ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ - ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗІ
УДК 372.863
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ - ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Жетру Нұрзат
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Джуматаева А.И

Аннотация білім беруді ізгілендіру принципіне негіздеу, "оқыту", "тәрбиелеу","тұлғаны қалыптастыру".
Аннотация основана на принципах гуманизации образования, "обучения", "воспитания", "формирования личности".
Annotation is based on the principle of humanization of education, "teaching", "education", "formation of personality".
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл шығыс, араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде, жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі - Аристотельден кейінгі дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, ғалым Әбу Насыр әл- Фараби. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларына, өнеріне өзіндік үлес қосқан ғұлама болып табылады. Әл- Фарабидің ғылыми еңбектері 160-тан асады.
Барша адамзаттың ұлы ұстазы Әл- Фараби мұрасында адам тәрбиесіне де қатысты құнды дүниелер жетерлік. Оларды қазіргі таңда ғаламдақ өзекті мәселеге айналып отырған жаһандану процесі барысында адамның рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында пайдалану аса қажет. Сондықтан оқу құралында Әл- Фарабидің еңбектеріне және жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, ұлы ғалымның педагогикасын қазіргі педагогикамен өзара байланыста көпшілікке таныту міндеті қойылды.
Ұлы бабамыздың шыққан тегі оның туған жеріне байланысты делінген. Бұл жөнінде біздің ғалымдарымыз зерттеулер жүргізіп, оның қазақ жерінің топырағында туғанын дәлелдеген. Олардың алғашқысы-қазақтың "қазақ" атанып, тарих сахнасына шығудан 600 жылдай бұрын орта ғасырдың басында туған Әл-Фарабиді қазақ еткен ғұлама Әл-Машани Ақжан Жақсыбекұлы [1, 5б].
Ол ғұламаның туған жеріне байланысты былай деп жазады: "әл-Фарабидің туған жері Сырдария бойындағы Фараб (Отырар) екенін дәлдеп жазып, картаға түсірген атақты ғалым-географ ибн-Хаукал.
Отырар (арабтар оны Фараб деп атаған)- орта ғасыр заманындағы Оңтүстік Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азияның мәдени, ғылыми және саяси ірі орталықтарының бірі. 1956 жылы Мәскеуде жарық көрген көп томды "Дүниежүзілік тарихта" біздің заманымыздың III-IV ғасырларында Отырар өлкесі мәдениетінің жоғары болғаны айтылған.
Отырар шаһары ежелден келе жатқан түркі халықтарының, оның ішінде қаңлы, үйсін, қыпшақ т.б тайпалардың мекені болған. М. Қашғари "Диуани Луғат ат-түрік" атты еңбегінде "Фараб қаласының түрікше аты-Қарашоқы" деген [2, 6б].
Қазіргі таңда педагогика ғылымының әдіснамасын жетілдіру және мазмұнын байыту үшін ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп өзінің жалпыадамзаттық және педагогикалық құндылығын жоғалтпаған рухани мұраларымызды пайдаланудың теориялық және практикалық мәні зор. Теориялық тұрғыдан алатын болсақ, жалпыадамзаттық педагогикалық құндылықтар білім беру мазмұнын жаңа сапаға көтереді, педагогика ғылымының қайнар көздерін анықтайды, тұжырымдамалық негіздерін айқындайды. Практикалық тұрғыдан педагогика ғылымының қолданбалы қызметін іске асырып, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
Ұлттық мәдениеттің тарихи аясының кеңейіп, қайта жаңғырып өркендеуі, халықтың рухани мұрасы мен дәстүрлерін бүгінгі күннің игілігіне жарату оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін айғақтайды. Осы көшпелі өркениеттің тіршілік тынысына үлес қосып, биіктерге көтеретін болмыс - Адам. Бұл жөнінде түркітанушы ғалым А.Егеубаев былайша ой тұжырымдайды: "Осыдан он ғасыр бұрынғы бабалар сөзі көңілге үйірілгенде, көне дәуір ғұламаларының ой-толғамдары ұшқын атып санаға сіңгенде Адам баласының қарапайым, ғажайып даналығына, құдіретті мәңгілік қымбат қасиеттеріне үнсіз мойынсұнасың. Өмірдің өзіндей мәңгілік даналық. Тарихтың көзі де, өзі де- адам. Дамудың лүп-лүп соққан ыстық жүрегі де-адам. Адам пендесінің құйттай әжімді алақанынан нұр шашып жатқан тас дәуірі мен атом ғасырының небір кереметтері тарих атты ұлы көштің құс жолындай жарқырайды"[3,5б].
Педагогика ғылымының жүйесіндегі негізгі ғылыми пән болып табылатын жалпы педагогиканы оның жалпы негіздері, дидактика, тәрбие теориясы және мектептану құрайды.
Халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы ұстазы Әбу Насыр әл- Фараби "кез келген адамның қалайтыны, мақсаты бақыт болып табылады" деп көрсете отырып, осы бақытқа жетудің жолы адамның бойында ізгілікті қасиеттердің қалыптасуы деп біледі: "Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау түрінде де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды" [4,301б].
Ал бақытты зерттейтін ғылымды азаматтық ғылым деп бөліп көрсетеді: "Азаматтық ғылым ең бірінші кезекте бақыт дегеннің не екендігін зерттейді: ал бақыт атаулының екі түрі болады. Оның алғашқысы - сыртай қарағанда бақыт болып көрінгенімен де, шын мәнісінде нағыз бақыт болып табылмайтын түрі. Ал екіншісі - өзінің мәнділігімен ерекшеленіп, ешқашанда айырбастауға болмайтын шынайы бақыт... Одан кейін азаматтық ғылым танып- білу және үлгі өнегелілік мақсатында адамның қылықтарын, өмір салтын, әдет-ғұрыптарын, мінез-құлықтарын, ерік-жігер қабілеттерін зерттейді" [5,56].
Ғұламаның азаматтық ғылымға берген анықтамасы қазіргі педагогиканың адамды тәрбиелеу туралы ғылым деген анықтамасына сәйкес келеді. Педагогиканың мақсаты, мұраты туралы Фараби ұсынған гуманистік идеялар мен қорытындылар адам өмірінің қазіргі кезеңінде де ағартушылықтың маңызды тіректерінің бірі болып отыр. "Біздің міндетіміз - бақытты адам тәрбиелеу. Бақыт материалдық және рухани игіліктерді өзімшілдік мақсатта тұтынуда адамзат мұраттары мен құштарлықтарынан тыс та оқшау өзіне ғана тән жан рахатын беретін кішкене дүние жасауда емес. Азаматтың бақыты- асқақ та биік мақсат - жаңа өмір жолындағы жасампаз рухани күштердің гүлденуін терең сезінуде" [5,147б].
Педагогикалық ойлардың даму тарихы ғылымдағы ұғымдар аппараты біріндеп қалыптасқанын және олармен өзара байланыста педагогиканың жаңа ұғымдары пайда болғанын дәлелдейді. Педагогика ғылымында ұғымдардың пайда болу негізінен адамзат қоғамының даму тарихымен тығыз байланысты. Алғашқы адамдардың пайда болуымен бірге үлкендердің өзінен кішілерді үйрету тәжірибесі қалыптасып, ол ұрпақтан-ұрпаққа "оқыту", "тәрбиелеу" ұғымдары ретінде жетіп отырды.
Қазіргі педагогика ғылымының мәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін, ең алдымен оның негізгі педагогикалық ұғымдарын қарастырудың маңызы зор. Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдар - болмыс, материя, қозғалыс, саясаттануда - қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада - тәрбие, оқыту, білім беру.
Әл-Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның еңбектерінде қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары неғұрлым нақтылай түседі. Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге мынадай түсініктеме береді: "Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл- әрекет дағдысын егеді..."[3,6б].
Әл-Фарабидің педагогикалық ұғымдарға берген анықтамасы қазіргі педагогикада "оқыту" мен "тәрбие" ұғымдарына берген анықтамалармен сабақтасып, өзара байланысып жатады.
Қазіргі педагогикада "тәрбие" ұғымы кең және тар әлеуметтік мағынада, сонымен бірге кең және тар педагогикалық мағынада қолданады.
Кең педагогикалық мағынада алғанда тәрбие деп - оқу- тәрбие мекемелерінде арнайы дайындалған мамандар арқылы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған біртұтас, саналы ұйымдастырылған педагогикалық процесті айтады.
Тар педагогикалық мағынада, тәрбие дегеніміз - нақты тәрбиелік міндеттерді шешуге бағыталған тәрбие процесі мен оның нәтижесі.
Оқыту- білім берудің жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, олардың білік, дағдысын қалыптастырады, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, білікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Міне қазіргі педагогикадағы "тәрбие" мен "оқытуды" анықтау көрнекті ғалым А.Көбесовтің мына түсініктемесімен нақтыланып, Әл-Фараби идеяларының бүгінгі күнмен үндесіп жатқанын аңғартады: "Фарабидің пайымдауы бойынша оқу- философия негіздерін, теориялық білімдерді игеру ал тәрбие - ол мұғалімнің, тәлімгердің адамға белгілі бір адамгершілік, құлық қалыптарын және практикалық өнерді игеру дағдыларын қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеті, ол шәкірттерге белгілі бір оң қасиетті, сапаны дарыту үшін қалай болса солай емес, белгілі бір мақсаттағы көздеген тәрбие жұмысына басты мән береді" [7,150б].
Әл-Фарабидің мұрасында педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын "білім беру" ұғымы да қарастырылған. "Оқу бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан шығарылатын қорытындылар - ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы" деген ғұламаның анықтамасы қазіргі педагогикадағы "білім беру - оқыту нәтижесі, тура мағынасында ол оқып-үйренілетін пән туралы алғашқы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді" деген анықтамамен өзара байланыс табады.
Сонымен бірге қазіргі педагогикада білім беру деп табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Осы анықтамамен өзара тікелей мағыналас ғұламаның педагогика философиясы жайында айтқан ой-пікірі бар: "Көркемдіктің екі түрі, атап айтқанда, тек білім мен білім әрекет ететін болғандықтан, философия өнері де екі түрге бөлінеді: мұның бір түрі арқылы дүниеде бар заттарды, адам әрекеті дарымайтын заттарды танып, ол туралы білім аламыз. Бұл теориялық философия деп аталады. Екінші түрі арқылы адам әрекеті даритын заттарды, осындай қасиеті бар заттарды танып, сол туралы білім аламыз. Тамаша көркемдікті жасау қабілеті, атап айтқанда, дәл осы екіншісінде болады. Бұл өзі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz