Тұрмыстық зорлық – зомбылықты құқықтық қорғау мәселері
2.Тұрмыстық зорлық - зомбылықты құқықтық қорғау мәселері.
2.1. Әкімшілің құқықтық жауапкершілік
Зорлық-зомбылық өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді.Статистика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалар зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлар да аз емес.
Кейінгі жылдар ішінде елімізде осы саладағы заңдылықты нығайту бойынша заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заң қабылданды. Бұл заң зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды және отбасылық жанжалшыларға қатысты қылмыстық-процестік мәжбүрлеуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Соның арқасында отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың азаю динамикасына қол жеткізу мүмкін болды. Алайда бұл проблема әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып қалып отыр. Көптеген құқық бұзушылар жазасыз қалуда, ал зорлық-зомбылық фактілері айтылмаған күйінде тіркелмей қалады. Ресми статистика жәбірленушілердің полицияға шағымдануына кедергі келтіретін көптеген факторлар салдарынан жағдайдың нақты сипатын көрсетпей отыр.Сол себепті бүгін отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың тіптен жаңа жолдарын іздестіру маңызды. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек.Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты - қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. Әрбір жазасыз қалған үй бұзақысы өзінің бойында бұдан да ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болатын жауапсыздық сезімін дамытады.Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар.Ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда әйелдерге күш көрсету оқиғалары көбейгені байқалып отыр. Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2008 жылы елде әйелдерге күш көрсету 0,2 пайызға көбейген, яғни 2007 жылы 32556 қылмыс тіркелсе, 2008 олардың саны 32632 болған.Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесімен айналысып жүрген мамандар бұл әлемнің әр елінде бар құбылыс дегенді айтады. Отбасындағы қысым елдің мәдениетіне, экономикасының дамуына немесе сенім-нанымына байланысты емес. Бұл құбылыс жекелеген адамдардың ерекшеліктеріне қатысты дейді. Алайда, әр адам мемлекеттің азаматы болғандықтан, оны қандай да бір қауіп-қатерден қорғау да мемлекетке жүктеледі.Осы орайда ҚР ІІМ Дағдарыс орталығы одақтары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдер қоры (UNIFEM) Қазақстанды тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды тездетіп қабылдауға шақырады. Парламент депутаты, заң шығару және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет мүшесі Жақып Асанов тұрмыстағы зорлық-зомбылықты мемлекет тарапынан қадағалау қажеттігін айтады. Оған себеп те жеткілікті болған. Жақып Асанов, Мәжіліс депутаты, 26 ақпан 2009 ж.
дәйексөзі:
"Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында қазіргі таңда Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру туралы заң қабылдануы керек дейді депутат. Өйткені, арнайы заңсыз отбасындағы болып жатқан қысымдарды шектеу мүмкін емес дейді мамандар. Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша, полиция қызметкерлері отбасында белгілі бір қылмыстық оқиға орын алмайынша ешқандай шара қолдана алмайды. Сондықтан, бүгінгі құқық қызметкерлері отбасындағы зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоюға шарасыз болып отырған жайы бар.Ал қазіргі қаралып жатқан заң жобасында полиция қызметкерлерінің қолы ұзармақ. Ол бойынша, егерде жәбірленуші өзіне қатысты қандай да бір қысымның болғанын айтып шағымданса, полиция қызметкерлері жауапқа тартылатын азаматқа ескерту жасайды. Одан кейін оның іс-қимылдарына (мазаламау, телефон арқылы психологиялық қысым жасамау, аңдымау сынды) шектеу қояды. Ал егер сонда да ешқандай нәтиже шықпаса, соттың шешімімен оны қамауға алады. Тергеу жұмыстары барысында ол уақытша қамауда отырады. Ал тергеу жұмыстары 2 айдан кейде 1 жылға дейін жүргізілетіндігі белгілі," - дейді Жақып Асанов.Депутат бұл шаралар кісіге қиянат жасамаған жағдайда қарастырылғандығын айтады. Ал белгілі бір дәрежеде зиян келтірсе бірден, тергеу ісі біткенге шейін қамауға алу көзделген. Арнайы заңның болмауы және отбасындағы қысымның қыспағында қалдыру сияқты түрлі себептердің салдарынан бүгінгі таңда республика бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің саны нақтыланбай отыр.Тіпті осы іспен айналысып жүрген мамандардың қолындағы ақпарат та біркелкі емес. Мәселен, депутат Жақып Асанов әйелдерге қатысты қылмыстың бұл түрі жылдан жылға ұлғайып бара жатыр десе, Ішкі істер министрлігінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімнің бастығы Мәншүк Қалиғожина керісінше, зардап шегушілердің саны азайып отырғанын айтады.
- Соңғы 5 жылда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасау фактісі 2,7 пайызға төмендеді, - дейді ол.
Мәншүк Қалиғожина, ҚР ІІМ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бастығы. Алматы, 26 ақпан 2009 ж.
Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының төрағасы Зульфия Байсақованың сөзіне қарағанда, осы мәселеде нақты статистика жоқ екен.
- Тұрмыста зорлық-зомбылық көретін жандардың нақты санын айту мүмкін емес. Өйткені, олар арнайы органдарға барып тіркелмейді. Кей әйелдер, дәл сол мезетте ашуын біреуге жеткізіп алса, одан кейін кешіріммен қарап, ары қарай өмір сүре береді. Бұл барша шығыс қыз-келіншектеріне тән менталитет. Олар ешқашан өз ерлерін жаманатты қылғысы келмейді. Дегенмен, оны түсінетін ер адамдар қазіргі таңда сиреп барады. Сондықтан, оларды арнайы заңмен жауапқа тарту керек деп есептеймін. Бұл құжат тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқы сақталып, тұрмыстағы қысымды болдырмауға көмек болар деп ойлаймын, - дейді З.Байсақова.
Мысалы:
36 жастағы Арайлым күйеуімен ажырасып кеткендігін айтады. Оның басты себебі - отбасында ұрыс-жанжалдың жиі болатындығы, онымен қоймай жұбайы оны соққының астына алатын да кездер болған екен. Алайда, заңды түрде ажырасып кетсе де, Арайлым өзінің бұрынғы күйеуінен әлі де қысым көреді екен.
- Күндіз болсын, түнде болсын келіп мазамды алады. Әйтеуір қазір қол жұмсамайды. Дегенмен, қайта-қайта келіп, тыныш өмір сүруге мұрша бермейді, түрлі нәрселерді айтып қорқытып кетеді. Полицияға барса, олар ешнәрсе істей алмайтындығын айтады. Себебі, мен күйеуіммен заңды түрде ажырасып кеткенмін, - дейді ол.
Арайлым қаралып жатқан заң жобасының қабылданғанын қалайды. Өйткені, ол құжат өзі сияқты қыз-келіншектерге қорған бола алады деген үмітте.
Дағдарыс орталығы одағының зерттеулері бойынша,Қазақстанда әрбір үшінші әйел соққыға жығылады, ал әрбір бесінші әйел зорлаудың құрбаны болады екен, сондай-ақ адам саудасындағы тірі тауардың 80 пайызын да әйелдер құрайды екен.
Қазіргі таңда Қазақстан бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жандар үшін арнайы дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Оған қоса Ішкі істер министрлігінде арнайы бөлімшелер бар. Алайда, арнайы заң қабылданбайынша, бұл қылмысты ауыздықтауға қоғамның қолы қысқа екендігін айтады мамандар.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанда Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы N 214-IV Заңы енгізілді. Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 10-тарауындағы, ерекше бөлімінде : 73-бап. (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер). Мен жазаланады.
ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі былапыт сөйлеу, қорлау, кемсіту және отбасындағы ұрып-соғу үшін әкімшілік жаза түрлері өзгеріске ұшыраған заң нормасын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ведомствоның түсіндіруінше, енді жанжалдар үшін үш тәулікке емес, бес тәулікке (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы) қамауға алынады. Яғни, жауапкершілік күшейтілді. Бұл құқық бұзушылықтың алдын алу және зардап шеккендерді қорғау үшін жасалған. Ал қол жұмсау және денегі зақым келтіргені үшін әкімшілік қамауға алу бұрынғыша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1, 73-2 баптарына сәйкес 20 тәулікке дейін қалды. Бұл баптардағы айыппұл түрлері ескерту берумен алмастырылды. Мұндағы логика қарапайым. Бұрын жанжалқой отбасылық бюджеттен айыппұл төлейтін. Одан әйелі мен балалары зардап шекті. Сонымен қатар, ескерту - жазаның баламалы түрі ғана екенін білу маңызды. Егер екінші рет болса, онда ескерту болмайды. Бұл жағдайда сот 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Барлығы нақты істің мән-жайына байланысты, - деп атап өтеді министрліктен. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттерді (ӘҚБтК 73-бабы) және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ӘҚБтК 73-1-бабы) немесе ұрып-соғу (ӘҚБтК 73-2-бабы) әрекеттерін алғаш рет жасаған адамдарды, егер олар жәбірленушілермен, арыз берушілермен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, тек сот қана жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Енді осындай фактілер бойынша барлық істі полиция сотқа жібереді. Егер үнемі ұрып-соғу болса, онда ҚК-нің 110-бабы (азаптау) қолданылады. Аталған баптың бірінші бөлігіне сәйкес 2 жылға дейін, ал екінші бөлігінде 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің біріне етек алған маскүнемдік, жұмыссыздық, соған байланысты тұрмыс жағдайының ауырлығы сияқты әлеуметтік жайлар жатады. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар.
Ал, біздің мемлекетіміз үшін әйел-ананы қорғау ерекше мәселе. Бұған Елбасымыздың өзі тереңірек мән беріп, Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді... деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. Әрбір әйел-ана отбасының ұйытқысы. Қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы ҚР Президентінің 29 қараша 2005 жылғы Жарлығында отбасы мүшесінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін, оның тәнін немесе жан дүниесін қинап, моральдық зиян келтіретін отбасының бір мүшесінің екінші мүшесіне кез-келген қасақана іс-әрекеті отбасындағы зорлық-зомбылық болып танылатыны көрсетілген.Өкінішке орай, қазіргі уақытта қоғамның қарыштап дамуына қарамастан әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттер тыйылар емес. Оған айғақ отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы әйелдерге сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттергеқатысты істер санының азаймауы. Ағымдағы жылдың 9 айында Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққақарсы әрекеттерге қатысты 598 әкімшілік іс қаралған, оның шамамен 80 пайызы әйелдерге көрсетілген зорлық-зомбылық. 270 тұлғаға әртүрлі әкімшілік жазалар қолданылған. Ал, 379 іс қысқартылған, оның негізгі бөлігі әкімшілік іс бойынша іске тартылушы тұлға жәбірленуші жақпен бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылған. Жаратылысынан жүрегі кең қазақ әйелі төзімділігімен ерекшеленеді. Өзі қандай қиыншылыққа тап болса да, қанша қысым, моральдық зардап шексе де кешіріммен қарайды, отбасының бірлігін ойлайды. Көп жағдайларда қазақ әйеліне тән бұл қасиет оны отбасындағы қорлық пен кемсітушілікті сыртқа шығаруға да жол бермейді. Бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде қалады. Осыны пайдаланған кейбір пасық жандар отбасындағы теріс іс-әрекеттерін жалғастырып келеді. Ондайларға сот қаулысымен Қазақстан Республикасының 04.12.2009 жылғы Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы Заңын басшылыққа алып құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Аталған құқық бұзушылықтардың алдын-алуда, олармен күресуде учаскелік полиция қызметкерлерінің атқаратын ролі ерекше. Тәуліктің кез-келген уақытында түскен хабарлама бойынша құқық бұзушылық орын алған жерге барып жететін де солар.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік соты құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен семинар сабақтар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып,мемлекетіміздің гендерлік саясатын насихаттау жұмыстарын жүргізуде.Қазақстан - зайырлы мемлекет, сондықтан азаматтарымыз ар-ождан бостандығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Елбасымыз айтқандай өз бетімен дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін қандай да бір іс-әрекетке қарсы тұратын уақыт жетті.Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық барысында жасалатын құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері әрқашан өзекті және ауыр әлеуметтік проблемалар қатарына жатады.
Ағымдағы заңнамаға сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастарға, ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар жатады. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жатады.Тек 2017 жылдың 3 айына Бурабай ауданыдық сотымен тұрмыстық зорлық-зомбылық аясында 67 әкімшілік істер қаралды. Көбіне көрсетілген дәрежедегі істер ӘҚБтК 64 бап. 1б. негізінде тараптардың татуласуына байланысты ақтамайтын негіздер бойынша өндіріспен қысқартылады. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жасалған құқық бұзушылыққа кінәлі адамдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен ескерту жасау немесе 3 тәулікке дейінгі қамаққа алу түріндегі жауапкершілігі көзделіп, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осы әрекеттер - 10 тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Сотта қаралған істерді талдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері болып, тұрмыстық алауыздық, материалдық жағдайдын болмауы, қызғаныш, сонымен қатар бұрынғы ерлі-зайыптылардың және басқа адамдардың амалсыз бірге тұруы, олардың арасында бұрыннан жағымсыз қарым қатынастың орын алуын көрсетті. Көбіне құқық бұзушылықтар кешкілікте және түнгі уақытта жасалады. Көп жағдайларда дау спиртті ішімдіктерді қиянат етудің салдарынан және қылмыстық статистика көрсеткендей, бұндай даулар денсаулыққа зиян келтірумен аяқталған кездері де аз емес.Әдетте отбасы-тұрмыстық даулар барысында өз туыстарының құрбандары ретінде жасына орай қарсылық таныта алмайтын немесе тәуелді жағдайда болуға мәжбүр зейнеткерлер, сонымен қатар әйелдер және балалар болып табылады.Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сотпен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіненуі мүмкін, сонымен қатар 3 айдан бір жылға дейінгі мерзім аралығында жәбірленушінің еркіне қарсы оған баруға, ізіне түсуге, оны іздестіруге, ауызша және телефон арқылы келіссөздер жүргізуге, онымен қоса кәмелетке толмаған немесе қабілеті жоқ отбасы мүшелерімен басқа жолдар арқылы хабарласуға тиым салынатынын білген жөн.Ерекше талаптар мерзімі аралығында құқық бұзушының жүріс-тұрысына профилактикалық әңгіме жүргізу үшін, ішкі істер органына айына 1-ден 4-ке дейін келіп тұру міндеті жүктелуі мүмкін. Жылына үш рет немесе одан да көп мас күйде әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанына орай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған созылмалы маскүнемдікпен ауыратын азаматтарға қатысты, 12 айлық мерзімге дейін емдейтін мекемеге бағыттау туралы сұрағы қаралуы мүмкін. Сонымен қатар заңнамамен қорғау нұсқамасы түріндегі нормасы көзделіп, ол отбасы мүшелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікке бірталай тартылған азаматқа шығарылады. Қорғау нұсқамасын шығаруда құқықбұзушыға тұрмыста зорлық-зомбылықтан жәбірленген ортақ тұратын жерді уақытша босатуын және ортақ меншікпен иелік етуіне тиым салуды міндеттеуге болады. Отбасыдан отбасы жанжалқорларын оқшаулау, құқықбұзушының жағынан да және тұрақты даулардан шаршаған оның отбасы мүшелерінің жағынан да мүмкін болатын ауыр қылмыстын алдын алуға көмектеседі. Әдеттегі қарапайым отбасы-тұрмыстық жанжал ауыр салдарға алып келуі мүмкіндігін ескеріп, адамдарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда ымыраға келмеуіне дағдыландыру қажет. Көбіне әйел, бала, кәрі адам әртүрлі себептерге байланысты көмекке жүгіне алмайды. Өз туыстарының отбасыларында, таныстарында, көршілерінде отбасы-тұрмыстық жанжалдар туындап, соның барысында күш қолданылатының білетін әр адам, аса ауыр қылмысты және құқық бұзушылықты жасауға жол бермеу мақсатында, уақытылы профилактикалық шараларды жүзеге асыру үшін, ішкі істер органдарына жүгіну қажеттігін түсінген жөн.Қазіргі таңда бес институционалды реформаны жүзеге асыру мақсатында, Ұлт жоспарында белгіленген - "100 нақты қадам", Бас прокуратурамен Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан жобасы жүзеге асырылуда.Сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша Медиа-жоспарын бекіту туралы.Бұл жобаның тапсырмасы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің нәтижелі комплексті механизміне дағдыландыру және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтың тұрақты түрде төмендетуі болып табылады.Сонымен қатар азаматтардың құқықтық санасын жоғарлату мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен мобильді қосымшада Прокурордың 100 кеңесі анықтамасы әзірленген. Бұл әдебиет азаматтарға өздерінің заңды құқықтрын және бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру мақсатында қолдануға арналған. Осыған орай, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтардын профилактикасын күшейту, тұрмыстық қылмыс фактілерінің дәрежесін түсіру және оларды жою үшін, басқа да уәкілетті органдармен бірігіп, сонымен қатар барлық қоғамның да күш біріктіруі маңызды. Учаскелік полиция инспекторының отбасылық-тұрмыстық жағдайда жасалатын қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтыңалдын-алу шаралары. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанга деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады Н.Ә. Назарбаев
Біздің қоғамымызда отбасы - ешкім қол сұқпайтын ұйым және онда болып жатқан істер - отбасына ғана қатысты, оған ешкімнің араласуы тиіс емес деп саналады. Бұнымен, егер отбасы бақытты болған жағдайда, келісуге болады. Ал, егер отбасында зорлық болатын болса, онда ол - мемлекеттік іс. Өйткені, мемлекет табысты даму үшін таза қоғам мен дені сау азаматтар қажет.Үйдегі зорлық-зомбылық бүкіл әлем бойынша ең көп таралған және барлық әлеуметтік топтарда бар. Үйдегі зорлықтың шекарасы жоқ: ол балаларға да қатысты болуы мүмкін, зайыбына немесе жолдасына, қарттарға, мүгедектерге, асырап алған балаларға және т.б. Егер мемлекет пен қоғам отбасындағы зорлыққа әрекет етпесе, онда ол зорлыққа қатысқан болып есептеледі.Қазақстандағы әйелдер тарихының тамыры тереңде, олар бала тәрбиелеп, шаруашылықпен айналысып өз отбасы мен отанын қорғады. Қазақ әйелдері өз отбасы мен ошақтасының ұйытқысы бола жүріп, қоғамның саяси және экономикалық өміріне араласа отырып, ерлермен тең қоғамдық мәртебе алған.Қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына нұсқан келтіретін отбасындағы зорлық- зомбылық Қазақстан Республикасы үшін туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Отбасындағы зорлық - зомбылық - әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықтың ең көп тараған түрі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жуырдағы зерттеуіне сәйкес, 71,4% әйелдер жылына бір рет болса да тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшырайды. Әйелдер үйдегі зорлық-зомбылықтың бес оқиғасының біреуінде ғана құқық қорғау органдарына жүгінеді.Тұрмыстық зорлық-зомбылық - ол отбасы мүшесінің басқа отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй, пәтерде бірге тұрып жатқан адамға, немесе бөлек тұрып жатқан бұрынғы күйеуі немесе әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық. Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын-алу туралы Заңға сәйкес зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық болып бөлінеді.Тұрмыстық зорлық- зомбылық - мемлекеттің даму деңгейі мен мәдени хал-ахуалына қарамастан, әлемнің барлық елдерінде кездесетін мәселе. Жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты, тіпті өлтіру бойынша он мыңдаған оқиғалар тіркеледі. Қоғамда ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету уақыт талабын қажет етеді. Соның ішінде мемлекет үшін әйел-ананы қорғау ерекше мәселе болып табылады. ҚР бірінші Елбасының Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселеге айырықша тоқталған. Онда Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау - ерекше мәселе. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар. Әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана - оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына - анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз. Біз ананы қорғап, қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық- зомбылық көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу деген болмау 108 керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н.Ә.Назарбаевтың барша қазақстандықтарға ұсынған Ұлт жоспары - 100 нақты қадам атты жоспарының 30 қадамында Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру мәселесі көтерілді. Біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған ұлттық заңнамамызға сай құқықтық шараларды жүзеге асыру міндеті жүктелді. Жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы Заңға қол қойылды.Аталмыш Ұлт жоспары - 100 нақты қадам жоспарының 30 қадамында тұрмыстық зорлық пен зомбылыққа жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан тосқауыл қою және осындай қылмыстардың алдын алу жолдарын қарастыру тапсырылды. Әрине бұл қуантарлық жағдай.Қоғам үшін ең бастысы - тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі - заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау - конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол - жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар - жұбайлар мен балалар.Отбасындағы зорлық- зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табыладым .ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сүйенетін болсақ:
2017 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде 26 әйел көз жұмған. Ал 2018 жылы 60-қа жуық нәзік жанды жантәсілім етіпті.2017 жылдың 8 айындағы статистикалық деректерге сәйкес, отбасы-тұрмыстық салада 26 әйел қаза тапқан. 2018 жылдың 12 айында -- 58 әйел. 2017 жылдың 8 айында 48 176 қылмыстық құқықтық бұзушылық тіркелген, ал 2018 жылдың 12 айында 65 325 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.
2017 жылдың 6 айында республика соттары ҚР Қылмыстық Кодексінің 109- бабында (ұрып-соғу) көзделген қылмыстық құқықтық бұзушылықтарды жасағаны үшін заңды күшіне енген үкімдер бойынша 14 адам соттаған. 2016 жылы ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабында (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), 107-бабында (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру), 108- бабында (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 1 333 адам сотталған.Бүгінгі күні республикада 23 дағдарыс орталығы тіркелген, олардың 17-сінде баспана бар. Қолда бар мәліметтер бойынша, тек 2018 жылы дағдарыс орталықтарына 12 мыңнан астам әйел жүгінген, ішкі істер органдары қызметкерлері аталған орталықтарға 3,5 мың әйелді жіберген.Қазақстан Республикасының заңнамасында әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықтың барлық түрлерін жасағаны үшін - Қылмыстық кодекстің 99, 101-107, 115, 117, 120-130-баптарындажауапкершілік көзделген. Барынша жоғары қылмыстық жаза - мүлкін тәркілей отырып 7-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, әкімшілік жаза - айыппұл не 15 тәулікке дейін әкімшілік тұтқындау (ұрып-соғу, байқаусызда денсаулығынаауырлығы орташа залал келтіру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) .
Сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-122 және 124-баптарында көзделген. Мысалы, 121-бап бойынша (сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Зорлау туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 100-бабының Жәбiрленушiлерgiң, куәлардың, сезǐктǐлердщ, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауiпсiздiгi шаралары нормаларына сәйкес қорғалуға құқылы .Қазіргі таңда отбасылық зомбылық дағдарыстық орталықтарымен министрліктер мен ведомстволар бағдарламаларында талқыланып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz