Студенттердің КҚДД ұйымдастыру және формасы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Студенттердің КҚДД ұйымдастыру және формасы
Тексерген: Қожабаев Б. Ж.
Орындаған: Абылхамитова Сымбат
Тобы: ДЯ-801С
Семей қаласы, 2020 жыл
Студенттердің кәсіби - қолданбалы дене дайындықты ұйымдастыруы және формасы
КҚДД (ППФП) - дене тәрбиесі жүйесіндегі басты бағыттардың бірі; физикалық және арнайы сапаларын, икемділікті және дағдыны ұйымдастыруға тартылған, табысты кәсіби әрекетке адамның объективті дайындығына әсер етеді.
КҚДД жан - жақты дене дайындығы негізінде өткізіледі, дене тәрбиесі бойынша сабақтарында, спорттық секцияларында жаттығу түрінде өткізу нәтижесінде жетеді. КҚДД нақты әрекетті орындауға физикалық және психологиялық дайындығын қамтамасыз етеді.
Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығының айрықша міндеттерінен басқа белгілі бір дәрежеде жастарды нақты еңбек қызметіне дайындау мен бағдар беру проблемаларын шешеді: жаңа жағдайларға кәсіби еңбек тұрғысынан бейімделу, өндіріс ұжымына жылдам ену, тұлғааралық қатынастар орнықтыру мен нығайту.
Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығы келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
1) студенттердің жұмыс жағдайларын, демалыс пен жас ерекшеліктерін ескеру арқылы дене шынықтыру және спорт тәсілдерін еңбек пен демалыс тәртібінде қолдану біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
2) жекелеген спорт түрлері элементтерінің құрылымына ұқсас қолданбалы біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру;
3) нақты мамандық бойынша жоғары еңбек өнімділігіне қажетті қозғалыс сапаларын арнайы түрде тәрбиелеу.
Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы мақсатында кеңінен қолданылуы тиіс: изометриялық жаттығулар өз бетінше және динамикалық жаттығулармен қоса кешенді түрде. Барлық осы жаттығулар арнайы дайындықты, құрал-жабдықтарды қажет етпейді, аз уақытты алады және жұмыс орнында орындалуы мүмкін. Болашақ маманды кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы мақсатында жылдамдық тәрбиелеу барысында жұмыс жағдайларының ерекшелігі моделін ескеру қажет, себебі жылдамдық сапасын ауыстыру ұқсас құрылымдық қозғалыстар бойынша іске асады.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы процесінде төзімділікті тәрбиелеу үшін студент ағзасындағы оның жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесінің қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін арттыру қажет.
Арнайы төзімділік адамның арнайы еңбек қызметі арқылы анықталады. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы мазмұнын анықтау барысында еңбек қызметі мен ұсынылған жаттығулар арасындағы сәйкестікті (еңбек пен жаттығулардың қозғалыс қимылдарының қарқындылығы мен ұзақтығын; осы және басқа да қайталаулар санын; демалыс интервалы мен сипатын) табу қажет.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы мақсатындағы ептілік пен икемділік жалпы дене дайындығы тәсілдерінің көмегімен тәрбиеленеді. Бұл сапалар өз бетімен аса үлкен маңызға ие емес, тек көмекші сипатқа ие. Арнайы қолданбалы сапалар арнайы дене жаттығулары көмегімен қоса еңбек қызметі процесінде белгілі бір шекке дейін тәрбиеленеді. Сондықтан кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының мазмұны адамның қызметі мен сапаларының дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, оларды болашақ мамандығында қолданады. Спорт ойындары көру бұрышының арта түсуіне әсер етіп, кеңістік пен уақытта бағдар алу мен басқа да көптеген сапаларын жақсарта түседі. Ағзаға гимнастика, акробатика, жүзумен айналысу айрықша әсер етеді. Дене жаттығуларын қолдану әдістемесі нақты еңбек жағдайларымен тығыз байланыста болып, студенттің болашақ мамандығында кездесетін тітіркендіргіштерге деген тұрақтылығын қалыптастыруы тиіс.
Студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы тәсілдерін іріктеу әрбір нақты жағдайда жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі кафедралары арқылы шешімін табады.
Жекелеген қолданбалы дене жаттығуларын іріктеу еңбек қозғалысындағы ұқсастыққа сәйкес жүргізіледі.
Осыған байланысты студенттер дене тәрбиесі процесінде гигиеналық және қайта қалпына келтіру шараларына үйренеді. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығының тиімділігін қамтамасыз етуші көмекші құралдарға көрнекі құралдар мен техникалық оқу құралдары жатады, оларды пайдалану болашақ еңбек ерекшеліктері мен студенттердің жаттығу тәртібін сәйкестендіруге ықпал етеді. Қазіргі кезде студенттердің дене тәрбиесі жүйесінде кәсіптік- қолданбалы дене дайындығын іске асырудың бірнеше формалары анықталды, оларды келесі тұжырымдамалар бойынша топтастыруға болады.
1) арнайы ұйымдастырылған оқу сабақтары (міндетті және факультативті) ;
2) дене шынықтыру сабақтары мен спорт түрлері бойынша өзіндік және өзіндік әрекет сабақтары;
3) оқу күні сабақтарындағы дене жаттығулары, бұқаралық сауықтыру және дене шынықтыру мен спорттық шаралар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz