Авторлық құқық аясында қорғалатын жұмыстар
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы
"Авторлық құқық аясында қорғалатын жұмыстар"
Орындаған: Дәулетхан Бақдәулет
Тексерген: Кулдибаев Естай
Алматы 2020
Авторлық құқық - цивилистік категориялардың бірі бола отырып, ғылым, əдебиет жəне өнер салаларындағы тұлғаның шығармашылық қызметінің нəтижесі болып табылатын туындыларды пайдалануды реттеуге жəне қорғауға бағытталған нормалар жиынтығы болып табылады. Əртүрлі құқық жүйелеріндегі оның түсінігі, ұғымдары түрлі өзіндік ерекшеліктерге ие жəне де оның мазмұны авторлық құқық (copyright) жəне автор құқықтары (droit d'ayter) терминдерімен сипатталады [1,345 с].
Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея көптеген зерттеушілердің (отандық та, шетелдік те) айтуынша кітап басу ісімен жəне техниканың пайда болуымен тікелей байланысты XVI ғасырда пайда болды. Бұрын баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Кейіннен, XVI ғасырда Иоганн Гутенберг жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Шығармашылық еңбек саудаға айналды. Бұл авторлардың осындай туындыларды еркін пайдалануына тежеу бола тұрса да, осы туындыларды пайдалануды реттеуге байланысты сауалдар авторлардың құқықтарын қорғау негізінде емес, кəсіпкерлердің - баспашылар мен кітап сатушылардың мүдделерінің қозғалуымен пайда бола бастады. Яғни, жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бəсекелестік алғашқы əдебиет қарақшыларын тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси жəне əлеуметтік күш-қуатын тани білген билік иегерлері XV ғасырдың аяқ шенінде ыңғайлы жеке баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп реттеп, басқарып отырды, яғни Англия мен Францияда корольдермен, германдық князьдықтарда - князьдармен, т.б. берілетін құзіреттер жүйесі орнықтырылды.
Англо-американдық құқық жүйесі елдерінде авторлық қарым-қатынастарды реттеуде сот прецедентімен қатар маңызды рольге заңнама ие болады. Тарихқа үңілетін болсақ, Еуропадағы осы аядағы алғашқы Заң XVII ғасырда дүниеге келді. Ағылшын баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сəйкес əзірленген заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сəуірінде Королева Аннаның Статуты деген атпен күшіне енді. Бұл заң, басында тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғап, кейіннен басқа буржуазиялық мемлекеттермен қабылданып, туындыға айрықша құқықтарды қорғаудың фундаменталды қағидаларын бекітті. Қазіргі кезде Англияда 1956 жылғы заңның орнына келген 1988 жылғы Авторлық құқық туралы заң жүзеге асуда жəне бұл заңның күші алғашқысы сияқты бүкіл Ұлыбритания территориясында таралады. Ал суретшілердің авторлық құқығы туралы заң Англияда 1735 жылдың өзінде қабылданған еді [2, 13-15б.].
Əдеби меншік туралы ұғым Францияда бұрыннан пайда болғанымен, ол 1977 жылы XVI Людовиктің күш салуымен бір жүйеге келтіріліп, автордың өз шығармасын басып шығаруын жəне сатуына деген құқығы заңдастырылды. Ал 1791 жəне 1793 жылғы декреттерде автор өз шығармасын қалай пайдаланып, қанша рет басып шығарамын десе де еркі бары айрықша айтылған [3, 21б.].
Германияның əртүрлі аймақтарында автордың құқығын мойындайтын құжаттар 1686 жылдан бастап қабылданғанымен, Бүкілгерманиялық алғашқы Заң 1837 жылы жарық көрді.
Ал Дания мен Норвегияда 1741 жылы қабылданып, 1814 жылға дейін күшін сақтаған декретте автор мен оның мұрагерінің құқығы өмір бойы сақталды. 1762 жылы Үшінші Карлдың патшалығы кезінде Испанияда қабылданған Заң кітап шығаруға тек автордың айрықша құқы барын бекітті.
Санаткерлік меншікті қорғауда өз жүйесін қалыптастырған Америкада авторлық құқық туралы заң тұңғыш рет 1790 жылы қабылданған болатын. Авторлық құқықты қорғаудың американдық жүйесі қазір əлемнің қай еліне болса да өз ықпалын тигізіп отырғаны ақиқат. Өйткені жыл сайын мемлекет бюджетіне 350 миллиард доллар пайда келтіретін санаткерлік меншікке иелік жасап, азаматтарының шығармашылық қызметінің табыстарын қорғау арқылы ел байлығын еселей түсуге болатындығы əркімге ақиқат. Сондықтан бұл елдің осы аяны дамытуға күш-жігерді де, қаражатты да аямайтындығы сөзсіз [4, 17б.]
Ресейге келетін болсақ, əдеби туындыларды қайта шығару жəне таратумен байланысты қарым- қатынастарды реттеу баспашылар мен кітап сатушылар құқықтарын да, авторлар құқықтарын да қорғау үшін пайда болған жоқ. Ресей авторлық құқығының негізгі ерекшелігі оның цензуралық заңнамамен байланысы болып табылады. 1771 жылға дейін кітап шығарушылық қызмет Ресейде мемлекеттік монополиялар қатарына жатқызылып келді. 1771 жылы Петербургте шет тілдерінде кітап басып шығаруға байланысты құзіреттер енгізіліп, сол кезде шетел əдебиеттеріне цензура енгізілген еді. Орыс тіліндегі кітаптарды басуға мүмкіншілігі бар жеке типографияларға келетін болсақ, оларды құруға рұқсат тек 1783 жылғы 15 қаңтардағы жарлықпен ғана беріліп, ол 13 жылдан кейін өте либералды нормативтік акт ретінде күшін жойған еді. Мемлекеттің кітап шығару аясындағы үстем ролі Ресейде XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ең бірінші авторлардың өз əдеби туындыларына құқықтарын бекітетін заң тек 1828 жылы Цензуралық жарғының арнайы бір тарауы ретінде пайда болды жəне оның бастау көзінде орыстың ұлы драматургтері А.Н. Островский, А.К. Толстой, И.С. Тургенев, Н.С. Лесков сияқты алыптар тұрды. 1875 жылы оған Н.А. Римский-Корсаков бастаған композиторлар келіп қосылды [5, 36-37б.]
Қазіргі кезде Францияда жүзеге асып отырған авторлық құқық туралы негізгі заң 1957 жылы 11 наурызда қабылданған Əдебиет жəне көркемөнер меншігі туралы заң (соңғы өзгерістер 1985 жылы жасалған), ал ГФР-дегі авторлық құқық туралы негізгі заң болып 1965 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Авторлық жəне сабақтас құқықтар туралы заң (соңғы басты өзгерістер 1972-1974 жылдары енгізілген) жəне осы заңмен қатар қабылданған Авторлық құқықтарға билік ету туралы (авторлық қоғамдар туралы) заң танылады [6, 366б.].
Авторлық келісім шарттар германдық Азаматтық Ережелерде көрініс тапқан келісім-шарттық құқық нормаларымен, 1922 жылы 7 желтоқсанда қабылданған швейцарлық Əдебиет жəне көркемөнер туындыларына авторлық құқық туралы федералдық заңымен (соңғы өзгерістер 1955 жылы енгізілген) реттеледі. АҚШ-та 1976 жылы Авторлық құқық туралы жаңа заң қабылданып (титул 17 Авторлық құқық Құрама Штаттардың заңдар Бостандығы), ол 1978 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. 1988 жылы АҚШ-тың Берн конвенциясына қосылуымен байланысты оған өзгерістер енгізілген еді.Авторлық қарым-қатынастар АҚШ конституциясына сəйкес жекелеген штаттардың заңнамаларымен емес, федералдық заңнамамен реттеледі, сол себепті, 1976 жылғы заң да, оған дейінгі заңдар сияқты федералдық болып табылады [7, 471б.].
Сонымен, Еуропа елдерінде де, Ресейде де авторлық құқық алғашында əдеби туындыларды пайдалану құқығы ретінде көрініс тапқан еді. Кейіннен, авторлық құқықпен қорғалатын объектілер шеңбері кеңіп, өз қатарына музыкалық, көркемсурет жəне басқа да туындылар түрлерін қоса түсті.
Тарихи түрде авторлық құқықтың жүзеге асуы - автордың азаматтығы немесе қай елге бағыныштылығына байланысты анықталып келген еді. Бұдан қазір де орын алып отырған авторлық құқықтың территориалдық қағидасын көруге болады. Уақыт өтісімен, бір мемлекет азаматтарының өз туындыларын пайдалануға байланысты құқықтарының басқа мемлекеттер территорияларында да қорғалуы аса қажет етіле бастады. Бірақ, бұл мəселе терең түрдегі ізденіс пен шешімді қажет етті. Яғни, халықаралық байланыстың дамуы санаткерлік меншік иесін анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің, яғни, осы саланы бір жүйеге келтіретін халықаралық заңдарды қабылдаудың қажеттігін тудырды.
Бүгінгі таңда Қазақстан авторлық құқықтар жөніндегі мынандай халықаралық жəне аймақтық келісімдер мен конвенциялар талаптарын орындауға міндеттенуде:
Бір ғасырдан астам тарихы бар Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау туралы тұңғыш конвенция 1886 жылы 9 қыркүйекте Бернде қабылданды. Берн Конвенциясына бірнеше рет толықтырулар, өзгертулер енгізілгенімен оның жалпы қағидалары толық сақталған жəне ол барлық қатысушы елдерге ортақ болып саналады. Республика Президенті Қазақстан Республикасының Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясына қосылу туралы Заңына 1998 жылдың қарашасында қол қойды. Осы арқылы Қазақстан өзінің шығармашылық еркіндігін, санаткерлік потенциалды қорғау қағидаларының жолын берік ұстай отырып, əлемдік қауымдастыққа лайықты орын алуға ұмтылысын дəлелдей түсті.
Берн Конвениясына қосылған барлық елдер авторларының құқықтарының тең қорғалуы - осы құжаттың басты шарты. Яғни, əр тарап өз заңдарына сəйкес сол мемлекеттің азаматы болып табылатын авторлардың, сондай-ақ басқа ел авторларының да құқықтарын тең дəрежеде қорғауды жүзеге асыруға міндеттенеді. Шығармашылық еркіндікке осылайша жол ашу конвенцияға қосылған барлық елдерге тəн сипат. Сонымен, Берн Конвенциясына қосылу арқылы, біз үшін:
осы Конвенцияға мүше болу арқылы Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіру мүмкіндігі артады;
ең бастысы, Берн Конвенциясына республиканың өзінде де, басқа елдерде де авторлық құқықты тиімді қорғауға сенімді алғышарт орнайды;
Берн Конвенциясындағы авторлар құқықтарын қорғаудағы қатаң талаптар мен тəртіптердің орын алуын, материалдық-құқықтық нормалар аздығын, ұлттық заңнамаларға сілтемелердің көптігін негізге ала отырып, дамушы елдердің мүдделерін ескеру мақсатында 1952 жылы 6 қыркүйекте Женевада Дүниежүзілік авторлық құқық жөніндегі конвенциясының қабылданғандығын атап өтуге болады. Осы Конвенцияның кіріспесінде санаткерлік меншік саласындағы тұлғалардың құқықтарын сақтау, оларды сыйлау, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz