Бүркеншік есімнің әдебиеттегі орны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бүркеншік есімнің әдебиеттегі орны

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарын ономастиканың заманауи күйдегі қалыптасу дәуірі деп санауға болады. Сол кезеңнен бастап адам аттарын зерттеу туралы ғылым тіл білімінде белсенді зерттелген ғылымдар қатарына жатады. Ономастика дәстүрлі түрде басқа лингвистикалық пәндермен өзара әрекеттеседі: ономасиология, әлеуметтік лингвистика, мәтін лингвистикасы, коммуникативті лингвистика және т. б.

Жалқы есімдерді ғылыми зерттеу қажеттілігі әрбір тілдің лексикалық жүйесінде толық мойындалған. Ономастиканың проблематикасы неғұрлым терең болса, соғұрлым толық зерттеуді қажет етеді. Қазіргі таңда ономастиканың жеке салаларын жан-жақты зерттеу керек. Бұл ғылым дәстүрлі түрде бірнеше категорияға бөлінеді: антропонимика - адам аттарын зерттейді, топонимика - географиялық атауларды, зоонимика - аң-жануарлардың атауларын зерттейді т. б. Соңғы кездері жұлдыз атауларын, теонимдерді, қала ішіндегі обьектілерді, мейрам аттарын, газет аттарын зерттеу -ономастикалық проблемалардың ішінде кең өріс алып жатыр.

А. В. Суперанскаяның айтуы бойынша «Соңғы кездері ономастика мәселелеріне және оның құбылыстарына үлкен қызығушылық пайда болды, олар бір жағынан бөлінген фактілерді жалпылап, ономастикалық терминологияны нақтылайды, екінші жағынан осы күрделі пәннің бұрын зерттелмеген бағыттарын ашады, әрі қарай зерттеу бағытын көрсетеді» [1, 5]

Ономастиканың басты саласы антропонимика- жалқы есімдерді зерттеу болып саналады ( адамның жеке аты, әкесінің аты, тегі, лақап ат, бүркеншік есім және т. б. ) Егер антропонимикалық бірліктер (аты, жөні, әкесінің аты) өзінің жүйелілігімен бұрыннан ғалымдардың назарында болса, бүркеншік есімдер - бейресми есімдердің тобы, олар көбінесе әдебиетші ғалымдардың, мәдениттанушылардың еңбектерінде көрініс алады және тілдік тұрғыда толық зерттелмегендіктен, олар ерекше лингвистикалық қызығушылық тудырады. Э. Д. Сүлейменова өзінің «Актуальные проблемы казахстанской лингвистики: 1991-2001» еңбегінде: «Соңғы онжылдықта ономастика қарқынды түрде зерттелгені байқалды: жалпы есім мен жалқы есімді ажырату, онимдік лексиканың жекеленген бөлшектерінің пайда болуы, жалқы есімдердің классификациясыжәне тағы басқа» [2, 16] . Бүркеншік есім - тілдің ажырамас бөлігі ретінде оның заңдарына және лингвистикалық тәсілдерге бағынуы тиіс. Ғалымдардың айтуынша, қазіргі таңда бүркеншік есімнің 50-ден астам түрі бар. Бірақ, ортақ келісілген классификациясы әлі де жоқ.

Бүркеншік есімдердің зерттеу деңгейі қазақ тілінде әлі өз дәрежесіне жеткен жоқ. Қазіргі таңда қазақ ақындарының, журналистерінің, ғалымдардың ортақ бүркеншік есім сөздігі әлі жасалмағандықтан, оларды зерттеу барысында біраз қиыншылықтар туындайды. Одан бөлек, бүркеншік есімнің этимологиясын анықтауда болатын қиыншылықтар әдеби, тарихи, аймақтық энциклопедиясының болмауынан. Сол себепті бүркеншік есімдер кей кездері жасырын және қолжетімсіз. Осы жағдайларға байланысты бүркеншік есімдер тарихынан мәліметтер жинау және қазақ этимологиялық сөздігін жасау қажеттілігі туындайды. Бұл жағдай өз алдына үлкен ғылыми-тәжірибелік, мәдени, тарихи және мемлекеттік мәні бар жұмыс.

Қазақтың лингвист-ономасты Т. Жанұзақовтың айтуынша: «Белгілі бір автордың бүркеншік есімінің анықтау, оның пайда болу себебін, жасырын мотивтерді табу - бүркеншік есімнің негізгі мәні болып табылады» [3, 27 ] .

Қазіргі қазақ лингвистикасында бүркеншік есімге арналған арнайы зерттеулер жоқ. Дегенмен, бұл тақырып Т. Жанұзақов, Б. Кенжебаев, С. Е. Байменше сияқты ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Соның ішінде Т. Жанұзақовтың «Қазақ есімдерінің тарихы» монографиясында қазақ жазушыларының, тілшілерінің және қоғам қайраткерлерінің бүркеншік аттарының түрлерін қарастыруға арналған «Бүркеншік аттар» бөлімі бар. Ғалым-библиограф, белгілі зерттеуші У. Субханбердина «Айқап», « Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде жарияланған қазақ жазушыларының лақап атарын анықтауда зор еңбек атқарды.

Антропоним-адамдардың жеке меншік есімдері, тегі, әкесінің аты, бүркеншік есімдері, лақап аттары. Г. Б. Мадиева өзінің зерттеу еңбегінде «Әр халықтың ат-есім қою дәстүрі бар, олар антропонимдерде және ат қою мотивтерінде көрінеді» деген. [4, 42 ] .

Н. Н. Вербицкая және Н. С. Гребенщикованың ойлары бойынша, «есімдердің бір-бірімен байланысты екі тобы бар, бірі табиғи, яғни адам туылғанда қойылатын есім, екіншісі ойдан құрастарылған (табиғи емес) . [5, 127] .

Әлем әдебиетіндегі авторларда негізгі бүркеншік есімнен басқа да бірнеше лақап аттары болған (Вольтерде 160 астам) . Кей кездері бүркеншік есім автордың тегіне де қосылып жазылатын болған.

Тарихи категория сияқты бүркеншік есім де ғасырлардың тереңіне үңіліп қарасақ, «автор», «әдеби меншік» сияқты түсініктер болған жоқ. Ол кездері әдебиет қоғамдық-саяси құбылыстар кесірінен авторлардың жасырынуын кейінгі кездегідей қажет етпеді.

Бүркеншік есімдердің нақты белгілерінің ішінде жетекші орын алатындар:

  1. Автордың өз-өзін сипаттауы

а) ұлты, руы, тайпасы. Мысалы, Қазақ - Ғ. Қарашев ( «Қазақ» газеті, 1916), Шала татар - Ә. Ғалымов ( «Айқап» журналы, 1913), Тарақты (тарақты руынан) - А. Елшібеков ( «Еңбекші қазақ» газеті, 1927) .

ә. туған жері, тұрғылықты жерінің атауы (топоним) . Шоға-Ә. Ғалымов («Айқап» журналы 1913), Арқалық (жұмыс орны) - Ж. Шанин, Қызылтаулық (туған жері) - Ж. Аймауытов, Семей техникумы- М. Әуезов (оқу орны)

б. Әлеуметтік тиістілігі (соционим) . Мысалы: Би баласы - Ш. Айманов, Молда Қазақпаев - Ғ. Қарашев, Кедей - Б. Майлин, Ақым қажы-А. Андомасов, Жетім - С. Дөнентаев.

в. Қызметі немесе лауазымы (титлоним- лат. Titulus «титул» ) . Мысалы: Тілші - І. Жансүгіров, Студент - Е. Алдоңғаров, Оқушы, Сыншы көз -А. Сегізбаев, Семинарист Әуезов - М. Әуезов, т. б.

г. Мінез-құлық ерекшеліктері (фреоним- грек. Phren «ой, жан» ) . Жасқаншақ, Жуас, Алакөз - Б. Майлин, Ер жүрек - М. Дәулетбаев («Бостандық туы» газеті, 1922) .

ғ. Физикалық ерекшеліктер және сыртқы келбет сипатына қарай (эйдоним-грек. Eidos «сыртқы») Мысалы: Қараторы жігіт, Қараторы - Ә. Ғалымов, Бөгде, Мәлтен, Бұйрас - Қ. Тайшықов, Қарабала -Х. Досмұхамедов, Бозбала - Ш. Достанбеков, Кішкентай - С. Сәдуақасов.

Бүркеншік есім жасаудың тағы бір қызықты тәсілі ретінде автор оған жақын адамдарымен байланысынан бастау алуы болып табылады.

  1. Автор өз туыстары мен жақындарымен байланыстыруы:

а. Патроним ( лат. Pater- «әке») . Шарипов Сабыр (әдеби есімі) -Дәулетшин Мұхаммедсабыр Шәріфұлы, А. Сарсенов - Аманжолов Әлтай Сәрсенович.

ә. Проксоним ( лат. Proximus- жақын) - автордың туыстары мен жақын адамдарының аты-жөндері. Рахман (нағашы атасы) - Р. Әбдеманұлы, Жанақ (ұлының аты), Танашбай (арғы атасы) -Ж. Аймауытов, Көкбай (жақын досы және шәкірті) - Абай Құнанбаев, Сартай (ағасы) - Ерғали Алдоңғаров, Мереке (ортаңғы баласының аты) - Бейімбет Майлин, Намаш (үлкен ұлы Нариманның атынан) -Ж. Тілепбергенов, Сақан (әйелінің есімі) - Ж. Сыздықов [6] .

  1. Бүркеншік есім- қосымша яғни міндетті емес келетін адамның бейресми есімі. Оның қолдану аясы да шектулі болады.

Қолдану аясына қарай бүркеншік есімдер бірнеше топқа бөлінеді:

  • Әдеби ( жазушылар, журналисттер, әзіл-сықақшылар, аудармашылар, сыншылар, ғалымдар және т. б. ) ;
  • Сахналық ( әншілер, кино, театр және цирк әртістері) ;
  • Өнер саласында пайдаланатын есімдер ( суретшілер, мүсіншілер, өнертанушылар, композиторлар және т. б. ) ;
  • Саяси және революциялық;
  • Қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер;
  • Тахаллустар

Қолданылу және қайталану жиілігіне қарай бүркеншік есімдер бірнеше топты құрайды.

Тұрақты бүркеншік есім - бұл автордың баспаға шығып жүрген, оқырманға кеңінен танылған, тіпті тегін де ауыстыратын лақап ат. Бұл топ қазақ тіліне қарағанда орыс тілінде кеңірек қолданылған. Мысалы: Аркадий Гайдар - А. П. Голиков, Максим Горький- А. П. Пешков, Анна Ахматова-А. А. Горенко және т. б. Ал қазақ тілінде: Төлеу Көбдіков-Төлеу Көпжасаров, Шарипов Сабыр - Мұхаммедсабыр Дәулетшин, Әкім Тарази - Әкім Әшімов, С. Шынаров -С. Төлешов, Еркеш Ибрагим - Ебекенов Еркеш және т. б.

Жиі кездесетін бүркеншік ат - лақап аттың бұл түрі оның үнемі және жиі шығарылатындығымен және автордың әртүрлі мәтіндерінде қолданылуымен ерекшеленеді, бұл оған оқырмандар арасында танымалдық пен даңқ әкелетіні сөзсіз.

А. В. Суперанскаяның айтуынша: « егер сирек кездесетін лақап есім танымал бола бастаса, онда белгілі бір . . . шекті басып өтіп, белгілі бір тілдің нақты және белсенді сөзіне айналады» [1, 217] . Как отмечает А. В. Суперанская, «если возрастает популярность носителя данного редкостного имени, то перешагнув через определенный . . . порог превращается из потенциального в реальное и активное слово данного языка»

Мысалы, Әлихан Бөкейханов көп басылымдарда «Қыр баласы» деген атпен, Сәкен Сейфуллин 1921-1923 жылдар аралығында жазған мақалалары мен очерктерін «Манап» деген есіммен, Айсарин Әбдірахман біраз мақалаларын «Шұға» немесе «Шоға» деген лақап атпен жарялаған.

Сирек бүркеншік есім- бұл автордың бүркеншік есімді бір немесе екі рет қана қолданылуы. Оның ерекшелігі- автор бұл бүркеншік есімге қайта оралмайды. Бұл тәсілді қолданушылардың ішіне Абай Құнанбаевты жатқызуға болады. Абай «Жаздыгүні шілде болғанда» және «Болыс болдым мінекей» деген екі туындысын досы Көкбайдың атымен шығарған. Жүсіпбек Аймауытов өзінің «Елес» мақаласын Келешек деген бүркеншік есіммен жариялаған.

Бүркеншік аттар жеке және топтық (ұжымдық) болып бөлінеді. Жеке лақап аттар әдебиетте ең көп тараған түр. Ол лексикалық құрылымымен және семантикалық сипаттамаларымен ерекшеленеді. Жеке лақап ат-құрылымы жағынан ең көп, себебі бір автор ондаған тіпті жүздеген бүркеншік есімнің иесі бола алады. «Бүркеншік есім жеке авторларда бірнеше жүзге жетеді. Оған дәлел ретінде орыс әзіл-сықақшысын К. А. Михайлов 320 бүркеншік ат қолданған [7, 108] . Қазақ тілінде публицист, заңгер, қоғам қайраткері Жақып Ақбаев «Айқап», «Қазақ», «Сарыарқа» журналдарында Жандеркин, Якуб мырза, Қ. Найманский деген есіммен шыққан. Сәбит Мұқанов1924-1927 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде шыққан мақалаларын Сәбит, Сым, С., С. М., Сәбит Мұқан, Төңкерісұлы есімдерімен жариялаған. Әлихан Бөкейхановтың 30-ға жуық бүркеншік еісімі болған: Р. Б., А. Н., А. Б., Қ. Б., Қ., Ұ., Н. Ш., Али, Әлихан., Әлихан Бөкейхан, Арысұлы, Қалмақбай, қырғыз-Қайсақ. Комиссар Бөкейханов, Қыр-ұғлы, Қыр баласы, Ал. Кочевник, Статистик, Туземец, Сын степей, Киргиз-степняк, Киргиз, Читатель, Ғали-хан, К. Степняк. Көп мақалалары Ә. Букейхан немесе Бокейхан деген атпен шыққан. Оксфорд және Сорбона университетіндегі ғалымдардың зерттеулерінде оның есімі Букейхан деп -ов қосымшасы жалғанбай жазылған. Оның «Речь» газетіне шыққан «Выборы в степи» мақаласы 1914 жылы Букейхан бүркеншік есімімен жарық көрген [8, 10] .

Зерттеуші-ғалым С. Е. Байменше өзінің «Бейімбет Майлиннің белгісіз туындыларының шығармашылық тарихы» еңбегінде Бейімбет Майлиннің бүркеншік есімдерінің жасалу жолдарын көрсетеді. Инициалдары мен криптоним: М., Б., МБ., М. Б., Б-т, БыЖы, БЖ, Быж, М-тай, М-й; жер атаулары: Қарсақ, Бекеш, Шанқан, Шанқа, Алтай; жалқы есімдер: Мереке, Мырқымбай, Бимұхамбет, Майлының Бейімбеті; кәсібіне қарай: Егінші, Жалшы, Газетші, Оқушы, Тілші, Жорналшы, Жолаушы, Мұғалім; мінез сипаттамасы: Жуас, Жасқаншақ, Қарабала, Алакөз, Нық және тағы да басқа: Көз, Тай, Мен, Мен ғой, Кетбен, Малай, Өзім, Қалам, Ел аралаған, Естіген, Ішінде болған» [9, 46] .

Топтық немесе ұжымдық бүркеншік есімдерге қазақ әдебиетінде Жұсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтың «Екеу» деген бүркеншік есімін айтуға болады. Саттар Ерубаев пен Рахымжан Жамақұловтың өздерінің біраз мақалаларын «Екі оқушы» деген атпен жариялаған.

Қазақ тілінде бүркеншік есімдер көптеген түркі тілдерінің процестерімен байланысты, олардың өзіндік ерекшеліктері бар және оларды зерттеу түркі антропонимикасына өзінің үлесін қосады.

Ежелгі Шығыстың лингвомәдени кеңісітігінің поэтикалық атауларының бір түріне тахаллус (псевдоним) жатады. Олар негізінен жеке авторлардың өз қалауымен есімдерін алмастырып, таңдалынатын қосымша есімдер. Таңдалған есімдер көбінесе автордың жеке шығармашылығының, дүниетанымының көркемдік талғамының нәтижесі болып келеді. Бұған мысал ретінде Низамидің шын есімі- Физули Абу-Мухаммед Ильяс ибн юсуф ( ХІІ ғ. ) , арабтың -назм- яғни өлшемді сөйлеуді сондай-ақ ақынның шығармаларын сапталған маржанға ұқсату мәнінен туған.

Бүркеншік есім ретінде ерлік, күш, даналық, тектілікті білдіретін араб сөздері де болған. Одан бөлек авторлардың бүркеншік есіміне ру, тайпа, географиялық атаулар да қосымша ақпарат ретінде қосылып отырған. Мысалы, АВД Әл-Ғафур Әл Кердери (Кердері руынан), Мұхаммед Хайдар Дулати (Дулат руынан), Әбу Насыр Әл-Фараби (Фараб қаласынан), Махмұт Қашқари (Қашғар қаласынан), Жүсіп Баласағұн ( Баласағұн жерінен) . Қорыта айтқанда, тахаллустар түрік антропонимикасында кеңінен өріс алды және ерекше орын ие болды.

Қазақ бүркеншік есімдерінің шығуы мен қалыптасуы - қазақ қоғамындағы алғаш зиялы қауымның пайда болуымен қатар әдебиеттің қалыптасуы мен журналистиканың дамуымен тығыз байланысты. Бүркеншік есімдердің шығуы уақыты мен мотивы бойынша 1911 жылғы қазақтың алғаш «Айқап» журналының шығуымен де байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ономастика және әдеби ономастика
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Даулы мәтіндердің авторизациясы: ХХ ғасырдың I ширегі
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
ҚАЗАҚ ЕСІМДЕРІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ГЕНДЕРЛІК МӘНІ
Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі
Ахмет Байтұрсынов әдебиет әлемінде
Көшпенділер тарихи трилогиясындағы жалқы есімдердің ағылшын тіліндегі аудармасында берулі жолдарына талдау жүргізу
Герундийдің көркем әдебиетте қолданылу ерекшеліктері және аударылу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz