Ата-ана мен баланың құқықтары мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Орта мағынадағы отбасының туындауы
  2. Ата-ана мен баланың құқықтары мен міндеттері
  1. Ата-ана мен баланың мүліктік емес құқықтары мен міндеттері
  2. Ата-ана мен баланың мүліктік құқықтары мен міндеттері
  1. «Бала құқықтарын қорғау» жөніндегі заңдар мен халықаралық декларация

Пайдалынған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қоғам отбасынан құралады. Ал, отбасы ата-ана мен баладан тұрады. Осы отбасының шайқалмай берік болуы ата-ана мен балаға қатысты. Ата-ана үшін өмірдегі ең үлкен қуаныш бала болса, перзент үшін де ата-анадан қымбат ешкім жоқ.

Әрбір ата-ана өмірге сәби әкелген соң, оның өміріне, денсаулығына тікелей жауапты болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабында "Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында. Баланы күту және тәрбилеу - ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті" делінген. Көптеген тұрмыстық факторлар негізінде кейбір аналар өмірге әкелген баласын далаға тастап кетіп жатады. Бұл тек біздің елде емес, бүкіл әлемде болатын, бола беретін жайсыз жағдай. Осынау әлеуметтік мәселенің тамыры тереңде болса да, басты жауапкершілік әке мен шешенің мойнында. Кез келген жұмыр басты пенде бала өмірге келмей тұрып ойлануы тиіс.

Бұл тақырыпта орта мағынадағы отбасы дегеніміз не екеніне, оның қандай негіздерде және де қай кезде пайда болатынына, сол орта мағынадағы отбасының пайда болуымен пайда болатын құқықтар мен міндеттерге тоқталамыз. Ата-ана мен баланың арасындағы отбасылық қатынас қалай жүзеге асатынын, арасындағы мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттерін талқылаймыз.

Халықаралық декларацияда балалардың құқықтарын қорғау жөнінде не айтылған, олар қазіргі таңда қадағалу, қадағалмауы туралы және қалай жүзеге асатынын айтамыз.

Орта мағынадағы отбасының туындауы

Біздің отбасылық заңнамамызға сәйкес, «отбасы» ұғымы төрт мағынада қарастырылады. Және солардың бірі орта мағынадағы отбасы. Осы орта мағынадағы отбасының пайда болуымен ата-ана мен баланың арасында белгілі құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Орта мағынадағы отбасы-балалар мен ата-аналардың арасында, баланы асырап алғанда асырап алушы мен асырап алынған арасындағы құқықтары мен міндеттері, балаларды өздерінің тәрбиесіне алудың басқа да нысандарының нәтижесінде туындайтын тәрбиелеуші мен тәрбиеге алынған баланың арасында пайда болатын құқықтық қатынасқа байланысты отбасы түрі. Осы орта мағынадағы отбасы некесіз пайда болуы мүмкін, мысалы некеге тұрмаған әйелдің бала тууы және бір ер кісінің бала асырап алуы және де сол сияқты басқа жағдайларда. Осы қатынас түрін Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 3 және 4 бөлімдерінде, 5 бөлімнің 19 тарауында қарастырылған.

Балалардың туылуымен ата-аналар мен баланың арасында отбасылық құқықтар мен міндеттер пайда болады. Біріншіден баланың ана жағынан орта мағынада отбасылық қатынастың құрылуы жөнінде Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 47 бабының 1-тармағында төрт негізге бөліп қарастырған. Біріншісі ол, ананың баланы медициналық ұйымда туғанын растайтын анықтама негізінде тіркеуші орган арқылы анықтай отырып құрылады. Екіншісі, ананың медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда, баланың анасы жағынан туу тегі фактісі сот тәртібімен анықтала отырып туындайтын қатынас. Бұны сот анықтаған кезде куәгерлік дәлелдер, медициналық ұйымның қорытындыларын жүктілік кездегі анықтамаларды талап ете отырып, анасы мен баланың арасындағы қатынасты белгілейді. Бала суррогат анадан туған жағдайда баланың туу тегі суррогат ана болу жөнінде жасалған шарт негізінде анықталады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңы бойынша суррогат ана дегеніміз-суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және оны туу. Суррогат ана баланы туғаннан кейін тапсырыс берушілер, яғни, ерлі-зайыптылар биологиялық ата-анасы болып жазылады. Осы орайда суррогат аналық шарт жасалады, шартта суррогат анаға жасалатын жағдайлар, төлетін ақы туралы жазылады. Ал төртінші жағдай, қосалқы репродукивтік әдістер мен технологияларды қолдану арқылы жасанды әдіспен бойға бала бітіру жағдайында: донордың шәуетін қоса алғанда, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде өзі баланы көтеретін және туатын әйел генетикалық анасы болып табылады. Биологиялық анасы өзі көтергендіктен, бұл жағдайда қиындықтар болмайды.

Келесі, баланың әкесімен орта мағынадағы отбасылық қатынастың құрылуы. Бұл туралы Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 47 бабының 2 және 3 тармақтарында айтылған. Жалпы баланың әкесі жағынан орта мағынадағы отбасының құрылуы екі жағдай қарастырылады. Бірінші жағдай, ол баланың некеде туылуы. Бұны жалпы әкелік презумпциясына сәйкес баланың туу тегін анықтау деп те айтамыз. Себебі, бала тіркелген некеде тұратын әйелден туылуы жағдайында, анасының некеде тіркелген жұбайы, басқаша дәлелденге дейін, баланың әкесі болып табылады. Әкелік презумпциясы тек қана, некеде және неке тоқтаған, бұзылған, жарамсыз деп танылған кездерде қолданылады. Ал азаматтық некеде қолданылмайды. Сол себепті бұндай кезде бала тіркелген некеде туылған жағдайда, баланың туған анасы, неке куәлігінде жұбайы кім деп жазылса, соны АХАТ органдарына көрсету арқылы, баланың әкесі деген жерге жұбайын жаздыру мүмкіндігі бар. Егер жұбайы келіспеген жағдайда, оны сот тәртібімен дау айту арқылы оны өзгертуге мүмкіндігі бар. Бірақ та соттың шешімі шыққанға дейін АХАТ органдарында әкесі болып жазылады. Сот шешімі шыққаннан кейін АХАТ органдарына көрсетіп, өзгереді. Бала неке бұзылған, ол жарамсыз деп танылған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексен күн ішінде туған жағдайда, анасының бұрынғы жұбайы, басқаша дәлелденге дейін, баланың әкесі болып танылады. Бұл сияқты Рим құқығында да бар еді. Римде неке бұзылғаннан кейін немесе тоқтағаннан кейін әйелдерге үш жүз күнге дейін Бұл сияқты Римде де бар еді. Римде неке бұзылғаннан кейін немесе тоқтағаннан кейін әйелдерге үш жүз күнге дейін некеге тұруға тыйым салынған. Бұл баланың әкесі жағынан туу тегін анықтау үшін қойылған шектеу. Ал қазіргі таңда медицинаның дамуына байланысты, баланың әкесі жағынан туу тегін анықтау үшін қиындықтар туындамағандықтан, шектеу жоқ.

Екінші жағдай, ол баланың некеден тыс тууылуы (азаматтық неке) жағдайында туу тегін анықтау. Некеден тыс туыдған жағдайдың да анықтау екі әдісі бар ол: әкімшілік жолмен, яғни АХАТ органында анықтау, ал екіншісі сот арқылы. АХАТ органындабаланың туу тегін анықтау, баланың әкесі деген адам мен анасының тіркеуші органға бірлесіп өтініш беруі арқылы анықталады. Сол өтінішке сәйкес баланың туу туралы куәлігіне жазылады. Бұл жағдайда анасы да, әкесімін деп санаған адамда өтініш беруі қажет. Егер де бірлескен өтініші болмаған жағдайда, баланың әкесі жағынан туу тегі сот арқылы анықталады. Сотта баланың нақты адамнан туу тегі, ата-аналарының біреуінің өтініші бойынша, яғни әкесінің немесе анасының өтініші бойынша; бала қорғаншысының немесе қамқоршысының, заңды өкілдерінің өтініші бойынша, яғни, бала туылған кезде анасы қайтыс болған жағдайда, балаға қамқоршысы тағайындалып, сол адамның өтініші бойынша ( 14 жасқа дейін қорғаншысы, 14-18 жас аралығында қамқоршысы тағайындалады) ; баланы асырап отырған адамның өтініші бойынша, патронат тәрбиеші немесе басқа да бір туыстары болуы мүмкін; және де бала кәмелетке толған соң, өзінің өтініші бойынша анықталады, бірақ бір ескеретін жағдай, егер де біреу, мен баланың әкесімін деп нақты бір адам дауға беріп жатса, бұл жағдайдағы істер тек қана 18 жасқа толған баланың келісімімен ғана қаралады, басқа жағдайда әкелікті анықтау туралы істер қаралмайды. Осы жағдайларда сот тәртібімен анықталады, (АПК 305-309), 32-тарау. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау яғни, ерекше істерді жүргізу ережелеріне сәйкес болады. Бұл ретте сот баланың нақты адамнан туу тегін дәйекті түрде растайтын айғақтарды назарға алады.

Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану арқылы жасанды әдіспен бойға бала бітіру жағдайында баланың әкесін анықтау. Тіркелген некеде тұрған, сондай-ақ кәмелетке толған, некеде тұрмаған және медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән саулығы, психикалық және репродуктивтік денсаулығы бар әйелдерге қатысты қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға жол беріледі. Осы жағдайда баланың әкесі, осындай жолмен бойға бала бітіріп туған анасы мен әкесі деп жазылатын еркектің бірлескен өтініші негізінде анықталады. Сонда бұл жағдайда тек қана әкімшілік жолмен анықталадыСебебі бұл әдіспен бойға бала бітіру құпия болып есептелетіндіктен, кейін ол донорға байланысты, анасы немесе әкесі сенсің деген сияқты дау айтуға болмайды.

Ата-ана мен баланың мүліктік емес құқықтары мен міндеттері

Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді. Осы орта мағынадағы отбасы пайда болғаннан кейін, олардың арасында отбасылық құқықтар мен міндеттер пайда болады. Енді бірінші балалардың құқықтары мен міндеттеріне, оның ішінде балалардың мүлікті емес құқықтары мен ата-аналардың мүліктік міндеттерін талдаймыз. Алдымен баланың отбасында өмір сүру мен тәрбиелеу құқығы туралы айта кетсек. Бұл туралы Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексімізде 60-бабында қарастырылған. Баланың отбасы өмір суру және отбасыда тәрбиелену құқығы дегеніміз-ең біріншіден ол баланың мүддесіне қайшы келмеуі тиіс. Яғни бұл отбасыда баланың өмір сүруі, отбасыда тәрбиеленуі баланың мүддесіне қарай жүзеге асырылғанда ғана бұл құқығы жүзеге асырылады. Бұл құқықтың баланың мүддесінеболып, болмағандығын қадағалап отыратын органдар олар қамқоршылық және қорғаншылық органдар. Осы органда баланың отбасыда тәрбиелену құқығын, өмір сүру құқығын баланың мүддесіне екендігін қамтамасыз етіп, уақыты келгенде, заңда белгіленген жағдайларда қадағалауды жүзеге асырып отырады. Екіншісі, баланың ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласу құқығы. Бұл баланың жақын, яғни екініші дәрежедегі қан туысқандары және басқа туыстары, олар бөлелері, жиендерімен араласу құқығы. Егер де бала асырыап алынған болса да осы құқығы жүзеге асырылуы қажет. Оның асырап алынғандығымен өзінің қалауымен, өзінің қан туыстарымен араласа алады. Егер де бұл баланың психикасына, баланың мүддесіне қайшы келмесе ешқандай шектеулер қойылмайды. Ал балалардың ата-аналарымен араласу құқығы некенің бұзылуына, жарамсыз деп танылуына, ата-аналарының бөлек тұруына қарамастан, бала ата-анасымен араласа алады. Бірақ бұл жағдайлар баланың құқығына қайшы болмауы қажет. Келесі айтатын нәрсе, баланың өз пікірін білдіру құқығы, яғни, баланың өзінің жеке басына қатысты нәрсе болғанда, өзінің мүддесіне қатысты болғанда, ол өз пікірін ашық білдіре алады. Бұл тек заңды өкілдерінің қатысуымен ғана рәсімделеді. Баланың өзінен жеке, заңды өкілдерінсіз сұрау деген болмайды. Өз мүдделерін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге құқығы бар. Ал егер бала 10 жасқа толған болса, онда баланың пікірі міндетті түрде тыңдалуы қажет. Бірақ бұл белгілі бір мәселені шешу барысында баланың айтқанымен болады деген сөз емес. Мысалы ата-аналарының некелері бұзу процесі жүріп жатқан кезде, баладан кіммен тұру, тұрмауын шешетін кезде және сол сияқты жағдайларда баланың пікірін назарға алады, бірақ ол бойынша шешім шығарылмайды. 10 жасқа толған балалардың пікірін міндетті түрде түрде ескерілетін жағдайлары отбасы кодексінде белгіленген. Мысалы, баланы асырап алатын кезде, оның пікірін міндетті түрде ескеріледі.

Келесі, баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы. Баланың атын ата-аналары өзара келісім бойынша немесе ата-аналары болмаған жағдайда баланың заңды өкілдері береді. Ал баланың тегі(фамилиясы) ата-аналарының тегімен айқындалады. Бұл жалпы жағдайда. Баланың тегі ата-аналарының тегімен айқындалу кезінде, ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесі сияқты, анасы тарапынан да әкесінің немесе атасының аты берілуі мүмкін. Мысалы, қазақтарда өз балаларын әйгілеудің көптеген ырымдарға, т. б. мәнді оқиғаларға байланысты әрқилы түрлері болды. Ер балаларға қарағанда қыз балаларға көз тию онша әсер етпейді деп есептелді, сол себепті оларға ен әдемі, нәзік, айтуға жеңіл аттар таңдалады. Баланың әкесінің аты берілуі міндетті емес. Мысалы, баланың туу туралы куәләгәнде әкесінің аты(очество) деген жер бос тұруы да мүмкін. Әкесі егер анықталмаса, баланың аты анасының көрсетуі бойынша беріледі, әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі - анасының тегі бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескеріліп, баланың атасының аты бойынша берілу мүмкіндігі де бар. Сонымен қатар, баланың ата-аналарының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, әкесінің атын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, медициналық немесе баланың тұрған жері бойынша оның құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар береді. Мысалға, баланың ата-анасы қайтыс болғанда немесе тастанды бала болған жағдайда қорғаншылық, қамқоршылық функцияларды жүзеге асыратын органдар беруі де мүмкін.

Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-аналарының бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті ата-анасының екіншісінің тегіне өзгертуге рұқсат берілген.

Баланың ұлты. Баланың ұлты ата-аналарының ұлтына қарай, егер де әртүрлі болған жағдайда, ұлты балаға жеке куәлік немесе паспорт берілген кезде оның өзінің қалауы бойынша әкесінің немесе шешесінің қай ұлтқа жататынына сәйкес айқындалады. Келсеі, бала құқықтары туралы және басқа да заңнама бойынша берілген құқықтары да қарастырылған. Бұл туралы баланың құқықтарын қорғау туралы халықаралық декларациялар мен конвенциялар, Конституцияда, еңбек кодекстерінде де баланың құқығын қорғауға байланысты заңнамалар бар. Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы өздеріне белгілі болған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары және өзге де азаматтар бұл туралы баланың нақты тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға міндетті түрде хабарлауы қажет. Бұл туралы НОТК-ның 67 бабында айтылған. Егер де балаға белгілі бір тараптан қысым, зорлық-зомбылық көрсетілетін болса немесе баланың мүддесіне қайшы келетін нәрселер қолданылатын болса, бұны байқаған, мысалы, сынып жетекшісі, мектеп директоры баланың құқықтарын қорғау органдары дереу хабарлауы қажет. Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та, Канадада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата-аналарының дәрекі қылықтары, күш қолданып жөбірлеуі туралы хабарласса, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата-аналарынан айыппұл алады. Мұндай мәліметтер алынған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті. Бұған кейіннен іс қозғалып, ауырлық дәрежесіне байланысты ата-аналық құқығынан айырады немесе ата-аналық құқықтарын шектейді. Енді баланың ата-аналар және басқа да заңды өкілдер тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Бұл баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамаған кезде немесе тиісінше орындамаған кезде не ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған кезде, он төрт жасқа дейінгі бала- қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арқылы, ал он төрт жасқа толғанда сотқа өз құқықтарын қорғау үшін өз бетінше жүгіне алады. Азаматтық құқыққа сәйкес 14 жасқа толғаннан кейін, өзінің жеке басына қатысты құқықтарын ол өзі тікелей жүзеге асыра алады.

Ата-ана мен баланың мүліктік құқықтары мен міндеттері

Ата-ана мен баланың мүліктік құқықтары мен міндеттерін айтатын кезде, ата-ананың балаға тиіс материалдық және де басқа шығындарын жүзеге асыратын құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР - да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан және баланы бағып - қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата - аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата - ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп - бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай - ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАРСЫ МІНДЕТТЕРІ
Баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері
АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
Баланы қорғалу құқығы
Отбасы құқығы ұғымы
Ата - ана құқығынан айыру тәртібі
Неке туралы ұғым
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі
Шетел азаматтарының бала асырап алуды құқықтық реттеу
Ата-аналар мен балалардың құқықтары және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz