Еліктеу сөздердің мағыналық топтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Еліктеу сөздердің мағыналық топтары

Орындаған: Әбжәмиева Ж.М.
Тобы: КС-21
Тексерген: филология ғылымдарының кандидаты: Саменова С.Н.

Қарағанды 2020
Жоспары
Кіріспе
1. Еліктеуіш сөздердің семантикасы және олардың топ-топқа бөлінуі
Негізгі бөлім
2.1.Дыбыстық еліктеуіш сөздер
2.2. Еліктеуіш сөздердің қос сөз жасаудағы рөлi
2.3. . Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшелiктерi
2.4. Еліктеуіш сөздердің морфологиялық ерекшеліктері
Қорытынды
Еліктеуіш сөздер өз алдына сөз табы

Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер
§ 1. Еліктеуіш сөздердің семантикасы және олардьщ топ-топқа бөлінуі
Қазақ тiлiнде басқа сөз таптарындағы сөздерден фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтан ерекшеленiп, өз алдына дара тұрған тарс еттi, борс еттi, гүр еттi, шомп еттi, жымың-жымың еттi, талтаң-талтаң еттi дегендегi тарс, борс, гүр, шомп, жымың-жымың, талтаң-тал-таң сияқты көру, есту қабiлетiнен пайда болған мыңға жуық сөз бар.
Бұл сөздер көркем әдебиетте көп кездесетiн, айтайын деген ойды
дәл жеткiзу жағынан ерекше мәнi бар, тiлiмiзге әрдайым әсемдiк, ықшамдылық, көрiктiк сипат берiп тұратын, шығарма тiлiн бейнелеп, мәнерлеп тұратын сөздер. Мысалы, Жақып шошып кеткендей, қысыңқырап отырған көзiн бажыраң етiп ашып алды (Ғ. Мұст.). Оның жүрегi желдi күнгi жапырақтай дiрiлдеп, өкпесi көрiктей көмпиiп, танауы делдең-делдең еттi (С. Mұқ.). Маусымбай сақалын сипап қойып жымың еттi(Ғ. Mұст.).
Арсыз, құмар болғандар,
Опыр-топыр, шақ-шұққа,
Түспей жүр ме, көрдiң бе,
Жалаң-жұлаң, тақ-тұққа? (Абай).
Досекең сескенiп, қопаң еткенде, борсық сып етiп енiп кетедi iнге(Ғ. Мұст.).

Мақтауға есiрiп,
Барынша көсiлiп,
Ырғалып, қарқ еттi,
Iрiмшiк жерге салп еттi.
Тап еттi,
Шап еттi,
Ап кеттi (Абай).Дәмет бәйбiше қысқа ғана амандасты да, үлкен аузын шайға отыра
бере бiр сылп еткiздi (Ғ. Мұст. Mиллиoнер).

Бұл сөздер мақал-мәтелдерде де көп кездеседi. Мұндай жағдайда да олар макал-мәтелдерге ықшамдылық, жинақтылық сипат беріп, оларды көрiкгендiрiп отырады. Мысалы,
Бала кунде баланың бәрi бала-ақ,
Үлкейген соң балағы далақ-далақ;.
Жүйріктен жүйрiк шықса, аяғы тыпыр-тыпыр етедi.
Жердi ұрсаң, таңқ; етедi.
Иттi ұрсаң, қаңқ етедi.
Қызыл темiр суға салса,
Шыжылдар да шынығар.
Кызба жүрек суық сөзден,
Дір етер де суынар.
Қабырғалы кара нар қабырғасын сөксе, бақ етпес.
Eлiктеуiш сөздер жұмбақтарда да кеп кездеседа. Мысалы:
Жылт-жылт еткен,
Жырадан еткен.
Жалт-жұлт етедi,
Жалмай-жұлмай жұтады.
Көк көйлектi жеңешем,
Көлбең-көлбең етедi.
Артындагы баласы,
Елбең-елбең етеді
Кара бием қалт еттi,
Қабырғасы жалт еттi [1].
Eлiктеуiш сөздер, әсресе, күлкi, әжуа, мысқыл, юморға байланысты көп қолданылады. Сондықтан олар сықақ әңгiмелерде, фельетондарда көп кездеседi де, ғылыми-саяси әдебиеттерде кездесуi некен-саяқ болады. Мысалы: Андасбаевтың айналасына ерген бiрең-сараң аңкаулар мен жалқаулар да жоқ емес. Аңдығаны қысыр әңгiме, пыш-пыш, сы- быр-сыбыр, қыбыр-қыбыр, жыбыр-жыбыр...
Қопац-қопаң етесiң, қойға қашан жетесің? -- деп Андасбаевты асықтыра түседi дейдi. Андасбаев одан сайын қопаңдай түседi дейдi (С. Шынаров. Қопаң-қопаң етедi... (Фельетон).
Бiр нәрсесi сырт етті,
Электрi жылт еттi,
Шымылдық сыр eттi,
Музыка ду eттi (Қ. Аманжолов).
Кеңсе барсаң кекірейген,
Төбе шашы тікірейген,
Kөзілдірік eжipeйгeн,
Жауап қатпай безірейген.
Шартақ қарын былқ-былқ eткен,
Босаң дeнe сылқ-сылқ eткен (К Куанышбаев).
Eлiктeуiш сeздepдi eң бipiншi peт арнайы зерттеген доц. А. Ысқақов болды. Eлiктeуiш сeздep сeмантикасына қарай eкi топқа бөлінеді:
Дыбыстық eлiктeуiш сeздep.
Бeйнeлeуiш сeздep.
Дыбыстық еліктеуіш сөздер
Бұл топқа енетін сөздep мына төмендeгi дыбыcтаpға eлiктeудeн пайда болады: 1) Табиғат құбылыcтаpының дыбыстаpына (жeлдің уiлi, жапыpақтың, қамыстың сыбдыpы, найзағайдың жаpқылдаyы, күннің күркipeyi, өзеннің сылдыpап ағуы, т.б.) және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстаpына (заттың құлап түcyiнeн, домалауынан женe oлаpдың бip-бipiнe соқтығысуынан шыққан, т.б.) eлiктeyдeн пайда болған cөздep. Мысалы,
Сол кeздe шатыр-шұтыр бұлт жаpылып,
Cepпiлдi төбeмiздeн түн аpылып (Ә. Сәрс.).
Сөйлeгeндe даусы қыр-қыр eтeдi (F. Сл.).
Баяғы жаpтаc -- бip жаpтаc,

Қаңқ eтep, түкті байқамас (Абай).
Keтпeндep шапыр-шұпыр cepмeлiп жатты (F. Мұст.). Танк борс eттi дe, лап бepдi (F. Мүср.). Эcтакада үcтiндe салдыр-гүлдір вагoнeтка дыбыcтаpы ecтiлeдi (F. Мұст.). Абай касына келді дe, суға Ocпанмeн бipгe шомп eтіп құлап кетті(М.Әу. Абай). Атылған батыр-бұтыр неткен гурсіл? (С. Мұқанов). Kүpeктepдiң зың-зың eткeнi eнді ecтiлe бастады (F. Мүср.).
Адамның ceйлey аппаpатынан шыққан дыбыcтаpына (түшкipy, пысылдау, күлy, қыpылдаy, т.б.) eлiктeyдeн пайда болған cөздep. Мысалы: Қәпepiндe дәнеңе дe жоқ, быр-быр ұйықтап жатыр (F. Сл.). Keмпip әp қабырға нұсқап балп-балп cөйлeйдi (F. Мұст.). Ол күрк-күрк жөтeлiп жүpeтiн (F. Сл.). Ол пыс-пыс ұйықтаған баланың қасына кeлiп, айналып, толғанып тұp. (F. Мұст.)
шиқ-шиқ күлу солқ-солқ күлу саңқ-саңқ күлу
қарқ-қарқ күлу сылқ-сылқ күлу сақ-сақ күлу
Күлкінің әp түpлi peңктерін бiлдipeтiн қазақ тiлiндe eлyгe жуық eлiктeyiш cөздep баp: селк-селк күлу
мырс-мырс күлу
ыржаң-ыржаң күлу
сық-сық кулу таңқ-таңқ күлу кеңк-кеңк күлу
ду күлу
шарқ-шарқ күлу

ырқ-ырқ күлу, т.б.
Бұлардан басқа жырқылдап күлу бар. Мысалы: Ол Ордабайға қарап жырқ-жырқ күлді (Ғ.Мүср.). Бұл келтiрiлген сөздердiң бiрқатары, бiр жағынан, дыбысқа байланысты болса, екінші жағынан, қимыл-күйге де байланысты.
Tүрлi хайуан, аң-кұстардың дауыстарына еліктеуден пайда бол - атын сөздер. Мысалы,
Бақ-бақ еткен текені,
Қар жауғанда көрермiз.
Батырсынған жiгiттi,
Жау келгенде көрермiз (Мақал).
Сонда барқ-барқ үре бастайды... (С. Мұқ.).
Құлындар шіңгір-шіңгір кiсiнесiп,
Ойнақтап тұяғымен көтердi шаң (Ә. Сәр.).

Құтырған көк төбеттей арс-арс етiп,
Баксыны кім әкелген ырылдатып (С. Тор.).
Сөйтіп, табиғат құбылыстарының, айналадағы заттардың қозғалуынан, олардың бiр-бiрiмен соқтығысуынан пайда болған дыбыстарға және адамның, хайуанаттың шығарған дыбыстарына еліктеуден пайда болған сөздердi дыбыстық елiктеуiш сөздер деймiз.
2. Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуiш сөздер -- адамдардың, заттардың, хайуанаттардың сыртқы көрiнiсiн бейнелеп керсететін не олардың қимыл-әрекетiне бейнелi түрде еліктеуден пайда болған сөздер. Мысалы, Саусақтары бұлың- бұлың ендi де кеттi (F. Сл. Шалқар). Жұмыр бiлектердiң түйiн-түйiн бұлшық еттерi бұлт-бұлт ойнайды (F. Сл. Шалқар). Аттар борт-борт желедi (С. Мұқ.Таңдамалы өлеңдер). Бұланбай мен Алшағырдың үй- iштерi көшiп келiп, абыр-сабыр болып калды (F. Мүср. Оянған өлке).
Бейнелеуіш сөздер мағынасына қарай екі топқа бөлiнедi: 1) Қимыл процесінің бейне-сипатын бiлдiретiн сөздер. Мысалы, Алшаң басып, аяңдап аю келдi... (Ы. Алтынсарин).
Алдында айнасының қыз сыланып,
Үйінде көлбең қағып маң-маң басты (Ж. Саин.).
Байғұс қара өгіз көзіне шыбын үймелеп, аузынан сiлeкeйi шұбырып, митің-митің аяңдап кeлeдi (F. Мүср.).
Ол шаршайтын да, сeскeнeтiн де емес, бүгжең-бүгжең басады (F. Муст.). Амантай балалардың ең артында бортаң-бортаң жүгiрiп, тоғай iшiндeгi қалыңға кiрiп кeттi (Қ. Әбдірақымов).
2) Бұл топқа жататын сөздер адамның, заттың қимылымен байланысты болмай, сол адамның не заттың сыртқы көрінісінің қалпымен байланысты болады да, олардың сыртқы қалпының күйiн көрсетеді. Мысалы, дода-дода, ез-ез, мылжа-мылжа, дал-дал, т.б. сияқты сөздер заттың сыртқы тұлғалық көрінісінің жайын, күйiн бейнелейді. Оны мына мысалдардан көруге болады:
Арқада көк мұнармен көмкеріліп,
Көкшетау ақар-шақар жатыр шөгiп (Т. Әлімқұлов).
"Алға!" деп құшырланып тиiскeндe,
Дал-дал боп қақ жарылған мидай тақыр (Н. Бекежанов).
Yстeрi өрім-өрім, арса-арса (T. Жар.). Соқа тимеген соны жер биыл борша-борша (F. Мұс.). Тұла бойы ез-ез (F. Сл.). Үстіндегі ер-тоқымы пара-пара (Ә. Көшімов). Скважина аузы ойқаң-тойқаң болып қалды (F. Сл. Бесжылдықтың өрендері).
Бейнелеуіш сөздер тобына сын eсiмнeн жасалған кызараң-кызараң (қызар), ағараң-ағараң (ағар), караң-караң (қара) сияқты сөздер де енеді Мысалы, Мешіт жақтан бiр салт атты қараң ете түстi (С. Мұқ,.). Сын есімнен жасалған осы үш сөздің екеуінің (қызараң-қызараң, ағараң- ағараң) екінші сыңарлары қосарлап айтуда өзгeрiлмeйдi де, үшiншiсiнiң екінші компоненті қараң-құраң болып өзгертіліп айтыла береді. Мыса - лы, қараң-құраң eтiп еңіске тартып барады (F. Сл.).
Бұл топқа оттың лапылдап жануына, күннің жарқырауына, жылтыр нәрсенің жылтылдауына еліктеуден пайда болған жалт-жұлт, жарқ- жарқ, лап-лап, лау-лау сияқты бeйнeлeуiш сөздер де eнeдi. Мысалы, Үш гранатаны қосақтап алып ұрып ем, танк борс етті де, лап бeрдi (F. Мүср.).
Жалт-жұлт етеді
Жалмай-жұлмай жұтады (Жұмбақ).
Kөзiнiң оты жарқ eттi де, сөнiп бара жатты (М. Әу. Абай).
Бұл топқа кeйбiр eтiстiктeрдeн жасалған еліктеуіш сөздер де кiрeдi. Олар, көбінесе, eтiстiктiң бұйрық рай түрiнe - аң, -ең, -ң "қоспасы" жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Сүйрең-сүйрең, сүйрелең-сүйрелең (сүйре етістігінен), қисаң-қисаң, қисалаң-қисалаң (қисаю eтістігінен), домалаң-домалаң (домалау етістігінен), созалаң-созалаң (созу eтістігінен).
Cөйтіп, тipi жанның, нәрсенің қимыл, күй қалпын көрсетіп, көру қабілетінен пайда болған cөздepдi бeйнeлeуiш cөздep дeймiз.
Еліктеуіш cөздepдiң мағыналары әр уақытта бipкeлкi бола бepмeйдi. Олар бip ғана дыбысқа eмec, өзара жақын бірнеше дыбыcтapғa eлiктey мaқcaтымeн дe жұмcaлaды нeмece бip құбылыcтың ғана қимыл-қалпын бeйнeлeмeй, әpтүpлi құбылыcтapдың күй қалпын бeйнeлey үшін жұмcaлaды. Мысалы, қарқ-қарқ дeгeн eлiктeyiш cөз, бip жағынан, қарғаның қарқылдау дыбыcынa eлiктeлce, eкінші жағынан, қарқылдап күлген дыбысты бepy үшін дe жұмcaлaды. Мына ceйлeмдepдeгi ду cөзi езара жакын бipнeшe дыбыcтapды бiлдipyгe жұмcaлып тұрғандығын байқаңыз: Cтол маңы ду-ду әңгiмe (М. Им.). Кенеттен шымыр eтiп, ду қызған бойын билей алмады (F. Мұст.) Абайдың eкi бeтi ду eттi (М. Әу.)
Kөбелек пeн құстap да
Сайда ду-ду (Абай).
Ду қол шапалақтау. Жұpт ду күлдi. Сол сияқты күңгiр-күңгiр дeгeн eлiктeyiш cөз дe бipдe қоңыраудың күңгipлeyiнe, бipдe жылқының кісінеуінe, бipдe күңгipлeп cөйлeyгe байланысты қолданылады. Мысалы, Kүңгiр-күңгiр кісінеген (T. Жар. Таңдамалы шығармалар). Күңгір-күңгір қоңырау... (А. Шамкенов. Жасыл жайлау). Қазақшылап күңгір-күңгір eттi Иван (F. Мұст. Қарағанды). Тық-тық eлiктeyiш cөзiнiң дe қолданылу шeңбepi кeң. Оны мына мыcaлдapдaн байқауға болады: Бәйтeн көpe caлa шақшасын алып тeмipгe тық-тық қaқты да, насыбайын aтты (F. Мұст. Қарағанды). Тандайын тық-тық қағып, бacын шайқап отыp (F. Мұст. Қарағанды). Тық-тық жөтeлдi моcқaл адам (F. Мүср. Оянған өлке), t.6.
Мылтығын жоғары қаратып Кaйыpбeк дүңк eткiздi (F. Сл. Шалқар) дeгeндeгi дүңк cөзi мылтықтың атылу дыбыcынa eлiктey мағынаcындa айтылса, Жac әйел күйeyiнi атын дүңк eткiзiп қойып қалатыны маған ұнап жүpгeн жоқ (F. Сл. Шалқар) дeгeндeгi дүңк ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Күміс ыдыc жалт-жалт eттi дeгeндeгi жалт- жалт сөзiнiң тура мaғынacындa қолданылып тұр да, Мотоцикл баспалатып жeтiп кeлгeндe, құлын жалт бepдi (F. Мұст. Миллионер) дeгeндeгi жалт сөзiнiң тура мaғынacындa eмec, ауыспалы (жылдам, лeздe) мағынасында қолданылып тұр. Бұл eкeyi дe eлiктeyiштiң бeйнeлeyiш түpiнe жатады, бipaқ қолданыла кeлe мағына жағынан бip-бipiнeн алшақтанып кеткен. Пыр-пыр cөзi әpi пырылдап ұйықтағандағы дыбыcқa, әpi құстың пыр-пыр етіп ұшқан дыбысына, әpi машинаның гүрілдеу дыбысына еліктеледі. Оны мына мысалдардан байкаймыз:
Ас ішіп, пыр-пыр ұйықтап өмip сүрген,
Күңгірт ой, көңілі соқыр "мысықтар" бар (Қ. Аманжолов).
Құстар пыр-пыр ұшып жатты.
Легковой өрге жүйткiп пыр-пыр етті,
Зырылдап лездемде келдi жетіп (Саяділ).
Бейнелеуiш сездерге тән нәрсе -- олардың көпшілігінің ауыспалы мағынада қолданылуы. Мысалы, қылп-қылп деген сөздің нақты мағынасы құстың құйрығының қылпылдауын бiлдipсе, Айдар жүрерде ғана сыпыртып тастағанын ұмытып, сақал-мұртының орнын әдет бойынша бip сипап алды. Сол кезде арты да қылп еткен тәpiздi (F. Мұст. Милли - онер) дегендегі қылп сөзi ауыспалы мағынада қолданылып тұр.
Еліктеуіш сөздер тек түбір тұлғада ғана емес, сонымен қатар етiстiкке айналған түрде немесе көмекшi етiстiкпен тipкескен түрде де ауыспалы мағынада колданылады. Мысалы, Нартай ақынның:
Қазанқап, неге сонша шытырлайсың,
Тіл безеп қарсы ұмтылып тыпырлайсың...
Жауырды жаба тоқып сыпылдайсың...
Несіне болмашы деп шұқымдайсың? (H. Бекежанов. Домбыра сазы).
деген шумағындағы шытырлау тура мағынасында қолданылмай, ауыс - палы мағынада, ашу, долы деген сөздердің баламасы pетiнде қолданы - лып тұр. Асты сызылған басқа еліктеуіштен жасалған етiстiктеp де ауыс- палы мағынада қолданылып тұр.
Кейбip еліктеуіш сөздер тар көлемде (облыс не аудан көлемінде) ғана қолданылып, говорлық, диалектiлiк сипатта айтылады. Мысалы: Маметтің даусы сайқ-сайқ еттi (F. Муст. Миллионер). Дауыстар самп- самп естiледi (F. Муст. Қарағанды). Жол бойында шөлдеп қалған қадақ-құдақ адамдар (F. Сл. Күретамыр).
§ 2. Еліктеуіш сөздердің қос сөз жасаудағы рөлi
Елiктеуiш сөздер қос сез жасауда үлкен рөл атқарады. Бiз жоғарыда елiктеуiш сөздердің қосарланып айтылуы -- дыбыстың не қимылдың бip рет емес, дүpкiн-дүpкiн, бipнеше рет қайталануымен байланысты екендiгiн айтқан едік. Енді елiктеуiш сөздерден қос сөздер тудыру амал- дарына тоқталайық. Еліктеуіш сөздерден қос сөз тудырудың төрт амалы бар.
1) Еліктеуіш сөздерді ешбір фонетикалық өзгеріссіз, таза, түбір күйінде қосарлап айту: Барлық жиын жалғыз төбені дүрс-дүрс басып, шығысқа қарай тартты (М. Әу. Абай). Масаттанып кеңк-кеңк күледі (F. Мұст. Қарағанды). Көп жылдар көкке карай маңқиған қызыл тұрба қара түгінді лақ-лақ құса салды (F. Мұст.). Бұзаулар оттығына салынған көк шөпті пырт-пырт жеп тұр екен (Ж. Тілеков.) Жалаң аяғымен жер еденді сырп-сырп басып анасы төргі үйге кірді (А. Фаде - ев. Жас гвардия). Енді пәле көбейді деген лақаптар дүңк-дүңк шығады (M. Әу. Абай). Шал селдір біткен сақалын кышыр-кышыр шайнап койды (F. Сл.).
Бұл топқа кіретін кейбір қосар еліктеуіштің құрамындағы сөздер түбір күйінде жеке-дара қолданылмай, тек кос сөз тұлғасында ғана, ал жеке-дара тек кейбір көмекші етістікпен тіркесіп келгенде ғана қолданылады. Мысалы, сақ-сақ күлді Мұны саұ күлді деп, қосарламай, жеке түрде айтуға болмайды. Бірақ сақылдап күлді деп етістікке айналған түрде айтуға болады. Сол сияқты талтаң-талтаң, дабыр-дабыр, қаздаң- қаздаң, бортаң-бортаң, кідің-кідің сияқты қосар еліктеуіштердің құрамындағы сыңарларды жеке, қосарсыз айтуға болмайды. Олар қос сөз не етістік тұлғасында ғана айтылады. Олай болатын себебі еліктеуіш дыбыс не қимыл өзінің табиғаты жағынан әр уақытта дүркін-дүркін қайталанып отыратындығында. Мұндағы дыбыс не қимыл бір рет қайталанбай, қайта-қайта қайталанып отырады. Бұл топқа енген еліктеуіш сөздер дыбыстың не қимылдың тез, жылдам болғандығын білдіреді. Ал екі буынды еліктеуіш сөздер әдетте дыбыстың не қимылдың тез болмай, созылыңқы болатынын білдіреді. Кейбір еліктеуіш сөздер екі емес, кейде одан көп рет қайталанып айтылады. Мысалы,
Балпаң-балпаң-балпаң басып
Екі көзін әрең ашып (Ә. Тәж.).
Шұнаң-шұнаң-шұнаң қағып,
Жүгіреді ақ лағым (3. Қалауова).
Кейде еліктеуіш сөздер қайталанып келгенде, даде шылауы арқылы қайталанып айтылады. Мысалы,
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гу де гу (Абай).
Тұндырғандай [домбыра -- Ш.С.] құлағыңды,
Қоңырауланып тек дың да дың (Ә. Сәрс.).
Түн ортасы кезінде сарт та сұрт келген дыбысынан шошып ояндым ("Қырық; өmipiк " ертегісінен).
Айқай-ұйқай, шаң да шұң,
Жepдi жарған ұранды үн... (С. Мұқ;.).
Ауыл маңы ала шаң,
"Алды!", "кетті!", у да шу (H. Бекежанов).
Еліктеуіш сөздер қосарланып айтылғанда, оның eкiншi компонент! (сыңары) дыбыстық, жағынан өзгeртiлiп айтылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда еліктеуіш сөздiң сыңарындағы алғашқы а дыбысы у дыбысына ауысу арқылы фонетикалық, өзгeрiскe түсiп, екінші компонeнтi бiрiншi компонeнттiң жаңғырығы рeтiндe немесе бейненің құбылуын керсету үшін қолданылады. Мысалы, сарт-сұрт, баж-бұж, жалба-жұлба, жалаң- жұлаң, далба-дұлба, жапыр-жұпыр, салбаң-сұлбаң, даңғыр-дұңғыр, шатыр-шұтыр, шапыр-шұпыр, т.б. Ендi мына қатты дауыл астында қалт- құлт еткен бұтақтай болдық та қалдық (М. Әу. Абай). Даң-дұң жуырда басылмады (F. Мұст. Қарағанды). Жұрт жапыр-жұпыр атқа мінді! (М. Әу. Абай). Әйелдер де жаң-жұң жамырасып жүр (Ж.Тілеков. Қайнар). Екi жақ бетпе-бет шабысып кeлдi де жапыр-жұпыр бiр араласып, шарт-шұрт ұрысып өтті (М.Әу. Абай). Атылған батыр-бұтыр неткен гүрсіл? (С. Мұқ.). Жалтыр-жұлтыр, қаңғыр-күңгір, жалба-жұлба, даңғыр-дұңғыр, т.б.
Тұлғалары әрeдiк, бiрақ мағыналық, жуықтығы бар eлiктeуiш сөздердің қосарлануы. Мысалы, Бұрқ-сарқ, бұрқан-талқан, былқ-сылқ, кәкір-шүкір, салдыр-гүлдiр, самбыр-күмбiр, қауыр-дауыр, қылтың-сыл- тың, т.б.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды (Абай).
Cалдыр-гүлдiр тасты аударып,
Құлап жатыр таудан бұлак (Ә. Сәрс.).
Бұрқан-талқан болып Бейсен eндi есіктен (F. Мұст.).
Қамар қыз оқымаса не етер eдi,
Әуeлi бұлтаң-сылтаң етер eдi (С. Тор.).
Қасында болса қайысқан,
Қол аяғы майысқан.
Қылтың-сылтың сепелек,
Іздемейсің алыстан (Қ. Қуанышбаев).
Әдетте жеке қолданылмайтын eкi eлiктeуiш сөздeрдiң қосарлануы. Бұлар бiр-бiрiнe рифма жағынан үйлесіп, екінші компонeнтiнiң алдына ж, т, с, (кейде ж, ш) дыбыстары қосылып айтылады. Мысалы, ойқаң-тойкаң, апыраң-тапыраң, албыр-салбыр, опыр-топыр, ың-жың,
үргін-сүргін, әлкек-тәлкек, әптер-тәптер, әлкес-шәлкес, ырың-жырың, апыл-тапыл, елең-селең, ұйпа-тұйпа, албыр-салбыр, айпаң-тайпаң, ақар- шақар, үпip-шүпip, т.б.
Бул топқа енетін сөздерде кейде бipiншi топтардағыдай аұ дыбыстарының алмасуы да байқалады. Мысалы, абыр-жұбыр, алақ-жұлақ, адыp-бұдыp, алба-жұлба.
Дауылбай кыздарменен айпар-жайпар,
EKeyi бітім десе, басын шайқар (Абай).
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең (Абай). Ілкі әзiрдe Сәтбала әpпi-тәpпi болып жүргeн-дi (F. Сл.). Басындағы шашы ұйпа-тұйпа, дода-дода (Көпбаев). Айналасын ерец-зерең қып жiбeрдi (А. Тоқмағамбетов).
Еліктеуіш сөздeрдi қосарлап айту -- еліктеуіш дыбыстың не кцмыл- дыц бiр емес, дYркiн-дYркiн бiрнeшe рет кайталангандынын бiлдiрeдi. Eлiктeyiш сездердеп дыбыстыц, кцмылдыц дYркiндiлiгiн, дыбыстыц не кцмылдыц бiр емес, бiрнeшe рет кдйталанатындыгын eкi жол аркы- лы беруге болады. Олардыц бiрi -- косарлап айту жолы, ектттпа -- елспк тYрi аркылы беру жолы. Мысалы, ^с-^с еттi дегенде гурсщдеген дыбыс гYpc еттi дегендег1дей бiр рет кдна емес, бiрнeшe рет кайталанып шыккандыгын бiлдiрeдi. Немесе селк-селк еттi дегенде селклдеу процeсi селк етп дегендег1дей бiр рет кана емес, дYркiн-дYркiн бiрнeшe рет болгандыгын керсeтeдi.
Сондай-ак ДYPciлдедi, cелкiлдедi сиякты eтiстiк формалары да ды - быстыц, кцмылдыц бiрнeшe рет кайталангандыгын бщд1рш тур. Егер дыбыстыц не кцмылдыц бiр гана рет болганын керсeткiмiз келсе, онда eлiктeyiш сездeрдi косарламай, eтiстiк формасына да коймай, тек тYбiр калпында баска eтiстiктeрмeн пркеслрш айтамыз. Мысалы, бурц еттi, жалп ете тYCтi, кiлт тоцтады, царц еттi, т.б.
Бул айтылгандарды схемага тYсiрсeк, былай болып шыгады:
Дыбыстыц не кцмылдыц бiр рет болатындыгы
Eтiстiккe айналдырып айту амалдары
ДYркiндiлiк

Косарлап айту амалдары
Тарс (eттi)
тарсылдады
тарс-тарс (етл)
Борс (eттi)
борсылдады
борс-борс (eттi)
Кдрк (eттi)
каркылдады
карк-карк (eттi)
Сыкыр (eттi)
сыркырлады
сыкыр-сыкыр (етт1)
Селк (eттi)
сeлкiлдeдi
селк-селк (етл)
Сылдыр (eттi)
сылдырлады
сылдыр-сылдыр (етт1)

Еліктеуіш сөздер ете TycTi, ете калды сиякты кYPдeлi елстжтермен тркескенде, эр уакытта дыбыстыц немесе кимылдыц ете тез, жылдам, 6ip дуркш жэне кенет болгандыгын ацгартады. Мысалы, Мандайынан тер бурк ете TycTi (О. Об.). Канжарымды суыра сала услме кулаган нeмiскe салып жiбepiп eдiм, оп-оцай боре ете TycTi (F. Mycp.).

§ 3. Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшелiктерi
Елктеуш сездер дыбыстык жагынан, интонациялык жагынан ода- гай сездер сиякты кубылмалы кeлeдi. Олар eлiктeлeтiн дыбыс-кимыл- дарыныц жылдам-баяу, акырын-катты болуына карай бipece ыргакпен, бipeсe ыргаксыз баяу айтылып тYpлeнiп отырады. Олардыц интонация - лык байлыгын, тYpлeнгiштiгiн байкау ушш омонимдес зат eсiмдepмeн салыстырып керейж. Мысалы,
Зат еегм
Кор (болды) Дарга (асты) Тап (куpeсi) Кыз (бала) Шеп (шапты)
Елттеуш евзкор (ете тусл) дар (ете тусл) тап (бepдi) кыз-кыз (кайнады) шеп (ете калды), т.б.
Мунда зат eсiм магынасындагы сездер жай, коцыр дауысты инто- нациямен айтылады да, елжтеуш сездер жулып алгандай Tan бердд, кор ете TycTi болып дауыс екшш куштi шыгады. Будан eлiктeуiш сездерде интонациялык кубылу шeцбepi кец болатынын байкауга болады.
Р, ж, ц, дыбыстарына бггкен дыбыстык eлiктeуiш сездердщ соцгы дыбысын созып айтуга болады. Мысалы, гур-р-р ете TycTi, дыр-р-р ете калды, шыр-р-р ете TycTi, шыж-ж-ж ете калды, дыц-ц-ц, дыз-з-з, т.б. Карагайдыц басы жерге тигенде, бутактары морт-морт сынып, зыц-ц еткен езгеше куй де есллш етл (F. Сл. Шалкар).
Дурыс айтады аю, -- деп,
Бip ыр-р eттi сур каскыр (Т. Абдрахманов).
Елжтеуш сездepдeгi дауысты дыбыстардыц жуан, жщпттке, ашык, кысац болуы ол сездердщ семантикасына эсер eтeдi. Жщшке дауысты дыбыстан куралган eлiктeуiш сездер жуан дауысты дыбыстан куралган елжтеуш сездерге караганда кимылдыц, дыбыстыц элаз, жай кыска болатындыгын кеpсeтeдi. Мысалы, edipeH,-edipeH,, адырац-адырац-га караганда сыпайырак сиякты да, адырац-адырац, eдipeц-eдipeц-гe кара - ганда дереклеу сиякты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Етістіктің жақ категориясы
Қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздер
Тіл біліміндегі еліктеуіш сөздердің теориялық ілімнің пайда болуы
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Үстеу
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
Сөздің грамматикалық мағынасы
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Пәндер