Жұмекен Нәжімединов шығармаларындағы қосарланған синонимдер



Қазақ тілі. дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген болатын .Қазақтың ақын.жазушылары тіліміздің шоқтығы биік, өзге тілдерден ерекше екенін өз шығармаларында айқын көрсетіп келеді.Солардың бірі. өзінің оқшау стилімен, нәзік сезімімен, ақындық шеберлігінің сан қырлылығымен танымал болған жерлес ақынымыз Жұмекен Нәжімеденов. Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар ақынның өлең жинақтары одан қалған мұра боп табылады. Сол өлеңдерінде ақын өз ойын оқырманына нақты, дәл көркем етіп жеткізуде шеберлігімен айқындалады.
Поэтикалық тіліндегі өзгешелік . өлеңдерінің көркемдігін ашуда, тілі мен мазмұнын байланыстыруда көркемдегіш детальдарға үлкен жауапкершілікпен қарап, ой желісінің түйінді тұстарында синоним сөздерді қосарлап қолдануы.
«Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топ та қолданғанымыз сияқты, бұларды қосарлап та қолдануға болады» (Ә.Болғанбаев). Қазақ тілінде сөзді қайталау мен қосарлау тәсілі . өзінше ерекшелігі мол құнарлы жүйе. Осыны терең түсіне білген Жұмекен ақын синоним сөздерді асқан шеберлікпен қолданып, өлеңінің мазмұнын аша түседі. Әсіресе,синоним сөздерін қосарлап қолданған тұстарында өлең ұйқасына еш нұсқан келтірмеген. Оның сөз қолданысындағы дыбыс әуезділігінде тек өзіндік шеберлігі танылады.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДИНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОСАРЛАНҒАН СИНОНИМДЕР

Байғазиева Б. Ө.
Б.Бегалиев атындағы орта мектеп, Құрманғазы ауданы,
Атырау облысы

Қазақ тілі- дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл
пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген болатын .Қазақтың ақын-
жазушылары тіліміздің шоқтығы биік, өзге тілдерден ерекше екенін өз
шығармаларында айқын көрсетіп келеді.Солардың бірі- өзінің оқшау стилімен,
нәзік сезімімен, ақындық шеберлігінің сан қырлылығымен танымал болған
жерлес ақынымыз Жұмекен Нәжімеденов. Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны
бар ақынның өлең жинақтары одан қалған мұра боп табылады. Сол өлеңдерінде
ақын өз ойын оқырманына нақты, дәл көркем етіп жеткізуде шеберлігімен
айқындалады.
Поэтикалық тіліндегі өзгешелік - өлеңдерінің көркемдігін ашуда, тілі
мен мазмұнын байланыстыруда көркемдегіш детальдарға үлкен жауапкершілікпен
қарап, ой желісінің түйінді тұстарында синоним сөздерді қосарлап қолдануы.
Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топ та
қолданғанымыз сияқты, бұларды қосарлап та қолдануға болады (Ә.Болғанбаев).
Қазақ тілінде сөзді қайталау мен қосарлау тәсілі - өзінше ерекшелігі мол
құнарлы жүйе. Осыны терең түсіне білген Жұмекен ақын синоним сөздерді асқан
шеберлікпен қолданып, өлеңінің мазмұнын аша түседі. Әсіресе,синоним
сөздерін қосарлап қолданған тұстарында өлең ұйқасына еш нұсқан келтірмеген.
Оның сөз қолданысындағы дыбыс әуезділігінде тек өзіндік шеберлігі танылады.
Жайдақ қырдан түңілсең – гүл өседі бір күні,
Қайраттыдан түңілсен – күреседі бір күні.
Мына заман артқанда бойға – бейнет, ойға - сын,
Күш – қайратты түңіл деп беріп пе екен, ойлашы
Көп түңілсең момынынан – ашу шығар бір күні,
Көп түңілсең тұнықтан – тасу асығар бір күні.
Мына заман артқанда бойға шыдам, ойға сын –
Күш - қайратты түңіл деп берегн жоқ қой, ойлашы.

(Досым, сен тыңда)
*****
Көкірегіңде ыстық, кіді, тар әрі
Күш – қайратың құр тұншығып барады.
Талғам, талғам, талғам сенің – кеселің,
Өз талғамың - өз жолыңды кеседі. (Композитор)

*****
Бүгін нұрың тамып тұрған гүлдейсің,
боз қырауда не боларын білмейсің,
төбе азғанда сай боларын білмейсің,
пасықтықтың пайдаларын білмейсің,
Қайғы – мұңның қайда барын білмейсің!
*****
Мен көрмеген мұхиттардан өтер ме ең,
аман - есен шекаралар дауынан,
түрлі түсті түсінікпен ауырған.
пиғылдардан, толқындардан, дауылдан (Саидаға)

****
Енді бір сәт... қарашы, құдыретті
енесіне аман – сау құлын өтті.
Ит шәу етті, келіншек тұрды атылып,
жас қонақтың жүрегі шымыр етті. (Ақөзекте айлы кеш)

*****
Көрейікші екеуіміз туыс – туған санасып,
Сен әкеңді білесің жазбаса да тілдей жыр, ... (Ұлым, саған
айтам)

Ақынның өлеңдерінде көркемдік құралдың бірі ретінде қолданған синоним
сөздері қосарланып келіп, орайын тауып тұр.Ол өлеңнің мазмұнына ғана емес,
тіліне шарт қоя білген.
Жұмекен ақында қосарланған синонимдер тым мол, әрі өлеңге керекті
жерінде пайдаланылған.
Күбі, Тамшы деген өлеңдеріндегі синонимдерге зер салып қарайық .
О, сәттілік, несібе – ырыс белгісі,
босағаның – беріктіктің белгісі,
Шаңырақтың – биіктіктің белгісі! (Күбі)

*****
Еспе, самал,
есер бұта, дір қақпа:
Үлгерейік бір – бір қарап сай жаққа,
таулар жаққа, қыр жаққа;
Мысқал салмақ қосып әзіл – қылжаққа,
Жапырақтың алақанына ұйыған
тамшы жайлы салмақ ем бір биік ән! (Тамшы)
Ақын белгілі бір ойын толық жеткізіп беруде синонимді қолдану
тәсілінде қателескен жоқ. Керісінше, өз ойы мен пікірін құлпыртып көрсетуге
тырысқан.
Күбі атты өлеңінде қазақ дәстүріндегі күбі пісуді несібе, ырыс,
берекеге балай отырып, қазақтың әдет – ғұрып этнографиясын айқын
суреттейді. Тың теңеулер арқылы ақынның көркем сөзді қаншалықты
түрлендіргенін көруге болады. Ырыс сөзіне синонимдік қатар көп. Ақын
ырыс сөзінің орнына береке деп те алуға болар еді. Бұл жерде ол мәндес
сыңарлардан қосарланған сөздерді мағынасына қарай қолдануда , өлеңнің ішкі
бунақ ұйқасын бұзбауға үлкен мән берген. Ал енді Тамшы өлеңіндегі әзіл -
қылжаққа дегенінде қылжақ сөзін алуында өзіндік мән бар.Ол қылжаққа,
қыржаққа деп қолдануда мағынаны қуатты жеткізуде дауыссыз қ дыбысының
үндестігіне орай қылжақ сөзін пайдаланған.
Сондай-ақ
Ақындықты қайтсем екен мына саған бітпеген,
Батылдықты қайтсем екен мына маған бітпеген.
Майлап алып жағар ма еді қайғы-мұңды сендегі,
Байлап алып сабар ма еді қаймығуды мендегі .

(Ұлым, саған айтам жинағынан)
Бұл шумақта ақын қаймығуды сөзіне ұйқастырып қайғы-мұңды сөзін
қолданса,
Балапанын бағып келед қолға алып,
Бақ - атағын күтіп келед қолға алып.
Қанатына кір тигізбей баяғы ақ
Келеді әлі ақ кептерін аялап,- (Ақ көгершін)
деген шумақта балапан сөзіне бақ - атақ сөзін ұйқастырып, сөзді
қуатты көркем жеткізуге тырысады.
Осы өлеңдерде Жұмекеннің ақындық тілінде аллитерациялық көркемдеу тәсіл
өз орйаын тауып тұр емес пе !?
Қазақ тілінде мәндес сыңарлардан қосарланған сөздер мағыналары бір –
біріне жақын сыңарлардан құралады да, топтау, жинақтау ұғымдарын
білдіреді(Ахмеди Ысқақов). Жұмекен өлеңдерінде де осындай сөздер жиі
кездесіп қалады.
Ауа болып тараса атақ аспанға,
тау - тастарға сіңуі үшін жаңғырық.
Әр ісімнің иін мықтап қандырып,
Созу үшін азабыңды да ән ғылып,
тердің өзін төксем деймін қан ғылып.
*****
Оған дейін момын жанмын мен аса,
мінез – құлқын ішкенде де тамаша.
жел жағына шыққан емен бұл жұрттың,
бұлтты күнгі ымырт сынды жым – жыртпын.
*****
... Мұндай жары бар адам
Ұрыс – жанжал іздесе – іздер болар даладан ...
*****
Сонсоң тілге тиек - дәлел тұтамын
академик Амосовтың кітабын.
*****
... Қулау бастық құтылатын өсіріп
адамынан ақыл – үгіт қонбайтын...
*****
Пәтер алдық тұрақты,
аяқ – табақ құралды,
Келіншектер бір – бірін ұқпайтынды шығарды.
Әсет Болғанбаев: Екі синоним сөз қосарланып қолданылғанда бұлардың
бұрынғы жеке мағыналары абстракцияланып (яғни жалпыға айналып), білдіретін
ұғымның көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының
жиынтығынан шығады, - деген(Син. сөздігі 1974).
Жылан қабық шұбар шыңдар,
Сендер де тас шығарсыңдар?
Содан да даңқ – атақ үшін
Құр шіреніп жатамысың? (Тау баурайында )
*****
Мен көлденең тұрар едім тас болсам,
Ауыздарға өсек – ғайбат түтеген.
Мен бір тамшы жас болсам,
Сұлулардың кірпігіне бітер ем.
*****
Сездік талй іштарлықты – мұздадық,
Қаламақы төлейтін
Кассирлердің түр – болмысы сізге анық:
Еңбегіңді, өнеріңді түсінбей,
Тиыныңа қарайды ғой қызғанып?! (Ана тілі туралы сөз).
Көріп отырғанымыздай, мұнда да ақын өлеңдерінде синоним сөздерінің
компоненттерін бір – бірінің мағынасын ашатындай лайықты, мәндестерін
ұтымды қосарлай отырып салмақты, әсерлі ой берген. Ақынның синоним сөздерді
өлең ұйқасына, құрылысына, буын, бунақ санының бір қалыптылығына орай
орынды қолдануы қаламгерлігінің бір ерекше қырын көрсетіп тұр дегім келеді.
Бұның өзін сөздің нәзік мағынасын ажыратып,тілдік материалдарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі синонимдердің зерттелуі
Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі
ЖAНБOЛAТ AУПБAЕВ ШЫҒAРМAШЫЛЫҒЫ
Ақын мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясы
Ым-ишараттардың мағыналық топтары
СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ПОЭМАЛАРЫ
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
ҚАДЫР ЖҮСІП ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Мұхтар Әуезов синонимдерді қолдануда стилистикалық бояумен әшкелеудің шебері
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Пәндер