Қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары
Kipicne.
I ТАРАУ. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ЗЕРТТЕЙТІН МӘСЕЛЕСІ, МАҚСАТЫ,
МІНДЕТТЕРІ, ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Этнопедагогика пәні, оның негiзгi ұғымдары, мақсаты. 3
1.2. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. 12
1.3. Этнопедагогикалык ойлардың тарихы. Ежелгі дәуiрдегi
тәлім-тәрбиелік ойлар.. 23
1.4. Қазақ мемлекеті қалыптасқан XV-XIX ғасырлардағы
ұлттық педагогикалық ойлар ... 35
1.5. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайулының 42
халык педагогикасын зерттеуi..
1.6. А. Байтұрсынулы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, т.б. 51
ұлттық тәрбие жөнiндегi зерттеулері ... ..
1.7. Шетел педагогикасындағы халықтық педагогика мәселелері. 64
1.8. Қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары ... .. 70
ІІ ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1. Құрсақ және бесік тәрбиесі 105
2.2. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі.. 118
2.3. Халық педагогикасындагы енбек тәрбиесі. 136
Мазмұны
2.4. Халық педагогикасындағы сулулык-сымбат тәрбиесі. 148
2.5. Халық педагогикасындагы акыл-ой тәрбиесі ... 186
2.6. Халық педагогикасындагы адамгершілік, имандылық тәрбиесі.
2.7. Халық педагогикасындағы ерлік тәрбиесі ... ..
2.8. Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие..
2.9. Халықтық педагогикада урпақты тәрбиелеудегі
отбасының алатын орны ...
2.10. Ұлттық салт-дәстүрлердің жаңарған турлерi, жана заман туғызған
салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні..
III ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ
3.1. Бiлiм беру жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасы
Қорытынды
Әдебиеттер ... .
Кіріспе
Педагогикалық колледж студенттерiне ұсынылып отырған Этно-Қазақстан орта педагогика оку құралы Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң бастауыш және кәсiптiк бiлiм жөнiндегi оқу-әдістемелік Кеңесiнiң шешiмiмен 2007 жылдың 11 мамырындағы №3 хаттамасымен бекiтiлген 0314002 Бастауыш жалпы білім беру мамандығы бойынша Этнопедагогика пәнінің типтік оқу бағдарламасына сай әзірленген. Жалпы көлемі - 50 сагат, оның 22-сі - теориялык сабақ, 28-i-практикалық сабақ.
Этнопедагогика темендегі тарауларды оқытуды қарастырады:
1. Этнопедагогиканың зерттейтiн мәселесі, мақсаты, міндеттері, әдiснамалық негiздерi.
II. Халықтық педагогикадағы тәрбиенiң түрлерi.
III. Бiлiм беру жүйесiндегi қазақ этнопедагогикасы.
Этнопедагогиканың зерттейтін мәселесі, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негiздерi белiмiнде этнопедагогика пәнін, оның негізгі ұғымдарын, Қазақстандагы этнопедагогикалык идеялардың тарихын оқу карастырылған.
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің түрлері белiмiнде қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары, тәрбиенің мақсаты және міндеттері, қазақ халқы тәрбиесінiң ерекшеліктері, тәрбие әдістері, құралдары, қазақтың халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері баяндалады.
Бiлiм беру жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасы белімінде болашақ оқытушылардың этнопедагогикалык бiлiмiнiң негiзгi элементтерiне, колледждiн оку жоспарына енгiзiлген оку пәндерiндегi этнопедагогикалык мәліметтерге сипаттама берiледi.
Оқу кұралының құрылымына тақырыптық жоспар, мәтін, негiзгi ұғымдар, оқушылардың бiлiм денгейiн тексеруге арналған тест сұрақтары, бекіту сұрақтары, зерттеу, ақпараттық практикаға бағытталған шығармашылық жобалар, тәрбие сағаттары енгiзiлген.
I ТАРАУ. Этнопедагогиканың зерттейтін мәселесі, мақсаты,міндеттері, әдіснамалық негiздерi
1.1. Этнопедагогика пәні оның негізгі ұғымдары, мақсаты
1. Этнография-грек сезі, тайпалар мен халықтарды зерттейтiн қоғамдық ғылымның бір саласы. Педагогиканың ұлттық бөлімі Этнопедагогика уғымын ғылымға тұңғыш рет енгiзген чуваш ғалымы Г.Н. Волков (1974).XX ғасырдың 70 жылдары этнопедагогикалык ой-тужырымдардың күшеюіне себепшi болған үдерiс кеңестік жүйенің басқа ұлттарды шеттетуi едi. КСРО-да 1930 жылдан бастап ұлттарды орыс тілінде оқыту талап етiле бастады. 1959 жылдан бастап ұлттық мектептер орыстiлдi мектептерге көшiрiлдi. Этнопедагогика, халықтық педагогика, ұлттық бiлiм жүйесі , ұлттық мектеп деп келетiн атау-ұғымдар интеграция (әлемдiк кiрiгу) туғызған ұлтсыздану үдерісіне қарсылық. Этникалык педагогиканың мәнi - ұлттық педагогикаларды бір-бiрiнен негiзсiз кешіртпеу. Этнопедагогика педагогика ғылымын фольклормен, этнографиямен байланыстыратын сала. Онын нысаны - педагогикалық нысандар. Этнопедагогика ұғымының көптеген анықтамалары бар. Г.Н. Волковтын пiкiрiнше, этнопедагогика ғылымының нысаны - ғылым болып есептелмейтiн халықтық педагогика.
Этностық әрбие - отбасындағы, рудағы, тайпадағы тәрбие, дәлірек айтсак, табиғи, мектептен тыс, дәстүрлі, формальды емес халықтық тәрбие. Ол этнопедагогиканы халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесiн, педагогикалық көзқарасын зерттейтін ғылым болғандықтан, оны отбасы, ру, тайпа, ұлт педагогикасының теориясы және тарихы деп санайды. Автор этнопедагогика тарихи жағдайлардын ықпалымен қалыптасқан ұлттардың мiнезiн де зерттейді деп есептейді. Көріп отырғанымыздай, Г.Н. Волков этностық пен халықтық деген ұғымды синоним ретiнде қолданады.
М.Н. Стельмаховичтін анықтамасы бойынша, этнопедагогика ұлттың өзіне тән тарихи жолы, сол жолда калыптасып, жүзеге асқан ерекшелiктерi (Традиции и тенденции развития семейной этнопедагогики украинского народа. - Киев, 1989.).
Бірқатар ғалымдар берген этностық педагогиканың анықтамасы осы құбылыстың елеулi белгiлерiн бейнелейді. Мәселен, профессор В.А. Пятиннiң жетекшiлiгiмен жұмыс iстейтін авторлар ұжымының берген анықтамасы бойынша: Этнопедагогика әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды, тәжiрибенi бойына сiнiрген жеке адамды калыптастыратын қоғамдық ықпал ету үдерiсiн зерттейдi.Балаларды тәрбиелеу мен оқытып үйрету туралы дiни iлiмдерде, ертегiлерде, әңгімелерде, аңыздарда, көне хикаяларда, жұмбақ өлендерде, мақал-мәтелдерде, ойындарда, ойыншықтарда және баска отбасы өмiрiнде, тұрмыста, дәстүрлерде керiнiсiн тапқан халық бiлiмiн, ой-пiкiрлерi мен көзқарастарын, яғни жеке адамның әлеуметтік және тарихи-мәдени калыптасу удерiсiне ықпал жасайтын педагогикалык потенциалды жинактап,жүйелейдi.
Қ. Бөлеевтің анықтамасы: Этнопедагогика - халықтық педагогиканы зерттейтін ғылым саласы.Ал белгілі ғалым Қ. Жарықбаев: Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиенi, оның тәжiрибесiн қорытындылап, жуйелейтiн теориялық сипаттагы гылым деген анықтама берген. E. Сағындықұлынын анықтамасы бойынша: Этнопедагогика - ұлт тәрбиесiнiң белiктерiн нақтылы материалмен қамтамасыз ететiн қайнаркөз.Сонымен, ғалымдардың пiкiрлерiнiн қорытындысына сүйенсек, этнопедагогика - жас ұрпақты тәрбиелеген, тәрбиелеп отырған бұқаранын тәжiрибесiн зерттейді, халқының рухани қорын, атап айтсақ, өз ұлтының әдет-ғұрып.салт-дәстүрлерін қазiргi ұрпаққа жеткiзедi. Этнопедагогиканың бастау бұпағы - халықтық педагогика.
2. Этнопедагогика пәні коғам суранысына қарай нақтыланып, өзгерiп отырады. Этнопедагогика жеке тұлға дамъитын, әлеуметтік нормаларды менгеретін ортадантәрбиелеу және окыту жайындағы діни ілімдерде,ертегілерде, аныздарда. ырым-тыйымдарда, өлеңдерде, жұмбақтарда,мақал-мәтелдерде, ойындарда, ойыншықтарда және басқа халық мұраларында сақталған білімдердi жинақтап жүйелейді. Жеке тұлғанын қалыптасуына әсер ететін отбасылық өмiрдi, дәстүрлердi, философиялық-этикалык,педагогикалық ой-пiкiрлерді зерттейді. Этнопедагогика пәніне халықтың педагогикалық дәстүрлерi де енеді. Бұл жердегi мiндет дастурлердiн пайда болу тарихын анықтап, сақталу себептерін,дәстүрлерге деген халық сұранысын білу. Халық шығармашылығын зерттеу арқылы халықтың дүниежүзiлiк мәдениетке қосқан үлесін анықтауға болады. Қазіргі әдет-ғұрыптар және олардың бұрынғымен байланысы,дәстүрлі халық мерекелерiнiң жана мазмұндағы мерекелермен өзара әрекеттестiгiн де этнопедагогика ғылымы зерттейді. Жекелеген халықтардың тәрбие тәжiрибесiн салыстырмалы түрде талдау ең кұндыларын педагогика теориясы мен практикасына алуға мүмкіндік береді.Сонымен, этнопедагогиканың зерттейтін (пәні) тақырыптары:
:: халықтың негiзгi педагогикалық
ұғымдары (баланы күту, тәрбие, өзiн-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, үйрету,оқыту, ақыл айту);
:: бала тәрбиесiнiн объектiлерi мен субъектiлерi (өмірге келген сәбилер.жетiмдер, асырап алған балалар, баланың кұрдастары, достары, бөтен балалар, балалар ортасы):
:: тәрбиенiң функциясы (еңбекке әзірлеу, мiнездің моральдық, ерік-жігер белгiлерiн тәрбиелеу, акыл-ойды дамыту, денсаулықты қорғау, сұлулыққа деген сүйіспеншiлiктi тәрбиелеу);тәрбиенiн факторлары (табиғат,ойын, қарым-қатынас, дәстүр. iс-әрекет, тұрмыс, өнер, дiн, үлгі өнеге);
:: тәрбие әдiстерi (сендiру, үлгі-өнеге, бұйыру, түсiндiру, уйрету, жаттығу, бата, қарғау, ант, етiнiш, кенес, тұспалдап сөйлеу, мақұлдау, ренжу, есиет, тыйым, қорқыту, жазалау, ұрып соғу);
:: тәрбие құралдары (санамақ, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,эпос,ертегі,аңыз және басқалары);
:: тәрбиенi ұйымдастыру (балалардың еңбек бiрлестiктерi, жастар мерекелері, халықтық мерекелер):
Аталған тақырыптардың iшiнде мұғалім назар аударатын мәселелер көп. Оны зерттеу халықтық педагогика мен мәдениеттің ерекшелiгiн терең түсінуге мүмкіндік береді. Баланы күту - халықтың ең алғашқы педагогикалық уғымдарының бiрi. Оған баланы ана сүтімен қоректендіру, құндақтау, суға тусіру, емдеу, серуенге шығару және басқа iс-әрекет түрлері ендi. Халық олардың әрқайсысына аса маңыз беріп отырды. Тәрбиенің кешендi факторы табиғатты халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу үшін қолданғандығы жөнiнде ғылыми еңбектер аз. А.П. Чехов:
Енбекшiлер білімді кітаптан емес.далада, орманда, өзен жағасында алды. деген. Балаларды құстардың әнi, күн шұғыласы тәрбиелейді.
Сез- тәрбие факторы деген мәселе де әлі жете зерттелмеген. Ана тiлi - жеке тұлғаны дамытатын негiз.Өз баласын ана тілінен айырған ата-ана онымен рухани байланысын үзедi.Туған халқының рухани мәдениетiнсiз толыққанды тәрбие болмайды.Тәрбие мен дiннiң өзара әрекеті де Этнопедагогиканың зерттеу нысанына кіреді.Этнопедагогика адамды әлеуметтік топтың әдет-ғұрпына, дәстүр-салтына бейiмделуге, сонын талабына сай өзін ұқсата білуге баулиды, әр түрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының тәлiмдiк және құндылық маңызын зерттейді, адам тарбиелеудегі ұлттың еркениетті жетiстiктерiн тұжырымдайды. Этнопедагогика ел егемендігін нығайтатын iзденiс iс-әрекеттi iрiктейдi. Оның басты жолы адамның ар-намысын таптайтын, күш-жiгерiн корлайтын қимыл- әрекетті әшкерелеу. Мақсаты - әрбiр халық болмысын, онын емiр сүру тәсілін тұтас қарастыру. Этнопедагогика елдiк пен ерлiктi, еркiндiк пен есеюшiлiктi калыптастыру, үйлестіру үшiн қажет.
Қазақ этнопедагогикасы тіл, дәстүр, әдет-гұрып, рәсiмдер сиякты этникалык мәдениет негiзiнде калыптасты. Әлеуметтік орта, шаруашылық қазақтардың мiнезiне, сана-сезiмдерiне әсер етті де, олар дуниенi басқаша қабылдады. Қазақ этнопедагогикасы қазақтың этникалық тәрбиесін зерттейдi.Казак этнопедагогикасының нысаны - болмыс (кең мағынада), қазақтың ұлттық мадениеті (тар мағынада).Пәні (зерттейтiнi) этникалық тәрбие үдерiсiнде дамып жатқан этнос субъектiсi. Ұлттық мектептiн маңызды мiндетi -этнопсихологиялык ерекшелiктерді зерттеу.Сонымен әлеуметтік және этникалық педагогиканың объектiлерi,зерттейтін мәселелерi ұқсас болғандықтан бiр-бiрiмен байланысты. Этнопедагогиканың өте көп анықтамаларын талдау зерттеушілердің ұлттық ерекшелiкке ден қоятынын көрсетіп отыр.
Этнопедагогиканың мiндеттері:
:: халықтық педагогиканын iс-әрекет аясын және қазiргi заманғы тәрбиемен өзара байланысын анықтау;
:: баланы әлпештеп өсірген халықтың даналығының мәйегін жинау.халықтық тәрбиенiн негiзгi санаттары(категориялары) мен заңдылыктарын анықтау;
:: халыктык педагогикага ыкпал ететін әлеуметтік-экономикалык факторларды белiп көрсету, халықтық педагогика дәстүрлерiнiң өміршендiгi себептерін анықтау және қоғамның рухани өмiрiне олардын тереңдей ену тетiгiн айқындау;
:: iрi және шағын халықтардың, тәрбие практикасының ерекшеліктерін мұқият зерделеу.
Педагогика iлiмiнiн белгiлi бiр денгейiн, адамзаттың рухани прогресiндегi нақты кезеңді бейнелейтін халықтық педагогика ғылымын дамытатын негiз болып табылады.
3. Мәдениеттің табысты дамуы табиғи, көп ғасырлық халық дәстүрі негiзiнде мүмкін болады. Халықтық педагогика бұқара педагогикасы болғандықтан оны маман педагогтар педагогикасы деп атамайды. Халықтық педагогикадағы ананы құрметтеу, баланы өте жақсы көру, әкенің бәрінен күштi екенiне сену педагогикалык дiн деп аталады. Ата-анаңның үйі - отбасының рухани өмiрiнiң сарайы, отбасы қорғаныш, бала - періште, ана - әулие, әке-отбасының тiрегi.ғасырлар Халық педагогикасы бойы халықтың халық болып тарих сахнасына шыққан күннен бергі жас ұрпақты рухани және материалдық мәдениеттi меңгеруге жұмылдыратын
тәлім-тәрбие құралы, ұлт мәдениетiнiң негiзi. Халықтық педагогика ежелгі дәуiрде халық жазған көркем шығармаларда, тастагы жазуларда. ертегілерде, жырларда, діни ілімдерде, аңыздарда, ырым-тыйымдарда, елеңдерде, жұмбақтарда, мақал-мәтелдерде, ойындарда пайда болды. Халық өте ерте заманнан бастап адамгершiлiк қағидаларын, рухани мәдениетiн калыптастырды. Еңбекшілердің емiрiне тiршiлiк нәрiн берген оны нұрландырган әдет-ғұрыптар және дәстүрлер көп болды.Олар халықтың табиғатқа қатынасынан, егiншiлiк немесе малшылык өнерiнен, тамаша қолөнерінен, әдемі киімдерiнен, қонақжайлылыгынан, жақсы әдет-ғұрыптардан, мiнез-кұлык, жүріс-тұрыс ережелерiнен көрінді. Халықтық педагогика ескерткiштерiнен халық мiнезiн, сұлулық туралы тусiнiктерiн, болашақтағы армандарын, ақылға қонымды карым-катынастарын, адамгершiлiк қағидаларын көруге болады. Халық ауыз әдебиетi үлгілері үлкендерді сыйлауга, ұқыпты, енбекқор болуға шакырды. Халықтың мәдениетiнде коғамдык-саяси, әлеуметтік, эстетикалық, философиялық ғылыми ойлар.отбасы, балалар, жолдастық, достық.махаббат, Отан туралы мәліметтер өте мол. Кейбiр педагогтар, ескiрген жерлерi болғандықтан, халық педагогикасының бәрiн кабылдаудың қажеті жоқ деп санайды. Бул пiкiрдi француз ойшылы А. Леруа-Гурана сынап: Халық халықтығын ескiнiң қалдығы дегендердің көмегімен сақтайды, - дейдi. Осы тұжырымга сай халыктык педагогиканың элементтерi мерекелер,ырымдар, бал, құмалақ аштыру, жеке тұлғаның рухани емiрін дамытатын тиiмдi құрал болып есептеледі.Сонымен қатар халык емiрiнде тарихи жагдайлардын ыкпалымен келеңсiз жағдайлар да кездесiп отырды. Осы жағдай халықтың педагогикалык дәстүрiне де өз қолтаңбасын калдырды.Бірақ халықтың рухани емiрiне еңбек, адамшылық, рухани талант әсер етіп,шынайы халық мінезін тәрбиелеуге көмектесті.Халықтық педагогика казiргi педагогика мен ежелгі педагогикалық мәдениеттi бiрiктiредi. 1926 жылы Халықтық педагогика деген атау- ұгымды алғаш ұсынган С.Т. Виногратулдов:Халықтық педагогика тұлғаны қалыптастыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы, яғни халықтың тәлім-тәрбие тәжірибесі,деген.
Халықтық педагогика ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрiнде, балалар ойындарында, т.б. керiнiс тапқан педагогикалық деректер мен тәжiрибенiң жиынтығы, бiртұтас ұлттық мәдениет. Халық педагогикасы таза халықтық тәжірибеге негізделген тәрбиенiң эмпирикалык түрi және этнопедагогиканың ғылыми зерттеу обьектiсi (Г.Н. Волков). Ал Ұлттық білім беру деген ұғымды ұсынған С.И. Гессен. Педагогтар арасында этнопедагогика мен халықтық педагогиканы шатастыратындар жиі кездеседі. Бүгінгі таңда этнопедагогиканың бастау бұлағы болып есептелінетін халықтық педагогика саласында жарық көрген еңбектер баршылық. Солардың iшiнде халықтық педагогикаұғымына біршама анықтамалар берiлген. Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың байланысын сезететін болсак, профессор М.И. Стельмаховичтiн көзқарасы тұрғысынанХалықтық педагогикага нақты бір этностық қауымға қатыссыз эмпиризмдiк педагогикалык бiлiмдер мен құралдар енеді. Этнопедагогика нақты бiр этносқа қатысты, оның ұлттық ерекшелігін көрсететін педагогикалық дәстүрлермен байланысты. Педагогика енбекшiлердiң тұрмысы және санасымен байланысты болғанда халықтық сипатқа ие болады. Осы тұрғыдан келгенде, халықтық пен ұлттықта (этнопедагогикада) халық пен ұлттың тәрбиелік мүдделерi бар (М.И. Стельмахович. Традиции и тенденции развития семейной этнопедагогики украинского народа. Киев, 1989.). Бұл анықтамада халықтық және этникалык педагогиканың айырмашылықтары көрсетілген.Е.Л. Христова: Халықтық педагогика халық бұқарасынын, таптын педагогикалык санасы, олардын мүддесін көздеп, әлеуметтік теңдік үшiн күресе білетін адам қалыптастыруға бағытталған педагогикалык қызмет.
Дәстүрлі педагогикадан айырмашылығы - жеке ұлттарга қызмет етуiнде,деп анықтайды. Ал С.А. Ұзақбаева өз зерттеуiнде мына анықтаманы басшылыққа алды: Халықтық педагогика ұрпақтан ұрпаққа, кебiне, ауызша түрде халық шығармашылығы арқылы берiлген тәрбие мен оқыту саласындагы халықтың бiлiмдерi, iскерлiктерi мен дағдыларының жиынтығы. Олардың негiзiнде белгілі бір әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер калыптасты (Халықтық педагогикадағы эстетикалық тарбие. - Алматы, 1993.).Ол еңбектерге байыппен үңiлсек,олардың бiр-бiрiне мазмұны жағынан жақын екенiн, қайшы келмейтінін, бірiн-бiрi толықтырып, байытатынын және ортақ мақсатқа қызмет ететінін байқаймыз. Әрбір автор кайсыбір ұғымға анықтама бергенде өзінің басты назарынын нысанасы болган саланы керсетуге тырысатыны белгiлi.Сондықтан әрбір анықтама емірде өз орнын тауып, қалыптасуын қамтамасыз етеді.Мәселен, бір топ ғалымдар оны халықтың санасы деп караса, екіншілері әр халықтың педагогикалык тәжiрибесi дейдi, үшiншiлерi халықтың педагогикалық ойлары мен iс-әрекеттерiнiң бiрлiгi десе,төртiншiлерi халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды. Халық педагогикасы жәнiндегi әр түрлi пiкiрлердiң тууы улттык мәдениеттің ғылыми-философиялык тұрғыда зерттелмеуiне байланысты болады. Әсіресе, кеңестік дәуірде дүние жүзiнде бiр тiл болады, ұлттық мәдениет - өткеннiң сарқыншағы деген идеологияның үлкен зияны болды.Кеңестік ұлт саясатына қарсы шыққандар байшыл-ұлтшылдар деп айыпталды. Кеңестік идеология бiлiм беру жүйесіндегі ұлттық атаулыны тәрк етті. ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейiн қазақ сыныптарында Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы деген пәндер оқытылмады.Кеңес кезiндегi қазақ тiлiнiң апталық жүктемесі 4 сагат болды. Кеңестік мектепте орыс тілінің апталық жүктемесі 12 сағат болған.Қорыта келгенде, халықтық педагогика - халық бұқарасының жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатымен тәрбие мен оқыту саласындағы белгілеген тәрбие мен оқыту мақсаты, мiндеттерi, оған жету жолдары, құралдары, тәрбие туралы эмпирикалық мәлімет.практикада тексерiлген бiлiмдерінің,iскерлiктерiнiң, дағдыларының жиынтығы, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер.ата-бабалар тәжiрибесiнiң ең жақсы үлгілері. Солардын негiзiнде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық туындылар ертегi,жыр,мақал-мәтелдер,музыкалык , сәнді-колданбалы өнер) берiлiп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер калыптасқан.Педагогика ғылымы тәрбиелік мәнін ашатын халыктык педагогиканын мақсаты ата-бабалар тәжiрибесiнiң ең жаксы мұраттарына тәрбиелеу.
СӨЗДІК
Этно (грек сезі) - тайпа.
Этнография - тайпалар мен халықтарды зерттейтiн қоғам туралы ғылымның бір саласы.
Ру - алғашқы қогамдық құрылыстағы негiзгi қоғамдық ұйым, оған кандас туыстар, яғни бір атадан еретiн ұрпақ кiредi.
Тайпа - тапсыз қоғамға дейінгі адамдар бірлестігі, бір тілде сөйлеп, бiр жерде тұрады.
Халык - тайпалар ыдырағаннан кейін қалыптасқан адамдар қауымдастығы.мемлекет, ел тұрғындары, еңбекшілер, ұлт.
Этнос-тайпа, халық.
Ұлттық тәрбие - бала санасына ұлттық рухты енгiзу, ұлттық болмыс, ана тiлiнде оқыту, ұлттық рухты жоғалтпау.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Педагогиканың ұлттық бөлімі:
А. Ұлттық сана;
В.Этнопедагогика:
С. Ұлттық бiлiм;
D. Ұлттық болмыс:
Е. Халықтық педагогика.
2. Этнопедагогика ұғымын ғылымға тұңғыш рет енгiзген:
А. Г.Н. Волков:
В. Е. Л. Христова;
С. М.И. Стельмахович;
D. C.T. Виноградов;
Е. С. Калиев.
3. Этнопедагогика нысаны -
А. Ұлттық сана;
В. Педагогикалык нысандар:
С. Ұлтсыздану үрдiсi:
D. Ұлттық педагогика;
Е. Педагогикалык үдерiс.
4. Этнопедагогиканың бастау бұлағы -
А. Халықтық педагогика:
В. Педагогикалық нысандар:
С. Ұлттык сана;
D. Ұлттық педагогика;
Е. Ауыз әдебиеті.
5. Этнопедагогика пәні -
А. Халықтың педагогикалык дәстүрлері;
В. Педагогикалык нысандар:
С. Ұлттық сана;
D. Ұлттық педагогика:
Е. Ауыз әдебиеті.
6. Жеке тұлғаны дамытатын негiз-
А. Халықтық педагогика:
В. Педагогикалык нысандар:
С. Ана тiлi:
D. Ұлттық педагогика:
Е. Халық шығармашылығы.
7. Халықтық педагогика деген атау-ұғымды алғаш ұсынған:
А. Г.Н. Волков:
В. Е.Л. Христова;
С. М.И. Стельмахович;
D. C.T. Виноградов:
Е. В.А. Сухомлинский.
8. Ұлттық білім беру деген ұғымды ұсынған:
А. Г.Н. Волков;
В. Е.Л. Христова:
С. С.И. Гессен;
D. C.T. Виноградов;
Е. М.И. Стельмахович.
9. Қазақ этнопедагогикасының нысаны -
А. Болмыс (кең мағынада), қазақтың ұлттық мәдениетi (тар мағынада);
В. Белгiлi бiр әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер;
С. Тәрбие мен оқыту саласындағы халықтың бiлiмдерi, iскерлiктерi, дағдыларының жиынтығы;
D. Ата-бабалар тәжiрибесiнiң ең жақсы мұраттары;
Е. Жауаптардың барлығы дұрыс.
10. Халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтiн теориялық сипаттағы ғылым:
А. Этнофилософия;
В. Этнопсихология:
С. Педагогика:
D. Этнопедагогика:
Е. Этнография.
11. Этнопедагогика нені зерттейді?
А. Педагогикалық практиканы:
В. Басқа халықтармен байланысты:
С. Халық даналығын;
D. Әрбiр ұлттың тәрбиесiн:
Е. Тәрбие удерiсiн.
12. Қазақ этнопедагогикасы пәні:
А. Этникалық тәрбие дамытатын этнос субъектiсi;
В. Этникалық мәдениет;
С. Этникалық тәрбие;
D. Рухани тәрбие;
Е. Барлығы.
1.2. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
1. Этнопедагогика кіріктірілген ғылым, ягни этнография, педагогика, фольклор негізінде пайда болған педагогиканын ұлттық бөлiмi. Этнопедагогика негiзi - этнофилософия, этнос теориясы, этнопсихология, мәдениет Философиясы, педагогика әдіснамасы. Этнопедагогика ұлттық рухани мәдениетке кiретiн бөлік болғандықтан,фольклор, халық даналығы маңызды этнопедагогикалық білімдер. Педагогика этнопедагогика ғылымында жетекшi рөл атқарады. Этнопедагогиканың
әдiснамалық негiзi - этнопсихология.қазақ философиясы, этнология ғылымдарының негізгі ережелері, зерттеу әдістері. Этнопедагогика педагогика ғылымына енетіндіктен оның заңдылықтарын, принциптерiн қолданады. Этнопедагогиканың мақсаты этнографиянын тәрбиелік маңызын ашу.
Этнос дегеніміз - халык. Этнология - этнопедагогиканын, оның терминологиялык аппаратынын негiзiн дамытатын ғылым.Этнос - негізгі ұғым. Турлерi: рy,тайпа, улыс, улт. 5000-нан астам этносты құрайтын әлемде 5 млрд. этнофор бар. Көбі ұлыс деңгейінде қалып,ұлт деңгейіне жетпеген. 800 ұлыс ұлт деңгейіне көтерiлген. Жер бетінде жойылғалы тұрған 33 этнос бар. Ең азы -200 адамды құрайтын вудь этносы.Себебі, аумағы(территориясы), президентi бар. Қазақстанда 137 этнос бар. Оның iшiнде қазақ (52,3 пайыз) негiзгi этнос болып есептелінеді.Л.Н. Гумилев Көне түріктер деген еңбегінде эндогамдык принципті ұсынған. Ол этнос адамдар қауымдастығы, биологиялык бiрлестiк деген. Этносты бiрiктiретiн шартты рефлекс түрінде бiр ұрпақтан екінші
ұрпаққа берiлетiн дәстүрге негізделетiн этникалық стереотип екендiгiн дәлелдеді.Үлкен мәдени өркениет этнос өзегі - дәстүр. Эндогамия принципі бойынша аралас некеге тыйым салынады. Себебі ассимиляция нәтижесінде көп ұлттар аз ұлттың жер бетінен құрып кетуіне
тікелей әсер етеді деген. Ю.В. Бромлей эндогамия принципiн костап, салт-дәстүр құрып, тiл арқылы ұлт сақталады деген. Этноәлеуметтік ағза, бұл дегенiмiз аумақтық ерекшеліктер. Мысалы, өзбектердің географиялық
жағдайы оларды моноэтникалык ұлтқа айналдырды. Еуразия тоғыз жолдың торабы болғандықтан Қазақстан көпұлтты республикаға айналды. Климат,экономика болмағанда этнос өзегі бұзылады. Этностардың мәдени эстетикалық функциялары бар.Этностың 1 компонентi - этностың жер-жерге шоғырлануы.этностың өнiмі,
D компоненті демографиялық құрылымы.
E компоненті өндірістік экономикалық әрекет.
S КОМПОНЕНТі әлеуметтік қатынастар жүйесі мен институттары. Мысалы:әжелер клубы, Ұрпақтар сабақтастығы клубы.
L компоненті-тiл, тiлдiк нормалар.
К компоненті мәдениетті сақтау
және дамыту.
С компоненті турмыс, салт-дәстур, ғұрып.
F компоненті - дәстүрлi фольклор
(ойын елендер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер,
бата, айтыс, өлең-жырлар, аңыз-əнгімелер)
P компоненті өз этносын қабылдаудың психологиялық жақтары.Қазақтың қазақты менсінбеуi - жаман мiнез.
R компоненті - өзара қарым-қатынас жүйесі. Мысалы: өз журты әкенің туысқандары. Неміс, еврей ұлтында өз жұрты шешесiнен тарайды.Қазақта нағашы жұрты, кайын жұрты деген бар. Бала қай ортада болса да байсалдылықпен өз орнын бiлдi.
2. Ұлттық мектептiн маңызды мiндеті этнопсихологиялык ерекшеліктерді зерттеу.Этнопсихология ұлттық мінез-құлықты, жүріс-тұрысты, оның басқа ұлттардан ерекшелiктерiн, ұлттық сананы қалыптастыратын жағдайларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Қ. Жарыкбаев: Халық психологиясы - адамдардын фольклорда.дiнде, тiлде, мәдениетте, дәстүрлерде керiнiс тапкан психикалық іс-әрекеті, өмiр салты, тұрмысы туралы білімдер, - деп көрсетеді. Этнопсихология адамдардын iс-әрекеті мен мәдениетiнiң мінезге әсер ететiндiгiн дәлелдеді. Осы пiкiрлер этнопедагогика мен этнопсихологияның ұқсастығын, екеуi де ұлттық сана-сезiм, мiнезді қалыптастыру мәселелерін шешумен айналысатындығын көрсетеді.Психология ғылымының докторы,
профессор В.К. Шабельников этнопсихология кеңестік дәуірде ұлттық
айырмашылықтар ескiнiн сарқыншағы.болашақта ұлттар болмайды деген тepic көзқарастын кесiрiнен дами алмағандығын жазады. Ұлттық психологияның мiндеті - халықтың өткен замандағы мiнезiн зерттеу, халык мiнезiнде болатын өзгерістерді алдын ала айту. Мiнезге аймактағы экономикалык өзгерістер де әсер етеді. Қазақстандағы тың жерлерді игеру, калада өнеркәсіп дамуына байланысты дәстүрлі ауылшаруашылығының өзгеруі, адамдардың қалаларға қоныс аударуы - олардан жаңаша ойлауды, сезiмдiк сфераларды дамытуды талап етті. Биосфераның өзгеруi қоғамға улкен өзгерiс әкелді. Адамдардың мiнезi өзгерді.Олар қиын кезде тiршiлiк етудiң жаңа тәсiлдерiне үйренді. Жаңа жагдайда адамдардың карым-қатынасын реттеп тұрған тәртіп ережелерi, рулык байланыстар бұзылып, олардың арасындағы дәстүрлі туысқандық байланыстар әлсiрей бастады.
Әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялык емiрдегi тубiрлi өзгерістер
қазақ ұлтының да мiнезiне үлкен жаңалықтар әкелгенiн Н. Сәрсенбаев,
Н. Жангелдин, Қ. Жукеш. Н. Елікбаев зерттеулері анықтады. Қ. Жукеш Ұлттық психологияның сипаты деген еңбегінде қазақтардың бiрлiгi жасанды түрде бұзылғанын анықтайды. Ол ұлт бар жерде ұлттық психология болатынын дәлелдеді. Әдебиет, тіл, мәдениеттiң, тұрмыстың ұлт мiнезiне әсер ететiнiн атап көрсетті.Ғалым ұлттық психология бөліктерiне ұлттық мiнезді, ұлттық мүддені,ұлттық сананы енгiздi. Қазақтың жақсы мінез белгілері ретінде жауапкершiлікті, өнерге деген сүйіспеншілікті,балаға деген махаббатты, үлкендерді құрметтеуді, ақтықты, аңғалдықты атады. Қазақтың жаман мiнезiне елiктеушiлiктi жатқызған.
Н. Сәрсенбаев ұлт психологиясы ұлттық әдет-ғұрыптардан, салт-дәстүрлерден, ұлттық сезімдерден керiнетiндiгiн айқындады. Әдет-ғұрып,салт-дәстүрлердiн тек ұлтқа тән құбылыс екендiгiн атап көрсетті.Этнопедагогикағылымы үшiн Н. Елiкбаевтың Ұлттық психоло-
гия (1992) еңбегінің маңызы зор. Оның пiкiрiнше, халықтардың тарихы, шаруашылык жагдайы алуан түрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер аркылы ұлттық сезiмдерден керiнетiн мiнез белгiлерiн қалыптастырды.
Автор аталған еңбегінде ұлттың рухани өмiрін идеологиялык, психологиялык деп екіге беледі. Идеологиялық өмiрге әдебиетті, енерді, ғылымды, философияны, дiндi енгiзедi.
Психологиялык емiрге ұлттық сезiм әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер ұғымдарын жаткызады. Бiрге өмір сүру, әлеуметтiк, табиғи-географиялык, материалдық, мәдени жағдайлар ұлт мiнезін басқа ұлттардан ерекшеледi.
Әрбір ұлт өкілінің өзіне тән ұлттық мiнезi, сезiмi, дәстүрі, әдет-ғұрпы бар.
Қайырымдылық, қатыгездік, жомарттык, тойымсыздык, эгоизм сияқты жақсы да, жаман да қасиеттер барлық ұлт өкiлдерiнiң бойынан табылады.
Ұлттык психология құрылымына кiретiн маңызды элементтердiн бiрi -ұлттық мiнез. Ұлттық мінез халықтың қоғамдық, экономикалык өмiрiне
арқылы қалыптасқан дағдылар мен әдеттердің жиынтығы. Оның белгiлерi -еңбексүйгіштік, қайырымдылық, ержүректiк, қаталдық, еркiндiктi сүю. Әрбiр халықтың ұлттық психологиясының ерекшелiгi бiрге өмір сүруге, тiршiлiк үшiн күреске байланысты болды. Оны ерекшелейтiн - баска ұлттарда жоқ қасиеттері. Ұлт мiнезi материалдық (киім, т.б.) және рухани (саз, би, отбасылық қатынастар, спорт, т.б.) мәдениеттен, тұрмыстан, әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерден керiнедi. Ұлт мінезiне әр түрлі таптардың идеялары да әсер етеді. Ұлттық сезім ұлттың жан дүниесінің манызды құрамдас бөлігі, тусiнiк, угым, сенiм, арман. адамдардын өз ұлтының мүддесiн, қажеттiлiктерiн түсiнуi, ултынын жетiстiктерiне мақтану, басқа ұлттарды құрметтеу. Н. Елікбаевтың пікірінше, әр халықтың қажетіне сай немесе сай келмейтiн жағдайдан туындаған ұлттық
сезiм ғасырлар бойы қалыптасады.
Ұлттық сезімге экономика, мәдениет, табиғат тұрақты түрде әсер етті.
Ана тiлге сүйіспеншілік - ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің қалыптасуына ықпал еткен, көзге айқын көрінетін ұлттық сезім. Ұлттык сезiм-адептiлiктi, сақтық ты талап ететін ете бір қауiптi қоғамдық қатынастар саласы.Ұлттық өзiндiк сана - ұлтқа тән
жоғары деңгейдегі курделі, жетiлдiрiлген сана, адамның белгілі бір ұлт өкiлi екендiгiн бiлуi, өз ултының әлеуметтiк-экономикалык мәнін, оның ұлтаралық қатынастағы ролi мен адамзат дамуына қосқан үлесiн түсiну, оны сүю, басқа халықтарды құрметтеу, хапықаралык моральдық-құқықтық нормаларды түсіну. Ұлттық муддеге қоршаған өмiр, өндiрiстiк қатынас әсер етедi.Ұлттық талғам улттын эстетикалық сезiмiнiң қалыптасу денгейiн көрсетті.Сананы мәдениет анықтайды. Ұлттық санаға,психологияға көшпелі мал шаруашылыгы қатты әсер етті. Тарбиешілер балаларды енбекке, шыдамдылыққа, елжандылыққа үйретті. Дiл (менталитет) халык мәдениетi, дiнi, турмыс-тiршiлiгiнен туындаған, белгілі бір ұлтқа тән тұрақты, өзгермейтiн ойлау жүйесі, басқа халықтан өзге рухани емiрi, дуниетанымы.
Сонымен қазақ этнопедагогикасының әдiснамалық негізі болып табылатын этнопсихология улттык тәрбие мiндеттерiн жүзеге асыруға көмектеседі. Этнопедагогика мен этнопсихология ғылымы ұлттық сана-сезім мiнездi калыптастыру мәселелерін шешумен айналысады.
3. Дүниені қабылдау дегеніміз -дуниенi түсiнудiң танымдық интеллектуалдық мәні, этнофилософиялыө бiлiмдердiн этнопедагогикалық мәнін тусiнуге мүмкіндік береді. Этнофилософия (гр. Ethnos - халык+phileo-сүйіспеншiлiк+sophia - даналық) - мәдени санасына енген
антропологияның бағыты болғандықтан жеке халықтардың әр түрлі құбылыстарды және дүниенi қабылдауы арқылы
қоршаған орта құбылыстары, атап айтсақ, дүние, кеңiстiк, уақыт, қозғалыс, қоғам және басқалары туралы жүйесiз, стихиялы қалыптасқан бiлiмдерiнiң жиынтыгын зерттейтін ғылым саласы.этнофилософиянын мазмұны дүниенің этникалық картасы деген ұғымға жақын.
Философия кеп ғасырлар бойы халыктын рухани мәдениетінің құрамында бiрге жасап келеді. Ол мұсылман дәуiрiне дейiн де когамның барлық топтарының арасында кең тараған ауызша түрдегі халық шығармашылығында белгілі қазақтың ақын-жырауларының шығармаларында болды. Басқа философиялык жүйелер сияқты қазақ философиясы да Адам бұл емiрге не үшiн келеді?, Ол калай өмiр сүрiп, енбек ету керек?. Өлiм дегенiмiз не? деген өте маңызды дүниетанымдық сұрақтарға жауап береді. Ұлттық болмысты философиялық тұрғыдан тусiнуге ұлттық тiлдiн ерекшеліктері, халықтың шаруашылык өмiрiнен туындаған тұрмыс, әдет-ғұрып, дастур, адамгершiлiк нормалары, тәртіп ережелері ыкпал етті. А. Калабаев, Ж. Алтаев қазақ философиясығ қазақ халқының тарихын зерттеу ушiн методологиялык негiз деп қарайды.
С. Сегізбаев Қазақстандағы философия қазақ ру, тайпаларының пайда болған кезінде шыққанын атап көрсетеді: Тіршілік ету ушiн карапайым болса да дуниетанымдық бағытка, атап айтсақ, кеңiстiкке, уақытқа, жыл мезгiлдерiне, ауа райы өзгерістеріне, адамның тәртiп ережелеріне сүйенукерек едi
Қазақ халқынын көшпелi өмiрiнен,тұрмысынан, әдет-ғурпы, салт-дәстүрiнен, әлеуметтік, мәдени орта ыкпалынан туындаған белгілер философияда көрініс тапты. Қазақ халқының тарихын зерттеушiлер - Шоқан, Ыбырай, Абай, т.б. қазақтардың арғы тегі көшпелі тайпалар болғанын дәлелдедi (Этномәдени пайымдау.Алматы,1997).
Этнопедагогика ғылымы ушiн философиядағы тыйым уғымдарының
зерттелу деңгейiн бiлу маңызды. Қазақ халкы тыйымды үш топқа бөлген
(А. Сейдімбек): адамдарға қатысты тыйымдар, қоғамдық тыйымдар, табиғатқа байланысты тыйымдар. Адамның адамга, адамның қоғамға, адамның табиғатқа қатынасы тыйым арқылы орнатылады. Кез келген тыйым адам-коғам-табиғат арасалмағын сактайды. Тыйым нақты бір адамның iсiмен шектеледі. Мысалы: Қолыңды төбеңе койма, Таңдайынды қақпа,Басыңды шайқама. Қоғамға қатысты тыйымдарда адамдардың басқа адамға, заттарға бағытталған сөзi мен
iсi қандай болу керектігі көрсетіледі.Мысалы: Жаман ойлама, Тамаққа түшкiрме. Адам дуниеден озғанда,оны өлді демей, демi таусылды дүние салды деген сөздерді қолданады. Қалыңдық жаңа отбасы мүшелерінің атын атамай, жана есiмдер -метонимдер ойлап шығарады. Қазақтар кһбіне өте биік саналған табиғатқа, жан-жануарларға табыну үлкен орын алған, қиын сәттерде дуниеден өткен рубасын, ата-бабаларының аруақтарының есiмдерiн атап шакырып, соларға табынатын сенiммен тығыз байланысты шаманды ұстанды. Бұл женінде Шоқан Тәңiр(құдай) Қырғыздардагы шамандык белгiлері деген енбегiнде қазақтар аспанды (Тәңір) барлық қайғының, қиыншылықтың, бақытсыздықтың, өлімнiң себебі, жазалаушы күш деп, ең биiк,қуатты құдай деп санағанын жазды.
Аспаннан басқа күнге, айға, жұлдызға. тауға, өзенге табынды. Бұдан басқа да көптеген наным-сенiмдер,тыйымдар ежелгi малшының көшпелі тұрмысынан, фантастикалық түсінiгiнен, әдетке айналған ой жүйесiнен туындап отырды. Қазақтар ерекше маңызды зат ретінде отқа табынып, оны қасиетті, тазартушы, отбасын қорғаушы деп ойлады.
4. Этнопедагогиканың пайда болуына мәдениет теориясы да әсер етті. Мәдениет теориясы - казак этнопедагогикасының әдіснамалық негізі.Этнографияның негiзгi зерттейтін
саласы - дәстүрлi-тұрмыстық мәдениет. Этникалық мәдениет - этникалық тәрбиенiң құралы және мазмұны.Табиғи-экологиялык мәдениет материалдық өндiрiс мәдениеті. Қоғамдық-экологиялық мәдениет - бiр қоғамның басқа когаммен дипломатиялық, техникалык, ғылыми, сауда жолымен қарым-қатынас жасауы.Әлеуметті реттейтін мәдениет адамдардың бiрлескен іс-әрекетін реттейді. Тiл қалыптасқан соң мәдениет
әлеуметтi реттейтін құралға айналды.Мораль, дiн, енер, құқық, идеология,
ғылым, саяси және әкiмшiлiк жүйелер,рәсімдер, әдет-ғұрыптар əлеуметтi реттейтiн мәдениетке жатады. Бiлiм - осы бөлiктiң маңызды бөлiмi.
Сонымен әлеуметтi реттейтін табиғи-экологиялық,қоғамдык-экологи ялық мәдениет - бiр-бiрiне тәуелді, адам iс-әрекетінің құралдары. Мәдениет әлеуметтік тап, топтарды біріктіреді саралайды. Этникалык дәстүр этнос мәдениетiне енеді.
Материалдық мәдениет
Рухани мәдениет
еңбек құралдары, кару
көшу куралдары
мекен, киiм, азык
уй жануарлары
мәдени есiмдiктер
шаш кою
сәндiк заттар
бiлiм, адамгершілік
әдет-ғұрып, қуқықтық нормалар
өнер мен халық шығармашылығының
алуан түрі
Дiни сенiм
Э.С. Маркарян материалдық мәдениетке адамның материалдық қажетін ретейтін заттарды, рухани мәдениетке рухани қажеттiлiктердi етейтiн мәдениеттi жатқызады.Этнопедагогика этнографиялык ұғымдарды педагогикалык мәнiн бiлу үшiн талдайды.Сонымен этнопедагогика этнопсихология, этнофилософия, этномәдениеттану ғылымдарымен тығыз байланысты. Аталған ғылым салалары -этнопедагогиканың бастау бұлағы.
5. Әдіснама- ғылыми еңбек жазудың әліппесі, педагогика ғылымына
бағыт беретін, обьектiнi тануға көмектесетiн бiлiмдер. Әдiснама - Зерттеуді калай ұйымдастыру керек?, Қандай философиялық теорияға сүйенеміз? деген сұраққа жауап беретін, зерттеушінiң өз саласын толық білуге тiкелей ықпал ететiн, бiлiм корларын анықтауға көмектесіп, әдебиеттердiң оқу бағыттарын керсететiн, педагогикалық құбылыстарды зерттеу және тану әдістерінің жиынтығы. Этнопедагогика әдiснамасының мақсаты - ұлт тәрбиесін терең тануға көмектесетiн әдістерді табу. Талдаусыз жүргiзiлген зерттеу жұмыстарынын әдіснамалык деңгейі төмен болады.Әдiснама принциптерi: объективтік,даму, тарихилық, теория мен практика бiрлiгi - қазақ этнопедагогикасының теориялық әдіснамалық негiздерiн дәлелдеуде маңызды рөл атқаратын халыктық принципі.Этнопедагогика әрбір ұлттың тәрбиесiн зерттейді.
Зерттеу жұмысынын негiзi - объектi,оны тану әдісі. Қазақ этнопедагогикасының нысаны - ұлттық мектеп,отбасы, ұлттық педагогикалык болмыс. Қазақ этнопедагогикасы қазақ этникалық тәрбиесін зерттейді. Қазақ этнопедагогикасы пәні - этникалық
тәрбие дамытатын этнос субъектісі.Ғылыми жұмыста объектiге толық
шолу жасау керек. Обьектімен жұмыс істегенде зерттеуші тақырып бойынша жұмыс істеген ғалымдарды, олардың зерттеулерiн, зерттеу жұмыстарының жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн, ғылыми айналымға енген жана бiлiмдердi, терiске шығарылған білімдерді анықтайды. Ол ушін этнопедагогикада обьектiнi тануга көмектесіп, жаңа ғылыми бiлiмдер алуға тiкелей ықпал ететiн талдау, жинақтау, бақылау, сараптама, индукция, дедукция, ұқсату,салыстыру сынды барлық ғылымға ортақ әдiстер қолданылады.
СӨЗДІК
Ұлт - әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың жогары формасы. Оны қалыптастыратын мәдениет.
Ұлыс - әлеуметтiк-этникалық қауымдастықтын теменгi формасы, территориялары кең, қандас туыстықтан ажыраган адамдар қауымдастығы.
Этнопедагогика - тәрбие туралы халық көзқарасын, қолданатын құралдарын зерттейтін ғылым саласы.
Этнопедагогиканың зерттейтін негізгі объектісі - ұрпаққа тәрбие беру үшін колданылған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, енер, тұрмыс, өмiр туралы көзқарас, тәрбие әдіс-тәсілдері.
Этностық өзіндік сана - этностык сананын, салттын кемелденуі.
Этнопедагогика-ұлттар мен ұлыстардың атадан балаға мирас болған тәлім-тәрбиелік жүйесін зерттейтін ғылым.
Шариғат-ислам дiнiнiн заны.
Халықтық тәлім - этнос қауымдастарының урпагына уйреткен бiлiм, дағды икемдiлiктерiнiң жуйесi.
Салт-сана-қоғамдык ойдың, дәстүрдiң, әдет-ғұрыптардың жиынтығы.
Сана-сезiм-ой-пікір.
Этноәлеуметтiк рөл - туыстық байланыс, адамның мінез-құлқының, жүріс-тұрысының нормалары.
Зерттеу жобасы:
Окушылардың ұлттық сана-сезiмiн қалыптастырудағы педагогикалық
басылымдардың маңызы.
Акпараттық жоба:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді.
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелiктi, ерлiктi желден алған секiлдi.
Мөлдiрлiктi көгiлдiр көлден алған секiлдi.
Қасарысқан ерлiктi шыннан алған секілді,
Мынқ етпейтін мiнездi жоннан алған секілді,
Түнерудi мұнжырап түннен алған секiлдi.
Қ. Мырзалиевтiң осы елең жолдарында қазақ ұлтының қандай қасиеттерi немен байланыста жырланған?
Мәселені шешу жобасы:
Ж.Молдағалиевтің мына өлең жолдарын талдап, өз пiкiрiңіздi бiлдiрiңiз.
Ар-ұят туралы
- Ол ұям, - дедi казак карм.-
Өлсең де, ожданнан безiнбе!
Жас жігіт күлдi оны мазақтаn:
- Ұятың нан болса, езiп же.
- Жеп келем, жеп келем туғалы,
Адам боп жүгенiм сондықтан, -
Деп қария мепсiнiп тулады.
Әммен, мек, жiгiм жок оны уққан...
Әйтеуiр шап сезi жөн едi.
Ақ атпа дегенi ағам па?
Иа, адам тірідей өледі -
Ұяттан айырылған сағатта.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Халықтың қоғамдық, экономикалық өмірі арқылы қалыптасқан дағдылар мен әдеттердiң жиынтығы:
А. Ұлттық талғам:
В. Ұлттық езiндiк сана:
С. Ұлттық мiнез:
D. Ұлттық мақтаныш;
Е. Ұлттық намыс.
2. Өз ұлтының адамзат дамуына қосқан үлесін түсіну:
А. Ұлттық талғам;
В. Ұлттық езiндiк сана;
С. Ұлттық мiнез;
D. Ұлттық мақтаныш:
Е. Ұлттық намыс.
3. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердi өмiрге әкелген:
А. Қоғам;
В. Рухани мәдениет:
С. Дәстүрлі тұрмыстық мәдениет;
D. Экологиялык мәдениет:
Е. Туыстық байланыстар.
4. Ұлттың эстетикалық сезiмiнiң қалыптасу деңгейін көрсететiн:
А. Ұлттық талғам;
В. Сана:
С. Сезiм;
D. Мiнез;
Е. Намыс.
5. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың жоғарғы формасы:
А. Тайпа:
В. Халық;
c. Py:
D. Ұлт:
Е. Ұлыс.
6. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың төменгi формасы:
А. Ұлыс:
В. Тайпа;
c. Py:
D. Ұлт;
Е. Отбасы.
7. Қазақтың жаман мiнезi (Қ. Жукеш):
А. Еліктеушiлiк;
В. Талапсыздық:
С. Еріншектік;
D. Қызғаншақтық;
E. Кереалмаушылық.
8. Адамның өз ұлтынын жетiстiктерiне мақтануы:
А. Ұлттық талғам;
В. Сана:
С. Ұлттық сезiм;
D. Мiнез;
Е. Барлығы.
9. Ұлттық мiнез:
А. Ұлттық талғам;
В. Дағды мен әдеттiң жиынтығы;
С. Ұлттық сезiм;
D. Мiнез;
Е. Салт-дәстүрлердің жиынтығы.
10. Ұлттық сезім:
А. Ұлттық талғам;
В. Дағды мен әдеттiң жиынтығы;
С. Арман, түсiнiк, сенiм;
D.Мiнез;
Е. Дұрыс жауабы жоқ.
11. Этнопедагогика мен этнопсихология қандай мәселелермен айналысады?
А. Ұлттық талғамды қалыптастырумен:
В. Дағды мен әдеттi қалыптастырумен;
С. Арман, түсiнiк, сенiмдi қалыптастырумен
D. Ұлттық сана-сезiм, мiнездi қалыптастыру мәселелерiмен;
Е. Ұлттық дәстүрлерді насихаттаумен.
12. Ұлттық психологияның сипаты еңбегінің авторы:
А. Қ. Жарықбаев:
В. Қ. Жукеш;
С. Н. Елiкбаев;
D. H. Сәрсенбаев;
Е. К. Оразбекова.
13. Ұлттық сананы қалыптастыратын жағдайларды зерттейтiн:
А. Философия;
В. Саясаттану;
с. Этнопсихология:
D. Этнопедагогика:
Е. Этнография.
14. Этнофилософия дегеніміз не?
А. Қандай да бір халықтың дiни, кеңiстiк және уақыт, козгалыс, когам туралы
жүйесiз бiлiмi;
В. Халықтың дуние туралы бiлiмдерi;
С. Халықтың ғылыми бiлiмдерi;
D. Тұрмыстық бiлiмдер:
Е. Барлық жауабы дұрыс.
15. Қазақ философиясы кайда болды?
А. Кунделiктi өмiрде;
В. Ауызша түрдегі халық шығармашылығында, ақын-жыраулар шығармаларында:
C. Отбасында;
D. Py, тайпада;
Е. Халық тұрмысында.
16. Әдет-ғұрып, дәстүр, адамгершiлiк, тәртіп ережелерiн туғызған:
А. Тұрмыс:
В. Туыстық қатынастар:
С. Халық:
D. Ұлттық тiл, шаруашылық өмiр:
Е. Үстем идеология.
17. Рудың үлкендерін сыйлауды, өз руластарына көмектесуді талап еткен...
А. Шаруашылык өмiр:
В. Әлеуметтік өмiр;
С. Қиын жағдайлар:
D. Заңдар;
Е. Дұрыс жауабы жоқ.
18. Эндогамия принципiн ұсынған ғалым:
A. C. Кенжеахмет;
В. В.В. Краевский:
С. Л.Н. Гумилев;
D. Ю.В. Бромлей;
Е. Г.Н. Волков.
19. Этнопедагогиканың негiзi, оны дамытатын гылым:
А. Философия:
В. Әдiснама;
С. Этнопсихология:
D. Этнология;
Е. Этнография.
20. Педагогика ғылымын фольклор, этнографиямен байланыстыратын:
А. Философия:
В. Саясаттану;
с. Этнопедагогика:
D. Психология:
Е. Халықтық педагогика.
21. Этнопедагогика этнографиялық ұғымдарды не үшін талдайды?
А. Ұлттық тәрбие беру ушiн;
В. Педагогикалык мәнiн бiлу ушiн:
С. Сананы ояту ушiн:
D. Дәстүрлердi бiлу ушiн;
Е. Ұлттық мiнез қалыптастыру ушін.
22. Қазақ этнопедагогикасынын теориялық-методологиялық негiздерiн
дәлелдеуде маңызды рөл атқаратын принцип қайсы?
А. Ғылымилык;
В. Түсiнiктiлiк;
с. жүйелілік;
D. Халықтық;
Е. Тарихилык.
23. Этнопедагогиканың терминологиялык аппаратының негiзi:
А. Этнософия:
в. Этнология:
С. Қазақ философиясы:
D. Ұлттық психология:
Е. Этнография.
24. Этнопедагогика қай ғылым әдiстерiн қолданады?
А. Философия:
В. Әлеуметтану;
С. Этнопсихология, улттық мәдениет;
D. Ұлттық психология:
Е. Этнография.
25. Қазақ этнопедагогикасы әдiснамасының анықтайтыны:
А. Объектi, оны тану әдісі:
В. Тәжiрибе:
с. Принциптер;
D. Бағдарлама;
Е. Ғылыми жұмыстар.
26. Этнопедагогика методологиясының мақсаты:
А. Объектiнi тануга көмектесетiн бiлiмдердi анықтау;
В. Тәжірибені тану;
С. Ұлт тәрбиесін терең тануға көмектесетін әдістерді табу;
D. Жана гылыми бiлiмдер алу;
Е. Зерттеуге көмектесу.
1.3. Этнопедагогикалық ойлардың тарихы. Ежелгi дәуiрдегi
тәлім-тәрбиелік ойлар
1. Құлпытасқа жазылған Түркi ескерткіштерінің бірі Орхон-Енисей жазбалары деп аталады. Төл тарихымыздың ең құнды ескерткіштерiнiң iрiсi, түркі жұртының ортақ мақтанышы болып танылатын тас ұстын (Түркі қағанаты туралы сөз) ежелгi түркiлердiң тамаша ерлік сипаттарын бойына жан-жақты дарытұан жаужүрек батыр, ұланғайыр кең өлкенi еркiн билеген даланың қайсар жауынгерi Күлтегiннiң адами қасиеттерiн жырлайды. Тас жазуларда ерлiк пен ездiк, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсiздiк, тәлім-тәрбие мәселелерi әсем айшық өрнектермен жанды бейнелерге толы сезiм, толғаныс-тебiренiстермен баяндалады. Кұлпытастарда жас жеткіншектерді елiн, халқын сүюге, үлкенді сыйлауға, зеректік пен ойшылдыққа, батылдық пен тапқырлыққа үйретіп, тәрбиелеу жайындағы мәселелер жайында сөз болады. Батыр бабамыздың 732 жылы Моңғолия дағы Орхон өзенінің бойына тұрғызылган ескерткiшiнiң дәлме-дәл ғылыми көшірмесі Елбасы Н. Назарбаевтың қолдауымен 2001 жылы Астанаға жеткiзiлген еді. Сөйтіп, ол
Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратына орын тепті. Култегiннiң келуi студенттерге ерекше рух берді. Халықтың тәрбие туралы ойларын
ежелгi ескерткiштердiң бiрi, құнды шығарма болып табылатын Кабуснамадан окуга болады. Оны Кей-кабус (1082-1183) деген ойшыл жазған. Ол өз шығармасын ұлына арнаған. Шығарманың 43 бөлiмiнде нәпсiнi тыю, тамақтану әдебі, шарап ішу, кулкi, әзіл ережелерi, шахмат, дойбы ойнау, махаббат этикасы, жыныстық қатынастың пайдасы және зияны жөнінде айтылады.Тасқа жазылған дастандардын тәлiм-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі - Қорқыт ата тағылымдары.
2. Қорқыт ақылшы, ғалым, жыpay, сазгер, ең тұңғыш қобыз сарынын тудырған адам. Қорқыт шығармаларының негізгі өзегі - жас ұрпақ қамы,ата-ананы құрметтеу, тәрбиедегі ата-ана жауапкершiлiгi. Қорқыт сөздерінің негiзгi тақырыбы - ата-ана атына кiр келтірмейтін бала тәрбиелеу. Шығармаларының негiзгi желiсi - балаларды ата-баба өсиетіне адалдық, батырлық рухында тәрбиелеу. Қорқыттың педагогикалық көзқарастары адамды адамгершiлiкке тәрбиелейтiн қанатты, үлгілі сөздер, өсиет нақылдар көптеп кездесетін Қорқыттата кiтабында орын алған. Мысалы, Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы, Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұлтжаман, Жiбек шатырдың жiбi көрiктi,өнегелі болса бала көрікті, Шiрiген мақтадан мата шықпайды, нагыз жаудан дос шықпайды. Өтiрiк сөз өрге баспас, Топырақ төбе болмайды.Тәкаппарды тәңір сүймес , т.б. Қорқыт
ата адам емiрiнiң қысқалыгына наразы болды.Қорқыт ата өзiнiң еңбегiнде нақты тарихи деректерді негізге ала отырып, адамгершілік асыл қасиеттерді, батырлардың ерлiк iстерiн, өзiндiк ерекшелiктерiн, өнерiн (ақындық, қобызда ойнау өнерін), әдемілікке деген көзқарасты, адамдар арасындағы кіршіксіз таза достық сезiм, қарым-қатынастарды (мысалы, Домрул, Угенек батырдың, т.б.), адамгершiлiк пен ерліктің бастауы отбасында қаланатынын, оның дұрыс қалануына, әсіресе әйел-ананың рөлiнiң жоғары екендiгiн балалар мен жастарға үлгі-өнеге болсын деген мақсатпен жырлайды.Қорқыт адамгершiлiк пен ерлiк отбасында басталады деген. Коркыт адамгершiлiк пен ерлiктiң дұрыс қалануында әкенің релiн жоғары бағалады.Қорқыт ата нысапсыз әйел, кесiртәйел, ниетi қара әйел, үйдің құты болатын әйел деген әйел түрлерін
анықтап, әйел-ананың қоғам дамуына негіз болатындай ұлағатты болуын
уағыздайды. Оның жырларында перзентке зар болған қарт ата-ананың қасiреттi өмiрi жиi қайталанды. Ана -ердiң серігі, ұрпақтың ұлы анасы,
сондықтан ананы құрметтеу - кiсiлiктiң белгiсi деген де Қорқыт атамыз. Жат баласы қанша сақтасаң да ұл болмас деп әркімнің өз перзенті болу керектiгiн ескертеді. Ажал уақыты жетпейінше ешкiм өлмес деп адамдарды оптимизмге шақырады.Ә. Марғұланның сөзімен айтқанда, Қорқыт ата туралы аңыздар Орта Азиядағы түркi тiлдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz