Ресми іс қағаздар тілі – қазақ әдеби тілінің бір тармағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тапсырмалар:
Адам сөзінің ресми құжаттарда қолданылу орнына қарай өзгерген нұсқаларын жазыңыз.
телефон станциясында - абонент.
ательеде - тапсырыс беруші.
шаштаразда - клиент
ауруханада - науқас.
санаториде - демалушы
транспортта - жолаушы

Қаламыздағы ЖОО атауларын толық және қысқартылған түрде жазыңыздар.
ҚарМУ-Қарағанды мемлекеттік университеті,
ҚарМТУ-Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті,
ҚазҰУ-Қазақ ұлттық университеті,
ҚазҰМУ-Қазақ ұлттық медициналық университеті,
ҚазҰАУ-Қазақ ұлттық аграрлық университеті,
АМУ-Алматы мемлекеттік университеті,
АТУ-Алматы техникалық университеті.

Өзіңізге таныс емес мекемелердің атауларының қалай қысқартылатынын жазып көрсетіңіз.
ХШЖК -- Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі,
ПӘ - Президент Әкімшілігі
ЖМС - жанар май құю станциясы
ІІББ - ішкі істер бас басқармасы
ӨБҚЕМЖ - Өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе
ҚЖККМЖС - қалалық жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы
АӨК - ағаш өңдеу комбинаты
ЕЕСА - Еуропалық еркін сауда ассоциациясы

Баяндама
Ресми іс қағаздар тілі - қазақ әдеби тілінің бір тармағы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады.
Дамыған тілдердің негізгі белгілерінің бірі-сөз байлығы. Халықтың тарихи тағылымы, көргені мен түйгені, логикалық, эстетикалық таным - білім қазақ тілінің сөз байлығында жинақталған. Қазақ тілі - жалпы адамзат өмірінің барлық салаларында жасалған аса маңызды білімді, қорытылған тәжірибелі кемел тіл ретінде өзінің сөздік қоры мен сөздік құрамында жинақталған тіл.
Әдеби тілдің мәнін айқындап, өзіндік белгілерін саралап, оның тарихына қатысты негізгі мәселелердің басын ашып, ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби тілдің өзін, оның өзіндік ерекшеліктері қандай екенін дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби тіл деп нені түсінеміз? Әдеби тілдің тарихы қай кезден басталады? Әр кезеңдегі әдеби тілдің дамуының, нормалануының
тілдік көрсеткішіне қандай әдебиет нұсқалары жатқызылуға тиіс және
олардың мазмұны мен сипаты қандай болмақ деген сұрақтардың нақты
жауабы әдеби тілдің анықтамасымен тікелей байланысты. Ал әдеби тіл
деген ұғымды әр түрлі түсінудің салдарынан зерттеулерде оған қатысты
проблемалық мәселелер әрқалайша баяндалып жүр.
Әдеби тіл дегеніміз не? деген сұраққа бірқатар қазақ тілі мамандары орыс әдеби тілінің ұлттық немесе қазіргі дәуіріне сай келетін анықтама мен
белгілерді келтіріп жауап беріп келді. Мәселен, "Қазақ әдеби тілі тарихы"
атты 1968 жылғы оқулық авторлары "Әдеби тіл дегеніміз - жазба әдебиет
арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық
қызметі әр алуан тіл" деген анықтама береді де, тілдің әдеби болуы үшін
төмендегі белгілердің болуын міндетті деп санайды:
1) Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана
қалыптасады;
2) Әдеби тіл нормалан ған тіл болуы керек;
3) Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек "тілдің стильдік
жүйелерінің саралануы - тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі";
4) "Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл". "Жазба әдебиет арқылы
әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа
түседі", "тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі.
Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлеріне қарсы қойылады. Сондықтан оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды-стильдік жіктеліс тән.Осы тұрғыдан әдеби норманы функционалды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем әдебиет тілінің стилі
Қазақ әдеби тіл нұсқаларын зерттеуші ғалымдар
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Кеңселік іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу үдерісі
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақша заң жинақтары мен ерекшеліктері
Құжат мәтінінің түрлері
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар туралы ақпарат
XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы
Пәндер