ОҚУШЫЛАРДЫ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ОРТА АРҚЫЛЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ОҚУШЫЛАРДЫ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ОРТА АРҚЫЛЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сали Қуаныш Оралбайұлы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 1-курс магистранты

Аннотация
Зерттелініп отырған тақырыптың басты мақсаты Қазақстанда қазіргі жасалып жатқан жағдайларды, оның халқының көпмәдениеттілігін пайдалана отырып оқушыларды көпмәдениетті орта арқылы патриотизмге тәрбиелеу, және оның өзіндік ерекшеліктерін жеткізу. Жұмыс барысында бұл процестің жалпы дамуын, оның жүзеге асырылуына жүріп жатқан процесін, жалпы көпмәдениетті даму туралы білімдерді келтіретін боламыз.
Аннотация
Основная цель изучаемой темы - воспитание у школьников патриотизма через поликультурную среду, используя современные условия в Казахстане, поликультурность его народа, передать его уникальные черты. В ходе работы мы представим общее развитие этого процесса, текущий процесс его реализации, общие знания о поликультурном развитии.


І. КІРІСПЕ
Қазақстан қазіргі кезде әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты. Еліміз қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған қуатты мемлекеттердің біріне айналып отыр. Бүгінгі таңда өркениет жаһандық дамуды басынан өткерген кезде біздің еліміз де тәуелсіздігімізді баянды етуде күрделі тарихи кезеңдерден өтті. Еліміздің алдында әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыда шешімін табатын мәселелер тұр. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті тұлға деп санау, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік тудыру, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу мақсатында жұмыс жасауда. Қазақстанның бірінші президенті Н. Назарбаев: Мәдениет қазіргі заманғы еңбек адамына қарай бетбұрыс жасауы тиіс! - деп көрсеткен болатын және ол елдің мәдени игілігін еселеудегі көмекші құрал болмақ [1].
Мәдениет - адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы; қарым - қатынас нәтижесінде қалыптасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Патриотизм, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм проблемаларына көптеген философтар: Ә. Нысанбаев, М. Қозыбаев, А. Қалмырзаев, Л. Ахметова, К. Меңлібаев және т.б., жазушылар мен филолог ғалымдардан Б. Момышұлы, М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Ә. Нұршайықов пен тағыда басқада ғалымдар баса назар аударып, ой қозғады.
Қазақ халық педагогикасын патриоттық тәрбие беру маұсатында пайдалануға байланысты орындалған жұмыстардан С. Иманбаеваның (ұлттық жауынгерлік дәстүрлер арқылы оқушыларды ерлікке тәрбиелеу), А.Бейсембаеваның (қазақ ерлік эпосы арқылы бастауыш сынып оқушыларын патриотыққа тәрбиелеу) зерттеулерін т.б. еңбектерді атауға болады. Патриоттық тәрбиенің кейбір салалары С. Ұзақбаеваның, Р. Төлеубекованың, К. Қожахметованың, Р. Дүйсембінованың еңбектерінде де ішінара қарастырылады [2].
Қарастырылып отырған тақырыпта өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу басты назарға алынып отыр. Мұнда ең алдымен тәрбиелеу процесінде ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескеру аса маңызды. Балаға алдыммен анализ жүргізгеннен кейін оған ұлттық құндылықтарды меңгерту қажет. Ал Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, ел көпмәдениетті бола отырып оны патриотизмге тәрбиелейміз.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мектептегі сабақтарда көпмәдениетті тәрбиелеудің теориялық мәні. Білім беру мекемесінде көпмәдениетті білім берудің писхологиялық-педагогикалық негіздері
Қазақстандағы соңғы кездердегі өзгерістерде басты міндеттерінің бірі - заманауи мектептерде тәрбие жүйесінде оқушылардың жалпықазақстандық мәдениетін қалыптастыру болып табылатын білім беру саласын реформалауын іске асырды. Осыған байланысты оқушыларға тәрбие және білім беруде мәдениет адамы - өзгермелі әлеуметтік мәдени ортада әлемдік және ұлттық мәдениет құндылықтарына бағдарланған, шығармашылықпен өзін өзі жүзеге асыруға, адамгершілікті өзін өзі реттеуге және бағдарлануға қабілетті еркін және оқущыларды осы айтылып отырған көптеген мәдениеттер арқылы, яғни сол ортасы арқылы патриотизмге тәрбиелеудің маңызы артып отыр, сонымен қоса рухани тұлға моделіне бағыттаудың рөлі артып отыр. Көпмәдениетті тәрбие бірнеше педагогикалық қағидаларда қиылысатындығын атап өткен жөн:
- адамдық құндылықтарға және жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу; - түрлі нәсілдердің, діндердің, этностардың және т.б. әлеуметтік топтардың бар екендігін ұғындырып тәрбиелеу;
- төзімділікке, өзара ынтымақтастыққа дайын болуға тәрбиелеу.

Көпмәдениеттілікке тәрбиелеудің негізгі функциясы басым ұлттың тәрбие мен оқытудағы жүйелері және және нормалары арасындағы, сондай-ақ этникалық азшылықтағы қарама-қарсылықтарды жою болып табылады. Этникалық топтардың өзара бейімделуі, этникалық көпшіліктің мәдени диктаттан бас тартуы болжанады. Көпмәдениетті тәрбиенің функцияларына төмендегілерді жатқызуға болады:
- мәдениеттердің көпқырлылығы мен олардың өзара байланысы туралы 31 пікірді қалыптастыру;
- тұлғаның өзін жұмыс істету үшін мәдени көпқырлылықтың маңыздылығын ұғынуы;
- мәдени өзгешеліктерге позитивті қатынаста болуға тәрбиелеу;
- толеранттылық пен өзара түсіністік негізінде түрлі мәдениеттер өкілдерінің өзара әрекеттестік дағдылары мен ептіліктерін дамыту.
Көпмәдениетті тәрбие мақсаттың 3 бағытын көздейді, оларды әр алуандық, теңдік және бірлес ұғымдарымен белгілеуге болады:
1) мәдени көпқырлылықты құрметтеу және сақтау туралы;
2) білім алуға және тәрбиеге тең құқықты қолдау туралы;
3) жалпыұлттық саяси, экономикалық, рухани құндылықтар ерекшеліктерінде қалыптастыру туралы.
Зерттеу мақсаты: мектептегі оқушыларға көпмәдениетті білім беру этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтауда маңызға ие жас ұрпақты көпмәдениеттілікке тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Осыған байланысты, көпмәдениеттілікке қатысты білім беру мәселесі өзекті бола түсуде. Біріншіден, қазіргі қоғамның ерекшелігі болып табылатын елдер мен халықтардың жақындасуы, олардың өзара ықпалдастығының күшеюі, әлемде жүріп жатқан жаһандану. Қазіргі қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын мәдени жаһандану үдерісінің дамуы көбіне жоғары білім жүйесінде мамандар даярлау мәселелерінің қалай шешілетіндігіне байланысты. Мысалы мамандардың мәдениет аралық қатынастардың түрлі саласында түрлі деңгейдегі өзара қарым-қатынасқа түсе алуы мәселесі. Жаһандану қарама-қайшылықты құбылыс бола тұра, дамуға бағытталған білім беру салаларының алдына кезек күттірмейтін міндеттерді қояды. Бұл дегеніміз жас ұрпақты көп мәдениетті орта жағдайына дайындау. Олардың түрлі әлеуметтік топтармен, ұлттармен, діни сенімдері бөлек адамдармен қарым-қатынасқа түсе білу және әріптестікте бола білу дағдыларын қалыптастыру міндеті. Диалог жүргізе білу үшін қажетті көпмәдениеттілік туралы айтқанда, өзге мәдениеттің адамын түсінуге, оны сол күйінде қабылдауға, қиын жағдайда қолдауға, сонымен бірге өз мәдениетіңді байыта түсуге мүмкіндік туады [3]. Тек көпмәдениетті игерген тұлға ғана жаһандану үдерістерін бәсеңдететін фактор әрі жаһанданудың жағымсыз ықпалына қарсы тұрудың тиімді құралы болады деген қорытындыға келеміз. Екіншіден, біліктілік арттыру институтында жүргізілетін педагог қызметкерлерді кәсіби дайындауда білім саласы мамандарының кең мағынасындағы кәсібилікті игеріп шығуларын мақсат етіп қойған жөн, яғни, кәсіби қажетті білімдер мен дағдыларды игеруге бағытталып қана қоймай, кәсіби маңызды тұлғалық сапаларды қалыптастыру және жетілдіру болып отыр. Осыған байланысты педагог қызметкерлердің білімдерін жетілдіре отырып, көпмәдениетті тұлға ретінде дамыту маңызды орын алады. Қазіргі педагог мамандардың білімдерін жетілдіріп, көпмәдениетті тұлға ретінде дамыту үшін негіз болатын философиялық, психологиялық, педагогикалық ойлардың жиынтығы бар. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет - деп Елбасымыз атап өткендей, бүгінгі күні тек оқушыны біліммен ғана қаруландырып қоймай, оның жалпы мәдени, тұлғалық және танымдық дамуы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл бүгінігі қоғамның жалпы мәдени бола түсуімен байланысты. XXI ғасырдың маңызды сипаты - жаһандану және ақпараттандыру. Елдер мен халықтардың жақындасуы, өзара әлемнің қалыптасуы жүріп жатыр. Елдердің өзара ықпалдастығы шеңберінде экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнайды. Сонымен бірге ана тілімен, мәдениетімен байланыстар сақталып, тұлғаның көпмәдениетті қоғамға шиеленіссіз енуі мен көпмәдениетті кеңістікке бірігуі іске асады. Мұндай жағдайда педагогтың кәсіби шеберлігі әрбір сабақта ерекше маңызға ие бола бастайды. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қызмет адамның бойында адамгершілік-рухани құндылықтарды дамытуға, кросс-мәдениетті қоғамға бейімделуге, өзін-өзі жетілдіруге көмектесуі қажет [4]. Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсаттар қойылады:
1) жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;
2) мектепке дейінгі мекеме пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі өркениет пен көпұлтты еліміздің өмір жағдайына тиімді дайындау, өзін-өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Патриоттық тәрбиені іске асыруда Ресейдің революцияға дейінг неғұрлым тығыз
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Көпмәдениетті тәрбиенің түйінді мақсаттары көпсатылы
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Пәндер