Мемлекеттік басқару органдары және ішкі бақылау жүргізу тәртіптері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Инвестицияны жүйелі бақылау және аудиттің мақсаттары

2. Мемлекеттік бақылау органдары және ішкі бақылау жүргізу тәртіптері

3. Мемлекеттік ұйымдардағы қаржылық есептемені бақылау ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қаржылық аудиттің экономикалық мәні ақша қаражаттарының, мүліктің дұрыс жұмсалуына жүргізілген бақылаулар және олардың қаржылық пен бухгалтерлік есептіліктердің заңдылықтарға және басқа нормативтік актілерге сәйкес әзірленгендігін тексеруде.

Жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 бөлімде инвестицияны жүйелік бақылаудың мақсаты, жоспарлары қарастырылған.

2 бөлімде инвестицияны жүйелі бақылаудың ақпараттары қарастырылған.

3 бөлімде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және ішкі бақылау органы функциялары көрсетілген.

4 бөлімде мемлекеттік мекемелердегі қаржылық есептібақылау ерекшеліктері қарастырылған.

Қорытындыда жұмыстың нәтижесі көрсетілген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі тіркелген.

1. Инвестицияны жүйелік бақылаудың мақсаты, жоспарлары

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы "Инвестициялар туралы" қабылданған заңының қоғамдағы саяси мәні зор. Елдің экономикасын көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған бұл заң Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи құжаттардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық табыстың ұлғаюы экономикалық дамуға өз ықпалын тигізіп қана қоймайды, қоғамның саяси әлеуметтік дамуына үлкен серпіліс береді Сондықтанда инвестициялар тарту қоғам үшін өте қажет. Инвестициялық жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығында (254 жоба), білім беруде (147) және денсаулық сақтауда (98) іске асырылған. Қаржылық инвестиция дегеніміз ұйымның немесе мемлекеттік пайыздың облигацияларға өзгеде құнды қағаздарға салынған салымдар және заңды немесе жеке тұлғаларға берілген зайомдар. Инвестицияларды жүйелік бақылау аудиттің мақсатын қызмет етуші субьектілердің инвестициялар есебі мен салық салудың сәйкестігін нақты осы уақыттағы нормативті құқықтық актілерге сәйкестігін анықтау болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі мәселелерді шешу керек:

Қызмет етуші субьектілердің активтерінің инвестицияға жатқызылуының дұрыстығын тексеру;

Инвестицияларды есептеудегі олардың жіктелу ерекшеліктерін ескеру;

Инвестицияларды есепке қоюдағы олардың құнын құраудың дұрыстығын жүйелі түрде бақылау;

Инвестицияға байланысты операциялар есебінің дұрыстығын тексеру;

Инвестицияларды есептеудегі синтетикалық және аналитикалық есептің жағдайын бақылау;

Шаруашылық операциялардың дұрыстығы және толық есептеліп; қамтылуының бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп берудегі дұрыс бейнеленуі;

Инвестициялардың дұрыс инвентаризация жүргізілуі және олардың нәтижелерінің есепте дұрыс көрсетілуі;

Инвестицияларға байланысты салықтық заңдылықтардың сақталуын жүйелі бақылау;

Инвестицияларды жүйелі бақылау және аудит кезіндегі басты мақсат - обьектілерді анықтау.

Обьектілерге ұзақ мерзімді инвестициялар, өзгеде инвестициялар, оның ішінде ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, инвестицияны қайта бағалаудан пайда болған төленбеген капитал, инвестициядан түсетін кіріс және шығыс.

Инвестицияларды жүйелі бақылауды жоспарлау қаржылық инвестициялардың операциялар аз болады, бірақ олардан түсетін кіріске байланысты олардың әр қайсысына жеке жеке зерттеу және бағалау керек. Жүйелі бақылау үшін арнайы дайындалған жұмыс бағдарламасы және арнайы тестілер жинағы болуы керек.

2010 жылы аймақта жалпы құны 33, 2 млрд. теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 11 жоба индустрияландыру картасы аясында іске асырылды.

Биылғы жылы жалпы құны 54, 6 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба, оның ішінде 9 жоба индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылатын болады. Инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың 40%-ға жуығы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, көлік және коммуникацияны дамытуға бағытталған. Бұл ретте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы инвестициялық жобалар ең қымбат жобалар болып саналады. Мәселен, аталған саладағы бір жобаның шығыстары 5, 1 млрд. теңгені құрап, барлық инвестициялық жобалар бойынша орташа құннан бес есе асып түскен.

Осы инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілген Шиелі ауданындағы қамыс жаңқалары плиткасы өндірісі республикада баламасы жоқ инновациялық жоба.

Сондай-ақ, наурыз айында бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу барысында бірнеше жылдар бойы шешімін таппай келген «Шыны зауытының құрылысы» жобасын биылғы жылдан бастап жүзеге асыру жөнінде «ҚазСтройСтекло» компаниялар тобымен Меморандумға қол қойды. Өткен аптада Қызылорда қаласында алғашқы өсімдік майын өндіретін цех іске қосылды, бұл өңірдің сырттан әкелінетін тауарға тәуелділігін біршама азайтады.

Қазіргі таңда аймақта өнеркәсіп өнімдерінің 93-94 пайызы тау-кен өндірісіне тиесілі. Ал өңдеу өнеркәсібі 4 пайызды құрайды. Біздің міндетіміз - өңдеу өнеркәсібі өнімін кемінде жалпы өнімнің 8 пайызына жеткізу. Бұл - үлкен міндеттеме. Межеленген көрсеткішке қол жеткізу үшін өңдеу өнеркәсібі бойынша инвестициялық жобаларды көбейтуіміз керек.

2 Инвестицияны жүйелі бақылаудың ақпараттары

Жүйелі бақылау мен инвестиция аудитіне кіріскенде аудитор ақпараттың иегізгі көздерін аныктауы тиіс. Бүл жағдайларда ақпарат көздері бірнеше болуы мүмкін.

Инвестиция есебі бойынша бастапкы есептік құжаттама түрлері:

- бағалы қағаздарды қабылдау-тапсыру құжаттары;

- бірлескен іс-қызметке салымдарды қабылдау-тапсыру кұжаты;

- басқа ұйымдарға аударылған салымдар сомасына куәлік;

- банк көшірмелері;

- кіріс кассалық ордер;

- шығыс кассалық ордер;

- төлем тапсырмасы.

Мәмілелер бойынша талаптардың міндеттемелерін
белгілейтін құжаттар түрлері:

-кұрылтайшылар шарты;

- бағалы кағаздардың сату-сатып алу келісімшарты;

- бағалы кағаздар бланкілері;

- қарыз шарты;

- бірлескен іс-кызмет туралы шарт;

- бағалы кағаздарды кепілге қою шарты;

-депозиттік салым.

Түгендеу бойынша бастапқы есептік құжаттама түрлері:

- түгендеу (тұрақты істейтін, жұмыс) комиссиясының құрамы туралы бұйрық (қаулы, үкім) ;

- түгендеу кезінде анықталған нәтижелердің тізілімі;

- құнды кағаздарды түгендеу тізілімі.

Шаруашылық жүргізуші субьектілерге инвестиция
есебі бойынша шаруашылық операцияларын көрсету үшін
қолданылатын есеп регистрлері:

- есеп жүргізудің бірыңғай журнал-ордерлік формасын пайдаланушылар;

- шағын кәсіпкерлік үшін есеп және есеп беру формасын пайдаланушылар;

- 2040, 2210, 2310, 1110-1150, 2010-2040, 2210, 5320, 6210, 6120, 6160, 6280, 7410, 6410, 6420 және т. б. шоттары бойынша машинограмма - есептеу техникасын колданушылар.

Баланста инвестицияны көрсетудің дұрыстығын тексеру мынадай бірізділікпен жүзеге асырылады: баланс - Бас кітап - 12 журнал-ордер - бастапкы кұжаттар.

Аудитор инвестициялар жөніндегі операциялар аудитінде, әдетте, қаржылық есептілікте бекітулерге қатысты аудиторлық процедуралар жүргізіледі: бар болуы, аяқталғандығы, құнды анықтау, құқықтар мен міндеттер, ұсыныстар мен ашып көрсетулер.

Бар болуы мен аяқталғандығы туралы. Мұнда бағыттар бойынша аудиторлык тексеру ауызша сұраудан басталуы мүмкін. Сұрау барысында есепті кезеңде кандай өзгерістер болғаны және құнды қағаздардын қайда сақталатыны анықталады. Егер олар ұйымда сақталса, оларды қарап, санау керек, яғни түгендеу жүргізген жөн. Егер құнды қағаздар, сенімді тұлғада (депозитарий, банк, т. б. ) болса, онда ол тұрғыдан жазбаша анықтама алу керек.

Құнды анықтау туралы. Инвестицияға шықкан шығындар кұжатпен рәсімделіп, синтетикалык жэне аналитикалық есепте көрсетілуі тиіс. Аудитор инвестиция құнын бағалаудың қандай тәсілі іс-тәжірибеде қолданылатынын және ол кәсіпорынның есеп саясатында белгіленген нұскаға сәйкес келетіндігін анықтауы керек. Жеке инвестицияның құны келісімшарттар, накладнойлар (жүккұжаттар) және де меншік қүқығын растайтын басқа құжаттар бойынша аныкталады.

Құқықтар мен міндеттер. Инвестицияға меншіктік құқық құнды қағаздарды сату-сатып алу шарттары, басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге салымдарды тапсыру-қабылдау актілері, бағалы қағаздар сертификаттары, акционерлер (акция) тізілімінің көшірмелері, "ДЕПО" шоты бойынша көшірмелер (егер оньщ иесінде акция есебі құжатсыз түрде жүрсе немесе егер құнды қағаздар депозитарийге салынса), банк көшірмелері мен меншік құқығының көшуін растайтын басқа құжаттарға тиісті төлем құжаттары бойынша тексеріледі.

Ұсыну мен ашып көрсету. Аудитор инвестицияның мөлшерін, бағытын, мақсатқа сәйкес талдап, сонымен оларды қажетті жағдайда ашып көрсетеді. Есепке алып, дұрыстығын зерттеу керек. Егер ұзақ мерзімді инвестициялар қаржылык есеп беру үшін елеулі болса, аудитор оларды бағалау мен ашып көрсетуге қатысты тиісті жеткілікті аудиторлық дәлелдер алуы керек. Ұзақ мерзімді инвестицияға катысты орындалатын аудиторлық процедураға, әдетте, субьектінің инвестицияны ұзақ мерзімді негізде ұстауды жалғастыру қабілетіне қатысты дәлелді қарау, басшылықпен мұндай ниет жайында талқылау, сондай-ақ осы мәселе жөнінде жазбаша ұсыныстар алу кіреді.

  1. Мемлекеттік басқару органдары және ішкі бақылау жүргізу тәртіптері

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін төмендегілер құрайды:

- қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылатын Есеп комитеті;

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары;

- ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;

- орталық мемлектік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтері;

Есеп комитеті және тексеру комиссиялары сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері ішкі мемлекеттік мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады.

Ішкі аудит қызметтері заңды тұлғалар болып табылмайды.

ҚР Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды қоса алғанда, ҚР Ұлттық Банкідегі ішкі аудит ҚР Ұлттық Банкі туралы ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ішкі мемлекеттік бақылауды жүргізетін органдарға ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметі жатады.

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджет қаражатын, кредиттерді, гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың дұрыстығына бақылау жүргізеді.

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның функциялары:

  • республикалық және жергілікті бюджет қаражатын, кредиттерді, гранттарды,

мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың дұрыстығын бақылау;

  • бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық

есептілігіне жыл сайын аудит жүргізу;

  • ҚР мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық

есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамалардың сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асыру.

Ішкі аудит қызметі ведомстволық қаржылық бақылауды республиканың

министрліктері мен ведомстволары, жергілікті әкімшілік басқарулардың қатынасында оларға бағынышты кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жүзеге асырады. Ведомствалық қаржылық бақылау үш формада жүзеге асырылады: алдын ала, ағымдағы және кезекті бақылаулар, Бақылаудың негізгі әдістері қаржылық жоспарлар, ревизия және тексерулердің жобаларын қарастыру болып табылады. Ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары бақылаудың объектісі.

4. Мемлекеттік ұйымдардағы қаржылық есептемені бақылау ерекшеліктері

Мемлекеттік мекемелердегі есеп беруді бақылау мына сұрақтарды қамтиды:

- есеп беру және бухалтерлік есеп жағдайы;

- бухалтерлік құжат айналымының, алғашқы есептеу және есеп берудің дұрыс ұйымдастырылуы;

- бақылау объектісі қаржылық есептілікті толық, нақты, негізделген және өз уақытында құру мен ұсыну;

- жинақтау ведомосі-материалды ордердің жасалған операция есебіне алынған мәліметтердің нақтылығы

- бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 - қаржылық есеп құруды тексеруде «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Департаметінің 27. 01. 1998ж. №30 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есептің нұсқауын бекіту» бұйрығын қолдануын анықтау қажет.

Мемлекеттік мекемелерде қаржылық есеп беруіне бақылау жүргізгенде бұрын тексерілген материалдар бойынша жойылған бұзушылықты тексеру қажет.

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі жүргізіп жатқан реформалар, халықаралық шаруашылық субъектілердің қызметі туралы ақпарат калып-тастыруынын стандарттарына біртіндеп көшуге мүмкіндік берді. Бірақ теориялық әдістемелік және практикалық сипаттағы проблемалар әлі де болса көп. Олардың қатарына бухгалтерлік есеп сапасының бағалауын жатқызуға болады. Аудитте қолданылатын ақпараттың сенімділігі, толықтылығы, дер кезінде алынуы есеп сапасына тәуелді болады. Есеп процедураларын теориялық негізде ұйымдастыруынсыз, сапалы қаржылық есеп беруге практикада қажетті ғылыми не­гізделген бакылау жүйесін кұрастыру мүмкін емес. Жұмыс 3 істеп жүрген бухгалтерлер негізінен нормативті - құқыкты S; актілермен қамтамасыз етілмеген және есеп пен есеп беру сапасын бағалау әдістемесіне ие емес. Олар есеп және есеп беру жағдайына терең талдау жасауға жиі қызығушылык білдірмейді. Есептің сапасын реттік деңгейге жеткізуге нақты -шаралар жасалуына аз көңіл бөлінеді.

Сонымен бірге практикада кәсіпорынның есеп процесінің ұйымдастырылуына, тек процедуралық жағына на­зар аударады. Есеп тек шаруашылық кұралдардың көздері және олардың қалыптасу жағдайының сандык мәліметтерін алуға бағытталған. Мұндай жағдай есептің акпараттық жағын әлсіз өткізеді, бұл жерде түпкілікті мақсат тек есеп берудің, баланстық және талдаулық пен жиынтық регистрлерді толтыру және алу болып табылады. Осы жерде жұмысшы тарапынан творчестволық көзқарас және жоғары біліктілікті кажет етпейтін, қайталанатын, күрделі емес технологиялык операциялар басымды болады.

Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты есепті, бақылау талдаулык және аудиторлық қызметтердің максаты басқаша - калыптасқан немесе қалыптасып жатқан шаруашылық жағдайға талдау жасау, нақты шешім шығару, оның орындалуын ұйымдастыру және басқару.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Саяси жүйе жайлы
Орталық Кедендік орган
Валюталық реттеудің экономикалық мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz