12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби – педагогикалық сипаттамасы
12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби - педагогикалық сипаттамасы
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі атап көрсетілген ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық, - деген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлықты сөзі - оны іске асырушы мамандарға бағдарламалық сілтеме. Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі - оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана сүзгісінен терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады. Отандық мектептер білім берудегі үздіксіздік тұрғысынан артта қала бастады. АҚШ мен Англияда т.б. білім беру уақыты 12-13 жылды құрады. Көп уақытқа дейін біздің мектептер ұжымдық сипатқа негізделген бірегей стандартқа ұмтылды, нәтижесінде оқушының өз болмысын тану, белсенділігі мен инициативасы, шығармашылық әлеуетін дамыту толымсыз болып шықты.
Сондықтан қазіргі қоғам талабына сай, баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір жолы - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр.
Білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті тек қана қосымша бір немесе 2 жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру екендігін түсінетін уақыт жетті.
Сондықтан әлемдегі білім беру ісінің даму жағдайына талдау жасай отырып, ерекше үміт күттіретін тенденциясын көрсетуге болады:
● мектеп жүйесіндегі демократизация;
● мектеп тәрбиесінің гуманистік бағыты;
● оқушылардың шығармашылығын, дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігін дамытуға бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану;
● ұлттық-мәдени, рухани құндылықтарды пайдалану;
● оқыту жүйесін модернизациялау;
● тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет;
● жаңа техникалық құралдарды пайдалану;
● мектептегі және мектептен тыс уақыттағы оқыту мен тәрбиелеуді
кіріктіру.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі - 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді. Қазіргі таңда білім мен ғылым - әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да - мектеп. Расында да мектеп қоғамның дұрыс бағытта дамып, өркендеуіне өз үлесін қосумен қатар, қоғамдық қарым - қатынастар жүйесіне ықпал етіп, елдің тарихи дамуына әсерін тигізетін орда болып есептеледі.Сол себепті тәрбие ошағы - мектептің дұрыс бағытта дамуын үнемі қадағалау, оған өзгерістер енгізу бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Жалпы білім беру мазмұнының жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктілер мен дағдылардың иесі ,жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім мен тәрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болады. Сонымен қатар қай мемлекетті айтар болсақ, негізгі тірегі - білімді, білікті, іскер, белсенді адамдар екені айқын. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Осыған орай қазір Республикада білім берудің жаңа жүйесі жасалынып әлемдік білім кеңістігіне ену бағытында елеулі істер атқарылуда, атап айтқанда:
* білім парагдимасы өзгерді;
* білім беру үлгісінің жаңа үлгісі ( моделі ) жасалынды.
* білім берудің ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы қабылданды;
* жаңа мазмұн мен оқу кешендері дайындалды.
* 12 жылдық білім кеңістігіне ену жүйесі жоспарланды.
Жаңа заман маманы қазіргі кезде озық идеяларды игерген, сауатты шығармашыл, сонымен қатар, онда адами қабілеттері дамыған болуы мақсатында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жоспарлануда 12 жылдық білім беру жүйесіндегі мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.Осы мақсаттан келесі міндеттер туындайды:
-тәрбиелеу және дамытушылық іс - әрекетін ұйымдастыру;
-құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;
-оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
Білім берудің жаңа парадигмасының педагогикалық мәні мұғалім мен оқушы оқыту процесінің субъектілері және инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті іске асырушы ретінде сипатталады. Бұл:
- 12жылдық мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері теориялық модельдің негізгі сипаттамасымен айқындалады.
- 12жылдық білім берудің жаңашылдық сипатына байланысты оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырылып, жүйеленген сипаттамасының болуы .
- 12 жылдық білім жүйесі жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығының қалыптасу деңгейлері олардың оқу-танымдық іс-әрекетке қойылатын дидактикалық талаптар жиынтығын жүзеге асыру мүмкіндіктері арқылы анықталады.
- 12 жылдық мектеп мұғалімі мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі шығармашылық оқытуды ұйымдастыру технологиясы арқылы нақтыланады.
- 12 жылдық білім жүйесі оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру - тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру шарттарын, білім берудің жаңа парадигмасын, жалпы орта білім беру жүйесінің даму тенденцияларын есепке алады.
- Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру - теориялық-әдіснамалық негізде анықталған ғылыми-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі мектептің алға қойған мақсаты мен міндетін орындай отырып, жалпы білім беретін мектеп жағдайында жеке тұлғаны тәрбиелеу қазіргі заман талабына сай болып отыр.
Осыған орай 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби дамуы, педагогикалық шеберлігі қалай қалыптасуы қажет деген сұраққа жауап іздеуіміз қажет. Бұл тұрғыда мұғалімдерге қандай талап қойылады.?. Барлық мұғалімдер білікті , кәсіби мамандар. Дегенмен , жаңа білім парадигмасының өзгеруі жаңа талаптар әкелуде.. Кейбір мұғалімдер ескі үлгіден шыға алмай қалды. Біздің алдымыздағы міндет - мұғалімдердің ой - өрісін өзгертіп, кеңейту, педагогтар мен басшылардың креативтік ойлауын өзгерту, олардың қалыптасқан кәсіби әрекетіне жаңа көзбен қарауына қол жеткізу.
12 жылдық білім беру әдіснамасы-шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде сипатталады. Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет.
Әлемдік білім кеңістігіне енудің жаңашылдық стратегиясына сәйкес, мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz