Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар инжиниринг университеті

«Педагогика» факультеті

«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : «Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары»

Пәні : Инклюзивті білім беру

Мамандығы : 5В011400-тарих

Орындаған : Боқыбай Райгул Боқыбайқызы, 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі

Жетекші: Ерубаева А. Р., аға оқытушы

Курстық жұмысты

қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы

Ақтау, 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика» факультеті

«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру

Мамандығы: 5В011400 -тарих

ТАПСЫРМА

Курстық жұмысты орындауға арналған

Студент: Боқыбай Райгул Боқыбайқызы

Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары «»

Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:

1) Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары i

2) Мумкiншiлiгi шектеулi балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеликтері

3) балаларды педагогикалық дамыту

Негізгі әдебиеттер:

1) Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ҚР Заңы. - Астана. -2002

2) Байтұрсынова А. А. «Арнайы педагогика: проблемалар мен даму болашағы». Оқу құралы. - Алматы, 2008

3) Aутaeвa A. Н., Мexмeтовa A. A. мүмкіндігі шeктeулі: оқу құрaлы. -Aлмaты, Aбa aтындaғыКaзҰПУ, 2008. -94б

4) «Бала құқықтары туралы Конвенция» БҰҰ, 2001

5) Волосовец Т. В., Сазонова С. Н. Организация педагогического процесса в дошкольном образовательном учреждении компенсирующего вида. М., 2004.

Курстық жұмыстың көлемі: 30 бет.

Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін

Курстық жұмыс жетекшісі Ерубаева А. Р. ___ ___ 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 . МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ . . . ……… . . . …7

1. 1. . Мүмкиншілигі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері . . . 7

1. 2 Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы бaлaлaр мүгeдeктігі бойыншa мүмкіндігі шeктeулі ұлттық үрдістeр мeн дeрeктeр . . . 14

2. ҚAЗAҚСТAНДAҒЫ МҮГEДEКТІГІ ШEКТEУІ БAР AДAМДAРДЫ ҚAМТИТЫН ЗAҢНAМAЛAР . . . 23

2. 1Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеп әлеуметтендіру . . . 23

2. 2 Отбасының әлеуметтік - мәдениеттілік статусы . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі : Осы курстық жұмыста Елбасы өзінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосудың стратегиялық мақсаттарын анықтап берді. 2014-2016 жылдарға арналған жұмыс жоспары әзірленді. «Мектепке дейінгі біліммен және мүмкіндігі шектеулі 3-6 жас аралығындағы балаларды үшін мектеп жасына дейінгі балаларға балабақша және арнаулы білім беретін түзеу ұйымдарының желісі ұлғаятын болады.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруде үлкен жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты оңалту орталықтары ашылып жатыр және жаңа үлгідегі, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтары, отбасына әлеуметтік көмек көрсету орталықтары іске қосылып жатыр. Орталықтардың негізгі міндеттері мүмкіндігі шектеулі балаларға комплексті көмек, медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік көмек көрсету, оларды оңалту, және кәсіби бағдар беру болып табылады. Мұндай орталықтар тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, сондай-ақ олар тәрбиеленіп жатқан отбасыларына да комплексті көмек көрсетеді.

Әлеуметтік және бейнелеу өнеріпен оңалту сұрақтарын әлеуметтік қызметкерлердің араласуынсыз іске асыру мүмкін емес. Әлеуметтік қызметкердің атқаратын жұмысының негізгі функцияларына заңгерлік, медициналық, психологтік, педагогикалық және басқа да мамандықтар бойынша кеңес беру, материалдық көмектер ұйымдастыру жатады. Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психокоррекциалық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді.

зерттеу нысаны :мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары

Зерттеу мақсаты : Отбасындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктерін анықтау

Зерттеудің міндеттері :

1. Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.

2. Отбасындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері

3. Тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының отбасында тәрбиеленууі дамыту жағдайларын айқындау.

Зерттеудің болжамы : Зерттеу тақырыбы бойынша Жаңа қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалар мәселелерінің шешімін екі жақты қарастырылуы керек. Біріншіден алдын алу, бұл аяғы ауыр әйелдерге, сәбилерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жоғарлату арқылы, алдын ала кеңес алатын медициналық-генетикалық мекемелер ашу арқылы іске асыру. Екіншіден - мүмкіндігі шектеулі баларды әлеуметтік оңалту, бұл - әлеуметтік оңалту орталықтарын ашу, арнайы балабақшаке дейінгі мекемелерін ашу арқылы іске асыру.

Елімізде қазіргі танда 2014 жылдың соңғы мәліметіне сүйенсен 62, 8 мың бала мүмкіндігі шектеулі деп танылды. Педагогтар мен психологтар мүмкіндігі шектеулі балалармен істейтін жұмысқа керек жаңа және жетілдірілген бағдарламалардың тапшылығын айтады. Сонымен жанұясында мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің зерттеу және оның шешу жолдарынын анықтау мамандардын өзекті бағыты болмақ.

Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы . Кейбір зерттеулерде балабақшаке дейінгі балаларда тапсырмаларын орындау барысында мотивациясының (қызығушылық себебінің) эмоциялық сипаттамада екендігін анықтады. балалар өз мүмкіншіліктерін есепке алмай өздеріне ұнаған, бірақ орындауға шамалары жетпейтін, бұйымды жасауға тілегі мен әзірлігін көрсетеді. Тапсырманы орындау мақсатын (белгіленген бұйымды орындау) біліп, бірақ онда қажетті мөлшерде бағдар ете алмай және қажетті іскерліктер мен дағдыларды меңгерусіз, балалар оған дербес жете алмайды. Орындалған бұйымдары үлгімен сәйкеспейді. Мақсаты жеңілдетіледі немесе ауысады. Сонымен қоса балалар өз жұмысының нәтижесімен қанағаттанып оған жоғары баға береді. Бұл тапсырмаға деген қатынастың қарапайым эмоциялық екендігін, ақыл-ой қатынасынан басымды екендігін дәлелдейді.

Тапсырма мақсатының ауыстырылуы мен жеңілдетілуі балалардың ситуациялық мотивтерімен жетекшіленетіндігін білдіреді. Әрекет барысында мотивтердің ауысуы байқалынады

Зерттеудің практикалық құндылығы . Жұмыста қарастырылған нәтижелер. әрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды) . Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді. .

Құрылымы : курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады. Жұмыс соңында әдебиет тізімі берілген.

1. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

1. 1Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері

Мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесі әлеуметтік модель шеңберінде олардың отбасы тәрбиесімен және тұлғааралық қатынастармен байланысты қарастырыла бастады.

Педагогика жүйесіндегі балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігінің бірі - мүмкіндіктері шектеулі балаларды мінез-құлқындағы кемшіліктерді ескере отырып оқыту, олардың ой-өрісін дамыту, қоршаған ортаға бейімділігін арттыру болып табылады. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктер олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне, яғни оқу, жазу, ортаға бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді. Сондықтан да психикалық даму мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу ү рдісін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс.

Ал танымдық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Білім алушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек ол мәнді тапсырмаларды орындай алады. Менің ұстаздық жолымда қалыпты балалармен жұмыс істегеніме 4 жыл, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеп келе жатқаныма да төртінші жыл. Осы аз ғана уақыттың ішінде мен мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығы мен үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін сезініп те үлгердім.

Себебі, қалыпты балаларға сабақ беру барысында еңбегіңнің жемісін тез көресің. Қалыпты балалар қоршаған ортаға тез бейімделеді, айтқаныңды тез ұғады. Тіпті, сабақ оқымай келген қалыпты балаға қаттырақ сөйлесең, ұрысқанның өзін ол дұрыс қабылдай алады, келесі жолы ондай қателік жібермеуге тырысады.

Ал мүмкіндігі шектеулі балалар болса, даму жүйесінде ауытқушылықтар болғандықтан өз қатарластарынан артта қалған, қоршаған ортаға бейімделуі баяу, кейбіреулері денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды, көбіне көңіл-күйі төмен болатындықтан да қатты сөйлегенді қабылдай алмайды. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалалар мәселесі бойынша көптеген әлеуметтік орталықтар ашыла бастады. Оның дамуына психоанализ теориясы ықпал етті.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірі дені сау адамдардың бақылауында болды, олар тәуелді болып келді. Бұл мемлекетіміздің әлеуметтік саясатына, заң шығарушы органдарға, ұйымдарға өз әсерін тигізді.

Сонғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалар қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. 1992 жылы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында қабылданған, №1185 реабилитациялық бағдарламасының кепілдемесінде былай дейді: «Мүмкіндігі шектеулітік - бұл адам баласын мүмкіншіліктерден шектеу, қарым-қатынастан, психологиялық, әлеуметтік, мәдени заңдылықтар мен басқа да кедергілерді бастан өткере отырып қоғамның толыққанды мүшесі болу бағытынан айрылғандар. Сондықтан қоғам олардың қажеттіліктерін өтей отырып, тәуелсіз өмір сүрулерін қамтамасыз етуге міндетті».

Мүмкіндігі шектеулі балалар белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған ауытқулардан немесе жарақаттың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және психикалық кемістігі бар балабақшаке дейінгі балалар

Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам - бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері. В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі».

Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек.

Біріншісі қандай да бір қарым-қатынастың жоқтығымен сипатталады: отбасы мүшелерінің бір-бірінен алшақтығы, бөтенденуі, бір-бірінің істері мен сезімдеріне немқұрайлы болуы.

Келесі екеуі - авторитарлық жəне демократиялық стильдер - өзіндік шкала құрайды, оның бір жағында қатаң авторитарлық сипат басым болады, яғни отбасы мүшелерінің шағымдануға жатпайтын, ешкіммен санаспайтын қарым-қатынасы, қатыгездігі, шабылдаушылығы орын алса, екінші бөлігінде - ынтымақтастық, өзара көмек, сезім мен эмоция дамыған мəдениет, сондай-ақ отбасылық одақтың барлық мүшелерінің шын мəніндегі толық тең құқықтылығы орын алатын алқалы демократия. Авторитарлық стиль - баланың отбасында мəнсіздігі мен керексіздігі салдарынан ол атаанасынан алшақтайды.

Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс отбасының педагогикалық үрдіс аясында жүреді.

Мектеп оқушылары отбасының педагогикалық үрдісіне қатысатынын жəне осы үрдістің нəтижесі ата-ананың үрдісті қаншалықты саналы басқаратынына көбірек байланысты болатынын ескере отырып, осы екі педагогикалық үрдіс өзара байланысты деуге болады.

Олардың нəтижелері қосылып, не оның тиімділігін арттыра түседі, не бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, онда тəрбиелік əсер едəуір төмендейді.

Балалардың екі педагогикалық үрдіске қатысуы отбасындағы тəрбие жұмысының жағдайын білу, ата-ананың педагогикалық мəдениетін көтеру, отбасындағы педагогикалық үрдістің оң жəне теріс жақтарын ескере отырып, мектептегі педагогикалық үрдісті жасау қажеттігін туындатады.

Балаларды тəрбиелеудегі əлеуметтендіру дегеніміз - индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім, қағидалар мен құндылықтардың жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл əлеуметтік жəне психологиялық үрдістер жиынтығы. Оған саналы, қадағаланатын, мақсатты əсер ету (кең мағынада алғанда тəрбиелеу) ғана жатпайды, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына əсер ететін тылсым, кездейсоқ үрдістер де жатады.

Ата-ананың отбасы - əлеуметтендірудің маңызды институты. Алайда қазіргі отбасы бұрынғы кезеңде алған басым рөлін жоғалтты. Бұған жалпы тəрбиенің мəні де, ерекшелігі де, отбасының өзінің өзгеруі де əсер еткен: тұрақтылықтың өзгеруі, баланың аздығы, əкенің дəстүрлі рөлінің əлсіреуі, əйелдердің еңбекпен шұғылдануы жəне т. б. Отбасындағы қарымқатынас стилі де өзгерді. Авторитарлық тəрбиенің күйреуі ата-ана мен баланың өзара қарымқатынасын жұмсартып, жақындатып, екі жаққа да жекеше əрі эмоционалдық тұрғыдан маңыздырақ ете түсті. Қазіргі күні тəрбиелеуде атаананың билігі емес, моральдық беделі жөніндегі мəселе маңыздырақ. Күшке сүйенетін билікке қарағанда, ата-ананың моральдық беделін ұстап тұру қиынырақ.

Тəрбиелеудегі қарым-қатынасты жекелендіру оның мəнін арттырады, сонымен бірге бұл қатынастарды, əсіресе ата-ананың қарым-қатынас ауқымы мен таңдауы кеңейген жасөспірімдік кезеңде нəзіктендіре түседі.

Əйел мен еркектің əлеуметтік рөлдері жүйесінде алға түпкілікті қадамдар жасалды.

Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады.

Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз.

Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді.

Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.

«Жекеше» қаралатын əлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең бастысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының əсерін бəрінен бұрын сезінеді.

Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың əлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едəуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тəрбиеден басқа балаға отбасындағы атмосфера да əсер етеді. Бұл əсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.

Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы əлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі жəне өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады.

Əрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды) . Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді.

Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.

Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр.

Бала - біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым.

Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.

Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы.

Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы.

Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады.

Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді.

Керісінше, шешесі шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады.

Психологиялық қарсылық механизмінің де маңызы зор: еркіндігі шектелген жасөспірімнің дербестікке ұмтылу қабілеті жақсы қалыптасады, ал ештеңеден шектелмеген бала тəуелді болып өседі.

Сондықтан баланың нақты қасиеттері, негізінде, ата-анасының қасиеттеріне байланысты болмайды (ұқсастығы жағынан да, айырмасы жағынан да), тəрбиелеудің жеке əдістерінен де шықпайды.

Отбасылық тəрбиенің ерекшелігін оның анықтамасынан көруге болады. Отбасылық тəрбие дегеніміз - ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Тəрбиелеу əдістерінің түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз. Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:

Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық əдістерінің көмегімен) .

Тіршілікті ұйымдастыру дегеніміз баланың дене бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызметтер көрсету психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің мамандары әзірлеген жеке бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Мысалы: Оразаева Арайлым деген 5 жастағы қыз бала эпилепсияның бастапқы түрімен ауырады.

Анасы оны 3 жасында байқаған. Баланың приступы елеусіз өтеді, бірақ приступтан кейін қарым-қатынасқа енжар, ұйқысы келіп, дел-салға түседі. Мұндай кезде мүмкіндігі шектеулі балаға тыныштықты қамтамасыз етіп, есін жиғанша күту керек, ол уақыт кейде 4-5 сағатқа созылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педогогикалық жұмыстары
Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Баламен қарым - қатынасты түзету
Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz