Металлургиялық зауытының электр жүйесі


БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
№41 ТАПСЫРМА
Тақырыбы: Металлургиялық зауытының электр жүйесі
1. Зауыттың басты жоспары.
2. Зауыттардың электрлік жүктемесі туралы мәлімет.
3. Электр жүгінің жөндеу-механикалы цехтағы
4. Нәрді электр жүйесінiң қосалқы станциялары екі үш орамды трансформатор 4000кВА алымдылығының бас-басы тағайындалып, бірінші кернеу 110 кВ және екінші - 35, 20, 10 және 6 кВ.
5. Жүйе алымдылығы 1200 МВА, реактивті жүйенің қарсылығы жақта 110 кВ, жүйе жүйенің алымдылығы, 0, 1.
6. Электрэнергия құны 0, 35теңге/кВт∙сағ.
7. Энергожүйенiң қосалқы станциядан зауытқа дейiнгі арақашықтық 9, 7км.
Кесте Д. 41 - Зауыттың электр жүктемелері.
№
Жоспар бойынша
Қондырылған
қуат, кВт
Құю цехы
Құю цехы (6 кВ)
2000
3100
Компрессорлы
Компрессорлы (6 кВ - синхронды қозғағыштар )
2400
2880
Насостың екінші өрлеуі
Насостың екінші өрлеуі (6кВ)
120
3600
Сурет Д. 41-41 нұсқа бойынша кәсіпорынның генжоспары
Қосымша А(міндетті)
РМЦ бойынша бастапқы деректер
А. 1 кесте - механикалық - жөндеу цехтың бастапқы деректері бойынша тапсырма
№
Цехтың
жоспары бойынша
Кедергісі камералы электрпеші
Электропечь сопортивления камирная
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы тағы да басқа пайдалы қазбаларға бай, ал оларды игеру үшін өте көп электр энергеясы қажет.
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, оның байлығы аумағының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде, магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфталғанда, кен, түрлі минералдар пайда болады.
Республика экономиканың отын-энергетикалық қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеуметтік аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технология мен шаралар ескерiлдi.
Қазақстан өзендерiнiң су энергетика әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экономикалық тиiмдi су-энергия қоры 23 - 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравликалық энергияның экономикалық әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20 %-ды құрайды.
2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27, 4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7, 2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Батыс және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткiлiктi бастапқы энергетикалық қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген.
Ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы - бұл Энергетика. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Біз энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытатын боламыз. Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет. Таяуда Еуроодақтың ірі компанияларының алғашқы ондығы Еуроодақтың әйгілі жасыл экономика тұжырымдамасы негізінде қабылданған энергетикалық стратегиясына қарсылығын жариялады. Жасыл экономика бағдарламасымен жұмыс жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек» - дейді.
1 Өнеркәсіптік кәсіпорынның сипаттамасы
Тораптардың құрылысын және олардың орындалуының әдісін таңдау, бастапқы мәліметтерді таңдау, өндіріс ерекшелігін, басты жоспардың талаптарын және қоршаған ортаның талаптарын зерттеу негізінде жүргізіледі.
Тораптың құрылымдық ерекшелігін таңдау барысында анықтаушы факторлар ретінде келесі болып табылады:
- қондырғының жауапкершілік дәрежесі және электрлік жабдықтау категориясы;
- қорек көзінен тұтынушыға дейінгі ара-қашықтық;
- жүктеменің орналасуы.
Жобалау барысында құрылыс нормалары мен ережелерінің (СНиП) өртке қарсы талаптарына сәйкес құрылыс материалдары мен ғимараттар мен құрылыстардың құрылымының тұтану дәрежесін анықтау: жанбайтын, қиын жанатын, жанатын.
Торап құрылымының таңдалуына ықпал ететін бөлімдердегі жағдайлар ауаның температурасымен, агрессивті газдар мен шаңның болуымен, жарылыстардың немесе өрт қауіптілігінің пайда болу мүмкіндігімен анықталады.
Ауа температурасы бойынша бөлмелер екі классқа бөлінеді: қалыпты және ыстық. Қалыпты ортасы бар бөлмелерде температура ұзақ түрде +30 о С артық болмауы тиіс, ал ыстық бөлмелерде ол ұзақ түрде бұл температурадан асып түседі.
Ортаның ылғалдылығы бойынша бөлмелер төрт классқа бөлінеді: құрғақ, ылғалды, шикі және өте шикі. Класс қатыстық ылғалдылықтың мәні бойынша анықталады.
Шаң орта деп, өндірістің жағдайларына байланысты шаң-тозаңның сымдарға отыруы, электржабдықтардың ұзақ қалыпты жұмысын қиындатып машиналар мен аппараттардың ішіне енуі мөлшерінде бөлінуін айтады. Құрылымдар бұл жағдайда шаң өтпейтін құрылымға ие болуы тиіс.
Химиялық активтік орталардың құрамына өткізгіштерге, оқшауламаларға және оларды ұстап тұратын құрылымдарға зиянды әсер етеді, немесе қоршаған заттарда қосылыстар түрінде жатады, оларға жоюшы агрессивтік газдар мен булар жатады.
Химиялық активтік орталар үшін жабдықтар мен материалдар өндірістің технологиялық үрдісінде қолданылатын нақты қосылыстарды ескере отырып таңдалуы тиіс. Химиялық жағынан активті құралдардың әсерінен қорғаудың ең тимді әдістерінің бірі - бұл максималдық мүмкін болатын және экономикалық жағынан тиімді аумақтық электржабдықтардың химиялық заттардың бөліну көзінен алыс орналасуы.
Өндірісте қауіптілікті, өрт пен жарылыстарды туындатататын бірқатар заттар қолданылады. Өрт, жарылыс және қондырғының жойылуына әкеп соғатын қызған беттер, ұшқындар мен ашық от өндірістері өртке қауіпті және жарылысқа қауіпті деп топтастырылады.
Өртке қауіпті деп, жанғыш заттар қолданылатын бөлмелердегі немесе ашық ауадағы орталарды айтады.
Жарылысқа қауіпті деп, технологиялық үрдіс жағдайы бойынша жанғыш газдардың немесе ауамен, оттегімен немесе басқа негіздермен булардың жарылысқа қауіпті қоспалары қалыптаса алатын орталарды айтады. Жарылысқа қауіпті орталарға ауада зарядталған бөлшектер мен талшықтар түрінде түрлі жанғыш қоспалардың түрлі шоғырларынан өртке қауіпті шоғырдың пайда болуын жатқызады.
Өнеркәсіптік электрқондырғыларды жобалау барысында бір бөлме жоғарыда аталған бірнеше класстарға бір мезгілде жатқызылуы мүмкін. Мәслене, химиялық активтік ортасы бар бөлме бір жағынан ылғал болуы мүмкін. Бұл жағдайларда электртехникалық қондырғы берілген бөлмеде барлық класстардың орталарында жұмыстың сенімділік жағдайын қанағаттандыруы тиіс.
Электрэнергиямен қамтамасыз ету жағдайына байланысты электрлік жабдықтаудың сенімділігі бойынша категориялары [8] :
I - автоматты резервті іске қосу арқылы екі тәуелсіз қорек көздерінен электрэнергиямен қамтамасыз ету;
II - екі тәуелсіз қорек көздерінен электрэнергиямен қамтамасыз ету. Үзіліс резервтік қоректі қолмен іске қосуға жұмсалатын уақытқа жіберіледі;
III - бір қорек көзінен электрэнергиямен қамтамасыз ету. Үзіліс 24 сағатқа мүмкін.
Жобаланатын өнеркәсіптік кәсіпорын қоршаған орта мен цехтардың сипаттамасына ие болуы тиіс. 1-кестеге сәйкес электрлік жүктемелердің ведомості құрастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz