. Дегенмен бұл бөлімдердің әрқайсысы өз ішінде тағы екі топқа бөлінеді, олар ауысу техникасы және допқа ие болу техникасы. Бұл жерде әр топтың өзінің әдістері мен тәсілдері бар. Ал тәсілдер әдістің қалай жүзеге асырылатынын, және оларды орындағанда қозғалыс сипатын анықтайды. Сондықтан әр тәсілдің қимыд құрылымдық бөдіктеріндегі жеке өзгерістерді ашатын түрлері бар. Ол тәсілді орындауға ауысудың орнында немесе қозғалыста, тіректі немесе тірексіз жағдайда, бағыттың, қашықтықтың ерекшеліктерін нақтылайтын шарттар әсер етеді. Негізінде, волейбол ойынында тұрыстар мен ауысулар, шабуылдау әрекеттерінде, әдетте, алдыңғы желінің ойыншылары алға немесе қиғаштап алға ауысады. Сондықтан ойыншының тұрысы оған қажет бағытқа шапшаң ауысуға мүмкіндік беретіндей болуы керек. Ол үшін дененің ауырлық орталығы тіректің алдыңғы жағына ауысуы керек, аяқтар сәл бүгіліп, алшақтатылған, бір аяғы сәл алға кетіп, артта тұрған аяқтың өкшесі тіректен айрылған, дене сәл алға еңгейген, қолдар шынтақта иілген, иықтар түсірілген. Дегенмен болжамдық қозғалыс бағытына байланысты оң және сол аяқтар алға жіберіледі. Егер шабуылдаушы соққы оң жақтан бағытталса, алға сол аяқ қойылады, ал соққы сол жақтан болса, оң аяқ алға жіберіледі. Бұл әрекет шабуылшының денесін допты жіберушіге бұруын жеңілдетеді және допты беруші ойыншының әрекетін көз алдында ұстауға мүмкіндік береді. Жүріс, бұл волейбол ойынында ауысудың бір түрі. Себебі, алаңда ойыншылар еңкейген адыммен қозғалады. Оның әдеттегідей жүрістен айырмашылығы сол, бұл жағдайда алға тіке аяқ шықпайды, ойыншы серпіліс жасап, техникалық тәсілді орындау үшін бастапқы қалыпқа келеді. Сондықтан секіру, шабуылдау соққысы кезінде және екінші беру барысында орындалады. Волейболда секірудің 2 тәсілі бар, олар екі аяғымен итерілу және бір аяғымен итерілу. Негізінде итерілу арқылы екі аяқпен секіруде бастапқы қалыпта екі аяқ қарама-қарсы, иық жалпақтығында, дене алға еңгейген түрде болады. Әлбетте бұндай кезде, қолдар шынтақтар бүгілген, сәл артқа кеткен, бұл оларды қысқа жолмен сермеу жағдайына әкелуге мүмкіндік береді. Енді екі аяғымен итеріліп және қолмен алға-жоғары құлаштай келіп, волейболшы секіреді. Ал оның қолдары бастың деңгейіне дейін жоғары шығарылады. Екі аяғымен соққылап секіру орнында және доптың барлық салмағы түсетін үлкен, сұқ және ортаңғы саусақтардың бірінші қапталы арқылы орындалады. Бұл жерде аты жоқ саусақ пен шынашақ допты екі жақтан көтеріп тұрғандай болады. Сол кезде, саусақтар допқа тигенде оның жылдамдығын азайтатын серіппені еске түсіреді. Ал қолдың кейінгі қозғалысымен доп жоғарыға жіберіледі. Дегенмен саусақтар беттің жоғары бөлігінде орналасуы допты беруді алдынан, астыңғы жақтан және арттан орындауға мүмкіндік береді.
Сондықтан допты алға беру тұрыста, және секіруде орындалады. Тұрыс жағдайындағы допты беруді орындауда аяқтың, дененің және қолдың бұлшықтары белсенді рөль атқарады. Секіруде допты беру қолдың шынтақ және білек буындарының белсенді бүктелуі арқылы орындалады. Допты дәл жоғары беруді орындау үшін ойыншы алаңда доптың ұшу арақашықтығы беттің жоғары жағынан өтетіндей орын алуы қажет болады. Әлбетте, допты ұзын беруде аяқтар ширақ бүктеледі, ал дене белде алға, доптың берілу бағытына қарай бүгіледі. Допты орта және қысқа беруде аяқ бірқалыпты бүктеліп, дене бүгілген қалыпта қалады. Негізінде, өзінен беруді артта тұрған аяқ көбірек бүгіледі, соған орай жамбас алға кетіп, дене сәл артқа бұрылады. Алға берудегі қолдың қозғалысы сияқты жағдай жасалады, қолдар тек білек буындарында жоғары бүктеледі, білектер ашық қалады. Мұндай кезде артқа беруде иықтар дененің бел жағының майысуы есебінен артқа кетеді. Қолдар жоғары-артқа бүктеледі. Осы кезде допты беру үшін қашықтық неғұрлым көп болған сайын белдің майысуы мен аяқтың тізе буындарында тікеюі және ширақтау болып келеді. Секіру мен сермеуден кейін шабуылдаушы соққы үшін қолдар бастың деңгейіне дейін түсіріледі. Сөйтіп допты секіруде беру үшін бастапқы қалып орнайды. Бір қолымен жоғарыдан беру сирек қолданылады. Дегенмен, негізінде бірінші беру оған жақын орындалғанда допты тордың айналасына немесе өзінен жоғары қысқа беру үшін қолданылады. Допты бір қолмен орындауда білек алақанымен алға ашылады. Доп үш ортаңғы саусақтың бірінші және екінші фалангілеріне жатады, ал үлкен саусақ пен шынашақ оны екі жағынан ұстап тұрады. Ал білек иықтың үстінде болады. Допты алға берулерде оның бағытына қарай қолдың білекте бүктелуі мен білек сүйегінде бүгілуі белсенді рөль атқарады. Сондай-ақ өзінен допты беруде шынтақ иық буындарынан жоғары деңгейге көтеріледі, саусақ иықтың үстінде тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz